Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет101/159
Дата29.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#111758
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   159
Байланысты:
Әдеби тіл қалыптануы

қ
аласы, күн 
к
үркіреп, жаңбыр 
жау
ып
тұр
деп жазылуынша айтатын, оқитын дикторларды 
күн сайын тыңдаймыз.
Сахна қайраткерлерінің орфоэпиялық нормаларды сақтау-
ында жүк олардың өздерімен қатар, актерлер дайындайтын оқу 
орындарының педагогтеріне, театрлардың режиссерлеріне, 
эстрада нөмірлерін даярлайтын көркемдік жетекшілерге ар-
тылады. Драма театрларының режиссерлері тек спектакль 
қоюшылар ғана емес, сол пьесадағы сөздің, яғни ойдың, 
идеяның тыңдаушыға дұрыс, айқын жетуін көздеуші де болула-


215
ры тиіс, өйткені драма театрының негізгі мақсаты – спектакльдің 
ұсынбақ идеясын сөз арқылы да жеткізу. Сондықтан сах-
на сөзінің анықтығы, құлаққа жағымды тиюі – актерлер мен 
режиссерлерге қойылатын басты талап, негізгі шарт. Бұл та-
лап, әрине, эстрада әншілеріне де кинода сөйлейтіндерге де 
қойылады. Өйткені ән тек мелодиясының әсемдігімен ғана 
емес, жүрекке жылы тиетін сөзімен де қымбат. Бұларға сол 
сөзді анық, бұзбай жеткізетін тамаша дауысты әнші қосылса, 
ол ән, ол ария миллиондардың жүрегіне жол табады. Мысалы, 
кезінде атақты әнші Роза Бағланованы сүйсіне тыңдағандар 
тек сирек кездесетін әсем үніне ғана емес, қазақ өлеңінің әрбір 
сөзін анық етіп, дұрыс дыбыстап айтқаны үшін де мейлінше 
тәнті болатын.
Бүгінгі қазақ сахна тілінің мәдениетін көтеруде, ең ал-
дымен, сахна қайраткерлерін дайындайтын оқу орындары 
мен театрларда жұмыс істейтін өнер иелерінің қазақ тілінің 
орфоэпиялық нормаларын жақсы игерулеріне күш салу 
міндетін арқалайды. Ол үшін актерлік, режиссерлік, әншілік 
мамандықтарына оқыту, үйрету процесінде қазақ әдеби тілінің 
заңдылықтарын, әр алуан нормалық ережелерін арнайы пән 
ретінде де, факультатив курстар ретінде де оқытуды мықтап 
қолға алу қажет. Әрине, бұл үшін арнаулы оқу құралдары, 
методикалық нұсқаулар мен практикалық жаттығу жұмыстары 
ұсынылуға тиіс. Біздің бұл құралымыз осындай қажеттіктердің 
бірін өтеуге арналады.
Сөйтіп, ауызша сөйлеудің өзі екі түрлі болады, бірі – 
күнделікті тұрмыста қолданылатын ауызекі сөйлесу тілі, екіншісі 
– топ алдында ауызша сөйлеу (орысша «публичная речь»). 
Жоғарыда көрсетілген салалардың барлығы үлкенді-кішілі 
топ алдындағы сөйлеуге жатады, яғни жиын-жиналыстарға 
қатысушылар да, мектеп кластары мен студенттер аудитори-
ялары да, мың-мыңдаған радио тыңдаушылар мен теледидар 
тамашалаушылар да, сахна өнерін қызықтаушы көрермендер 
де – барлығы да «шаршы топ» (публика). Топ алдына ауыз-
ша түрде шығатын сөз қалай болса солай, бейберекет айтыла 
салмауы керек әрі құлаққа жағымды болуы шарт. Басқаша 
айтқанда, шаршы топқа ауызша ұсынылатын сөздің нәрі 
(мағынасы) мен сазы (жағымды, табиғи үні) болуға тиіс.


216


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет