Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет139/159
Дата29.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#111758
түріБағдарламасы
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   159
Байланысты:
Әдеби тіл қалыптануы

§14. 
Қысаң 
ы, і 
дыбыстары көптеген үш буынды сөздердің 
ортаңғы буындарында көмескілеу естіледі, бірақ олардың 
түсірілмей сақталып айтылғаны жөн (емледе де көбінесе 
ы, 
і 
әріптері сақталып жазылады). Мысалы: 
ықылас, жапырақ, 
топырақ, тебіренді, күңіренді.
Ал өлеңдерде буын санына қарай мұндай сөздерде дыбы-
старды түсіріп те айтуға болады. Мысалы:
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай,
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп.
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай, –
деген Абайдың шумағында соңғы тармақтағы 
жапырақ, 
айырылған
сөздері 
жапрағынан, айрылған 
болып айтылуы ке-
рек, өйткені өлең жолы 11 буынды болу үшін 
жап-ра-ғы-нан
4 буын болып, 
ай-рыл-ған
3 буын, 
а-ғаш, қу-рай
4 буын болып 
айтылуы қажет.
Мына өлең шумақтарындағы курсивпен терілген сөздер-
дің дұрыс оқылуын (айтылуын) көрсетіңдер және себебін 
айтыңдар.
Қалдың ағаш 
жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердің 
топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
(Абай)
Уа дариға, алтын бесік – туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гор.


269
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
(Қасым Аманжолов)
Әлі есімде бұлтсыз әлем аспаны,
Арман бізді алға апарып тастады.
Қара шашың мойныма оралып,
Жерге тамған мөлдір көздің жастары.
(Н.Әлімқұлов)
§15.
Бір ырғақтық топта айтылатын сөздердің алдыңғысы 
дауысты дыбысқа аяқталса, екіншісі дауысты дыбыстан ба-
сталса, қатар келген екі дауыстының біреуі (алдыңғысы) 
«жұтылып» кетеді де бір ғана дауысты айтылады. Мысалы, 
торы ат, қара ала, келе алмадым, барып па еді, Қараадыр, 
Сарыөзек, айта-айта 
сияқты сөздер 
торат, қарала, келалма-
дым, барыппедің, қарадыр, сарөзек, айтайта
деп айтылады. 
Бұл заңға біріккен сөздер де, жеке сөздер де, сөз бен шылаулар 
да, қос сөздер де бағынады.
Қазақ тілінің бұл орфоэпиялық заңдылығын ақындар шебер 
пайдаланады, яғни жазуда буын саны артық шықса да, айту-
да (оқуда) дәл шығатын болғандықтан, сөздерді ақындар еркін 
қолданады. Мысалы:
3 4 4
Бі-лек-тей / ар-қа-сын-да / өр-ген-бұ-рұм /
3 4 4
Шол-пұ-сұ / сыл-дыр-ға-ғып / жүр-са-қы-рын /
4 3 4
Кәм-шәт-бө-рүк / ақ-та-мақ / қа-ра-қас-ты /
4 3 4
Сұ-лүу-ғыз-дың / кө-рүп-пең / мұн-дай-тү-рүн //
Мұнда 
жүрсе ақырын, көріп пе ең
деген сөздері бар жолдар 
жазылуда 12 буын болғанмен, айтылуда 
жүрсақырын, көріппең
болып кірігетіндіктен, өлең өлшеміне ешбір нұқсан келтірмей 
тұр.
Қатар тұрған сөздердің кез келгенінің екі аралығындағы 
дауыстылар бірін-бірі «жұта» бермейді. Егер ондай екі сөз екі 
ырғақтық топта тұрса, аралық дауыстылар өз орындарында 
анық айтылады:
Аласыз / қара гөз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет