Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


§28. Жекеше II жақтағы жіктік жалғауы тек қана  -сың/-сің



Pdf көрінісі
бет151/159
Дата29.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#111758
түріБағдарламасы
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   159
Байланысты:
Әдеби тіл қалыптануы

§28.
Жекеше II жақтағы жіктік жалғауы тек қана 
-сың/-сің
 
түрінде (яғни соңғы дыбысы 
ң
болып) айтылады және солай 
жазылады. Мысалы: есімдерге жалғанған жіктік жалғаулары 
(жекеше түрі):
І жақ мен мұғаліммін, диктормын
ІІ жақ сен мұғалім
сің
, диктор
сың
ІІІ жақ ол мұғалім, диктор
Етістікке жалғанған жіктік жалғаулары (жекеше түрі):
І жақ мен білемін, айтамын, барғанмын, барармын
ІІ жақ сен біле
сің
, айта
сың
, барған
сың
, бара
сың
,
ІІІ жақ ол біледі, айтады, барған, барар.
Кейде ауызекі сөйлеу тілінде бұл жалғау 
-
сын/-сін
түрінде 
(сен мұғалім
сін
, диктор
сын
) де келеді және солай жазылып та 
кетуі мүмкін. Бірақ әдеби нормада сөйлегенде, тек 
-
сың/-сің
түрінде дыбыстау керек. Ал 
-
сын/-сін
қосымшасы етістіктің III 
жақтағы – бұйрық қалау рай деген түрін білдіреді. Мысалы:
І жақ мен барайын, біз барайық
ІІ жақ сен бар, сендер барыңдар
ІІІ жақ ол бар
сын, 
олар бар
сын.
Сондықтан әр түрлі қызмет атқаратын қосымшалардың 
тұлғаларын да шатастырмай, бірін 
-
сың
түрінде, екіншісін 
-
сын
 
түрінде айту керек. Бұл екеуін айыру қиын емес: егер 
жіктік жалғаулы сөз 
сен 
деген есімдікпен айтылуға тиіс болса, 
-сың
түрі, 
ол 
деген есімдікпен айтылуға тиіс болса, 
-
сын
 
түрі 
жалғанады: 
сен барасың, ол барсын.
Мына шумақтардағы үш нүкте қойылған сөздерге мағы-
насына қарай 
-
сың
немесе 
-сын
 
қосымшасының қайсысы 
жалғанып айтылатынын көрсетіңдер:
Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап, алдар бірақ.


281
Ертең өзің қайда..., білемі...,
Өлмек үшін туған..., ойла, шырақ.
(Абай)
Досты қайдан табар...
Кеңесерге адам жоқ.
Әрлі-берлі шабар...
Жалғыздықтан жаман жоқ.
(Абай)
Өзгеге, көңілім, тояр...
Өлеңді қайтіп қояр...
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жояр...
Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оян...
Жыла..., көзден жас ақ...
Омырауым боял...
Тыңдамаса еш адам
Өз жүрегім толған...
Әр сөзіне қара...
Іштегі дертім қозғал...
(Абай)
Баса... аяғыңды ырғаң-ырғаң,
Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң.
Жай жүріп шаттана... әсерленіп,
Әсем... жүйрік аттай мойның бұрып.
(Халық өлеңі)
§29.
Кейбір шылаулардың дыбыстық қатарлары болады, 
яғни өзіне қатысты алдыңғы сөздің аяқталар дыбысының 
әуеніне қарай шылау сөздің басқы дыбысы да не ұяң, не қатаң 
болып құбылып айтылады (және солай жазылады). Мысалы: 
Ол өлең айтып 
қана 
қоймады, домбыра да тартты. Жақып 
қана 
жаңа келді, өзгелер әлдеқашан келген-ді. Тек 
қана 
бір тілегім 
бар деген мысалдарда шылау қатаң 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет