ғайн
(
ғақыл, ғәділ, ғәдет
...) болатын. Сол сияқты сөз басындағы
һ
, жіңішке
х
дыбыстары да қазақтың сөйлеу тілі үшін кәнігі
болмағандықтан,
һәйбәт, хәйлә, хейван, хәққ, хәқиқат, хәлуа,
хәдір, һаким, хәл
сөздері
айла, қайла, айуан, ақ
(«
аққа
Құдай
жақ»),
ақиқат, алуа, әзір, әкім, әл
болып халық тіліне «қазақы»
тұлғада енді. Бірақ осы сөздердің бірқатары көп уақытқа дейін
екі, кейде үш фонетикалық вариантта қолданылды. Мыса-
лы:
әдет ~ ғадет, әділ ~ ғәділ, асы ~ ғасы, әзіз ~ ғазиз, әлем
~ ғалам, айла ~ қайла, айуан ~ хайуан, ақ ~ хақ, әкім ~ хәкім,
ақиқат ~ хақиқат, әл ~ хәл
сияқты қатарлар күні бүгінге дейін
қосамжарланып келеді.
Тіл дамуы үшін сәтті орын алған бір құбылыс – бұлардың
бірсыпырасының екі сыңары екі түрлі мағыналық дербестік
алып, екі лексикалық бірлік (сөз) болып қалыптасуы, олар
–
өкімет ~ үкімет, мәлімет ~ мағлұмат, хақ ~ ақ, ақиқат
~ хақиқат, әкім ~ хәкім, әл ~ хәл
сияқты тұлғалар. Демек,
бұлардың енді фонетикалық дублеттер емес, жеке-жеке
сөздер болып танылуы бел алып келеді. Араб, парсы кірме
93
сөздерінің фонетикалық дублеттер құрайтын тобы, әрине,
тек сөз басындағы
ғайн, һаш, ха
дыбыстарымен келетіндер
ғана емес, өзге де көптеген тұлғалардан табылады. Мысалы,
пәле ~ бәле, тәспиқ ~ тәспі ~ тәспих ~ тәсбиық, тағылым ~
тәлім, қазір ~ әзір, разы ~ риза ~ ырза, рұқсат ~ ұлықсат ~
ұрықсат ~ лұқсат, ризық ~ ырзық, сағадат ~ сәт, секілді ~
сықылды, шайтан ~ сайтан, ауа ~ әуе, уәде ~ уағда, зерек ~ зи-
рек
деген қатарлардың қазақша тұлғалануындағы фонетикалық
заңдылықтарды фонетист-мамандар дәлелдеп танытар. Біздің
бұл жердегі мақсатымыз – жарыса қолданылып келген,
қолданылып жүрген вариант тұлғаларды көрсетіп, олардың
әдеби нормаға қатысын айқындау.
Әдетте әдеби норма тұрғысынан келгенде, дублеттердің
біреуі – нормативтік (нормалық), қалғандары – дәл сол
қолданыста нормадан тыс тұратын бейнормалық болып та-
нылуы қажет. Бұл талап әсіресе емлеге (жазылуына) келген-
де, қатаң сақталуға тиіс. Жоғарыда да айтылды, тілдің ішкі
даму заңдылықтарының бірі – әр ұғымды жеке-жеке атау
(номинация) заңы бұл варианттардың біразын дублеттер
дүниесінен ығыстырып жіберді, яғни дублеттік қатар түзіп
тұрған тұлғалардың әрқайсысына өзгеше семантикалық де-
рбестік беріп, жеке сөз статусына көтерді немесе стильдік
мақсатта қоланылатын стилемаға айналдырды. Мысалы,
әкім
– мемлекеттік құрылым жүйесінің лауазымдық термині (Алма-
ты қаласының әкімі),
хакім
– «дана, философ, ойшыл» (хакім
Абай);
өмір
– ұғымның жалпы атауы,
ғұмыр
– жеке адамның
өмірі (бұл даралану әлі тұрақталған жоқ деуге болады, бірақ
жалпы мағыналық жағынан осылайша ажырату бағыты бар),
шайтан –
«жын-шайтан»,
сайтан
– «керемет сиқырлы»
(«Мен қазақпын, қара көз
сайтан
қызбын» – Ж.Молдағалиев),
ғашық – асық
варианттары поэзияда өлен техникасы шартта-
рын (тармақ өлшемін) дұрыс сақтауда орын алады (мысалы,
Абай поэзиясында). Осы қатардан
абырой ~ абиыр, ауа ~ әуе,
тағылым ~ тәлім
деген варианттарды көруге болады.
Демек, кірме сөздер болып келетін жарыспалы қатарлардың
фонетикалық варианттарының лексикалық корды толықтыруда
94
белгілі қызмет атқаруы – тіл-тілдің қай-қайсысында орын ала-
тын универсалий құбылыс болғанымен, қазақ тілінде оның
едәуір өнімді түрде жүріп жатқаны байқалады. Бұған және
бір дәлел – тек кірме сөздер емес, қазақтың төл сөздерінің
де фонетикалық дублет қатарларының семалық үстемені
(мағыналық қосымша ренкті) пайдаланып, екі лексикалық еди-
ница ретінде қолданылып келе жатқандары аз емес. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |