Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет47/159
Дата29.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#111758
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   159
Байланысты:
Әдеби тіл қалыптануы

ғ, г, қ (ғы, гі)
дыбыстары су-
сып, түсіп қалғаннан екінші қатары пайда болғанын көреміз. 
Бұл фонетикалық заңдылық қазақ тіліне тән екендігі мәлім 
(құлғақ ~ құлақ, кигіз ~ киіз).
Сол сияқты 
ж
дыбысының 
й 
ды-
бысына айналуы орын алған сөздер қатары да бар. Мысалы: 
біржолата > бірйолата > біролата > біротала.
Сөз соңына не 
ортасына сынамаланып 
м, н, л
сонорларының орын алуы 
алқа-
салқа ~ алқам-салқам, бәлки ~ бәлкім, есі-дерті, есіл-дерті, 
жазғытұры ~ жазғытұрым, әлгіде ~ әлгінде, мынадай ~ мы-
нандай, әлгідей ~ әлгіндей
деген қатарларда көрінеді. Бұл жерде 
түркі тілдерінде 
м, н, л
дыбыстарының «жүрдек» («сусылдақ») 
(біресе қосылып, біресе жойылып кетіп отыратын) қасиетіне 
қатысты, яғни түркі тілдерінің даму барысында орын алған 
фонетикалық құбылыстардың қазақ тілінде «бой көрсеткен» 
тұстары деп танып, оларды да нормадан ығыстыруға болмай-
ды деп есептейміз. Емле сөздіктерінде кейбіреулерінің 
н
сусы-
малы дыбысынсыз варианты берілген: 
мынадай (мынандай 
варианты жоқ) немесе көрсетілген қатарлардың біреуі ғана 
ұсынылған: 
есіл-дерті, бәлкім (есі-дерті, бәлки
вариантта-
ры тіркелмеген), ал енді бірсыпырасының екі варианты да 
сөзтізбеден (реестрден) орын алған: 
алқам-салқам ~ алқа-
салқа, жазғытүры ~ жазғытүрым, әлгіде ~ әлгінде.
Демек, 
бұларға келгенде қатаң нормативтік принцип ұстанылмаған. 


101
м, л, н
сонорларының сөз соңында не ортасында орын алуын 
және оларсыз келген варианттар қатарының біреуін әдеби нор-
мада қалдырып, екіншісін ығыстыру процесінің әлі бір жүйеге 
түспеуін оларды ығыстыру уәжі дәлелденбеген құбылыс 
болғандықтан деп санаймыз да, бұлардың екеуін де нормативті 
тұлғалар санатына қосамыз.
Кірме сөздердің ішіндегі артық дыбысты қосар тұлғаларға 
да 
(дос ~ дост, рең ~ реңк, ишара ~ ишарат)
қолданылу рет-
тері (тұстары, орындары) бар бірліктер (сөздер) деп қараған 
жөн, мысалы, өлең текстерінде.
Қазақ тілінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет