Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


м ~ н ~ ң сонор дыбыстарының,  б ~ м



Pdf көрінісі
бет48/159
Дата29.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#111758
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   159
Байланысты:
Әдеби тіл қалыптануы

м ~ н ~ ң
сонор дыбыстарының, 
б ~ м
дыбыс-
тарының алмасуы да орын алған бірді-екілі фактіні таба ала-
мыз: 
бірдеңе ~ бірдеме ~ бірдеңке, ештеме ~ ештеңе ~ ештеңке, 
дәнеме ~ дәнеңе, батыру ~ матыру, бас ~ мас.
Бүгінгі қол-
даныста бұл қатарлар да жеке-жеке таза фонетикалық дублет 
(яғни біреуі ығыстырылатын) ретінде емес, сөзтізбеде орны 
бар жеке-жеке тұлғалар деп танылып, нормативті бірліктер 
қатарына қойылады 
(бірдеңке, ештеңке
сияқты бірен-саран 
диалектілік тұлғалардан басқалары).
Лексикалық дублеттердің келесі тобын орыс тілінен ен-
ген сөздер құрайды. Олар: 1) дыбысталуы (фонетикалық 
тұлғалануы) мен жазылуы (орфограммасы) жағынан дуб-
лет болып келетіндері; 2) орысша-қазақша баламалары қатар 
қолданылып келген немесе келе жатқан дублеттер; 3) қазақ 
тілінің әртүрлі қосымшаларымен келген кірме сөздердің жа-
рыспалы қатарлары.
Орыс тілінен орыстың өз сөздері мен өзге шет тілдер 
сөздерінің қазақ тіліне енуі XX ғасырдан бұрынырақ бас-
талғаны мәлім. Ену каналдары әртүрлі болды: күнделікті 
тұрмысқа, сауда-саттыққа, шаруашылық түрлеріне қатысты 
сөздер көбінесе ауызша сөйлеу тілі арқылы келіп, орын тепті. 
Самаурын, шәйнек, патынос, шәй, шекер 
(секер), 
шыт, сәтен, 
бөз 
(вязь), 
барқыт, шәлі, бақалшы
(бакалейщик), 
пәкөс 
(поко-
сы), 
іспірт, мұржа 
(труба), 
тұрба, божы 
(вожжи), 
жәмшік, 
пеш, бөрене
(бревно), 
бөшке
сияқты сөздер ауызекі сөйлеу тілі 
арқылы қалыптасқандықтан, олардың қазақтың фонетикалық 
жүйесіне бағындырылып, «қазақыланып» алынғанын көреміз. 


102
Бұлар да о бастан бірден бір вариантта қалыптаспағандықтан, 
әр өлке қазақтар өздерінше «сындырғандықтан», 
тұрба ~ 
мұржа, самауыр ~ самаурын, кереует ~ кірәуат, кір ~ гір 
(гиря),
білте ~ пілте
(фитиль), 
күпәйке ~ пупәйке, ләмпәси ~ мәмпәси
сияқты қатарлар ауызекі сөйлеу тілінде күні бүгінге дейін 
жарыса қолданылып келеді. Бұлардың бір вариантын нор-
мативтік деп таныту әрекеті соңғы 50-60-жылдарда бастал-
ды, яғни емле сөздіктері мен мектеп оқулықтарында мұндай 
қосарлардың біреуі көрсетілуде.
XIX ғасырда Ресей империясының қазақ даласындағы 
мемлекеттік-әкімшілік жүйесіне, сот істеріне, жаңа сауда-
саттыққа, орысша оқу-ағарту саласына қатысты сөздер де енгені 
мәлім, олар да негізінен сөйлеу тілінде қалыптасты: 
бексел, за-
детке, сома 
(сумма), 
мұнанай
(меновой двор), 
жәрмеңке, кеңсе
(канцелярия), 
шкөл, кінеге, содия, сот, болыс
(волостной упра-
витель), 
ауылнай, газет, минөт, пошты, шот
(счет), 
доқтыр, 
штат, үйез
(уезд), 
гүбірнә, земтемір
(землемер), 
мүлиеншік
(миллионер) т.б. Бұлардың бірқатары 
(мұнанай, ояз, үйез, болыс, 
ауылнай)
бұл күнде тарихтық сөздер (историзмдер) қатарына 
кетіп, енді бірсыпырасы 
(задетке, кінеге, земтемір, мүлиеншік)
қазақша баламасымен алмастырылып, әдеби нормадан шығып 
қалды. Ал 
кеңсе, жәрмеңке, сот, газет, минут, почта, шот 
сияқтылары қазірде осылайша айтылып-жазылатын нормадағы 
бірліктер болып саналады, енді бір тобының 
(доктор, вексель, 
миллионер)
жазылуы (демек, айтылуы да) өзгерді. Орыс тілінен 
ауызша тіл нормасы бойынша енген сөздердің де норматив 
варианттарын тұрақтандыру әрекеті жүргізіліп келеді. Мыса-
лы, сөздіктерде ауызша қалыптасқан 
самауыр, кереует, келі 
(кило) сөздерінің осылайша жазылуы норма деп ұсынылады 
(самаурын, кірауат, килә 
варианттары емес).
Орыс тіліне қатысты лексикалық варианттар қатарларының 
бір тобын бұрынырақ қазақша әртүрлі сөздермен беріліп кел-
гендері құрайды. Мысалы, XIX ғасырда жарық көрген екі 
тілдік сөздіктерде 
көтерме сауда ~ көтерме сауда
(аукцион), 
процент ~ өсім
(процент), 
банкир ~ өсімші ~ сүтхор, төлеңгіт 
~ қызметші ~ қызметкер
(слуга) деп тіркелген вариант қа-
тарлары бар. Уақыт өте келе бұлардың да бір вариантын 


103
нормаға айналдыру процесі орын алды. XX ғасырдың 20-жыл-
дарынан бастап жарық көрген екі тілдік сөздіктерде көбінесе 
біреуі беріледі. Мысалы, 1931 жылғы «Атаулар сөздігінде»: 
процент ~ процент, өсім, аукцион ~ аукцион, жарыс сауда, 
делегат ~ өкіл, делегат.
Олар да кейін қайта қаралып, әрі екі 
тілді сөздердің мағына жағынан дәл түсетін эквиваленттерімен 
алмастырылған, әрі варианттар қатарын азайтқан.
Орыс тілінен енген сөздердің дублеттік қатарларына 
қазақ тілі жұрнақтарын жалғауда түбірлерінің түрліше болып
келетіндері немесе қызметтес жұрнақтардың жарыса жал-
ғанғандары да жатады. Мысалы, 
прогрестік ~ прогрессивтік, 
абсолют ~ абсолюттік, демократтық ~ демократиялық, 
педагогтік ~ педагогикалық, нормалық ~ нормативтік
сияқты 
қатарлар ешбір уәжсіз бірінің орнына екіншісі жұмсала 
беретінін байқаймыз. әрине, бұларды реттеу – лексиколог-
мамандардың шаруасы, яғни әуелі орыс тіліндегі 
норма, нор-
матив, прогресс, прогрессив
деген тұлғалардың мағынасын 
айырып көрсету керек, содан соң осы түбірден жасалатын 
қазақша туынды тұлғалардың: 
нормалық
немесе 
нормативтік, 
прогрестік 
немесе 
прогрессивтік 
дегендердің қайсысы дұрыс 
екенін дәлелдеп, жарыспа сөздердің біреуін нормативтік деп 
қалдырып, екіншісін ығыстырған жөн.
Сөздік деңгейіндегі дублеттік қатарлардың келесі тобын 
– жазба тіл мен ауызекі тілдегі дыбыстық өзгешеліктері бар 
қосарлар құрайды, яғни бір сөздің жазба тұрпаты мен ауызша 
айтылуында (дыбысталуында) сәл өзгешеліктері бар қатарлар 
болып шығады. Бұл – тіл-тілдің қай-қайсысына да (немесе 
басым көпшілігіне) тән табиғи заңдылық. Әңгіме бұл жерде – 
сөздердің жазылуы мен қолданыстағы айтылуын қайткенде де 
бірдейлестіру туралы емес, ол мүмкін де емес, қажет те емес. 
Бұл құбылысты нормаға орайластыра сөз еткенде, керісінше, 
жазу мен дыбыстау немесе орфография мен орфоэпия нормала-
рын ажыратып тану және ұстану мәселесі тұрады. Сондықтан 
осы жұмыстың келесі тараулары орфографиялық нормалар 
мен орфоэпиялық нормаларға арналады. Ал бұл жерде көңіл 
аударатын жайт – сонғы жылдары қазақ тілі мемлекеттік статус 
алып, өзіне орыс тілінің тигізіп келген ықпалын бірқыдыру те-


104
жеу бағыты бел ала бастаған тұста «төл сөздерді де, кірмелерін 
де естілуінше (айтылуынша) жазу керек» деген пікірлердің 
айтылуы. Төл сөздерге келгенде, ерін үндестігін сақтап жазу 
(орұн, күмүс, кұлдұрүп сөйлөдү),
ілгерінді-кейінді, тоғыспалы 
үндестік заңдарын сақтап жазу 
(орынбасар
дегенді 
орұмбасар, 
көнбеді
дегенді 
көмбеді 
деп жазу дегендей), жуан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет