118
мезгіл, дәуір, кез» мәнінде («Бұл
күнге
аман жеттім» дегендегі
сияқты) немесе «өмір, тіршілік» («Бұрынғы
күнім
күн бе еді?»
дегендегідей), «ауа райы, табиғат құбылысы» («Бүгін
күн
ыстық дегенде») сияқты мағыналарда қолданғанда,
күн
деген
сөздің ауыспалы мағыналарын пайдаланамыз. Ал
күн бат-
ты
сияқты тіркесте
күн
сөзі «планета» деген өз мағынасында
қолданылып тұрған тәрізді болғанмен, бұл тіркесте ол мағына
мүлде жоқ, алдымен, күн планетасы батпайды, жер планетасы
күнді айналғанда, күн көрінбейтін кез туады, екіншіден, әңгіме
бұл жерде тіпті күн планетасы туралы емес, қараңғы шақтың
түсе бастағаны, тәуліктің бір кезеңінен екіншісіне көшкені ту-
ралы, демек, осы тіркесте
күн
сөзінің мағынасы «жіпсіз байла-
нып тұр», тіркестің әр компоненті
(күн, бату)
өздерінің негізгі
мағыналарынан айрылып, тек бір-біріне қосақталған түрінде
басқа бір мағына беріп тұр.
Тілдің лексикалық қазынасындағы сөздердің көпшілігінің
негізгі мағынасы айқын, баршаға түсінікті болып келеді.
Оларды
бейтарап (нейтралды) сөздер
дейді. Ал енді бір
топтарының мағыналары көпшілікке тегіс түсінікті бола
бермейді. Ол топтарға архаизм деп аталатын көне сөздер, тарих
іздері бар, қазіргі қолданыста сирек кездесетін сөздер (исто-
ризмдер), контекстік қолданыстарға жататын кейбір қарапайым
сөздер, авторлық бір қолданар сөздер болып танылатын окка-
зионализмдер, бірқатар жаңа сөздер – неологизмдер жатады.
Осылардың әрқайсысын жұмсаудың норма талабынан келген-
де мақсатын, орнын, қажеттігін білу бірінші кезекте тұрады да
олардың орынды-орынсыз қолданыстары көзге түседі. Енді
осы топтардың сыр-сипатын жеке-жеке танытсақ.
Достарыңызбен бөлісу: