Диалектизмдер және әдеби норма
Лексиканың нормалану процесін әңгімелеуде диалектілік
бірліктердің қолданысына айрықша назар аударылады.
Қазақ әдеби тілінің бүгінгі даму кезеңінде мұның бірнеше
себептері бар. Алдымен, «Қазақстанның әр өлкесінде тек өз
шенберінде қолданылатын, яғни таралу шегі бар жергілікті
сөздердің бүгінгі лексикалық, стилистикалық статустары
қандай? Диалектизмдердің әдеби лексиканы байытудың
негізгі көзі болып келді ме немесе әрі қарай бола ала ма?»
деген проблемалардың бар екендігінде. Екіншіден, «диалек-
тизмдердің көркем әдебиеттегі қолданысы мен өзге функцио-
налдық стильдердегі орын алуындағы ерекшеліктерді дұрыс
танып жүрміз бе? Қазіргі қазақ әдеби тілінің тірек диалектісі
болды ма, жоқ па? Болса – қай диалект негіз болып танылады?»
деген теориялық-танымдық проблемаларды былай қойғанда,
жоғарыда көрсетілген сауалдар «диалектизмдер және әдеби
норма» деген тақырыпты алға тартады. Әрине, бұл тақырып
– бір емес, бірнеше ғылыми монографиялардың нысаны
(объектісі) екені даусыз. Сондықтан біз бұл жерде қазақ тіл
155
білімінде біршама орныққан пікірлер мен диалектизмдердің
қолданысындағы уәжді- уәжсіз ауытқуларды қысқаша баян-
даймыз.
Жергілікті сөздер – ауызекі сөйлеу тілінің элементтері. Ал
сөйлеу тілі – әдеби тілдің қайнар көзі. Сондықтан ұлттық жаз-
ба әдеби тілдің қалыптасып, сөздік қазынасыныңтолығуында
диалектизмдердің орны, рөлі бар екендігі даусыз.
Тілдің лексикалық қорының толығу заңдылықтарына сәйкес,
диалектизмдер де аз-аздап әдеби айналымға түседі. Оған әр
алуан тілдік те, экстралингвистикалық та сұраныстар себеп
болады. Айталық, шаруашылықтың, кәсіптің бұрын қазақ да-
ласына тегіс жайылмаған түрлері енді қоғам өмірінен орын
алып жатса, бұларға қатысты зат, құбылыс, ұғым атауларын
жергілікті қолданыстардан ауыстырып алу фактісі бар, бұл
қазақ тілінде де орын алып келгендігін зерттеуші-диалек-
тологтер көрсетіп келеді. Мысалы, бау-бақшаның және егін-
шіліктің басқа да кейбір түрлерінің балық өсірудің, балық
аулаудың, бұғы, түйе өсірудің кейбір атаулары жергілікті
қордан алынып отырғанын көптеген мысалдармен дәлелдеуге
болады. Айталық, диалектологтер бұл қатарға
бағбан, мұрап,
зембіл, гүлзар, атыз, жеңсе, жозы, дәліз, мәре,
арықтың
жан
арық, бас арық, бау арық, желке арық, қол арық, оман арық, оң
арық сияқты он шақты түрінің атауын көрсетеді.
Диалектизм дегеніміз – әдетте әдеби баламасы бар бірліктер,
сондықтан жалпыхалықтық баламалары жоқ жоғарыда көрсе-
тілген сөздердің әдеби тіл нормасынан орын алуы – орынды.
Диалектілік ерекшеліктер тек зат атаулары емес, қимыл, сын
атауларынан да кездеседі. Қазіргі қалың көпшілікке едәуір
таныс болып қалған
бағамдау, тәжікелесу, сейдін, албаты
сияқты сын есім, үстеу, етістіктердің де түптөркіні жергілікті
қолданыстар екенін екінің бірі біле бермейді. Бұлар – әдеби
баламасы бар сөздердің синонимдік қатарлары ретінде әдеби
тіл айналымына түскендер. Соңғылардың әдеби нормаға
ену мүмкіндігін өзге сұраныстар туғызып отыр, олар: әр
сөздің мағыналық реңктерін пайдалану, экспрессиялық боя-
уы қалыңдау қатарларды іздеу, көркем шығармада стильдік
мақсаттарды көздеу т.т.
156
Сірә, көркем әдебиетте кейбір жазушылардың диалектизм-
дерге көбірек баруының бірнеше себебі бар, олардың бірі –
«әркім өзі туып-өскен өлкеде қолданылатын тіл элементтерін,
бала кезінен құлаққа сіңіп, үйреншікті болып кеткен сөздерді
қимай, соны дұрыс деп есептейтіндіктері» (Ш.Сарыбаев),
екіншісі – әсерлі, экспрессивті сөздерді іздеуі. Алғашқысы –
көбінесе санадан тыс, оның үстіне әдеби нормадағы сөз-
дер мен нормадан тысқары тұратын сөздерді ажыратып таны-
майтындықтан болып жатса, соңғысы – саналы түрде, бірақ
кейде сәтсіз (уәжсіз) шығатын әрекеттер болып кетеді.
Жалпы тіл білімінде
Достарыңызбен бөлісу: |