169
керек:
ақтару
– саналы түрде істелетін нәтижелі іс, ал
төгу
– абайсызда болатын шығынды іс, демек, бұл етістік атаула-
ры бірін-бірі алмастыра алмайды),
жібек шыттай үлбіреу
(жібектей
немесе
жібек матадай
болса керек, өйткені
шыт
– мақта матаның атауы, бір мата әрі
жібек,
әрі
шыт
деп атал-
майды ғой), менің
көңілім қайысты – қабырға қайысады,
ал
көңіл қалады, жабырқайды)
т.т. Осылардың барлығы тұрақты
құрылымдарды уәжсіз құбылту болып шығады. Бұлар – норма-
дан жөнсіз ауытқулар.
Мақал-мәтелдердің құрамындағы сөздерді себепсіз өзгерту
тіпті жиірек кездеседі. Мысалы, «жерден
жеті теңге»
(халық
қоян
деп айтады) тапқандай; қызғыштай
қорғап
(қорып
болуы керек); «
қуырдақ
(дұрысы:
ет)
тәттілігін қойса,
мен ұрлығымды қояр ем»; «
бір аязын екі етікке тығып
»
(С.Досанов); «алақанындағы
аялысы
»
(аяулысы
болар? –
Тілеуханов); «
хабарына кіріп шықпайды
»
(қаперіне
болар? –
Қ.Исабаев). Жазушының (Т.Жұртбаев)
Ерегіскен ел болмас
деп
келтірген мәтелі – сірә, Махамбет ақынның атақты
Егескен
жау ел болмас
деген өлең жолының қайталанған варианты бо-
лар. Жазушы егер бұл әдемі сентенцияны орайы келіп тұрғанда
қолданғысы келген болса, сөздерін бұзбай алуы қажет еді,
өйткені
егесу
етістігінің де,
ерегісу
сөзіндегі сияқты «аразда-
су», «жанжалдасу, дауласу» семантикасы болғанмен, бұл сен-
тенция осы бір бейтаныстау, бірақ тілде бар тұлғаның (
егесу
сөзінің) қатысуымен әсерлі болып тұр.
Сөздерді өз орнында жұмсамау этнографиялық ұғымдарға
байланысты қалыптасқан қолданыстарды (сөз тіркестерін,
күрделі етістіктерді, мақал-мәтелдерді т.б.) бұзып, олардың
құрамын өзгертіп, компоненттерін мағыналас синонимдер-
мен ауыстырып атауда көзге түседі. Мысалы,
құйрық-бауыр
жеу
– этнографиялық рәсім атауы, ол құда түскендерге
келісім беру рәсімі, сондықтан бұл тіркес көбінесе
құда бо-
лып, құйрық-бауыр жесті
түрінде қолданылады. Осы күрделі
этнографизмді
құйрық-бауыр асасып тарасты
деп өзгертіп
қолданғанда (У.Қалижанов) оны рәсім атауы ретінде емес, жай
ғана тағам жеу, қонақ болу мағынасында деп түсінуі керек бо-
лады. Сол сияқты
Достарыңызбен бөлісу: