Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


а,  е, ы, і, у (ұу, үу), и (ый, ій)



Pdf көрінісі
бет128/159
Дата29.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#111758
түріБағдарламасы
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   159
Байланысты:
Әдеби тіл қалыптануы

а, 
е, ы, і, у (ұу, үу), и (ый, ій)
дыбыстарының біріне аяқталса, 
екінші сөз 
қ, к 
дыбыстарынан басталса, соңғылар ұяңдап, 
ғ, г
болып айтылады.
Мысалдар: 1) Сөйлеу үстінде ырғақтық топ құрайтын анық-
тауыш пен анықталғыштардың қатаң 
қ, к
дыбыстарының 
ұяңдауы:
Жазылуы:
бала кезде
ала көлеңке
ата қоныс
жаңа қала
ескі киім
қысқы киім
қыли көз
Айтылуы:
балагезде
алагөлеңке
атағоныс
жаңағала
ескігійім
қысқыгійім
қылигөз
Мәтінмен келтірілген мысалдың айтылуы (оқылуы):
Білектей / арқасында / өргенбұрұм /
Шолпұсұ / сылдырғағып / жүрсақырын //
Кәмшәтбөрүк / ақтамақ / қарағасты /
Сұлұуғыздың / көрүппең / мұндайтүрүн //
(Абай)
Мұнда 
өрген бұрым, кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты, 
сұлу қыз, мұндай түр
деген сөздер – анықтауышты тіркестер, 
бұлар бір ырғақпен айтылады. Осылардың ішінде жоғарғы 
ережеге мысал болатындары 
сұлуғыз, қарағасты 
болып айты-
лады.
2) Қатар келіп ырғақтық топ құрайтын толықтауыш пен 
баяндауыш, пысықтауыш пен баяндауыш, бастауыш пен 
баяндауыштардың араларындағы қатаң дыбыстар ұяңдап 
айтылады. Мысалы: мен киноға бармай, 
үйге келдім; 
ол кі-
тап оқығанды 
жақсы көреді
; ол шақыртпай 
өзі келді
де-
ген сөйлемдердегі курсивпен көрсетілген сөйлем мүшелері 
бір ырғақтық топ құрайды, сондықтан олар 
үйгөгелдім, 
жақсыгөрөд, өзүгелд(і) 
болып айтылады.


257
3) Біріккен сөздердің бөліктері (компоненттері) де бір 
ырғақпен айтылады, сондықтан бұлардың екінші бөлігінің 
басындағы 
қ, к
дыбыстары алдыңғы компоненттің соңы дау-
ысты дыбыстарға аяқталып тұрса, ұяңдап айтылады:
Жазылуы:
Талдықорған
қаракүйе
қарақұрт
алакөз (құс атауы)
Меңдіқыз
Сарыкөл
Айтылуы:
Талдығорған
қарагүйө
қарағұрт
алагөз
Мендіғыз
Сарыгөл
4) Қос сөздердіңсыңарлары да осы заңға бағынады:
Жазылуы:
баса-көктеп
қара-құра
келе-келе
қора-қопсық
Айтылуы:
басагөктеп
қарағұра
келегеле
қорағопсұ
5) Сөйлем ішінде сөз дауысты дыбыстарға аяқгалып, оған 
қатысты шылаулар 
қ
дыбысынан басталса, шылаудың басқы 
дыбысы ұяң айтылады:
Жазылуы:
желге қарсы
үйге қарай
елу қаралы
екі қайтара
үй қасында
Айтылуы:
желгеғарсы
үйгөғарай
елүуғаралы
екіғайтара
 немесе
екқайтара
үйғасында
1-баптағы (параграфтағы) ережеге қарап, мына өлең шума-
ғының дұрыс айтылуын (оқылуын) көрсетіндер; ол үшін, 
әрине, мұндағы сөздерді ырғақтық топтарға бөліңдер; бұл 
мәтінде ырғақтық топтардың қайсысының айтылуы берілген 
ережеге қатысты екенін айтыңдар.
Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген,
Қыз қайда құдашадай көзі күлген?
Алыстан ат арытып келгенімде,
Шақыртпай еш адамға, өзі келген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет