§ 5. Бір ырғақпен айтылатын сөздердің алғашқысы
з де-
ген ұяң дыбысқа аяқталса, келесі сөз
с деген қатаң дыбыстан
басталса, айтылуда қос
сс болып естіледі. Бұл заң түбір мен
қосымшаның аралығына да тән. Мысалдар:
жүз сом, жаз сай- ын, сөзсіз, бұлардың айтылуы:
жүссом, жассайын, сөссүз. Бұл ережеге жаттығу ретінде «Айман-Шолпан» пьесасынан
Жарастың мына сөзін келтірейік:
Жазылуы: Құдаға кел, жамағат, көз
салайық,
Жарасқан сән-тұрманын
біз санайық.
Маржаны құмалақтан,
құрымжелек,
Қамшыны жібек бауға
шамалайық.
Айтылуы: Құдағагел / жамағат / көс-
салайық /
Жарасқан / сәнтұрманын /
біссанайық //
Маржаны / құмалақтан /
құрұмжелек
Қамшыны / жібекпауға /
шамалайық //
§ 6. Бір ырғақпен айтылатын сөздердің алдыңғы сыңары
н дыбысына аяқталса, келесі сыңары
қ, к, ғ, г дыбыстарының
бірінен басталса,
н өзгеріп,
ң болып айтылады. Мысалы:
Аман+келді, айтылуы
Амаңгелді (бұл жерде ілгерінді-кейінді
ықпал болып тұр: ілгергі
н дыбысы кейінгі
к дыбысын
г дыбы-
сына айналдырса,
г дыбысы
н дыбысын
ң -ға айналдырып тұр).
Осы сияқты
бөкен қабақ, жан қалқа, Айманкүл, Боранғали де-
ген сөздердің айтылуы:
бөкеңғабақ, жаңғалқа, Аймаңгүл (бұл
Аймаңкүл болып та айтылады),
Бораңғали. Бұл ереже түбір мен қосымшаның арасындағы дыбыстар
өзгерісіне де жатады. Мысалы:
қашанғы (қашан+ғы), түнгі (түн+гі), зиянкес (зиян+кес), құйынға (құйын+ға) сияқты
261
қосымшалы сөздер
қашаңғы, түңгі, зыйаңкес, құйұңға болып
айтылады.
Мына мәтінді дұрыс оқып көрелік:
Жазылуы: Ішім өлген, сыртым сау,
Көрінгенге деймін-ау.
Бүгінгі дос – ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?!
Жан қысылса, жайтаңдап,
Жанды еріткен жайдары-ау.
Жан жай тапса, сен неге
Жат мінезсің, жабырқау.
Айтылуы: Ішімөлген/сыртымсау/
Көрүңгеңге / деймінау //
Бүгүңгүдос / ертеңжау //
Меннеғылдым / йапырмау //
Жаңғысылса / жайтаңдап /
Жандеріткен / жайдарау //
Жанжайтапса сеннеге //
Жатмінессің / жабырқау //
(Абай) Бірінші сөз