Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


§ 8.  Бір ырғақтық топтағы компоненттердің алғашқысы  с, т



Pdf көрінісі
бет133/159
Дата29.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#111758
түріБағдарламасы
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   159
Байланысты:
Әдеби тіл қалыптануы

§ 8. 
Бір ырғақтық топтағы компоненттердің алғашқысы 
с, т, 
қ, к, п, ш 
деген қатаң дауыссыз дыбыстарға аяқталса, келесісі 
б 
дыбысынан басталса, 
б 
дыбысы қатаң 
п
-ға жуықтау болып 
айтылады: 
тас бұлақ 
(айтылуы: 
таспұлақ), Сәтбай (Сәтпай), 
ақ берен (ақперен), айтып берді (айтыпперді), кеш бойы 
(кешпойұ).
Осы ережені және алдыңғыларын ескеріп, мына халық 
өлеңдерін дұрыс айтып көріңдер. Ырғақтық топтарға бөліңдер 
және дыбыстары өзгеріп айтылған сөздерді көрсетіңдер.
Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген,
Қыз қайда құдашадай көзі күлген?
Алыстан ат арытып келгеніңде,
Шақыртпай еш адамға, өзі келген.
Баянауыл басында балалы құр,
Бір сөз айтам, қалқатай, мойныңды бұр.
Аулыңның тұсынан аттанғанда,
Ақ боз үйге сүйеніп қара да тұр.
§ 9.
Орыс тілінен енген сөздердің соңында келетін ұяң 
б, в, 
г, д
дыбыстары айтылуда қатаң
 п, ф, к, т 
болып естіледі. Фами-
лия соңындағы 
-ов, -ев
жұрнақтары да 
оф, еф, ыф, іф
болып 
айтылады.
Мысалы: 
клуп (клуб), педагок (педагог), устаф (устав),
Иваноф (Иванов), Жұмашыф (Жұмашев).
Бұл сөздердің ды-
быстары қатаң естілетін болғандықтан, қатаң дауыссыздан ба-
сталатын қосымшалар жалғанады. Мысалы: 
наградтау 
(айты-


263
луы: 
награттау), клубқа (клупқа), Ивановтар (Иванофтар). 
Араб, парсы тілдерінен енген 
жад, араб тәрізді 
бірен-саран 
сөздер де 
жат, арап
болып айтылады, бұларға да қатаң дыбы-
стан басталатын қосымшалар жалғанады: 
жадқа айтты 
(жа-
зылуы да, айтылуы да: 
жатқа), арабтар
(айтылуда: 
араптар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет