269
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
(Қасым Аманжолов)
Әлі есімде бұлтсыз әлем аспаны,
Арман бізді алға апарып тастады.
Қара шашың мойныма оралып,
Жерге тамған мөлдір көздің жастары.
(Н.Әлімқұлов)
§15.
Бір ырғақтық топта айтылатын сөздердің алдыңғысы
дауысты дыбысқа аяқталса, екіншісі дауысты дыбыстан ба-
сталса, қатар келген екі дауыстының біреуі (алдыңғысы)
«жұтылып» кетеді де бір ғана дауысты айтылады. Мысалы,
торы ат, қара ала, келе алмадым, барып па еді, Қараадыр,
Сарыөзек, айта-айта
сияқты сөздер
торат, қарала, келалма-
дым, барыппедің, қарадыр, сарөзек, айтайта
деп айтылады.
Бұл заңға біріккен сөздер де, жеке сөздер де, сөз бен шылаулар
да, қос сөздер де бағынады.
Қазақ тілінің бұл орфоэпиялық заңдылығын ақындар шебер
пайдаланады, яғни жазуда буын саны артық шықса да, айту-
да (оқуда) дәл шығатын болғандықтан, сөздерді ақындар еркін
қолданады. Мысалы:
3 4 4
Бі-лек-тей / ар-қа-сын-да / өр-ген-бұ-рұм /
3 4 4
Шол-пұ-сұ / сыл-дыр-ға-ғып / жүр-са-қы-рын /
4 3 4
Кәм-шәт-бө-рүк / ақ-та-мақ / қа-ра-қас-ты /
4 3 4
Сұ-лүу-ғыз-дың / кө-рүп-пең / мұн-дай-тү-рүн //
Мұнда
жүрсе ақырын, көріп пе ең
деген сөздері бар жолдар
жазылуда 12 буын болғанмен, айтылуда
жүрсақырын, көріппең
болып кірігетіндіктен, өлең өлшеміне ешбір нұқсан келтірмей
тұр.
Қатар тұрған сөздердің кез келгенінің екі аралығындағы
дауыстылар бірін-бірі «жұта» бермейді. Егер ондай екі сөз екі
ырғақтық топта тұрса, аралық дауыстылар өз орындарында
анық айтылады:
Аласыз / қара гөз
Достарыңызбен бөлісу: