к, г дыбыстары
еш уақыт жуан
а, ы, о дыбыстарымен келмейді (айтылмайды).
§20. Қазақ тілінде сөз соңында екі дауыссыз қатар келетін
сөздер бар. Бірақ кез келген дауыссыздар сөз соңында қатар
келе бермейді. Тек алғашқысы
л, р, м, н, ң деген сонор ды-
быстар, соңғысы
т, с, п, ш, қ, к деген қатаң дыбыстар болып
тіркесіп келеді. Мысалы:
жалт, қалт-құлт, қарт, қант, ант, қарс (
қарс айрылды дегендегі),
күмп (суға
күмп берді),
қарш- қарш, дүңк (дүңк етті),
қарқ-қарқ (қарқ- қарқ күлді) т.б. Мұндай
сөздердің басым көпшілігі
жалт-жұлт, қарқ-қарқ, күңк (етті)
сияқты еліктеуіш сөздерде екі дауыссыз қатар айтылып, қатар
жазылады.
Бұл сөздерді айтуда сөз соңындағы екі дауыссыз күрт, шұ-
ғыл дыбысталады, яғни араларына
ы, і сияқты дауыстыларды
салмайды:
жалт (жалыт емес),
күрт-күрт (күріт-күріт емес),
жалт-жұлт (жалыт-жұлыт емес) т.т.
Қазақ тілінде сөздің үш дауыссызға аяқталуы – мүлде жоқ
құбылыс. Сондай-ақ жоғарыда көрсетілгендей, сонорлар мен
қатаңдардың қабаттасуынан өзге дауыссыздардың қатар ке-
луі де – орын алмайтын құбылыс. Қазақ тіліне енген орыс
және интернационалдық сөздер, әсіресе жер-су, қала аттары
қатарынан бірнеше дауыссыз дыбысқа аяқталып келе бер-
мейді. Мысалы:
пункт, Омск, фонд, митинг, штамп, шланг, факт, рецепт, экспромт, киоск, лифт. Бұл сөздер қазақ тілін-
де жеке айтылғанда, соңғы қатар келген екі-үш дауыссыздың
не сондарынан, не орталарында
ы, і дәнекер дыбыстар салып
айтылады:
пункіт, Омскі, фонды, митингі, штампы, шлаңгі, факті, рецепті, экспромты, киоскі, лифті. Бұлардың ішінде
қатаң дыбыста
(факт, рецепт, киоск, лифт), сонор мен қатаң
да
(шланг, штамп, экспромт), сонор мен ұяң дыбыс та
(фонд, митинг), тіпті үш дыбыс та (алдыңғысы сонор, қалған екеуі
қатаң –
пункт) қатар келген.
Қазақ тілі үшін үйреншікті емес (яғни фонетикалық
жүйесіне сай келмейтін) дыбыстарға аяқталатын мұндай
сөздердің бірқатарына, атап айтқанда: