71
қолданысы көркем әдебиет стилі үшін уәжді (дәлелді, орынды)
болып тұрады. Бұған көптеген мысал келтіруге болады, мұны
тіпті кез келген сауатты оқырман көркем шығарманы оқып
отырғанда өздері де көре алады. Мысалы, Қалихан Ысқақовтың
«Ақсу – жер жаннаты» деген романының тіліне зер салсақ,
үлкен бір юмормен жазылған дүние сияқты. Мұнда «маусымдық
кәсіп қуған калымщиктерден басқа барлық жібі түзу де, жібі
қисық та, қысқасы, «тайганың ақ жапалағындай шақырайып
тас керең отырған кесір шалына» дейін кейіпкерлерінің тілі
қыршанқы болып келеді. Автор олардың аузына
әкри, ләухи,
шорту
сияқты одағай іспеттес ауызекі элементтерден бастап,
бет-мордасы
(
бет-әлпеті
дегеннің орнына),
түйекөтен
(по-
мидор),
қотқа жүрмейді
(«қағазсыз қара басыныз бұл күнде
қотқа жүрмейді»), ассалау
(«ұрының кәсібі тілге зар емес,
ассалауы
не, атанның басы не») деген тәрізді әдеби нормадан
тыс тұрған элементтерді салады. Қарапайым сөз, тұрпайы сөз,
макаронизмдер деп аталатын тұлғасын мейлінше өзгертіп, ке-
кесінмен, мысқылмен қолданылған өзге тілдік сөздер мен сөз
орамдары кейіпкерлерінің диалогтерінде де, автордың өз ба-
яндауында да орын алған: «Бекет осымен біржола
Достарыңызбен бөлісу: