Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


Сөз мағынасы және оны түсініп жұмсау



Pdf көрінісі
бет55/159
Дата29.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#111758
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   159
Байланысты:
Әдеби тіл қалыптануы

Сөз мағынасы және оны түсініп жұмсау
Алдымен, «сөз мағынасы дегеніміз не, оны тіл маманы 
емес өзге адамдар, қалың жұртшылық, оның ішінде жазатын, 
сөйлейтін ақын-жазушылар, журналистер, комментаторлар, 
лекторлар,мұғалімдер мен өзге де ұстаздар және т.б. «жазар-
мандар» мен «сөйлермендер» сөз мағынасын түсініп қолдану 
деген талапқа қалай қараулары керек?» дегенді әңгімелесек.
Жалпы тілдік норма тұрғысынан алғанда, сөздің «лекси-
калық мағынасы» деген болады, ол – сол сөз білдіретін негізгі 
мағына, номинативтік мағына. Мысалы, 
күн
деген сөздің 
негізгі лексикалық мағынасы (оны ғылым тілінде денотатив 
мағынасы деп атайды) – «әлемге жарық, қызу беретін плане-
та» («Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», 5-том, 311-бет). Бұл 
сөздің «Күн» планетасына қатысты туған «таңның атуы мен 
күннің батуы аралығындағы уақыт, күндіз» және «24 сағатқа 
тең уақыт, тәулік» деген 2-3-мағыналарын да «лексикалық 
мағына» деуге болар әлде оны негізгі лексикалық мағынадан 
өрбіген «қосалқы лексикалық мағына» дейміз бе – қысқасы, ең 
түпкі мағынадан туындағандар.
Қазақ тілінде өзге де тілдердегі сияқты 
ай, күн, жер, 
бас, көз, қол
сияқты көптеген сөздердің бірнеше мағынада 
жұмсалатындығы белгілі. Олардың біреуі негізгі лексикалық 
не жоғарыда көрсеткеніміздей, негізгіге жуық мағына бола-
ды да қалғандары – не ауыспалы, не стильдік (контекстік), не 
тіркесімдік т.т. мағыналары болады. Айталық, 
күн
сөзін «уақыт, 


118
мезгіл, дәуір, кез» мәнінде («Бұл 
күнге
аман жеттім» дегендегі 
сияқты) немесе «өмір, тіршілік» («Бұрынғы 
күнім
күн бе еді?» 
дегендегідей), «ауа райы, табиғат құбылысы» («Бүгін 
күн
ыстық дегенде») сияқты мағыналарда қолданғанда, 
күн
деген 
сөздің ауыспалы мағыналарын пайдаланамыз. Ал 
күн бат-
ты
сияқты тіркесте 
күн
сөзі «планета» деген өз мағынасында 
қолданылып тұрған тәрізді болғанмен, бұл тіркесте ол мағына 
мүлде жоқ, алдымен, күн планетасы батпайды, жер планетасы 
күнді айналғанда, күн көрінбейтін кез туады, екіншіден, әңгіме 
бұл жерде тіпті күн планетасы туралы емес, қараңғы шақтың 
түсе бастағаны, тәуліктің бір кезеңінен екіншісіне көшкені ту-
ралы, демек, осы тіркесте 
күн
сөзінің мағынасы «жіпсіз байла-
нып тұр», тіркестің әр компоненті 
(күн, бату)
өздерінің негізгі 
мағыналарынан айрылып, тек бір-біріне қосақталған түрінде 
басқа бір мағына беріп тұр.
Тілдің лексикалық қазынасындағы сөздердің көпшілігінің 
негізгі мағынасы айқын, баршаға түсінікті болып келеді. 
Оларды 
бейтарап (нейтралды) сөздер 
дейді. Ал енді бір 
топтарының мағыналары көпшілікке тегіс түсінікті бола 
бермейді. Ол топтарға архаизм деп аталатын көне сөздер, тарих 
іздері бар, қазіргі қолданыста сирек кездесетін сөздер (исто-
ризмдер), контекстік қолданыстарға жататын кейбір қарапайым 
сөздер, авторлық бір қолданар сөздер болып танылатын окка-
зионализмдер, бірқатар жаңа сөздер – неологизмдер жатады. 
Осылардың әрқайсысын жұмсаудың норма талабынан келген-
де мақсатын, орнын, қажеттігін білу бірінші кезекте тұрады да 
олардың орынды-орынсыз қолданыстары көзге түседі. Енді 
осы топтардың сыр-сипатын жеке-жеке танытсақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет