131
аэродромның әуежай
болып өте жиі қолданылуы – соңғы
айтылған пікіріміздің айғағы.
Лексиканың толығуы немесе біршама сапалық өзгерісі –
қоғамның әлеуметтік, саяси, мәдени, экономикалық дүмпулері,
күрт өзгерістері кезінде болатыны белгілі. Соңғы онжылдық
– қазақ қауымы үшін осындай өзгерістер, төңкерістер, алмасу-
лар кезеңін бастан кешуде. Қоғам өмірінің әрбір сәтінің «жүрек
соғысын» жедел көрсетіп отыратын тілдің лексика саласы зерт-
теуші ғалымдар түгіл, жай көзге, қалың жұртшылыққа бірден
сезіледі, нәтижесінде лексикалық жаңалықтарды қабылдау не-
месе жатырқай қарау, кейде тіпті қабылдамай қою қарекеттері
орын алады: пікірсайыстар, таластар, ұсыныстар көбейеді.
«Тілдің лексикалық нормалануы» деген проблемаға мұның
тікелей қатысы болатындығы белгілі. Және бұл – процестің
дұрыс нәтижесі, яғни жаңа сөздердің нормалануы, әдеби тіл-
ден орын алып тұрақтануы – қаулы-қарармен, үкім-жарлықпен,
«көпшілік дауыспен» шешілмейтін кезенде тұрмыз, бұл – «тіл-
дік норма және оның кодификациясы» деген проблемаға
ғылыми тұрғыдан қарауды қажет етеді, термин жасау саласы-
нан бастап, қарапайым сөздерді де нормаға келтіруде мұқият
ізденістерді талап етеді. Бұл ізденістер жаңа қолданыстарды
теріп жинастыру, іріктеп, жүйелеу, дұрыс-бұрысын «меніңше
былай» деген принциппен емес, тіл білімінің теориялық не-
гіздері бойынша дәлелдеу, әр алуан сөздіктер, анықтағыштар,
көмекші құралдар арқылы жариялап отыру сияқты іс-әрекеттер
түрінде жүргізілуге тиіс. Біздің бұл жұмысымыз (кітабымыз)
сөздердің нормалануына арналған осындай істерге бастама әрі
бағдарлама іспеттес болса дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: