141
жатады. Мысалы, Махамбет ақын: «Мен қарақұстан туған
қалықпан»
деп жауынгер ақын образын жасағанда қолданған
қалықпан
сөзінің құстың атауы екенін білеміз, өйткені өлеңнің
тағы бір жерінде
қалықпандай қомданып
дейді, сондықтан өзі
қарақұстан туған болса, өзі қомданатын болса, құс емей, немене!
Ал ақын бұл образға
қыран
атауын алуына да болар еді,
қыран
сөзі – өз замандастарына да, кейінгі оқырмандары – біздерге де
әбден түсінікті, батырлықтың, биік дәрежеге көтерілудің кәнігі
символы, үйреншікті образы. Бірақ ақын тыңдаушысын отты
сөзімен шарпып өтетін тіл құралдарын іздейді, ол үшін қалың
жұртшылық құлағына таныс ескі образдарды да, бұрын көп
естімеген сиректерін де табады. Бұл ізденіс архаизмге айналған
қалықпан
сөзіне алып келген. Сөз түбірі –
қалық,
ол көне түркі
тілдерінде «көк, аспан» дегенді білдірген, сол аспанда биіктеп
ұшатын құстың
Достарыңызбен бөлісу: