208
олардың кешкі екі-үш сағат баламен бірге болған уақыттары
күн ұзаққа балабақшада өткізген тәрбие-сабақпен теңесе ал-
майды. Оның үстіне, жоғарыда айттық, әзірге біздің жас ата-
аналарымыздың, оның ішінде әсіресе қала тұрғындарының
өздері қазақ тілінің сөзді дұрыс айту нормаларын, ғылыми тіл-
мен айтқанда, орфоэпиялық ережелерін жақсы білмейтіндік-
терін ескеру қажет. Сол себептен ана тілімізді үйретуде
алғашқы үлкен жүк балабақша тәрбиешілеріне түседі.
Бұл орайда балабақша тәрбиесіне ұсынылатын оқу-мето-
дикалық құралдарда қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылық-
тарына арнайы назар аударылса, тіпті бүлдіршіндерге арнал-
ған кейбір өлеңдердің дұрыс айтылу (оқылу) үлгісін қоса
көрсетіп отырсақ, артық болмас еді. Мысалы, балабақшаларда
оқуға арналған бір жинақта («Оқып, ойнап, ән шырқайық»,
1983) берілген «Бұл қалай?» деген 8 жолдық өлеңнің мәтіні
мынау:
Аппақ гүлден
Қызыл алма
өседі.
Қара бұлттан
От шығады
деседі.
Аппақ гүлден
Ақ бұлт неге
өнбейді?
Бұлт ішінде
От қалайша
сөнбейді?
Жазуда осылай берілген бұл өлеңді тәрбиеші балаларға бы-
лайша оқып беруі керек:
Әппақ гүлден
Қызыл алма
өсөді.
Қара бұлттан
От шығады деседі.
Әппақ
гүлдөн
Ақ бұлт неге
өмбөйді?
Бұлт ішінде
От қалайша
сөмбөйді?
Осылайша оқығанда ғана өлең құлаққа жағымды, тілге
(айтуға) жеңіл болып шығады. Мұны бүлдіршіндер жаттап
алғанда, жазылуынша емес, осылайша оқылуынша жаттауға
тиіс. Бұл мәтінде еріндік дыбыстардың үндесуіне және
Достарыңызбен бөлісу: