Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет142/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   151
§28. Жекеше II жақтағы жіктік жалғауы тек қана -сың/-сің
түрінде (яғни соңғы дыбысы  ң  болып) айтылады және солай
жазылады. Мысалы: есімдерге жалғанған жіктік жалғаулары
(жекеше түрі):
І жақ мен мұғаліммін,  диктормын
ІІ жақ сен мұғалімсің, дикторсың
ІІІ жақ ол мұғалім, диктор Етістікке жалғанған жіктік
жалғаулары (жекеше түрі):
І
жақ мен білемін, айтамын, барғанмын, барармын
ІІ жақ сен білесің, айтасың, барғансың, барасың,
ІІІ жақ ол біледі, айтады, барған, барар.
Кейде   ауызекі   сөйлеу  тілінде   бұл   жалғау  -сын/-сін  түрінде
(сен мұғалімсін, дикторсын) де келеді және солай жазылып та
кетуі   мүмкін.   Бірақ   әдеби   нормада   сөйлегенде,   тек  -сың/-сің
түрінде дыбыстау керек. Ал  -сын/-сін  қосымшасы етістіктің III
жақтағы – бұйрық қалау рай деген түрін білдіреді. Мысалы:
І жақ мен барайын, біз барайық 
ІІ жақ сен бар, сендер барыңдар
ІІІ жақ ол барсын, олар барсын.
Сондықтан   әр   түрлі   қызмет   атқаратын   қосымшалардың
тұлғаларын   да   шатастырмай,   бірін  -сың  түрінде,   екіншісін
-сын  түрінде айту керек. Бұл екеуін айыру қиын емес: егер
жіктік жалғаулы сөз сен деген есімдікпен айтылуға тиіс болса,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет