жанын шүберекке түю – образ. Сондай-ақ көлеңкесінен қал-
тыраған (қорыққан болса керек), қылтасы қалтырап (тізе-сі
қалтырап деудің орнына), жүрегіне мұзды су құйып
жібергендей (жүрекке су құю деген образды қазақ айтпаса ке-
рек), біреу қыз алып қашса, біреу босқа (қызығына болу ке-рек)
қашады (Қ.Жұмаділов), мұрттарын балта кесер ме (бал-та
шабар ма деудің орнына), аузынан азу тісі аршылғанша
(түскенше болса керек, егер аршылу етістігі қолданылса, аузы-
нан емес, аузы болуы керек, өйткені аршылатын – азу тіс емес,
ауыз ғой, демек, бұл қолданыста бір ауытқу, бір грамматикалық
қате бар), елмен (көппен болуы керек) көрген – ұлы той, абы-
ройын айрандай ақтарып алған (Қажыбаев) (төгіп болса
168
керек: ақтару – саналы түрде істелетін нәтижелі іс, ал төгу
– абайсызда болатын шығынды іс, демек, бұл етістік атаула-
ры бірін-бірі алмастыра алмайды), жібек шыттай үлбіреу
(жібектей немесе жібек матадай болса керек, өйткені шыт
– мақта матаның атауы, бір мата әрі жібек, әрі шыт деп атал-
майды ғой), менің көңілім қайысты – қабырға қайысады, ал
көңіл қалады, жабырқайды) т.т. Осылардың барлығы тұрақты
құрылымдарды уәжсіз құбылту болып шығады. Бұлар –
норма-дан жөнсіз ауытқулар.
Мақал-мәтелдердің құрамындағы сөздерді себепсіз өзгерту
тіпті жиірек кездеседі. Мысалы, «жерден жеті теңге» (халық
қоян деп айтады) тапқандай; қызғыштай қорғап (қорып болуы
керек); «қуырдақ (дұрысы: ет) тәттілігін қойса,
мен ұрлығымды қояр ем»; «бір аязын екі етікке тығып»
(С.Досанов); «алақанындағы аялысы» (аяулысы болар? –
Тілеуханов); «хабарына кіріп шықпайды» (қаперіне болар? –
Қ.Исабаев). Жазушының (Т.Жұртбаев) Ерегіскен ел болмас
деп келтірген мәтелі – сірә, Махамбет ақынның атақты
Егескен жау ел болмас деген өлең жолының қайталанған
варианты бо-лар. Жазушы егер бұл әдемі сентенцияны орайы
келіп тұрғанда қолданғысы келген болса, сөздерін бұзбай
алуы қажет еді, өйткені егесу етістігінің де, ерегісу сөзіндегі
сияқты «аразда-су», «жанжалдасу, дауласу» семантикасы
болғанмен, бұл сен-тенция осы бір бейтаныстау, бірақ тілде
бар тұлғаның (егесу сөзінің) қатысуымен әсерлі болып тұр.
Сөздерді өз орнында жұмсамау этнографиялық ұғымдарға
байланысты қалыптасқан қолданыстарды (сөз тіркестерін,
күрделі етістіктерді, мақал-мәтелдерді т.б.) бұзып, олардың
құрамын өзгертіп, компоненттерін мағыналас синонимдер-мен
ауыстырып атауда көзге түседі. Мысалы, құйрық-бауыр жеу –
этнографиялық рәсім атауы, ол құда түскендерге келісім беру
рәсімі, сондықтан бұл тіркес көбінесе құда бо-лып, құйрық-
бауыр жесті түрінде қолданылады. Осы күрделі этнографизмді
құйрық-бауыр асасып тарасты деп өзгертіп қолданғанда
(У.Қалижанов) оны рәсім атауы ретінде емес, жай ғана тағам жеу,
қонақ болу мағынасында деп түсінуі керек бо-лады. Сол сияқты
бел сөзі бел баласы, бел құда тіркестерінде келіп, біріншіде
«әкесінің өз баласы, туған баласы» ұғымын
169
береді, ал бел құдалар деген этнографиялық атау – тумай жа-
тып ұл-қыздарын атастырған адамдардың атауы. Сондықтан
Достарыңызбен бөлісу: |