Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет245/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   269
Ұн  көбелегі  (Pyralis farinalisL.)  Арктикадан  өзге  жердің 

бəрінде  тараған.  Ұн  тарту,  жарма,  құрама  жем  зауыттары,  нан 

жəне кондитер өнімдерін шығаратын мекемелерде тіршілік етеді. 

Тек ұнда ғана емес, дəндерде де, сабағында да дамып жетіледі. 

Көбелек денесі 12 мм, қанаттары 28 мм. Алдыңғы қанаттары 

жалпақ,  ал  оның  ұзындығы  енінен  екі  есе  үлкен.  Түбі  мен  ұш 

жағы  қоңыр  қызыл,  жалпақ-жалпақ  үш  жолаққа  бөлінеді.  Ақ 

нүктелері бар. Артқы қанаттары қошқыл сұр түсті, жиегі одан да 

қанықтау əрі қысқа шашақты. 

Ұрғашы  қанкөбелек  өнім  бетіне 250 жұмыртқаға  дейін 

салады  да,  жұлдызқұрт  сол  өніммен  қоректенеді.  Қоймалар  мен 

дəндер  өңдеу  кəсіпорындарында  жылына  беске  тарта  ұрпақ 

тіршілік  құрады.  Жаппай  өсіп-жетілген  кезінде  көбелектің 

келтіретін зияны өте үлкен. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет