Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


   Астық ішіндегі жылу мен ылғалдың тасымалы



Pdf көрінісі
бет44/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   269
5.3.  

Астық ішіндегі жылу мен ылғалдың тасымалы 

 

Дəндер  мен  дəндер  қабаты  ішіндегі  жылу  мен  ылғал 



тасымалының  ерекшеліктері.  Дəндерді  кептіру,  қыздыру  мен 

салқындату – Əдеттегі жылу-ылғалтасымалдаудың стационарлық 

емес  үдерістері,  яғни  бұлар – дəндердің  температурасы  мен 

ылғалдылығының  өзгеруімен,  сонымен  қатар  жылу  мен 

ылғалдың  уақыт  аралығындағы  ағын  тығыздығының  өзгеруімен 

тұспа-тұс  қатар  жүретін  үдерістер.  Кептіру  кезінде  дəндерде 

температура  мен  ылғалдылық  градиенттері  пайда  болады, 

олардың  əсерінен  дəндердің  ішінде  жылу  мен  ылғал 

тасымалданып, термикалық жəне көлемдік кернеу пайда болады.  

Жылу  мен  ылғал  тасымалының  қарқындатылуы  кептіруді 

жылдамдатады. Алайда,  бұл  кезде пайда  болатын  кернеу дəндер 

сапасының  нашарлауына  əкеп  соғуы  мүмкін – сызаттар  пайда 

болады,  дəндер  жарылып  кетеді,  бүтін  жармалар  үлесі  төмендеп 

кетеді. Сондықтан кептірудің анағұрлым қолайлы тəртібін орнату 

қажет.  



 

87

 



Дəндерді 

кептіру 


кезіндегі 

жылуылғал 

тасымал 

жылумассатасымалдың  жалпы  заңына  бағынады  да,  оның 

кездейсоқ  оқиғасы  болып  табылады.  Оның  теориялық  негізі 

ретінде  жылумассалық  тасымалдың  бірегей  теориясы  болады. 

Осы  теория  негізінде  дəндердегі  жылу  мен  ылғал  тасымалының 

үдерістері аналитикалық жолмен сипатталады. Мұндай сипаттама 

дəндердің  немесе  дəндер  қабатының  кез  келген  нүктесінде 

ылғалдылығы 

мен 

температурасын 



анықтауға, 

олардың 


градиенттері мен уақыт аралығындағы өзгерістерін табуға, жылу 

мен 


ылғал 

ағындарының 

тығыздығын 

есептеуге, 

оны 

үдерістердің  одан  əрі  дамуын  бағамдауға  мүмкіндік  береді. 



Осыған  қоса  дəндер  мен  дəндер  қабатындағы  үдерістерді 

математикалық 

сипаттауда 

белгілі 


бір 

қиыншылықтар 

туындайды,  себебі  дəндер  өз  құрылымы  мен  құрамы  бойынша 

біртекті  емес.  Осының  салдарынан  дəндердің  əртүрлі 

телімдерінің  өткізгіштігі  əртүрлі  келеді  де,  анизотропты 

қасиеттерге  ие  болады,  яғни  əртүрлі  бағытта  əртүрлі  өткізгіштік 

қасиетке ие.  

Дəндердің  геометриялық  пішіні  күрделі,  ал  дəндер  қабаты 

дəндердер  кеңістікте  ерікті  бағытталатын  дисперсті  орта  болып 

табылады. Дəндер ішіндегі ылғал мен жылу тасымалы үдерістері 

өзара  байланысты жəне  өзара  бір-біріне  əсер  етеді,  ал  дəндердің 

жылуфизикалық 

жəне 

ылғалалмасу 



қасиеттері 

оның 


температурасы  мен  ылғалдылығына  тəуелді.  Соның  салдарынан 

жылуылғалтасымалдың  дифференциалды  теңдеулері  сызықты 

емес.  Мұндай  жағдайдаларда  үдерістердің  математикалық 

сипаттамасы  дəндерде  кептіру  кезінде  өте  күрделі  жəне  осы 

курстың  шегінен  тыс  шығып  кетеді.  Сондықтан  тек 

жылумассалық  тасымалдың  бірегей  теориясындағы  бірнеше 

түсініктермен шектелеміз.  

Дене  ішіндегі  массалықтасымалмен  күрделенбеген  жылу 

тасымалы.  Кез  келген  дененің  жылулық  қасиеттері  оның  жылу 

физикалық  сипаттамаларымен:  меншікті  жылу  сыйымдылы- 

ғымен,  жылу  өткізгіштігімен,  температура  өткізгіштігімен  жəне 

жылусіңімділік  коэффициентімен  (жылулық  белсенділігімен) 

анықталады.  



 

88

 



 

16-сурет. Кептіргіш шахта ішіндегі дəндердің қызу сызбасы: 

 

1-астық қабатындағы кептіру агентінің жүру сызығы; 2-астық 



қабатының жылу өткізгіштік арқылы қызуы; а,б- пассивтік жылу 

шекарасы. 

 

Дене ішіндегі массалық тасымалмен күрделенбеген жəне ішкі 



жылу қорсыз жылу тасымал үдерісі Фурьенің жылуөткізгіштіктің 

дифференциалдық теңдеуімен сипатталады:  















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет