Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 3.55 Mb.

бет1/29
Дата22.12.2016
өлшемі3.55 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

1924–1930

2014


УДК 821.512.122.0 

ББК 83.3 (5 Қаз) 

 82

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат 

министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің 

әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы 

бойынша шығарылды

Редакциялық кеңес:

Кеңес т рағалары – М. Құл-Мұхаммед, А. Сәрінжіпов

Жалпы редакциясын басқарған – ҰҒА корреспондент мүшесі, 

филология ғылымдарының докторы У. Қалижанов

Кеңес мүшелері:

кім Т.,  уезов М., Жұртбай Т., Кекілбаев  ., Қанапиянов Б., Қасқабасов С., 

Қирабаев С., Қонаев Д., Қошанов А., Құрманғали Қ., Мағауин М., Мұртаза Ш., 

Нұрпейісов  ., Оразалин Н., Сүлейменов О., Тасмағамбетов И., Ыбырай Ш.

уезов М.

 82

Шығармаларының елу томдық толық жинағы. – 

Алматы: “Дәуір”, “Жібек жолы”, 201 .

4-том: Зерттеулер, оқулықтар, әдеби нұсқалар. 1924–

1930. – 456 б.

ISBN 978-601-294-146-3

УДК 821.512.122.0 

ББК 83.3 (5 Қаз)

ISBN 978-601-294-146-3  (4-том)

ISBN 978-601-294-142-5

© М.О.  уезов атындағы  дебиет 

және  нер институты,

4

2014



Зерттеулер

5

ӘДЕБИЕТ  ТАРИХЫ

ЖАЗУШЫДАН

Қазақ мектебінде ана тілі бір тарау білім есебінде

1

 орын 


алғанына бірқатар заман болды. Бастауыш мектептің өзін 

алсақ та, ана тілі құр жазу жазғызып, хат танытуды мақсұт 

қылатын шағынан шығып, өсіп келеді. Жалғыз қара таны-

тып,  хат  жазғызудан  басқа,  қазақ  тілінің  заңынан,  қазақ 

әдебиетінің әр түрлі үлгісінен, керекті мағлұмат беру керек 

болды.


Бұл дәуір қазақ мектебінде ана тілінің іргесін нығайтып, 

көлемдетуге айналып, жаңа жолға беттеп келе жатқан дәуірі, 

толық білім беру үшін, бұрынғы тапқан табысына сүйеніп, 

жаңа өріске бет алатын, кең жайылысқа қарай қадам басатын 

дәуірі, ана тілінің білім есебінде тереңдейтін дәуірі. Біздің 

мектеп  қазіргі  күнде,  осы  міндетті  мойнына  алып,  жаңа 

бір дүниенің есігін ашқалы тұрғанын түсініп отыр. Түсіну 

анық болғандықтан жаңалықты іздеуі мұқтаждығын сезген 

кемтардың ізденуі сияқты.

Ана  тілінің  кеңірек  өріс  іздеуі  қазақ  мектебінде  соңғы 

жылдарда күштірек айқындалып отыр. Олай болатын себебі, 

соңғы жылдар қазақ елінің оқу-ағарту жұмысына, тұсауын 

кескендей,  кеңшілік  берді.  Қазақтың  бастауыш  мектеп 

жасындағы  балаларына  арнап  ашылған  әлде  неше  жүз 

бірінші  басқыш  мектептен  басқа,  бұл  күнде,  оқытушылар 

дайындайтын техникум, институттар шыға бастады. Неше 

алуан  мұғалімдік  курстары  ашылып  жатыр.  Орта  буын 

мектептің  есебінде  партия-кеңес  мектептері  де  құрылған 

жерлер  бар.  Бұлардан  басқа  үлкендер  оқитын  мектептер, 

судиелік, тергеушілік курстары сияқты әр алуан мамандық 



6

жолындағы курстар бар. Осының бәрінде ана тілінің сабағына 

келгенде, бүгінгі шеңберден гөрі кеңірек, тереңірек, аудан-

ды тілек қылып іздеу бар. Сол себепті қай қалада болса да, 

бастауыш мектептен гөрі жоғарырақ болып ашылған қазақ 

мектебі болса, барлығында ана тілінің әдебиетін тексеріп, 

ұғынудың  талабы  байқалады.  Ана  тілінің  жолында  ендігі 

басқышта қазақ мектебінің іздейтін жаңалығы, кең өрісі сол 

әдебиет болады.

Әдебиет мектеп ішіндегі оқушының ақыл, сезім тәрбиелеп, 

қалыптап  жетілуден  басқа  сол  оқушыға  қазақ  деген  елдің 

өткендегісі мен бүгіндегі пішінін танытуға керек.

Белгілі заманның тарихи шарттары мен кәсіп дағдысынан 

туған салт, сана, сезім, тілек қандай еді? Елдің өнер туғызған 

қиялы  мен  үлгілі  сөз  туғызған  ақыл  шалымы,  ішкі  дүние 

байлығы қандай еді? Қазақ тілінде әрбір заманда шыққан сыр-

лы сөздердің үлгі түрі қандай

2

, мағына, маңызы қандайлық? 



Бір-бірінің ортасындағы тарихи байлам, тіркестік қайсы, әрбір 

жұрнақты туғызған себеп не? Міне, осының бәрін бүгінгі 

мектеп ана тілінің шеңберіне сиғызып, оқушыға білдірмекке 

талап етеді. Орта дәрежелі мектепте жүрген оқушылардың осы 

сияқты ақыл, сезім азығын тілеп

3

, сұрап отырған жайы бар.



“Қазақ  әдебиетінің  тарихы”  деген  кітапты  шығарып 

отырған себептер осы айтылғандар.

Бүгінгі күнде мектептегі ана тілінің алдында өнер есігіне 

қарай аттап басудың міндеті тұрғандықтан, бұл кітапты сол 

бет, сол жолдағы алғашқы тәжірибе деп есептейміз. Кітапты 

тәжірибе ғана деп есептегендіктен, көңілдегідей толықтықты 

іздеуге болмайды. Ол шартты бұл кітап орындай алған жоқ. 

Қай жолдағы білімді алсақ та, алғашқы тәжірибесінде сүрініп-

қабынып, шала-шарпы, ала-құла болып шығады. Кемшілікті 

сын  түзейді,  көп  болып  біріккен  ой  түзейді.  Сондықтан 

бұл  кітап  “Қазақ  әдебиеті”  деген  толық  атты  аламын  деп 

дәмеленбейді

4

.

Қазақ әдебиетіне көз салып жүрген адамдардың алдына 



ескіліктің нобайы суретін қалқитып беруге жараса, өз мінде-

тін атқарғаны деп білеміз.

Алғашқы істің мақсаты сол болғандықтан, бұл қызметтің 

тұсындағы  қолданған  әдісіміз  ескі  күннен  бастап,  Абай 



7

мезгіліне шейін қазақ тілінде шыққан сырлы сөздің түрлерін 

айырып, жік-жікке бөліп, әрбір дәуірден қадау-қадау белгі 

қойып,  сол  белгілер  бойынша  тарих  шаңы  басып  жатқан 

ескіліктің желісін созып шығу болды. Баяғы заманнан бері 

қарай құмды, шөлді далада, шаң ішінде қоңыраулатып келе 

жатқан әдебиет көші қай кезең, қай асудан асты, соның ұлы 

сүрлеуін тауып алуды мақсат қылдық. Сол себепті әрбір түр, 

әр бөлімнің ішіне әдебиет жұрнақтарының бәрі бірдей кірген 

жоқ, солардың әрқайсысының үлгі мысалдары ғана кірді.

Бұл  айтылғандардан  басқа  кітаптың  кейбір  бөлімдері, 

жоғарыдағы азға қанағаттанған, азды тілеген мөлшердің өзіне 

де тола алмай, шала болып қалғаны бар. Сондай бөлімдер 

ертегі, билер айтысы

5

. Бұлар ел әдебиетінің ең бір мол саласы: 



олардың мысалдарын жиып алған соң ғана тексеруге бола-

ды. Біздің қолымызда сондай көп мысалы болмады. Екінші, 

мына кітаптың ауданына қарағанда, әлгілер сияқты түрі көп 

бөлімдерге аса тереңдеп кету қисынсыз болды.

Кітаптың ішінде тағы бір көзге түсетін зор кетігі: қазақ 

әдебиетінде XIX ғасырдың аяқ кезінде үлкен ағым сияқты 

болған дін хиссалары кірген жоқ

6

, Дін сарынымен айтылған 



үгіт-өсиет өлеңдері де тексерілген жоқ. Ол ағымға кіретін 

ақынның  ешбірінің  аты  да  аталған  жоқ.  Бұл  түрдегі  өлең 

жұрнақтары қазақ әдебиетінің тарихына кіру керек еді. Бірақ 

олардың бұл кітапқа кірмеген себебі қазақ ескілігін тексерген 

тұңғыш қызметте, біздің көздеген мақсатымыз, әуелі қазақ 

елінің  өз  қанынан  туып,  өз  сүтімен  өскен  ескіліктің  ұлы 

денесін тұрғызып алмақшы болдық

7

. Дін өлеңдерін, хиссалар-



ды алсақ, көбінің сарыны шеттікі болудан басқа, мазмұндары 

да түгелімен мұсылман ғаламынан келген көшпелі, қыдырма 

әңгімелер. Сондықтан оларды тексеріп, ұғынып түсіну үшін 

жалғыз  ғана  қазақ  топырағындағы  көлеңкесіне  қарап  тон 

пішу керек емес, әрқайсысын тудырған жағдай мен себепті 

әуелгі шыққан ұясынан бастап ұғыну керек, қазақтан бұрын 

араб, парсы, оңтүстік түріктері, шағатай, татар әдебиеттерін 

шолып өту керек

8

. Сондықтан бұл өлеңдерге бөлек бір қызмет 



арнамақ болып, мына кітаптың ішіне әдейі кіргізгеніміз жоқ.

8

Әдебиет тарихының қазіргі заманда шығуы туралы айтаты-

нымыз: тегінде бұл тарих қазақ елінің жалпы тарихы шыққан 

соң  тізілуі  лайық  еді

9

.  Бұл  күнде  шалғай  шығып  қалды. 



Сондықтан  барлық  ескілікті  қарастырған  уақытта,  қазақ 

тарихының  ұлы  аңғарына  жанастыруға  тырысып,  әлеумет 

тіршілігінің ішкі-сыртқы қалпымен байланыстыруға талап 

етсек те, нағыз тарих сөзі мен бұның мөлшерінің арасында 

шалғайлық болып кетуге мүмкін. Ондайлық адасқан жері бол-

са, кітаптың тарихсыз заманда шыққанын еске алуды тілейміз.

Онан соң осы кітапты тізудің үстінде көзге көрінген айқын 

кемшілік: бізде бұл уақытқа шейін Абайдан арғы ақынның 

өмірі туралы жиналған мағлұмат жоқ. Бүгінде қазақ ескілігіне 

көз салып, жинастырып жүрген азаматтардың қатты ескеретін 

бір  жұмысы  осы  болу  керек  сияқты.  Ескі  ақындардың 

өмірбаянын білсек, соның әрқайсысы өмір сүрген заманның 

тірі пішінді белгісін тауып алғандай боламыз. Әрбір дәуірдің 

сондайлық бір-бір белгісі болса, “темір етік теңгедей, темір 

таяқ тебендей” болатын көмескі, күңгірт, ертегі заманның ұзақ 

сапарына қадам басып, жылжи беруге болады. Сонда ертегі 

сапарындай алыс көрініп тұрған кәрі күннің өзі де жақындап 

келіп, ескі тұлғасын көрсетіп қалуына да болады.

Осы сияқты шарттар ойдағыдай табыларлық болса, мына 

кітаптың ішіндегі бөлімдердің бәріне де қайта оралып соғып, 

тағы да әлде неше рет аударып тексеру бәріміздің де міндетіміз 

болады.


Мұхтар

Ленинград,

декабрь, 1925 жыл.

9

СӨЗ  БАСЫ

Жалпы  тарих  жолындағы  адам  баласының  ілгерілеген 

басқыштарын  алсақ,  төрт  буынға  бөлінеді:  1)  тағылық 

тұсындағы ортақшылық дәуір; 2) ана қожалығы жүрген дәуір; 

3)  ата  мен  ру  қожалығы  жүрген  дәуір;  4)  мемлекет  негізі 

құрылған дәуір.



Тағылық тұсындағы ортақшылық дәуір. Бұл дәуірдің 

белгісі:  1)  бір  топ  болып  өмір  сүрген  қауымның  қан 

жақындығына қарай туысқандық байлауы мықты болған; 2) ол 

топтың адамдарына еңбек те, табыс та ортақ, ортақшылдық 

белгісі  болған.  Билеп  жүрген  жері,  ұстап  жүрген  қаруына 

шейін бір адамдікі емес, топтікі, қауымдікі. Басты шаруаның 

барлығын  сол  топ  түгелінен  істейтін  болған.  Ол  топтың 

ішіндегі ер жеткен әйелдер ер жеткен ерлердің ортақ жары 

деп саналған.

Еңбек пен мүлік ортақ болған соң, қауым арасында болған 

жас  айырымы  мен  еркек-әйел  айырмасы  болғандықтан, 

олардың теңдігі табиғи теңдік болатын. Ол күнде дін пікірі 

жоқ, білім жоққа тән, аз. Өзі тұрған тау мен даладан арғы 

жерден қорқатын, қауіп бар дейтін. Дүниедегі барлық нәрсені 

“өзіме  пайдасы  бар,  өзіме  залалы  бар”  деген  екі-ақ  түрлі 

айырымға бөлген, топтың саны өсіп, бас көбейгенде бірінен 

бірі бөлініп шығып, екінші жерге тарайтын. Жер біткенше, 

осылай  топтан  топ  жырып  шығып,  күнелте  берген.  Адам 

баласы бері келіп, бойы өскен соң, ол күннің қиындықтарын 

ұмытып, жұмбақ рақаты сол күндерде деп есептейтіні осыдан 

шыққан.


10

Ана  қожалығы  жүрген  дәуір.  Әйел  әуелде  басы  бос 

баласыз күнде — еркегі кезбе өмірде жүрсе де, бері келген 

соң  ана  болған,  балалы  болған.  Табиғат  адам  баласының 

қауымын өсіруді соған міндет қылған. Сондықтан әйел атаулы 

баласының қасынан ұзай алмайтын болды. Ол кезде үй іші, 

отбасы жоқ, баланың әкесі кім екені белгісіз. Бала жалғыз 

шешенікі деп саналып, міндеті де шешеде болған екен. Еркек 

қаңғи берген, әйел балаға арқандалған. Еркек өмірі көшпелі 

кезбе  өмір  болып,  әйел  бір  ауданнан  ұзамай  өмір  сүрген. 

Баласын қорғайтын баспана керек болса, үңгір мен ағаштың 

қуысын паналаған. Бір жерде отыратын болған соң, тамақты 

жиып, сақтауға, қырландыруға, қорландыруға тырысқан. Ба-

ладан ұзап алысқа кете алмайтын болған соң, жақын жердегі 

ұсақ аңды өлтіруді, жеміс теруді кәсіп етіп, өсімдіктермен 

күн көретін болған. Бері келген соң мал асырау әдісін білген. 

Сөйтіп, еркектен бұрын үй шаруасының отырықшы шаруаның 

негізін салған әйел екен

1

. Әйел істеген шаруа, бұрынғы кезбе 



аңшылықтай емес, еркекке де жәйлі тиді. Олар да оралуға ай-

налды. Көргені көп кәрі әйел басшы болып шықты. Сонымен 

ана қожалығы жүрген дәуір туды. Бұның арты, біреу өнерлі, 

біреу өнерсіз, біреу еңбек қылып, біреу еңбексіз болғандықтан, 

алғашқы теңсіздікті тудырды.

Ата, ру қожалығы жүрген дәуір. Басы біріккен көп қауым 

мал өсіріп, егін салуды күшейте бастады. Балаға айналған әйел 

бар уақытын шаруаға сала алмады. Оның орнын еркек басты. 

Еркектің  уақыты  көп,  қуатты,  әлді  болған  соң,  ақырында 

әйелден  озды:  еңбегі  жемістірек  бола  бастады.  Еңбекке 

ысылған кәрі әйелдің қолынан билік, басшылық кетіп, сол 

сияқты тәжірибелі еркек қолына ауысты (қарияның қожалығы 

туды.) Кәсіп түрі молайып, өзгере берді. Бір жерде отырып 

аңшы, егінші, мал бағушы болуға да жол табылды.

Сондықтан  бұл  қауымның  саны  бұрынғыдан  молайып, 

адам  саны  жүзге,  мыңға  да  шарпуға  айналды,  бірақ  саны 

көбейген  сайын  сыйысу  қиын  болып,  тіршілік  ауырлады. 

Сондықтан бері келе қан төгісетін соғыстар шықты.

Соғыстар ол замандағы қауымның ілгерілеуіне себеп бол-

ды, жері кеңеюге, жұмыскері молаюға айналды. Бір ру мен 


11

бір ру бірлесетін, одақтасатын күйге келді. Басшы шығу керек 

болды, басшыға тәртіпке бағыну керек болды.

Бұрынғы  аңшылықты  басшылықтан  шығып,  енді  жай 

өмірде  басшы  іздейтін  болды.  Басшының  жұмысы  көптің 

істейтін  қара  жұмысынан  бөлінуге  айналды.  Басшылық 

шығуы барлық жұмыстың түрін өзгертті. Бірінші басшылар 

көпшілікті жұмсап отырып, оларға үлестіретін азық сияқты 

мүлікті де билейтін болды. Қолында көп мүлік болған соң, 

олардан  ең  әуелі  меншік,  иешілік  шықты.  Екінші  мүлікке 

ие болып алған соң, әйелді жеке меншіктеуді, “некеленуді” 

шығарды. Өзінен туған баласына дүние-мүлік тастап кету, 

мұра тапсыру мақсаты туды. Үй іші деген жаңа нәрсе жасалды. 

Әйел мен еркек байланысы күшейіп, әйел теңдіктен айырыл-

ды: керек қылған әйелін еркек алып қашса да алатын болды.

Осы істердің артынан ру басшыларынан ақсүйектік шыға 

бастады.  Айырбас,  сауда  шықты.  Еңбек  бөлініп,  теңсіздік 

туа бастаған соң, бұрынғы салттар жоғалуға айналды. Көп 

орнына өзімшілдік туды. Осы жағдайлар ұласып, тұрмыс ма-

шинасы шеберленген сайын, сол замандағы адамның ақылы 

артты. Бүкіл дүние жаралуы туралы көлемді, тұтас ой құрала 

бастады.


Ең  әуелгі  туған  тұтас  ой.  Бұл  ой  әлгі  дәуірдегі  шаруа 

жағдайынан туды. Қауымда басшылық пен қара күштің еңбегі 

егіз болды. Басшы көпке нұсқау беріп, бұйрықпен істеді, оның 

ісі біліммен, еппен істеледі, сондықтан басшылыққа арнаулы 

білімді кісі керек. Қара күштің жұмысы оған қарағанда оңай. 

Міне, әуелгі адам өз қауымының ішіндегі әлгідей басшылықты 

бағалаудан  дүниені  де  сол  сияқты  деп  түсінетін  болды. 

Дүниеде  басшы  сияқты  үлкен  жаратушы  күш  болса,  тау, 

тоғай, судың иесі ұсақ жаратушы деп ұғынды. Дүниені солай 

деп түсінген соң, адам әзінде де әлгідей екі алуан жаратылыс 

бар деп білді. Басшылық етуші рух, оның қызметкері — дене. 

Дене өледі, рух өлмейді. Барлық дүниеде рух бар, дене бар 

дей бастады, Бұл пікірдің қорытындысы — табиғатты жан-

ды деп ұғу: бұдан соң дүниеде екі басшылық бар: бірі дене 

бастауында, бірі рух — жас бастауында; оның соңғы пікірі 

қалыптан тысқарыға, ғайыпқа нану.



12

Дін таралуы. Адамдағы алғашқы дін екі тарау жолдан 

құралады:

1)  бұрынғы  басшы  аталарды,  аруақты  құрметтеуден

2



2) табиғаттың үлкен күштерін қуаттаудан. Аруақ екі түрлі. 

Бірі  —  бұрынғы  жауды  жеңіп  алып,  құл  мен  күң  қылған 

патшалар аруағы. Оларды да қадірлеп, құрметтейтін болған. 

Солармен қатар табиғат күштерін қадірлеген. Жаз, күз, күн, 

жұлдыз, ай барлығы да тірі нәрседей көрінді. Жақсылық пен 

жаманшылық құдайлары тартысады деген ой шықты. Күн 

тұтылу  солардың  соғысының  белгісі.  Қараңғылық  болса, 

ол дұшпан құдайларының жеңген, билеген шағы. Осы тура-

дағы әңгімелерді молайтып, ұлғайтқан сайын әлденеше түрлі 

ертегілер  туды.  Табиғат  басшысын  қадірлеу,  құдайға  дұға 

оқып, жалыну әдеті туды.

Сонымен жалғас ең әуелгі әдебиет жұрнақтары шығады. 

Құдайға  арнаулы  дұға  айтып  шұбыртқан  тақпақ  өлеңдер 

шығады. Дін мейрамдары сияқты әдеттер туады. Құдайлар 

мен аруақтар туралы толып жатқан әңгімелер тарайды. Бұл 

дәуір тілді байытты. Әлгі әңгімелер себеп болып, сөйлер сөз 

көбейді.

Мемлекет негізі кұрылған дәуір. Ру тартыстары күшейіп, 

соғыстар жиіленген соң, жер молайып, басшылар көбейген 

соң, мемлекет құрылысы шықты. Барлық ел басшы болған 

ақсүйектер табы мен қара халық табына бөлінді. Ақсүйектер 

соғыс басшысы болды. Олар ой иесі, дін иесі болып тап-тапқа 

бөлінді


3

. Кедей болған қара халық табына салмақ түсіп, жу-

андар табы күш алды. Сондықтан бұл заманда тап тартысы 

жоғалмайтын қалыпқа түсті. Бұл дәуірдің өз ішінде бөлінетін 

мезгіл-мезгілі  бар:  1)  хандық-аламандық  кезі,  2)  алпауыт, 

ақсүйектер патшалығы, 3) байлар (буржуазия) патшалығы.

Алғашқыда, шабуыл, жорық үлесін таптың үлесіне сала-

тын дағды болған. Екіншіден, жерге иелік шығады. Жері аз 

кедей шаруа мен мол жердің иесі алпауыт ақсүйектер шығады. 

Үшіншіден, сауда мен өнер артқан кәсіп мезгілі шығады.



13

ӘДЕБИЕТ  ТАРИХЫНЫҢ  МІНДЕТІ  НЕ?

Әрбір тарих белгілі жолдағы істің өскенін, гүлденгенін сөз 

қылады. Олай болса, әдебиет тарихының міндеті:

1) Бір жұрттың тіліндегі ауызша, жазба әдебиеттің ішінен 

үлгілі болған белгілерін бөліп шығару. Ол белгілер сол елдің 

әдебиет жолындағы жаңа сөзі болу керек.

2) Әдебиет тарихы белгілі дәуірлерді, мезгілдерді бөліп 

шығарады. Халықтың әдебиеті алғашқы шыққаннан бастап, 

белгілі бір кезге жеткенге шейін тарихтың ішіне кіру керек. Әр 

мезгілдің үлгісі қандай, неден туды, басқа өмірмен қандайлық 

тарихи байланысы бар, сол айтылуы керек.

3) Әдебиет тарихы әр мезгілдегі себептерді, шарттарды 

тереді.  Мәселен,  белгілі  ақынның  өлеңіндегі  мағына  мен 

түрдің сыртқы өмірмен қандай байланысы барын айырады: 

ақынның  өз  өмірі,  өз  тіршілігімен  байланысқан  сыртқы 

қалдар, себептер болса, сол теріледі, әдебиет тарихы ауызша 

әдебиеттің жұрнақтарынан сыртқы түрін, ішкі мағыналарын 

көріп,  соларды  туғызған  себептерді  айтады,  әдебиет 

жұрнақтары мен соның жазған кісілерін қарастырып келіп, 

бір жұрттың әдебиетіне солардың қандайлық бағасы барын 

айтады.

Әдебиет  тарихының  қолданатын  жолы

1)  Ақынның  өмірбаянымен  танысып,  тексеріп  келіп, 

жазған  нәрсесі  мен  екі  арадағы  байланысын  айырады. 

2)  Әрбір  ақын  жеке-дара  адам  емес:  оны  туғызған  елі 

бар.  Өзінің  үлгісі,  салты,  жақсылық,  жаманшылығы  бар. 


14

Сондықтан ақын өмірін соны туғызған елінің өмірімен қоса 

қарастырады.  3)  Ақын  өмірін  жалғыз  ғана  туғызған  елін 

алмай, барлық сол ел мен ақынды түгел туғызып отырған 

ұлтымен  алып  қарастырады.  4)  Әрбір  ұлттың  табиғатпен 

қатынасын  қарастырады.  Тіршілігі  қалай  құралған, 

табиғаттан тегін тамақ ала ма, жоқ еңбекпен ала ма? Еңбек 

көп  болса,  өнер  артады,  өнер  артса,  тап-таптың  халы  да 

жоғары-төмен  болып,  жіктеле  бастайды.  Әдебиет  тарихы 

мұны да қарастыру керек. 5) Көрші халықтың берген үлесін, 

көрші жұрттың өнерінен келген әсерін айырады.

Қазақ  ескілігінен  аз  мағлұмат

Қазақтың ежелгі ескілігі бұл уақытта ешкімнің де есінде 

жоқ. Сол себепті алысқа ұзап кеткен заман туралы қай та-

рихшы сөйлесе де, нобаймен, долбар сөзбен айтады. Дәлді 

мағлұматтың болмайтын себебі: қазақ ескілігінің жазу күйінде 

сақталып  қалған  белгісі  жоқ.  Сондықтан,  соңғы  заманда, 

қазақ елінің жалпы тарихына мағлұмат жиып жүрген Еуропа 

жазушылары мен қазақтың өз тарихшыларын алсақ, барлығы 

да бұл күнге шейін: қазақ елі кім, қайдан шықты, басынан 

қандай үлкен дәуірлер кешірді деген мәселелердің маңында 

жүр.  Елдің  ұзын-ырға  тарихын  кең  көлемді  қылып,  ішкі, 

сыртқы өмір жолындағы өзгерістерінің барлығымен қатар 

алып отырып, толық пішінде құрастыру ауыр болып келеді.

Сол тарихшылардың кейбірі көрсетіп отырған дәуірлерге 

қарасақ, қазақтың ескі рулары, Шыңғысхан заманынан бергі: 

түрік, моңғол тарихының барлық дәуіріне түгел кіріп, толық 

араласып отырған

4

. Кейінгі Жәнібек



5

, Керей


6

, Қасым


7

, Ақнияз


8

 

хандардың тұсында қазақ бірігіп жасаған рулар, ескі уақытта, 



әлгідей Қазан хандығы

9

, ноғайлы, өзбек бірлігінің



10

 бәріне 


де  кірісіп,  бірталай  өмір  жасасып  шыққан.  Осы  кітаптың 

ішінде тексерілетін батырлар әңгімелерінің барлығы жаңағы 

айтылған пікірге ел әдебиетінің берген дәлелі, белгісі сияқты 

болады. Бұл сөздер біздің елдің жалпы тарихына жанасатын 

сөздер.

Енді ел әдебиетіне әсер еткен ішкі дүниені алсақ, бұның 



ерте  замандағы  пішінін  білу  әлгіден  де  қиын.  Бұл  жолда 

15

не  айтсақ  та,  ел  ортасында  сарқылып  қалған  таусыншақ 

белгілерге қарап, долбарлап айтпасақ, көлденеңнен қосылатын 

көмек жоқ. Қазақтың жалпы тарихына мағлұмат жиюшылар 

болса да, ескі замандағы ішкі дүниенің дін нанымын

11

, ой 



сезімін, білім шалымын жиып, сынап, қорытынды жасаған 

кісі жоқ.

Сол себепті өз бетімізбен долбар жасасақ, қазақ елінің ішкі 

өмірі екі үлкен дәуірге бөлінеді. Бұның біреуі — ісләм діні 

кірген соңғы мезгіл. Екіншісі — содан арғы ескі дәуір. Бұл 

дәуірдің біздің заманымызға жеткен белгілері болса, елдің 

кейбір  әдет  салтында,  өлең  жырында,  ескілікті  ұғымында 

қалған  белгілер  болады.  Сол  белгілердің  ретіне  кіретін 

нәрселер: аспан мен отты қадірлеу

12

; бақсы, жын, албасты, 



жезтырнақ

13,  14,  15

  сияқтыларға  нану.  Осылардың  барлығын 

құрастырып,  сынап  келсек,  ісләм  діні  кірмей  тұрғанда 

қазақтың дін нанымы қандайлық болып, дүниені қалайша 

түсінгенін нобайлауға болады. Қазақтың ескі діні дүниені 

көп  ие  билейді  деген  сеніммен  басталады.  Сол  себепті 

аспанға (тәңірге) табыну, жер үстінің күштісі деп отқа та-

быну, дүниенің жасырын сыры — пері, жын сияқтыларына, 

бақсыларға табыну туады.

Пері,  жын  бұрынғы  қазақтың  дін  нанымында  бүгінгі 

ісләмнің періштесі сияқты болуға керек. Олардың өздеріне 

арнаулы  меншікті  дүниесі  болған.  Әрқайсысы  табиғаттың 

әрбір тарауының, не адамның көңіліндегі әр түрлі салақияттың 

түп иесі болуға керек

16

. Бұлардың барлығы қазіргі уақытта 



бақсының  қолында  қалған:  бақсы  —  ескіліктің,  бұрынғы 

діннің жер жүзінде қалған жалғыз белгісі, сондықтан ескі на-

нымның барлығы бақсылық айналасына паналаған. Бұрын ғы 

бақсы, бұрынғы діннің әулиесі, пайғамбары есепті болған. 

Бақсы бал ашқан уақытта аспанмен, құдайлармен жалғасатын. 

Соны  жалғастыратын  періште  сияқты  өткелі  жын  болған. 

Бүгінгі қазақ нанымында жынның қайдан шыққанын ашып 

айта алмайды. Жынды шығаратын шайтан десе, ол молдалар 

үгітінше кейінгі мұсылманшылдық ұғымына жанастырған 

нәрсе.


Бірақ ол анық шешу емес. Бұрынғы құдайлардың ішінде 

адам  баласының  өсіп-өнуіне  қарсылары  болған.  Олардың 



16

белгісі албастыда. Босанғалы отырған әйелді ғана аңдып келіп 

басатыны  адам  баласының  өскелі  келе  жатқан  ұрпағымен 

алысудан, соны тудырушы әйелді қас көргеннен туады. Ізгілік 

құдай, мейірімді тәңірі болуға керек, әсіресе, от болады. Отты 

ана деп түсінеді. Отқа арнап құрбандық әкеледі. Көп тілеуді 

оттан тілейді.

“Жолыңа жұп шырақ” деу

17

, кейінгі қазақтың “әулиеге ат 



айттым, қорасанға қой айттым” дегені сияқты. Бұл күнде ол 

заман алысқа кеткен ескі заман болды.

Ол күнде мәдениет жоқ, оның үстіне ісләм діні ескіліктің 

барлық белгісімен қатты алысты

18

. Ескі дінді еске түсіретін 



ұғымның бәрін жоғалтып жіберді. Қазақтың әдебиет жолы 

мен ақыл-білім өсу жолындағы ескі тарихын білемін деген 

кісі  мұсылманшылықтың  қалың  қараңғы  пердесі  жауып 

тұрған мезгілге тіреледі. Мұсылманшылыққа ауысқан соң, 

қазақ биік белден асып кеткендей болады. Белдің астында 

көрінбей  қалып  отырған  дүние:  баяғы  бақсы  заманының 

ескіліктері. Бергі заманға оның белгісі келсе, мұсылманшылық 

сүзгісінен  өтіп  келеді,  болмаса  елдің  ерекше  сүйіп,  айы-

рыла  алмағанынан  келеді,  не  дінге  кемшілік  келтірмейтін 

әдеттер келеді. Мысалы жар-жар, беташар сияқты барлық 

салт өлеңдері. Әйтпесе қазақтың бұрын да талай мейрамы 

болған. Сол мейрамдарға арналған ойын-жиын өлеңдері бар 

еді. Барлық түрік жұртының мейрамы — наурыз, бақташылық 

өмірінен туған. Күн шырайы түзелген уақыт құдайдың ізгілік, 

рақымшылық істегісі келгеннен, сондықтан оған қуанып, той 

қылу керек болған. Бұл күнде сол наурызға арналған өлең 

бізге келмей, жетпей, жоғалып отыр. Мұсылманшылық қуып 

шыққан, жоғалтқан. 

Кей уақытта мұсылманшылық пен ескіліктің бітім қыл- 

ған да жері бар. Ел әуелгі кезде мұсылманшылықты ұстаса 

да, мұсылманның молдасынан өзінің бақсысын артық көрген. 

Бақсыда үлкен қуат болып, елдің ықыласын өзіне тартып, 

билеп отырған. Сондықтан кей жерлерде бақсыға мұсылман 

әулиелерінің сипатын алып келіп, жамағаны бар. Мысалы, 

ескі замандарда “абыз” дегендер болған

19

. Абыз деген сөз 



арабша  “хапыз”  деп  шығады.  Ізгі,  әулие  деген  сөз.  Бақсы 

17

өзі әулие орнында күтулі болады. Мінеки, бұл ескілік пен 

жаңаның жасаған бітімі. Бұл сияқты ескіліктің азырақ белгісі, 

жоғарғы  айтқан,  мұсылманшылық  сүзгісінен  зорға  өтіп 

келгендер. Мұсылманшылық осы кезде ондаймен алысуда. 

Сондықтан жылдан-жыл өткен сайын ескілікті еске түсіретін 

нәрселер жоғалып барады. Солар жоғалған сайын, қазақ та-

рихына ескілікті білу, іздеп тауып, ұғыну қиын бола бермекші. 

Қазірде де әдебиет тарихы сияқтыларды тізу қиын. Әуелден 

алыс  жерден  бастауға  болмайды.  Біз  әуелі  өзімізге  таныс 

бергі заманнан бастау керек. Іздеушілер көбейіп, табылған 

ескіліктің жұрнақтары көбейген соң, сол бұйымдардан құрап, 

қолға  таяқ  алып,  ескілікті  ерте  заманға  қарай  тереңдетіп, 

жылжи беру керек.




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал