Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 3.55 Mb.

бет2/29
Дата22.12.2016
өлшемі3.55 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Қазақ  әдебиетінің  тарихы

Қазақ  әдебиеті,  барлық  жұрттың  әдебиеті  сияқты, 

екіге бөлінеді: біріншісі — ауызша әдебиет, ел ақындығы. 

Екіншісі — жазба әдебиеті. Ел ақындығы не ауызша әдебиет: 

елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөздер. Жазу 

өнері болмаған соң, ол елде ғылым, мәдениет те тумаған бола-

ды. Ондай елдің өнер, білімі бір ауыздан екінші ауызға көшіп, 

сонымен сақталады. Жалпы білім деген нәрсесі, алдыңғының 

артқыға  тастап  келе  жатқан  ата  мұрасы  сияқты,  ауызша 

әңгімелерінен құралады. Сол ретпен ескіліктен қалған сөзді, 

өнер иесі болған арнаулы жалғыз адам ғана біліп қоймайтын, 

жалпақ ел болып үйреніп, түгелімен есінде сақтайды.

Ол кездің өнерін жалпақ ел түгел ұғынатын болғандық-

тан,  екінші,  кейінгі  ұрпақтың  түгелімен  алатын  білімі, 

тәрбиесі де сондайлық көпке бірдей болып айтылатын жал-

пы әңгімелерден жасалатындықтан, бүкіл бір елдің жалпы 

дүниеге көзқарасы да, өткен өмірді түсінуі де бірақ түрде 

болады. Кейінгі буын өмірді түгелімен алдыңғыша түсініп, 

соларша тәрбиеленеді. Сондықтан ауызша әдебиеттің ішінде 

елдің белгілі ұғымын білдіретін, жалпы дүниеге көзқарасын 

сездіріп, өткенді қалай түсінуін көрсететін сөздің барлығы 

2–1248


18

да бір-ақ адамға тиісті өнер емес, ол — көптің өнері. Жалпақ 

елдің сыбағасына тиетін өнер туындысы.

Рас, бүгінгі салт өлең мен батырлар өлеңдері болса, соның 

барлығын жалпақ ел болып отырып шығарған сөздер емес, 

оның жеке шығарушылары бар. Бірақ бұл шығарушы ақындар 

сол  сөздердің  ішінде  жалғыз  өзінің  көзқарасын,  жалғыз 

өзінің ғана ұғымын айтпайды, олардың өлең, жыр ішінде ай-

татыны — түгелімен жалпақ елдің ұғымы мен жалпақ елдің 

көзқарасы. Айтатыны — көптің қарадай айтып жүрген сөзі. 

Сондықтан  өлең  қылушылар  ауызша  әдебиеттің  құр  ғана 

жақсы айтушысы, құр ғана әңгімешісі болады.

Ел  ақындығын  жасаушылар  солар  деп  санауға  болмай-

ды. Сондықтан 1) ауызша әдебиеттің шығарушысы жалпақ 

ел  дейміз.  Ауызша  әдебиет  жұрнақтарының  арнаулы 

шығарушысы жоқ. 2) Ауызша әдебиеттің барлық жұрнақтары 

күйге өлшеніп, арнаулы әнмен айтылады. Сол себепті оның 

сыртқы  түрінде  жазбадан  айырмасы  бар.  Ол  желпініп, 

желдіртіп айтылады. 3) Ауызша әдебиетте бір жаққа қарай 

беттеген арнаулы бағыт болмайды. Оны елдің дін нанымы, 

елдің  белгілі  салты,  әдеті  туғызады.  Сондықтан  ауызша 

әдебиет бірнеше түрге бөлінеді.

Ауызша әдебиет түрлері

1) Сыршылдық салт өлеңдері.

2) Әңгімелі өлеңдер (батырлар әңгімесі, ел поэмасы, та-

рихи өлеңдер).

3) Айтыс-тақпақ.

4) Ертегі, мақал, мәтел, жұмбақ.


19

I  б ө л і м



СЫРШЫЛДЫҚ  САЛТ  ӨЛЕҢДЕРІ

Шер өлеңдері, кейде көп елдің басына үй ішінің қайғы-

сынан, жеке адамның қайғылы күйінен туатыны да болады. 

Бұл өлеңдердің бәрі де көңілдің қайғылы қаралы сезімдерін 

білдіретін сөздер. Кей уақыт елдің жалпақ қолданған әдетінен 

туатын өлеңдер де шерлі өлеңге қосылады. Осы айтылған 

бар лық сыршылдық өлеңдер, туған ретіне қарай үш түрге 

бөлінеді:

1) Жалпақ елдің салтымен байланысқан шер өлеңдері.

2) Дін салты мен дін ұғымынан туатын өлеңдер.

3) Қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдер.

Ел  салтындағы  шер  өлеңдер

1) Ел салтындағы шер өлеңдері: жоқтау, естірту, қоштасу, 

көңіл айту сияқтылар.

а) Жоқтау. Жоқтау өлеңі — көпке бірдей жайылған көп 

қазақтың  қолданған  салтынан  туатын  шер  өлеңі.  Жүрек 

қайғысын өлеңмен, әнмен, кейде күймен шығару ескіліктің 

сүйген  түрі  болған.  Кей  уақытта  жалпақ  елдің  жоқтауы 

болады. Ондайда қайғылы қалың елдің атынан ақын, жы-

рау  жоқтайды,  кейде  үй  ішінің  ауыл-аймақ,  рудың  ішінде 

жоқтау өлеңі болады. Әуелгі түрдегі жоқтау — хан өлгенде 

қарашаның жоқтауы. Қайғымен күйзелген қалың елдің шерін 

жыраулар айтады.

Мысалы, Абылай әл үстінде жатқанда, Бұқар жыраудың 

жоқтағаны

20

:


20

Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,

Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай!

Үш жүздің баласынан үш кісі айтсам,

Қалар да ма екен жаның-ай!

Шер  өлеңі  өлгенше  ұзақ  болмайды,  шер  мен  қайғы 

үстінде кісі ұзақ сөйлесіп тұруға әлсіз болады. Сондықтан 

шын қайғы қысқан сөзбен көп мағынаны тізіп, тиімді қып 

айтады. Бұқар жыраудың жоқтауы, сол жоқтау. Бұл бір ауыз 

өлеңде  Абылай дың  әкімшілігі,  қазаққа  қаншалық  жайлы 

болғаны айтылады.

Бұрынғы көп шабуылдың артынан тыныштықты көксеп, 

амандықты тілеген елді Абылай сол тілеген амандық, тыныш-

тығына жеткізген, маңайдағы жауына айдынды, ел ішінде 

ауыл  тентектерге  тыю  салған  ақылды  әкімді  жоқтайды. 

Қалыңсыз  қатын  құштырса,  Абылайдың  мықты  қолбасы 

болғаны көрінеді, қазақ қолының Абылай бастағаннан бері 

жолы болып, егескен жауын егер қылып жүргені білінеді. Сол 

себепті үш жүздің баласы аласыз тілеу тілейді, үш жүзден 

үш кісі айтпақ болады. Мінеки, аз сөзде көп мағына. Көп 

қайғысын ақынның жоқтауымен білдіргені Нарманбеттің за-

манды жоқтаған өлеңінен көрінеді

21

.

Сарыарқа



*

, сарқыраған суың қайда?

22

 

Түнде шық, күндіз мұнар буың қайда?



Нажағай жарқ-жұрқ етіп, нөсер құйған,

Көк жасыл кемпірқосақ туың қайда?

Елдің бақытты шағында табиғат пішіні де бақытты еді, бұл 

күнде ол жоқ, ақын әуелі соны жоқтайды.

Бай бар ма баяғыдай барқылдаған,

Асы мол, аты тегін тартылмаған?

*  “Сарыарқа” — жаңа заман өлеңі. “Ескі әдебиеттің мысалына бұл қалай 

кіреді?” деген сұрау болар. Оған айтатыным: бұл арада жалпы жоқтау өлеңінің 

түрін,  үлгісін  ғана  қарастырып  отырмыз.  Сол  өлеңді  сол  түрдің  мысалына 

алдық. Әрине, тіпті ескі өлең болса жақсы болар еді. Бірақ ондай өлең әзірге 

жиналған сөздердің ішінде кездеспегендіктен, екінші мынау өлең ескі сарын-

мен жазылған жоқтаудың ең ашық үлгісі болғандықтан, әдейі алдық.



21

Алдыңнан атыңды ұстап құрмет еткен, 

Жайдары жеңгең бар ма, жарқылдаған?

Пайдалы балығы көп, дарияң бар ма? 

Сыбырсыз сыр айтатын жарияң бар ма? 

Аузынан ая толым қақырық тастап 

Батагөй басалқы айтқан қарияң бар ма?

Осы ретпен бұрынғы келін, іні, баланы іздейді. Бұрынғы 

ағайын ортасының ұйтқысы бұзылмаған жақсы заманды түгел 

жоқтайды. Ауыр заман жүдеткен елдің еркіншілік тыныштығы 

мол болып, өткен күндерді жоқтаған. Бүгінгі саяси қалыпқа, 

бүгінгі  шаруа  қалпына  ырза  болмағандықтан,  қайғылы 

қазақ баласы, табиғаты да өзгеріп кеткендей көреді. Өзімен 

бірге табиғат та жүдеген шығар деп түсінеді, бұл түсініс ел 

байлығы жер, жер елдің құты деп түсінгендіктен туады. Бүгін 

ел малынан айырылса, қызығынан айырылса, жер де құтынан 

айырылу керек деген нанымнан туады.

Жоқтаудың  үшінші  түрі:  өлген  ұлын  ананың  жоқтауы; 

күйеуінен жесір қалған жарының жоқтауы. Бұл — үй ішіндегі 

тұрмыстың  шері.  Мысалы,  Әйекенің  жоқтауы.  Шеген  би 

өлгенде келінінің жоқтауы. Үшінші, күйеуі өлгенде, Бопы 

төренің қарындасының жоқтауы

23

.

Шеген би өлгенде, келіні айтқан жоқтау:



Әуеден ұшқан ылашын, 

Ылашын жаяр құлашын. 

Атамды алған құдайдың 

Келіні мендей жыласын!

Үй ішінің қайғысынан туатын жоқтау өлеңнің екіншісі, 

Бопы төренің қарындасының жоқтауы:

“Күлдәрі белбеу белімде

Ызалы болдым елімде. 

Бопекем жарлық берген соң,

Жүре бер ойым жөніме.

Бас-бас өлім, бас өлім.

Басынан келген осы өлім.

Орқаш та орқаш, орқаш тау, 

Баурайы толған көк бас тау!

Топ ішінде қиын-ды, 

Жалғыз енді сөз бастау. 

Бастамасқа шарам не

Басыма салған қарам не!



22

Жапырағын жалпайтып, 

Жарлыны алған осы өлім. 

Құдай досы Мұқамбет

24

;

Оны да алған осы өлім. 



Қылышынан қан тамған, 

Әліні алған осы өлім

25



Өлімнің несі, ойбайым!



Бұл істі салған құдайым.

Қара бір шашым жаяйын, 

Жаяйын да жияйын.

Күнәлі бармақ жез тырнақ 

Күнінде қанға бояйын. 

Албыраған ақша бет 

Сүйегіне таяйын, 

Мөймілдеген қара көз 

Жаспенен оны ояйын. 

Алшаңдап жүрген, жас төрем, 

Орныңа кімді қояйын?

Мен жыламай кім жылар: 

Бетімдегі жарам не!

Боғастың бойын орыс алды, 

Жүректің басын дерт алды. 

Он жеті жасар би-жанды. 

Қорасан деген дерт алды. 

Асылда гауһар болатын. 

Ұшайын десем қанатым. 

Әкекем қосқан қосақтан, 

Айырды шебер құдайым. 

Алты атанға жүк арттым. 

Алдар ханмен бек тарттым. 

Алдынан жүрмес, ата екем, 

Құшақтап тұрып сөз қаттым. 

Арғымақ үйірін сағынса, 

Артқы аяғын қағынар: 

Алғанын бейбақ сағынса, 

Қаннан енең жағынар.

Жоқтаудың  ішінде  өлген  адамның  қасиетін  көп  санай-

тынның белгісі мынау өлеңнен көрінеді.

Алты атасы бай өткен,

Алты атанға жүк артқан,

Ұяда сұңқар түлеткен 

Қияда сұңқар тілеткен.

Алтайы қызыл түлкі атқан. 

Баршаны бөздей жырттырған. 

Жібекті жүндей түттірген 

Шылаушыны салып ат мінген. 

Шыңыраудан алып су ішкен, 

Шынжырлы қауға тарттырған

Қайыңнан астау шаптырған.

Қаптатып жылқы жаптырған.

Күні де түнім, базарым!

Алладан қайтты назарым.

Бетімнен кетті ажарым.

Хан иеміз кеткендей,

Бір күнде кетті базарым. 

Жаздыгүні болғанда,

Күннің көзі байланған.

Ақ сұңқар ұшып айналған.

Жоқтау өлеңінің мысалы қазақтың ауызша әдебиетінде 

өте көп. Бұл түрдің алғашқы шыққан мезгілі қай кез екенін 

білу қиын.

Ерте заманнан бері келе жатқан түр екені даусыз. Жоқтау, 

жалғыз қазақта емес, орыс ескілігінде де бар болған. Бұрынғы 

заманда  өлген  жақынын  орыстар  жоқтайтын.  Бірақ  оның 

қазақтікінен айырмасы: жоқтау өлең жаттама болатын. Ертеде 

шыққан бір өлеңді, кім өлсе де, өзгертпестен айта беретін. Ай-

тушылары да қазақтікіндей қайғылы үйдің өз ішінен шыққан 



23

адам емес, әдейі кім өлсе, соны жоқтап жүретін жоқтағыш 

(плакальщица) қатындар болатын. Соларды жалдап әкеліп 

жылатып, өлгендерін жоқтатып алатын. Жылағыш қатындарға 

жоқтау айту арнаулы кәсіп болатын.

Қазақ  жоқтауының  бұдан  көп  басқалығы  бар.  Ең  әуелі 

қазақтың кісісі өлсе, оны қаралы үйдің өз ішіндегі барлық 

жаны жылап жоқтайды. Солардың ішінде қатыны, шешесі, 

қарындасы, қызы сияқты жан күйері болса, солар жоқтайды. 

Көп  жоқтаудың  өз  бетінше  шығарылған  сарыны,  дауысы 

болады. Ескі әдет бойынша, ертеңді кеш сол сарынға жоқтау 

өлеңді  қосып,  дауыс  қылады.  Онан  соң  қазақтағы  жоқтау 

өлең өлген бір адамның өзіне ғана арналып шыққан тың сөз 

болады. Басқа біреудің айтқан жоқтауын айту, жаттама өлеңді 

айту — қазақ ұғынысынша мін. Ондай жоқтау көңілдің шын 

қайғы-зарынан шыққан емес, жалған жоқтау болады. Көздің 

жасы, жүректің жалынымен шығатын қаралы өлең әшейіндегі 

қызық, жұбаныш үшін айтылатын өлеңнен бөлек болуы керек. 

Сондықтан бұл күнге шейін қазақ ішінде айтылған сансыз көп 

жоқтау өлең болса, барлығы да бірінен-бірі бөлек өлеңдер. 

Рас, олардың да біріне-бірі ұқсайтын жері бар, бірақ ұқсастық 

сөзінде емес, түпкі мағынасында, ұзын-ырға сарынында ғана. 

Сыртқы өлең қылған сөздері бірінен-бірі басқа-басқа болады.

Жоқтау өлеңі сияқты, кейін қаралатын ескерту, қоштасу, 

көңіл  айту  өлеңдері  де  түгелімен  осы  айтылған  заңдарға 

бағынады. Осы өлеңдердің барлығы да шын қайғымен бай-

ланысу  шарт  болғандықтан,  барлық  жоқтау  өлеңі  сияқты 

өлеңдерді түгел жинап, түгелімен әдебиет тарихының ішіне 

кіргізу мүмкін емес.

Есте жоқ ескі күннен бастап, дәл бүгінгі күнге шейін, сан-

сыз көп жоқтау өлеңі айтылған. Біз қазір де, жоқтау өлеңін 

сөз қылғанда қазақтың ескілігі қандай түрлі өлең қалдырған 

деген  сұраққа  жауап  беріп,  осы  өлеңнің  түрін  ғана  айтып 

отырмыз. Сол түрін білдіру үшін жоғарыдағы екі-үш өлеңді 

мысалға алдық. Мұнда Шегеннің жоқтауы — ескі өлең. Біздің 

қолымызға түскен жоқтау өлеңнің ең ескісі. “Атамды алған 

құдайдың  келіні  мендей  жыласын”  деген  сөз,  қазаққа  дін 

қараңғылығының жайылып болмаған кезін білдіреді. Әлі дін 

нанымының ноқтасы атасын құрметтеген келінді бағындырып 


24

жетпеген уақытты көрсетеді. Атасын жоқтап отырған қаралы 

келінге, Шегендей би құдайынан бәлен батыр, олқы да емес 

сияқтанады.  Бұдан  әрірек  уақытта  шыққан  жоқтау  өлеңді 

алсақ, әлде бұдан да гөрі жатығырақ сөз шығуға болар еді.

Үй ішінің қайғысын білдіретін жоқтау өлеңдерінің ішінде 

көп сөзге мысал болары “Әйекенің жоқтауы”. Мұнда берірек 

замандағы  көп  жоқтау  өлеңдерінің  ішінде  келетін  ұзын 

сарынның барлығы да ашық, толық шыққан.

Жоқтау өлеңі сияқты салтпен байланысқан шер өлеңінің 

барлығы, қазақ елінде өлең өнері қаншалық қасиетті, қадірлі 

сөз болғанын білдіруден басқа, тағы бір бағалы жер болған. 

Ол бағасы: қайғыға душар болған жан күйер әйелге жанынан 

өлең шығаруды міндет қылғаны. Жақыны өліп, жүрегіне қаяу 

түскен әйел өзінің қайғылы күйін білдіріп, бойына біткен 

өнері болса, сынға салып, өлең шығарып көру керек. Салт 

бойынша өлікті қадірлеу, жыл уағына шейін жоқтау, сол жыл 

уағына шейін қаралы болып отыратын әйелге, ақындық өнерін 

еріксіз қадірлі қылып, еріксіз соны іздетеді. Салтқа бағынудан 

өлеңшілікке, әншілікке бой сұнып, сол өнердің жолына еріксіз 

салынуды керек қылды. Рас, мұнымен қазақ әйелінің бәрі 

бірдей ақын болып кеткен жоқ. Өз жанынан шығара алмаған 

әйел өлікке арналған өлеңді жақынына шығартып алып та жы-

лайтын болады. Бірақ осы салттан, ақындық сияқты қасиетті 

өнерді қадірлейтін шарт туатынын ғана айтамыз.

ә)  Естірту  өлеңдері.  Ескі  қазақ  салтында,  көп  елді 

күйзелтетін қайғыны арнаулы өлең естіртетін әдет болған. 

Хан өлгенде естірту, ардақты азамат өлгенде жан күйеріне 

естірту  өлең  ескі  қазақтың  өмірінде  қуанышын  ұлғайтып, 

қайғысын  кемітетін  жұбанышты  бесігі  болған.  Дүниеге 

келгенде өлеңмен қарсы алып, дүниеден көшкенде өлеңмен 

жөнелтетін. Жалпақ қазақ тіршілігінде сұлу сөз, кімнің де 

болса, сүйеуі болатын.

Естірту өлең сол қайғы үстіндегі сүйеу сөз, көңіл айтып 

жұбатқан сөз болатын. Мысалы, Сарыбай өлгенде, тазшаның 

естірткені

26

.  Естірту  көбінесе  тұспал,  жұмбақпен  бастала-



ды.  Сонымен  ауыр  хабарға  дайындап  алады.  Содан  кейін 

өлген жанның қасиеті айтылады. Көп елдің қасиетті өлімге 



25

күйзелгенін  айтады.  Өлген  ханның  өміріне  баға  беріледі. 

Бүгінгі қайғыға көптің ортақтығы айтылады. Мысалы, Са-

рыбайды алсақ, Сарыбай мұратына жетпей өлген жоқ. Өзіне 

келсек, төре, Балталының ханы болған

27

. Көп ел тіршілігінде 



басын  билетсе,  өлгенде  жоқтап,  егіліп  жылап  отыр.  Бұл 

Сарыбайдың  тіршілігіне  көп  атынан  берген  баға.  Кім  Са-

рыбайдай баққа жетті. Бір адам осыдан артық не тілейді? 

Артында қалған ханымы! Ел жүрегінің адалдығы, ниетінің 

шындығы сол, енді әйел демейді, соған да билетеді. Аруағын 

сыйлағаны осы. Сарыбай армансыз өлді. Себебі оның ұлы бар. 

Ендігі елдің адал тілеуі, сол артында қалған ұрпағына ауады. 

Сондықтан артында қалған Қозыжанға егіліп жылаған көп 

халық көз жасымен қайырлы өмір тілейді.

Естірту өлеңдері кейде, өзге шер өлеңдері сияқты күймен 

де айтылатын болған.

Мысалы, Ақмет ханның баласын желіккен құлан өлтіріп 

кеткенде күйші домбырамен естіртеді

28

.



Домбыра:

Ақсақ құлан Жошыхан. 

Баласы өлген осы хан, —

деп, күйлеп, сөйлегендей болыпты. Содан баласының өлгенін 

біліпті.

Естірту өлеңінің ішінде жоқтаумен аралас келетін үлгінің 

мысалы — Сарыбай өлгенде тазшаның естірткені:

Аңға да кеткен Сары-екем-ау! 

Таң ертеңгі салқында 

Мінсіз де туған жан еді-ау! 

Өнеге бойы, қалпында. 

Келімсек төре хан болып,

Балталының халқына, 

Өрісі толып малына,

Қазынасы толған алтынға. 

Қайырлы ғұмыр бере көр! 

Қозыжанға артында...

Естірту  өлеңінің  екінші  мысалы,  Байшуақ  би  өлгенде, 

баласы Байғараға қыпшақ Ізбасты бидің естірткені

29

:



Уа... Байғара! Байғара! 

Бері таман бір қара!

Бір сөзім бар айтамын. 

Айтамын да қайтамын.

Тыңдағанға бір пара.

Ел шетіне сөз келді. 

Қолымды ақша бір құсқа

                                  сермедім:

Сермесем де білмедім, 

Білдіруші бар ма екен!



26

Алып арыстан құласа. 

Жан беруші бар ма екен!

Аққан дария құрыса, 

Су беруші бар ма екен! 

Хан сұлтандар құласа

Жан беруші бар ма екен! 

Арғы атаң сенің Дайыр хан 

Қазақ пенен қалмақтың

Дұшпандығын айырған. 

Бергі атаң сенің Қайым хан, 

Жауды көрсе, қымсынған; 

Өз атаң сенің Байшуақ 

Алтын тақтан тайыпты, 

Естіре алмай отырған 

Көп жамағат айыпты, —

деген.

Осы сөзден Байғара әкесінің өлгенін біледі.



б)  Қоштасу  өлеңдері.  Сыршылдық  өлеңдерінің  бір 

түрі  —  қоштасу.  Мұнда,  ел  басынан  кешкен  күндердің 

қайғысы білінеді. Көп елдің күйзелген уайым, шері айтылады. 

Қазақтың ақыны, әр алуан жақсылары өлім үстінде қалжың 

айтып, кейде ән мен өлең шығаратын болған. Қайғыдан сөзді 

жұбаныш қылу, күйініштің үстінде өлеңмен шерін тарқату 

ескіліктің  сүйген  түрі.  Сол  сияқты  жастықпен  қоштасу, 

кәрілікті өлең қылу бар. Бұл қазақ мінезіндегі ашықтықты 

көрсетеді. Әркімнің өз ішіне жиналатын шерді, өз жүрегінің 

түбінде сақталып жүретін қайғы жүдеулікті топқа салу, қалың 

әңгімесіне, ермегіне арнап беру қазақ мінезінің бір үлкен ай-

ырмасы. Қоштасу өлеңдері: а) жерге қоштасу, елге қоштасу; 

ә) өмірдің өткен шағына қоштасу; б) өтіп бара жатқан заманға 

қоштасу. Жерге қоштасудың мысалы — Ай, Таңсық өлеңдері:

Балталы, Бағаналы ел аман бол

30

,



Бақалы, балдырғанды көл аман бол! 

Теруші ем еріккенде, ермек етіп,

Екпе, жиде, алма ағаш, гүл аман бол! 

Жібектей шалғынында ойнап өскен 

Сегіз сай тау біткенді сала аман бол! 

Үйеңкі, қайың, терек, тал аман бол! 

Қалған ел халайықтың шалы аман бол! 

Қайын атаң Қарабай сенен қашты

31



Жөргекте Қозы Көрпеш, бала аман бол! 



Тауып ал, қуып жүріп, арттан іздеп,

Ел жақсысы Тайлақ би айтқаным сол

32



Осы ізі тоқсан мыңның соқпақ болар, 



Жоғалмас қайда барсаң қазылған жол 

Тайлақтың енді аман бол, қалған елі!



27

Арқаның сен де аман бол, қоңыр желі 

Ыстыққа күн жүрмейтін салқын соғып,

Аққан бұлақ, дүм ағаш көлеңкелі.

Өзен, өлке, жота мен төбе аман бол!

Тайлақ би, ел жақсысы, көп, аман бол!

Изенді, бетегелі, мық жусанды,

Ақ көде малға шүйгін шөп аман бол!

Жасы кіші іні мен аға аман бол 

Іребдел өңшең мырза аға аман бол!

33

 

Қайын атаң Қарабай сенен қашты.



Жөргекте Қозы Көрпеш бала аман бол!

Баянды бермей кетер саған боқ-ты;

Айым, күнім атарсың қазалы оқты,

Күнінде күйеу болып іздеп келсең,

Жолыңда біз тұрамыз айтқан тоқты.

Қозеке, піспей қалған сен бір алма,

Бойыңа қуат кіріп күш толар ма?

Қозы Көрпеш күйеу боп, біз қайын бике.

Иілісіп тұратын күн болар ма?!

Қолынан ит Қарабай малын соймас,

Сол нәлет дамыл қылып дәмге тоймас.

Құдайым тағдырың да қосқан болса,

Қайда барсаң онда бар сені қоймас.

Үйіңе құдай оңдап қыдыр қонар,

Ер Лұқбан қолтықтап жолдас болар

34

.



Егер де сапар қылып іздеп келсең,

Осы ізі тоқсан мыңнан соқпақ болар.

Балталы, Бағаналы халық аман бол!

Жөргекте Қозы Көрпеш жалқы аман бол!

Жеңеше, құрбы-құрдас, келін-кепшік,

Халайық бізді ойлаған жалпы аман бол!

Бұл  қоштасудың  ішіндегі  үлкен  мағына:  Сарыарқаның 

туып-өскен  еліне  қаншалықты  қымбатты  екенін  көрсете-

ді. Сарыарқа — ел бесігі. Қазақ жұртының жүрегімен бір 

туысқан  қымбатты  жері  —  Сарыарқа,  қазақ  байлығының 

құтты берекесі. Арқадан басқа жерде изенді, мық жусанды, 

бетегелі жер жоқ. Өзге жерде екпе, жиде, көлеңке ағаш жоқ. 

Өзгенің желі де Арқаның желіндей еспейді. Арқаның қоңыр 

желі, Арқаны жайлаған елдің ғана желі. Қазақ елі табиғат 

баласы. Ен жайлауының табиғатымен жүрегі туысқан. Арқада 

еріккенде ермек табылады. Тілесе малына құт, береке табы-



28

лады. Жарастығын толтыратын бақалы, балдырғанды көлі 

де бар. Екі қыздың аузымен Сарыарқаның қазақ баласына 

қаншалық қадірлі екені білінеді. Өзгеден сезімі артық, жүрегі 

нәзік әйел тілімен Сарыарқаға қоштасу айтылады.

Екінші Күдері қожаның Қарқаралыдан ауарда айтқаны:

“Қарқаралы, Қазылық:

35

 



Жатушы едің жазылып. 

Жазғытұрым болғанда, 

Бауырыңа ел көшкенде, 

Көштің жолы сүрлеу боп, 

Қалушы еді қазылып. 

Жатып қалған жас қозы 

Жайылып қой болған тау: 

Егізімнің сыңары 

Бірін сойса той болар, 

Қалған бірі балқаш боп, 

Бағылан қозы қой болар

Сойғанының терісі,

Жөнін білген шеберге,

Бір өзі бір бой болар.

Илей білмес жаманға,

Ел құрып кеткенде,

Ала шолақ иттерге 

Көкпары болып тартылып, 

Недәуір мереке той болар. 

Қарқаралы қайран тау.

Тиюші еді пайдаң тау, 

Пайдасының белгісі 

Ұйымда тұрған өлкесі, 

Өлкесінің белгісі: 

Шаңырағым, уығым,

Үйде бақан, сырығым 

Ат ұстайтын құрығым, 

Қазаныма қақпағым,

Желі бір соғар тоқпағым: 

Арба, арыс, белдігім,

Ел қыстауға келгенде 

Сиыр бір жатар шілігім,

Ат жүре алмас аралдым, 

Ішінде бұғы, маралдым, 

Бұғы да марал жатқан жер. 

Мергенде таңдап атқан жер

Мерекеге батқан жер. 

Артығын алып сатқан жер. 

Бай төбеті аңқылдап,

Байсал тауып өрген тау. 

Баласы қаздай байпаңдап 

Бәйбіше дәурен сүрген тау. 

Әкем бір күйеу болған тау. 

Шешем бір келін болған тау. 

Ақ бүркеніш салынып,

Ала берен киген тау.

Кетейін деп кетпедім, 

Төңірегің толған жау. 

Сайыңда қопа қамысым, 

Тамам бір жұртқа танысым, 

Мына да кәріп зорлықтан 

Қалдың-ау есіл қонысым! 

Боранда малым ықпаған, 

Үйімді дауыл жықпаған

Шағыр бір жусан изендім! 

Сенен де кетіп күйзелдім... 

Байлаулы атқа пішенім, 

Мақтаулы атқа кісенім,

Ат арқандар қазығым. 

Балаларға азығым,

Кетейін деп кетпедім. 

Кәпірден болды жазығың. 

Он екі қазылық он түнек, 

Маңырап жатқан қой түнек, 

Есіл, Нұра екі су

36

 



Еңкейіп онан бетің жу!

Бірің де шекер, бірің бал. 

Қай біріңді айтайын 

Бетеге, кеде, жауылша, 

Шулап тұрған бәрің бал 

Кетейін деп кетпедім:

Алып кетті-ау кәпір қу”.


29

Мұнда да жерге қоштасу: бірақ жоғарғымен екі арасында 

айырмасы  бар.  Анау  нәзік  әйел  сезіміне  батқан  қайғыны 

білдіреді,  соңғы  өлең  елдің  шаруашылығына,  елдің  іргелі 

елдігіне залал келтірген кемшілікті айтады. Бұлай жоқтағанда 

шаруа қамы күйзелгендігінен айтады. Анада, жүректің туған 

жерімен байланысқан нәзік күйлері келеді. Шаруа есебінсіз, 

пайданы көздемей сезімді жүрек қайғысы айтылады. Мына-

да кәріп зорлығы, ел күйзелісінің себебі, қазақты елдіктен 

шығарған  қиянаттың  шеті  көрінеді.  Мұнда  жалпақ  елдің 

қамы айтылады.

Қоштасу өлеңінің екінші бір түрі: өлерде артта қалып бара 

жатқан туған-туысқаны мен туып-өскен елге арнап айтатын 

сөздер. Мысалы, Кемпірбайдың Әсетке айтқан өлеңі, Сабыр-

бай ақынның Қуандық деген қызына айтқан сөздері

37

.



Кейде өлердегі қоштасу өлеңі сол арада шығарған арнаулы 

әнмен айтылады. Мәселен Сабырбайдың:

Атыңнан айналайын, Қуандығым,

Байқаймын науқасымның түбі мығым.

Бір қайла шыбын жанға бола ма деп,

Малымды алтай жаздай қылдым шығын.

Мінгенім дәйім менің шұбалаң кер,

Ел-жұртым мен өлген соң Сәбекем дер.

Ас беріп, ат шаптырып әлің келмес,

Кер атты, тор бестімен ишанға бер.

Мінгенім дәйім менің құла керім,

Жүйрік те, берік те емес, әлім-берім.

Дүниеден сапар шегіп мен барамын.

Артымда кош аман бол, қайран елім! —

деген өлеңі, осы күнге шейін Семей үйезінде Сабырбайдың 

өзі шығарған әнімен айтылады.

Өмірдің  талай  тар  кезең,  тайғақ  кешуінде  не  өлең,  не 

мәтел айтпаса, орайлы сөз тауып кейінгіге сондай халынан 

белгі  қалмаса,  ондай  жақсы  кезге  қораш  көрініп  қалатын. 

Сондықтан кеңдік, сабырлық, ерлік белгісін бір білдіру үшін 

адамның өз басының ең ауыр минуты өлім алдында болса, 

соған да не өлең, не ән шығарып, не болмаса күлдіргі қалжың 

айтып  бой  кеңдігін  білдіріп  кету  керек.  Өлерде  өлеңмен, 


30

әнмен  қоштасу  көбінесе  ақындардың  әдеті.  Сабырбайдан 

басқа өлерінде қоштасу өлең айтып кеткен ақын Кемпірбай. 

Әл үстінде жатқан Кемпірбайға Әсет келіп мынаны айтады:

Ассаламағалайкум, ей, Кемпірбай!

Дертіңе шипа берсін, патша құдай!

Сыртыңнан “ауру” деп есіткен соң 

Мен келдім әдейі іздеп көңілің сұрай.

Сонда әл үстінде жатқан Кемпірбайдың берген жауабы:

Көңілімді Әсет келді көтергелі,

Болмайды кеуде шіркін жөтелгелі.

Алып бер домбырамды ана тұрған,

Басымды жастықпенен көтер бері!

Артыма бір-екі ауыз сөз тастайын,

Қонғаның шыныңменен бекер ме еді?

Боз шапса, боз озбай ма бурылдан?

Мен шапсам жер шарасы қуырылған.

Жай тастап аяғымды алып жылдам,

Жабының күнде озушы ем тұғырынан.

Алашқа алтын жүзді жақын болмақ,

Адамның әр не қылса пиғылынан.

“Ер Дәуіт” екі жаста иектеген

38

.

Қырдың суын іштім құдығынан.



Кешегі заманымның аманында,

Мен-дағы асып жүрдім Бұғылымнан.

Ұшса да қанат байлап аспанменен,

Өлімнің кім құтылар құрығынан,

Сұрасаң қал жайымды, Әсетжаным,

Жатырмын ұшайын деп тұғырымнан.

Әсетжан, осы аурудан өлем білем!

Алланың аманатын берем білем.

Кеудемнен көк ала үйрек “қош” деп ұшты,

Сол шіркін кәрі жолдас өлең білем.

Басымда қимай отыр біраз тоқтап,

Кетпей тұр бөтен жаққа айналсоқтап.

“Серігім, қош! Аман бол, Кемпірбай!” деп 

Жылайды бұрынғы өткен күнді жоқтап.

Әсетжан, осы ауру қоймас білем 

Алланың әмірі екі болмас білем,

Соны айтып қайырылмастан ұшып кетті.


31

Осы өлең Серкебайға қонбас білем.

Сәлем айт, Арқадағы хан-қараға 

Хан Бертіс, Қарқаралы Жандар аға 

Атығай, Қарауыл мен өрдегі Үйсін,

Қараөткел таныс едім екі араға.

Семейде топырағым болар білем

39

.



Кемпірбай дұға қылсын бишараға”.

Бұл  өлең  осы  реттегі  қоштасу  өлеңдерінің  барлығына 

толық  мысал.  Жалпы  қоштасу  сөздердің  ішінде  не  айты-

латыны, коңілдің қандай жайы сөз болатыны осында тегіс 

айтылады. Сонда әр адам тіршілігінде тауыса алмай кеткен ар-

маны болса, кейінгіге айтар тілегі болса, өмір бойы көңілінде 

өзгеден жасырып жүрген мұңы мен шер сияқты сыры болса, 

соларын айтады.

Кемпірбайдың  өлерде  айтқан  сөзі  сондайлық  көңіліне 

тығылып  жүрген  сырды  ашады.  Ол  сыры  —  ақындық 

сыры.  Сондықтан  өзіндей  ақын  Әсетке  ғана  айтылады. 

Кемпірбайдың сыры: оны бес жасынан Дәуіт иектеген екен. 

Сол күнде кеудесіне көкала үйрек болып кәрі жолдас өлең 

қонған екен. Бұл өлең барлық ақынға ақындық өнері шеттен 

келіп даритын қасиет деп түсінгенді білдіреді.

Бұрынғы ескі наным бойынша, ақындықтың да иесі бар. Ол 

иесі Дәуіттей пайғамбар, соның жіберген сыйы. Өзінің бөлек 

жан, бөлек денесі бар: көк-ала үйрек пішінінде. Осы сырды 

ақын сырласына ашумен бірге, Кемпірбай дүниеден көшкелі 

жатып өз өмірінің арманын айтады. Ол арманы — сол қадірлі, 

қасиетті сый бұның ұрпағына қалмайтын сияқты.

Руға бөлінген салттың баласы Кемпірбай, артында өзінен 

ұрпақ қалып, ол ұрпақ бұған біткен өнерге ие болуын тілейді. 

Атадан балаға ру жолдасы сияқтанып ақындық өнері сақта-

лып қалуын тілейтін тілеу бар. Онысы — артында із қалып, 

тіршіліктегі  қасиеті  сақталып  қалуы.  Бірақ  көкала  үйрек 

айналсоқтап қимай отырып, артынан “қош” деп ұшып кетеді. 

Ол  өлең  кейінгі  ұрпағына  қонбайтынын  білдіргені.  Өлең 

Кемпірбайдан  кетеді.  Көкала  үйрек  кеткен  соң,  ақынның 

тіл-аузы да тыйылады. Жалғыз-ақ арман қалды: “Осы өлең 

Серкебайға  қонбас  білем”  дейді.  Міне,  қоштасқан  жерде 


32

жүректегі сыр мен көңілде кетіп бара жатқан арманды айт-

қан жері.

Қоштасудың үшінші түрі — өтіп кеткен дәуренді айтып, 

соны еске түсіру болады. Өткен күн әрқашан қолға қайтып 

келмейтін, қиынға кеткен қымбатты күн.

Өткеннің бір секунты қайта әкелетін табиғат күні болар ма 

деп талай ақынның жылап, жырлаған арманды күні, сондай 

арман жалғыз ақында емес, жабайы адамдарда да болады. 

Өткен күннің, әсіресе қымбатты болатыны, қартайған шақта. 

Қартайып, гүл суалып, от өшкен кезде адамның аяқ астында 

қол созып қараңғы көр тұрғанда, тіршілік шері бойды жеңбей 

тұра алмайды. Сол күндегі өмірдің жалғыз жұбанышы ескіні 

еске  түсіруде.  Ескі  күндегі  көргенін,  ұйқыда  көрген  тәтті 

түстей  есіне  алып,  өткен  жайын  әңгіме  қылуда.  Сонымен 

өзін  жұбатады.  Адам  баласындағы  сезім  тіршілігінің  бұл 

күйін басынан кешірмейтін кәрі жоқ. Сондықтан қазақтың 

да қартайып, қуаты қайтқан ақын, әншілерінің өткен күнге 

қоштасып айтқан өлеңдері бар. Мысалы, Қаратоқай Есет бидің 

қартайғанда айтқан өлеңі

40

:

Тауға біткен қайыңның 



Солқылдар басы жел өтсе.

Тоғайға біткен жоңышқа 

Солғын тартар күн өтсе.

Ерні салпы ер аты,

Семірмес қайта, ер өтсе,

Еңкейіңкі тартады,

Ер қолынан мал кетсе.

Арбадан үркіп жаман ат,

Ер салдырмас, жал бітсе.

Тілеп алған ұлдарың 

Тіл алмайды ер жетсе.

Хан бұрылып қараған,

Би бұрылып сұраған 

Көркі болмас арудың 

Екі он бестен жас өтсе.

Сылдырлап белін шешінген,

Назданып аяқ кесілген,

Жалғаныңа, жандарым 

Қадірің кетер күн болар

Ер қартайып, жас жетсе. 

Мен, мен едім, мен едім, 

Қатарға мінсең қайтпайтын; 

Қас қара нар мен едім, 

Шабуыл шапса шаршамас. 

Шыны тұлпар мен едім

Қасарысып келгенде,

Қап түбіне сыймаған,

Таза болат мен едім.

Қаймақтан ұшқан қу ілген, 

Анық сұңқар мен едім. 

Тегеуірінім теріс біткен, 

Тепсем жілік сындырған, 

Қыран бүркіт мен едім. 

Қартайдым да қор болдым, 

Күн сенікі, жастарым! 

Көріп-біліп, бастадым. 

Кәрілікке жеткізсе,

Талайды көрер бастарың. 

Заманымда өзімнің


33

Жасанысқан жау көрдім, 

Белсеніскен дау көрдім, 

Үрікпедім де саспадым, 

Бірі өтірік болмасын,

Табаным тайып қашпадым. 

Тәуекел — ердің жолдасы, 

Тілектес болған дос, жарым, 

Сол дәулеттің тұсында,

Самарқанды сапырып. 

Шапқан шөптей жапырып, 

Аспадым да саспадым.

Қанды көйлек жолдасты, 

Сары алтындай сақтадым 

Менің көрген затым бұл

Төкпей, шашпай қолданып, 

Ортаға сүйреп тастадым.

Өткен  дәуренмен  қоштасу,  кейде  әнмен  де  айтылды. 

Мәселен: Тезек төренің “Сексен”

*

 деген әні



41

.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал