Ббк 84 (5 Қаз)-4 б 20 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата20.01.2017
өлшемі14,45 Mb.
#2314
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Ұлан Еркінбаев,
филология ғылымдарының кандидаты
«ƏДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ» ЖƏНЕ ƏЛЕМДІК 
ƏДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ
Бүгінде қайта жаңғырған ХХ ғасыр басындағы Алаш 
зиялыларының еңбектері қазақы танымдық кеңістік пен ұлттар 
тарихы жөніндегі əлемдік мəдени контекстке де үлкен үлес 
қосып отыр. Мұның бір ғана мысалы ретінде бүгінде қазақ 
əдебиеттану ғылымының классикалық мұрасына айналған 
Ахмет Байтұрсынұлының 1926 жылы Қызылорда қаласында 
баспа бетін көрген «Əдебиет танытқышын» айтуға болады. 
Еңбектің əдебиеттану ғылымындағы орнын дөп басып 
танып, теориялық құндылығын биік бағалаған ғалымдардан 
Р.Сыздықова, З.Қабдолов, З.Ахметов, Р.Нұрғали, А.Ісімақова 
еңбектерін бөле-жарып атауға болады. Аталған ғалымдар 
еңбектерінде «Əдебиет танытқыштағы» негізгі теориялық 
басымдықтар жан-жақты сөз болды. Жекелеген талдауларға да 
түсті. Десек те «туған топырағымызда əдебиет теориясының 
басы болып саналатын» (З.Қабдолов) «Əдебиет танытқыш» 
бүгінде кешенді түрде теориялық поэтика негізінде саралауды 
талап етеді. 
Кітаптың «Аңдатуында» өзге өнердің түрлерінен салыс-
тыра отырып, сөз өнерінің ерекшелігін айқындап алған соң 
ақ, əдебиет теориясының пəндік жəне категориялық жүйелері 
беріле бастайды. Қазақ əдебиеттану ғылымында əдебиет тео-
риясының терминдері мен олардың қызметтік алаңы туралы 
сөз болғанда, солардың бірқатарын «Əдебиет танытқышпен» 
байланыстырып жүрміз. Əрине, терминдер де зерттеу жұмы-
сындағы едəуір беделді фактор. Бірақ, біз төмендегі талдау-
ымызда көбіне «Əдебиет танытқыштың» сөз өнерін танып, 
жүйелеудегі əдістемелік ұстанымына басты назар аудардық. 
Кез-келген мəселенің мəнін ашуда оның тарихына бару 
қажеттілігі туатыны белгілі. Осы тұрғыда А.Байтұрсынұлы 
тұжырымдарын негізінен ХХ ғасыр басындағы, яғни ғалым 
еңбегімен кезеңдес теориялық байламдармен барабар қарас-

312
тырған жөн. Ең бастысы «Əдебиет танытқышты» бүгінгі 
əдебиеттану ғылымының талап деңгейімен бірлікте бағамдау 
орынды. 
Сөз өнерінің өзгешелігін айтқанда А.Байтұрсынұлы нақ-
тылап, ықшамдап көркемдіктің басты-басты категорияларын 
келтіреді: «Сөз өнері – деп жазады ғалым, – адам санасының 
үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге» Өнер 
жүйесіндегі бастапқы үш негіз құрамды осылай нақтылып 
алған соң, былайша ой қорытады: «Ақыл ісі – аңдау, яғни 
нəрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – 
меңзеу, яғни ойдағы нəрселерді белгілі нəрселердің тұрпатына, 
бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, 
талғау». Мұндай тұжырымдаманы (анағұрлым шектеулі түрде) 
алдымен əлемді көркемдік тұрғыдан түсіну əдісіне жатқызуға 
болады. Ары қарай А.Байтұрсынұлы: «Тілдің міндеті – ақылдың 
аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, 
көңілдің түйгенін түйгенінше айтуға жарау»
33
 деген келелі 
тұжырымды алға тартады. Бұл тұжырым, бізге басы бүтін дайын 
күйінде оқып отырған соң, түсінікті секілді көрінетіні рас. 
Дегенмен, осы дайын тұжырымның негізінде қаншама ізденіс 
пайымдар жатқандығы бізге беймəлім. Беймəлім болғандықтан 
да біз ол туралы түрлі жанама тұжырымдар айтып көреміз. Бұл 
ғалым тұжырымының мəнін арттырмаса, кемітпейді деген 
пікірдеміз. Ең алдымен осы жерде, А.Байтұрсынұлының ірі
лингвист ғалым болғанын ескеру қажет. Дəл осы тұста ғалым 
сөзтуындаудағы психолингвистикалық проблеманы шебер-
лікпен көрсете білген. Осының өзі оның аталмыш саладағы 
ұғым, түсініктерді терең сараптай алғандығын білдіреді. 
«Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің 
түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай 
білдіруге көп шеберлік керек»
34
.
Ал мұның іс-тəжірбиелік жағына келгенде ол шығармадағы 
психологизм мəселесімен бетпе-бет келеді. Жоғарыдағы А.Бай-
тұрсынұлы тұжырымының да шығармаға тікелей қатыстығы 
жөнінде соны айта аламыз – «ақыл ісі – аңдау, қиял ісі – меңзеу, 
33
 А.Байтұрсынұлының «Əдебиет танытқышы», (Бұдан əрі – АБƏТ) 168 б.
34 
АБƏТ., 168 б.

313
көңіл ісі – түю, талғау». Көркем туындыдағы психологизмнің 
орны (қазақ прозасының негізінде) жөнінде Г.Пірəлиева «осы 
аталған үш негіз – адамның жан жүйесін (Ж.Аймауытов), сана-
сын зерттейтін жазушылардың негізгі объектісі. Ақыл, қиял, 
көңіл терең зерттелмей, адам табиғаты жан-жақты танылып, 
оның ішкі жан дүниесіне» тереңдей ену мүмкін еместігін баса 
айтады
35
.
Таяуда Оксфордтан шыққан Джонатан Каллердің «Əдебиет 
теориясында» да ең негізгі басымдық осы тіл мен ойлау жүйесінің 
теориясына берілген. Ғалым көркемдік категорияларға деген 
өзіндік тұжырымдарын «мəселенің мəні» жəне «идеяның мəні», 
«ғылыми мəтіндегі интерпретацияның орны» секілді ұғым 
түсініктерге арқа сүйей отырып қарайды. Каллердің аталмыш 
түсініктермен көркем мəтінді талдауы тікелей біз жоғарыда 
тілге тиек етіп келе жатқан психоаналитикалық мəселелерді 
қозғайды
36

Байтұрсынұлы: «Сөз өнерінен жасалып шығатын нəрсенің 
жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып көбінесе шығарма 
деп айтылады. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған 
сөз болсын, бəрі шығарма болады. Шығарманың түрлері толып 
жатыр. Оның бəрін шумақтап бір-ақ атағанда арабша əдебиет, 
қазақша асыл сөз дейміз»
37
 деп, əдебиет сөзінің ауқымын кең 
шеңберде ашып беріп отыр. Яғни, «Ауыз шығарған сөз болсын, 
жазып шығарған сөз болсын, бəрі шығарма болады» дейді. Ал 
біз білетін көп қолданыстағы əдебиет (litteratura – жазылған, 
littera – əріп сөзінен келіп шығады) ұғымының тарихына көз 
жіберсек, ол «ақындық өнер», «поэзия» түсініктерінің орнын 
алмастырып келгені белгілі. Байтұрсынұлының бұл жерде 
асыл сөздің баламасы ретінде «арабша əдебиет, қазақша асыл 
сөз дейміз» деуі де тегін емес. Себебі, бұл терминдердің 
таза мағыналық өлшемін таразылағанда, асыл сөзге жақын 
болып шығатыны латын тілінен келгенінен гөрі араб тілінен 
келгені (түбірі ﺃﺩﺏ əдеп, көркем мінезді иемдену, əдептілік, 
əдепті сөйлеу, сұлу сөйлеу т.б. мағыналарды білдіреді, осы 
35
 Г. Пірəлиева. Көркем прозадағы психологизмның кейбір мəселелері. Алматы, Алаш. 
2003., 8 б.
36
 Каллер Джонатан. Теория литературы. М.: Аст-Астрель, 2006., стр 68-138
37 
АБƏТ., 170 б.

314
мағыналардың барып тірелер шыңы – асыл сөзден тіптен де 
алыс емес). Мағыналық жағынан соңғысының шеңбері кең 
болып тұр. Адамға рухани қажеттілік – сөздің асылы ғана 
дегенге саяды. Ал, асыл сөздің ғылыми анықтамасына келсек 
оған қазіргі əдебиеттану да нақты жауабын бере алмай отыр. 
Мағналық жағынан да əдебиет термині уақыт өте келе 
синкреттік сыпат иеленіп бесаспаптық қасиетке ие болды. 
А.Байтұрсынұлы болса əдебиеттің яғни шығарма сөздің 
мазмұнын түсіндіргенде оның тарихи жолын да ескергені 
байқалады. «Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған 
сөз болсын» деп нақтылап айтқанына қарағанда, əдебиетке 
(егер оның тек сөздік түп мағынасына сай) тек таңбаланған 
туындылар ғана жатады деп қарамағандығы анық. Олай 
болғанда ғалым, əдебиеттің ең алдымен сөз өнері жүйесіндегі 
құндылығы өз алдына, сонымен бірге əдебиеттің сол сөз 
өнерінің бастапқы озық үлгілерінен өсіп шыққандығын да 
ескергені көрінеді. Бұл да жоғарыда айтқан сөз өнерінің жүріп 
өткен тарихи жолы мен синкреттік қасиетіне тікелей қатысты. 
Алайда, шығарма сөздің синкреттік сыпаты мен көркемдік 
сыпаты бір нəрсе емес. Жəне де бұл екеуі тіптен екі бөлек 
те нəрсе емес. Бірақ А.Байтұрсынұлы мəселенің ол жағын 
қозғамаған. Себебі бұл тараушаның негізгі нысаны «шығарма 
сөздің» (əдеби шығарманың, литературное произведение) 
құрылымы болып табылады. 
Əрі қарай ғалымның «Тіл қисыны» дегенін – стилистика 
ғылымымен, нақтысы поэтикалық стилистикамен мазмұндас 
деп қараймыз. Поэтикалық стилистика аясында, Томашевский 
мен Жирмунскийде де кездесетін поэтикалық семантика (сөз 
мағынасының ауысуы, яғни, троптар мен өзге де көркемдік 
айшықтар; көбіне мұны жоғарыдағы екі автор поэтикалық 
лексиканың аясында қарайды) ұғымын Байтұрсынұлының «Тіл 
көрнекілігімен», анығы сол бөлімге кіретін категориялармен 
қатар қараймыз. Ал «Сөз талғаудың» ішіндегі «Сөз дұрыс-
тығы», «Тіл тазалығы», «Тіл анықтығы», «Тіл дəлдігі» деген 
тараушаларды көбіне поэтикалық синтаксиспен барабар 
қараймыз. 

315
А.Байтұрсынұлы: «Тіл қисыны дегеніміз асыл сөздің 
асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым» деп, 
стилистиканың негізгі міндетін нақтылап алады да: «Лебіз 
ғылымының мақсаты асыл сөздердің асыл болатын заңдарын 
білдіріп, түрлерін танытып, əдебиет жүзіндегі өнерпаздардың 
шығарған сөздерінің үлгі-өнегелерімен таныстырып, сөзден 
шеберлер не жасағандығын, не жасауға болатындығын 
көрсету» деп, поэтиканың негізгі міндеттерін де айтып өтеді. 
Біздің пікірімізше, бұл жерде А.Байтұрсынұлы поэтиканың 
бірден-бір тірегі деп ең алдымен тіл заңдылықтарын айтып 
отыр. «Дыбыстың, сөздің, сөйлемнің сыр-сыйпатын тану, 
заңдарын білу – бұл үйге керек заттардың сыр-сыйпатын білу 
сияқты нəрсе. Керек заттарын сайлап алып, үй салуға кірісу 
– дыбыстың, сөздің, сөйлемнің жайын біліп алып, солардың 
əрқайсысын дұрыстап орнына жұмсап, пікірлі əңгіме шығаруға 
кіріскен сияқты болады»
38
.
Троп пен фигураны А.Байтұрсынұлы бірлікте қарайды. 
Тіл көрнекілігінің көркем шығармадағы міндетін айтқанда 
классикалық мысал ретінде, Мағжанның «Толқын»өлеңін 
мысалға алады. Асыл сөздің образдылығы да, эстетикалық 
жəне поэтикалық мұраты да осы өлеңде үлкен шеберлікпен 
берілген. Осындай сөздерді «көрнекі тіл» дейміз дейді де, 
оны «көріктеу», «меңзеу», «əсерлеу» деп, үш əдіске жіктей-
ді. Мұндай күрделі де қарапайым концептуальды тəсіл Байтұр-
сынұлыға тəн. Біздіңше, Ахмет Байтұрсынұлы пайымындағы 
əрбір ұғым немесе сол ұғымның жүгін көтеретін «пəн сөздері», 
негізінен үш тағанмен бірлікте қаралады. Олар: сөздің терең 
генезисі мен семантикасы жəне оның асыл сөз жүйесіндегі 
функциясы. Осы əдестемелік пайым тұрғысынан болсын не 
ғылымдағы өзге де жүйелілік қағидасы тұрғысынан болсын – 
«Əдебиет танытқыштың» бұл тарауын зерделу, əлі де бірнеше 
арнайы көлемді зерттеулерге сұранып тұр.
Көркем сөздің стилистикалық ерекшеліктерін жалпы қарас-
тыру кезінде жоғарыда аталған тұжырымдамалардың түпкі 
негізін «Əдебиет танытқыштың» басынан көруге болады. 
Төменде кітаптың «Сөз өнерінің ғылымы» атты тарауындағы 
38
 АБƏТ., 178 б.

316
поэтиканың классификациясы берілген жерінен мысал келті-
реміз. Оның үстіне «тіл қисынының» да жүйесі осы жерден 
тарайды 
39
.
«Əдебиет танытқыштың» сөз басында көркем туындының 
жалпы теориясына қатысты келесі бір тəсіл пайдаланылған 
болатын: «Шығарманың екі жағы бар: 1) тысқы тіл жағы, 
2) ішкі пікір жағы. Сондықтан сөз өнерінің ғылымы екіге бөлі-
неді: шығарманың тілінің ғылымы; шығарманың түрінің 
ғылымы.
Тілінің ғылымы дыбыстардың, сөздердің, сөйлемдердің 
заңынан шығатын тіл өңінің жүйелерін танытады, түрінің 
ғылымы сөз өнерінен шыққан нəрселердің мазмұн жағының 
жүйелерін танытады. Сондықтан сөз өнерінің ғылымы шығар-
маның тіл өңі жағынан тіл я лұғат қисыны болып, мазмұн 
жағынан қара сөз жүйесі, дарынды сөз жүйесі болып бөлі-
неді»
40
. Бұдан шығатын түйін – Байтұрсынұлы ең алдымен 
шығарманың семантикалық құрылымына назар аударып 
отырған болады. Шығарманы мазмұндық жағынан қара сөз 
бен дарынды сөз жүйесі деп бөлуі соның айғағы. Сонымен 
«Əдебиет танытқыштағы» «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» 
деп аталатын екінші тарауда асыл сөз теориясының негізгі 
белгілері тұтастай талданады. Егер жіліктеп айтсақ, бұл 
тарауда: көркем шығарманың түрлері, прозалық мəтін мен 
ақындық мəтіннің айырымы, көркемдік əлемнің құрылымдық 
жүйесі мен ондағы мағыналық астарлар мəселесі, мəтіндерінің 
арасында қатынас жүйесі, терминдеу жүйесі, көркемдік 
əлеміндегі субъективті жəне объективті басымдықтар, компо-
зициялық негіз, оқиға таңдау, олардың орналасуы, əдеби тектер 
мен жанрлар ерекшеліктері, шығарманың эстетикалық талғам 
бағыттары секілді теориялық мəселелер сөз болады.
Байтұрсынұлы тұжырымы бойынша, көркем сөз – көпқа-
батты құбылыс. Оның құрамында сөздің негізгі теориялық 
басымдықтары белгіленген. Ғалымның айтуынша: «Көркем сөз 
– көңіл тілі, жалаң сөз зейін тілі. Жалаң сөз зейін байлығына 
қарайтын нəрсе, көркем сөз қиял байлығына қарайтын нəрсе. 
Жалаң сөз дүниені тұрған қалпында алып айтады. Көркем 
39
 АБƏТ., 176 б.
40 
АБƏТ., 176 б.

317
сөз дүниені көңілдің түйген, қиялдың меңзеген əлпіне түсіріп 
айтады. Жалаң сөз айтқанын ақыл табуынша дəлелдеп, мəн-
істеп, қақиқат түрінде айтады. Көркем сөз айтқанын қиял 
меңзеуінше бейнелеп, əлəптеп, көбінесе ұйғару түрінде айта-
ды, жалаң сөз дүниеде шын болған, шын бар нəрселерді 
əңгіме қылады»
41
. Жоғарыда біз ғалымның қандайда бір кате-
горияның мазмұнын ашуда ең маңызды ерекшеліктерді 
айтып кеткенбіз. Мұндай ерекшелік, ғалымның «сөз өнері» 
мəнін түсіндіргенде қолданылатын əдістеме əдеттегі бізге 
таныс дефиниция жүйесіне берілмейді. Ғалым пəннің кез-
келген категорияларын түсіндіргенде оның қасиетін образды 
мысалдармен, философиялық, филологиялық категориялар 
бірлігінде ашып береді. Бұған қоса, А.Байтұрсынұлы басқа 
көркемдіктің спецификалық категорияларына басты көңіл 
аударады. Яғни тек ой желісіндегі көркемдіктің реттілігі ғана 
ашылып қоймайды, сонымен қатар олардың түпкі белгілері 
(«Көркем сөз – көңіл тілі»; «көркем сөз қиял байлығына 
қарайтын нəрсе») яғни адам санасының көркемдік əлемді сезіну 
негіздері қатар түсіндіріледі. Мұның бір шеті адамның образды 
қабылдау бейімдігіне де қатысты («яғни ойдағы нəрселерді 
белгілі нəрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, 
суреттеп ойлау») Мұның өзі бейнелеу категориялардың мəніне, 
санадағы бейнеге ұласады. Бұл тұрғыда Потебня еңбектеріне 
сілтеме жасауға болады
42
. З.Фрейдтен Э.Фромға дейінгі бір топ 
психологтардың да көркем туынды мен түс көрудің жақындығы 
туралы көп жазуы тегін болмаса керек.
В.Е.Хализев көркем сөздің екі негізгі қасиетіне тоқталады. 
Біріншісіне – «ойдан шығарылған заттық ұғымды» (мұның 
мағнасы сөз өнерінегі көрнекілік заттық көрнекілік емес дегенге 
саяды; оны шартты көрнекілік деп түсінуге болады) жатқызса; 
екіншісі – сөздік конструкция мен сөздік құрылымдар. Əдеби 
шығарманың мұндай екі жақтылық қасиеті ғалымдарды белгілі 
бір тұжырымға əкелді. Ол тұжырым əдеби шығармада екі 
41
 АБƏТ., 255 б.
42
 Потебня А.А. Теоретическая поэтика. М., 1990; Потебня А.А. Эстетика и поэтика. 
М., 1976; Потебня А. А. Из записок по теории словесности. Харьков, 1905; Потебня 
А. А Из лекций по теории словесности. Харьков, 1894; Потебня А. А. Мысль и язык//
Полное собрание сочинений. Харьков, 1926. Т. 1.

318
өнердің – қиял өнері (мұның сапында көбіне өзге тілдерге тез 
аударылатын беллитристикалық прозаларды да айтуға болады) 
мен сөз өнерінің (бұл ақын тілінің негізі болып табылады) 
белгісі бар деген пайыммен байланысты. Бұл тұрғысында 
Хализев: «На наш взгляд, вымысел и собственно словесное 
начало точнее было бы охарактеризовать не в качестве двух 
разных искусств, а как две нерасторжимые грани одного 
феномена: художественного словесности»
43
деген пікір айтады. 
Расында көркем сөздің біз қозғап отырған екі бірдей белгісі 
көркемдік аясында қашанда бір-біріне қызмет ете бермек. 
Батыстық ойлау жүйсімен салыстырғанда қазақы ойлау да 
бейнелікке барынша жақын. Ал орыс əдебиеттануы да образға 
тірі ағза кейпінде, яки тіршілік танымы ретінде қарайтындарын 
айтады. Мұны «образ» түсінігінің орыс тіліндегі бүтіндей 
мəні – symbol, copy, fi ction, fi gure, icon секілді бірнеше англо-
американдық терминдермен берілетінінен де көруге болады.
Мəселеге аздап шегініс жасағанымызбен, сөз түйініне 
келсек, «Əдебиет танытқышта» сөз өнерінің теориялық негізі
басшылыққа алына отырып, көркем сөздің негізгі фундамен-
тальдық қасиеттерінің айқындалғанын байқау қиын емес. 
Осыдан кейінгі тақырыптарда қозғалатын көркем əдебиетті 
талдау жүйесі бұл қорытындылардың негізіне қызмет ете 
алады.
Сөйлеу жүйесінің мағыналық қызметін негізге ала отырып, 
А.Байтұрсынұлы «қара сөз» бен «дарынды сөздің» нысанын 
айырып береді де, оны ең алдымен адамның ойлау жүйесімен 
байланыстырады. «Ойлау екі түрлі: адам ойлағанда иə нəрсеге 
тиісінше ойлайды, иə көңілінің түйісінше ойлайды» [16, 253]. 
Тиісінше ойлауды (объективное мышления) қара сөзге тəн 
деп, ал түйісінше ойлауды (субъективное мышления) дарынды 
сөздің талабына сай келетінін бірнеше қисынды мысалдар 
арқылы анықтап береді. Енді осы екі ұғым жүйесі не туралы 
айтады дегенде, қара сөз тиіс ғалам турасындағы (объективный 
мир) əңгіме болады да, дарынды сөз түйіс ғалам турасындағы 
(субъективный мир) əңгіме болатынын көркем сөз бен жалаң 
43 
В.Е. Хализев. Теория литературы: Учебник. – 4-е испр. И доп. – М.: Высшая школа, 
2005. стр 109.

319
сөздің қасиеттерін салыстыра отырып қорытады. Қара сөз бен 
дарынды сөз жүйесінің мағыналық жағындағы сипаттарын 
осылай ашып алғаннан кейін, олардың қызметтік міндеттері 
жағынан былайша жіктейді: «...дарынды сөз адамның ойына 
өң береді, көңіліне күй түсіреді, қара сөзден адам тек ұғым 
алады». Əрине, бұл жерде қара сөз ұғымы тек ғылым тілдерімен 
шектеліп тұрмаған болса керек. Десек те, ұғымның қисыны 
бойынша қара сөздің жүйесі нақтылыққа алып барып ғылым 
тілінің талабына келеді. Алайда, бұл жерде «қара сөз» жүйесін 
А.Байтұрсынұлының сөз өнерінің мазмұндық негізінен тарат-
қанын ескерсек, онда ол тек ғылым тілімен шектеле алмайтын 
болып шығады. 
Жəне бір айта кетер жайт, бүгінгі əдебиеттану ғылымында 
баяндаудың бірнеше деңгейін анықтау үрдісі бар. Соның бір 
негізгі деңгейі тарих. Əуезе түрлерін айтқанда Байтұрсынұлы 
да тарихқа қысқа анықтама беріп кетеді. Ғалым тарихты 
«айғақшы əуезе» болады дейді де «сөздің ең сипаттысы» 
тарих дейді. «Тарихшылар халық басынан кешкен түрлі 
уақиғалардың мағлұматын, сымға тартқандай, сынға салып, 
мінсіз етіп, дұрыстап өткізеді»
44
. Ал бүгінгі əдебиеттану 
ғылымындағы баяндау теориясына қатысты еңбектерді бұл 
жөнінде былай дейді: «История (нем. Geschichte) – это результат 
смыслопорождающего отбора ситуаций, лиц, действий и их 
свойств из неисчерпаемого множества элементов и качеств 
событий. В понятиях античной риторики история – результат 
диспозиции (dispositio). Отбор не только элементов, но и их 
свойтв значит, что история содержит отобранные элементы 
событий в более или менее конкретизированные элементы 
даются в естественном порядке (ordonaturalis)»
45
. Мұнда 
Нарратология еңбегінің авторы В. Шмид айтып отырған тарих 
– оқиғаларды іріктеп, содан соң нақтылап беретін ерекшелігін 
айтса, Байтұрсынұлы тарихтың ол ерекшелігін 
ұлы дерек 
деп атауының өзінде де көрсетіп береді. Осыдан келіп, 
«Байтұрсынұлы тарихты неге əуезе түріне (яғни, сөз өнерінің 
баяндау ерекшеліктерінің жүйесіне) кіргізген» деген сұрақтың 
44 
АБƏТ., 261 б. 
45
 Шмид В. Нарратология. М., Языки славянской культуры, 2003. (Studia philologica)., 
стр 69.

320
шешімі шығады. Байтұрсынұлы тарихқа тек пəн ретінде емес, 
негізінен əдеби шығарманың спецификасы тұрғысынан кел-
ген. Себебі, əдеби шығарманың аясы кең, онда, тарих та, 
заман хат та, мінездеменің де белгілері ұшырасады. Ғалымның 
пəн саласын да іріктеп, қара сөздегі əуезенің түрлеріне жат-
қызуының бір қыры да осында жатса керек. 
Нарратология, яки «баяндау теориясының» (қазақшалағанда 
бұл ғылымның нысаны, баяндау үлгісіне құрылған кез-келген 
жанрдағы шығармалардың құрылымдық, һəм мағыналық ерек-
шеліктерін сараптаумен дөп келеді) Байтұрсынұлы замандас-
тары Б.Томашевский, В.Школовский, В.Пропп, В.Волошинов, 
М.Бахтин тұжырымдарымен тікелей туыстығы бар. Бүгінде 
батыста жылдам қарқын алып келе жатқан нарратологиялық 
əдістеменің тəсілдері аталмыш орыс əдебиеттану ғылымның 
өкілдерінен бастау алып, негізі қаланғаны белгілі. Мəселен, 
бір ғана «нарративтік» түсінігін алсақ, оның 1925 жылы Тома-
шевский жазған «фабулдік» түсінігінен шығатынын көреміз. 
«Дискриптивтік» немесе «сипаттау» терминдеріне қарама-
қарсы мағнадағы «нарративтік» терминінің мағынасы мате-
риалдың құрылымдық желісіне қатысты ашылады. Егер 
шығарма құрылымында бір тарих баян етілсе, оның мағынасы 
бір оқиғаға апарады. Нарративтік шығармаларға уақиғалы 
тарихи баянға құрылған туындыларды жатқыздық. 
Əңгіме барысы көркем сөздің болмысы туралы тақырыпқа 
келгенде А.Байтұрсынұлының теориялық тұжырымдарының 
өміршеңдігі анық байқалады. Көркем сөздің эстетикалық мəні 
мен қызметін ғалым жан-жақты терең талдап өткен. Көркем 
сөздің шығатын отаны жалпы көркемдік ұғымынан келетіні, 
ал оған жұмсалатын өнердің ақындық болатыны ғылыми 
негізде пайымдалады. Аталған бұл жүйенің бүгінгі көркем 
ойдың астарын саралап жүрген ғалымдардың еңбектерімен 
үндес түсіп жататыны тағы бар. Қазіргі кездегі əдебиет 
теоретигі В.Е.Хализев көркемдік ұғымын кең шеңберде ала 
отырып былай дейді: 
«Художественное есть род человеческой 
деятельности, предпологающей достижение совершенства 
своих изделий (эстетической их целосности ) как рубежа, 
который, говоря словами Канта, «не может быть отодвинут». 

321
Иначе говоря, искусство (область такой деятельности), и в 
частности искусство слова, являет собой высшую форму 
эстетических отношений»
46
.Осы жөнінде М.М.Бахтинның де 
айтаны бар: «Эстетическое созерцание природы, эстетические 
моменты в мифе, в мировоззрении …сумбурны, неустойчивы, 
гибридны. Эстетическое вполне осуществляет себя только в 
искусстве» 
47
.
ə) Ал енді сезім мен көркемдік, жалпы көркем ой шығарма 
сөздің бастауы деген Хализев тұжырымын Байтұрсынұлы 
«Дарынды сөз... ақындардың арқалылардың сөзі. <…> Оны 
шығаруға жұмсайтын өнердің аты ақындық болады» деп 
биік парасатпен алыстан адымдайды. Көркем туындыны 
«дарынды сөз» деп алынуының өзі көп нəрседен хабар беріп 
тұр, яғни, көркемділіктің қызметі мен дарындылықтың қызметі 
А.Байтұрсынұлы бойынша бір-бірінен алшақ кетпейді.
Бұл жерден шығатын жəне бір маңызы қорытынды, «Əде-
биет танытқыштағы» терең синтезбен берілген теориялық 
байламдардың қазіргі əлемдік теориялық ойға да бастау бо-
лып отырғандығы. Жоғарыдағы мысалдардан түйгеніміздей 
бүгінгі көп айтылып жүрген семиотикалық ізденістердің арғы 
тегі де «Əдебиет танытқыштан» тарайтыны. Тіпті қазіргі өте 
жаңашыл мағынада қолданып жүрген 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет