Ббк 84 (5 Қаз)-4 б 20 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



жүктеу 14.45 Mb.
Pdf просмотр
бет2/19
Дата20.01.2017
өлшемі14.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Ескерту: А.Байтұрсынұлының бұл мақаласы бұрынғы жи-
нақтарда жарық көрмеген, кейіннен табылған мұралар қатары-
на жатады. 
Қазіргі қаріпке түсіріп, 2000 жылы ҚР БҒМ ҰҒА-ның ха-
барлары, Тіл əдебиет сериясының 3-санына алғаш жариялаған 
– Орынай Жұбаева. 
2009 жылы «Жалын» журналының №6 (Б.37-39), 2010 жылы 
«Қазақ əдебиеті мемлекеттік тіл» басылымының №5 (Б.2-3) са-
нында жарық көрді.
Мақала «Жаңа мектеп» журналының 1925 жылғы №1 са-
нында жарияланған. Бұл журналда А.Байтұрсынұлының 
мақалалары жиі жарияланып тұрған: «Түрікшілер құрылтайы,  
Ана тілінің əдісі, Дыбыстарды жіктеу туралы, Түзетілген əріп, 
Жалқылаулы-жалпылаулы əдіс» т.б.
Ғалым қудалауға түскенде оның мақалаларын жиі жария-
лағаны үшін «Жаңа мектеп» журналының алғашқы редак-
торы, қазақтың біртуар азаматтарының бірі – Молдағали 
Жолдыбаевтың қудалауға түскендігі туралы мəлімет берілген. 
Мақала 2003-2006 жылдары басылым көрген ғалымның 
бестомдық жинағына кірмеген. Көптомдыққа бірінші рет еніп 
отыр. 

20
БАТАЛАР
 
 
А, Құдайым оңдасын,
 
 
Оңдағанның белгісі – 
 
 
Мың саулығың қоздасын.
 
 
Сексен інген боталап,
 
 
Сегіз келіп қомдасын.
 
 
Тіленшінің биесін берсін,
 
 
Үйсін, Қоңырат түйесін
 
 
 
 
 
берсін,
 
 
Өткен əруақтарға дұғасы 
 
    тие 
берсін!
* * *
  
Құдайым, 
жарылқасын, 
 
 
Төрт түлігіңді сай қылсын.
 
 
Мал-басыңа сəулет берсін,
 
 
Кең пейіл берсін.
 
 
Құрбандығың қабыл болсын.
 
 
Тілеген тілегіңді берсін.
 
 
 
 
 
* * *
  
Асың-асың, 
асыңа,
 
 
Береке берсін басыңа.
  
Бөденедей 
жорғалап,
  
Қырғауылдай 
қорғалап,
 
 
Қыдыр келсін қасыңа.
 
 
Сенен байлық өтпесін,
 
 
Тəңір берген несібең,
  
Тепкілесең 
кетпесін.
 
 
Желіңнің екі шетіне
 
 
Тай шаптырса жетпесін.
 
 
Кешке келіп жамырасқан,
  
Шуылдасып 
маңырасқан
 
 
Қошақанның енесі – 
 
 
Саулық бассын үйіңді.

21
  
Бақайлары 
сыртылдап,
  
Мүйіздері 
жылтылдап,
 
 
Бұзаулардың енесі – 
 
 
Маң-маң басқан, маң басқан,
 
 
Шудаларын шаң басқан,
 
 
Артқы өркешін қом басқан,
 
 
Ботақанның енесі – 
 
 
Інген бассын үйіңді,
  
Шіңгір-шіңгір 
кісінескен,
  
Жал-құйрығын 
тістескен
 
 
Құлыншақтың енесі – 
 
 
Бие бассын үйіңді.
 
 
* *  *
«Төңірекке қарасаң, түнерген бұлттар əлі бар... Түбі қандай 
болады деп қобалжымалық... Дауылды жауын ету қолымыздан 
келмесе де, үйімізді үй етіп, шашылмай қалудың қамын 
желік... Дүниенің төріне ұмтылғандар төрден орын алып жа-
тыр. Ұмтылмағандар есікте қалып жатыр... Қалмайық десек, 
қарап жатпалық... Көп ісіне көп болып жабылайық... Қолымнан 
не келеді деп қорынбайық. Ұлтына кызмет етуге ниет болса, 
жұмыс табылады. Көп жұмыстың ауыры да, жеңілі де бола-
ды. Қазақтың бітіп, тынып тұрған нəрсесі жок. Əркім əлінен 
келер жұмысын алсын. Жадымызда болсын, аз нəрсе көпке 
сеп болмақшы. Сəл демеу зорға сүйеу болады. Ұлы іс ұсақтан 
ұлғаяды... Ұлт үшін деген күштің ұлғаюына үлес қосу қазақ 
баласына міндет».
«Елін қорғайтын ер болайық, 
Ерін қолдайтын ел болайық!». 
«Қай ісіміздің де Құдай сəтін салғай! «Əумин» деп қол 
жайып, «Əуп» деп күш қосып, «Алла!» – деп іске кіріселік» 
Əумин!

22
2. РЕСМИ ҚҰЖАТТАР: 
Баянаттар, мəлімдемелер, сауалнамалар, хаттар
ЛЕНИНГЕ ХАТЫ
В.И.Ленин жолдасқа
Қырғыз (бұдан əрі – қазақ) ревкомы құрылған уақыттан бері 
10 ай өтті. Ревкомның он айлық жұмысының қорытындысын 
шығара келгенде, ол өзінің ештеңе тындырмағанын айтуға тура 
келеді. Ревком жұмысы берекелі болмауын көптеген себептер-
мен түсіндіруге болады, бірақ негізгі себеп екеу:
1) Қазақ өлкесін басқаруға қойылған Орталықтың өкілінде 
айқын көзқарас болған жоқ. Мұның себебі Қазақ өлкесінің 
əлеуметтік жағдайларының өз ерекшеліктеріне байланысты 
орталықтың өзінде «Ресей халықтары құқықтарының декла-
рациясы» мен Р.К.П. бағдарламасындағы принципті (қағидалы) 
нұсқауларынан басқа қазақ мəселесі жөнінде айқын көзқарас 
болмауы; 
2) Орталықтың өкілі мен халық арасында өзара сенім жоқ-
тығымен түсіндіруге болады.
Патша үкіметі тұсында ұлттық езгі көріп, құлдыққа түскен 
қазақтардан артық бұратаналар болған жоқ шығар. Ұлттық 
езгі ұлттық сезім туғызбай тұра алмайды. Езілген ұлттың 
бойында езушілерге қарсы жиіркеніш жəне өшпенділік сезімі 
үнемі дами бермесе де, сенбеушілік сезімінен басқа сезім ояна 
қоймайды. Қазақтарды ғасырлар бойы тонап, езгіге салып кел-
ген орыс ұлтының пролетариаты өзін патша шенеуніктерінің 
орнын басып, езілген халықтардың мойнына мініп алғысы 
келетін құлдыққа салушы жаңа мырзалар емес, қайта оларды 

23
азат етуші ретінде іс жүзінде дəлелдеп, көрсетуге тиіс. Солай 
бола тұрса да, жергілікті коммунист жолдастар қазақтарды 
ешнəрсе түсінбейді деп ойлайды, құйтырқы саясатқа салып, 
еңбекші қазақ халқына олардың тұрмысын кеңестер негізінде 
құруына туысқандық көмек көрсетуді ұсынбай, қайта оларға əр 
түрлі қулықпен өз үстемдігін танытып отыр.
Өздерін интернационалист-коммунистер деп атаумен ғана 
орыстар патша үкіметінің айла-шарғылы саясатымен ғасырлар 
бойы таныс орыс емес ұлттардың сенімін оята алмайды. 
Қазақтарда «Сары орыстың бəрі орыс» деген мəтел бар... Қазақ 
халқын алдайтын үміт артылған айла-шарғылы саясат сырт-
тай жылтырағандықтан басқа елеулі ешнəрсеге жете алмайды. 
Патша үкіметінің сан ғасырлық езгісіне іштей өшпенділікпен 
жəне жиіркенішпен, үнсіз өз наразылығын белгілі бір түрде 
көрсететін жағдай туғанша ғана созылуы мүмкін.
Орыс пролетариаты үшін қазақтар жөнінде екінің бірін 
таңдауы ғана қалды: не билеп-төстеуші жағдайына ие бо-
лып жəне барлық жерде патша губернаторлары мен генерал-
губернаторларының орнына жаңа диктаторлар тағайындап, 
өз үстемдігін күштеп таңып бағындыру, не қазақтың еңбекші 
халқының сеніміне ие болу. Бірінші жол айқын да түсінікті: 
оны қазақтар іс жүзінде көрді, əр түрлі билеп-төстеуші патша-
лар жеткілікті дəрежеде өздерін көрсетті. Ал, екінші жол бірша-
ма қиын жəне бірсыпыра түсіндіруді керек етеді. Оның есесі-
не, біріншісін таңдаған жағдайда қандай да болсын кеңестік 
құрылыс сəтсіз болуы мүмкін, ал, екіншісін таңдаған жағдайда 
жаңа құрылыстың іргетасы берік негізге қаланатын болады.
Мəселе мынада: қазақтар арасында халқы толық сенетін, 
жəне жаза болып жаңылса да, жеке басының игіліктері мен 
пайдасын көздеп, өз халқын ешқашанда саналы түрде сатып 
кетпейтін зиялылардың белгілі бір бөлігі бар.
Қазақтардың сеніміне ие болғысы келетін орыс пролетариа-
ты үшін ең төте жол осы зиялылар арқылы өтеді. Бірақ бұл үшін 
осы зиялыларға Кеңес үкіметі сенім көрсетуі керек. Қазаққа 
қатысты барлық қиындық кешегі қазақтардың өзін езушілерге 
сенім білдіре алмайтынында, ал Кеңес үкіметі тиісінше, кешегі 
қарсыластарына əлі де сенім білдіре алмай отыр.

24
Қазақтардың көзқарасын өзгерту жəне оларды керісінше,
иландыру үшін коммунистер өздерін ұлтқа бөлмейтін, əлсіз-
дерді езушілер емес, керісінше, езілгендерді азат етушілер 
екенін дəлелдеп, көрсетуге тиіс. Бұл үшін, біріншіден, шет 
аймақтарда судай таза интернационалистер жоқ немесе мүлде 
аз. Өздерін интернационалистер деп атаушылардың көбі шын 
мəнінде ұлтшылдар, империалистер; екіншіден, бұған қазіргі 
жағдайлар сай келмейді: республикадағы өнеркəсіп дағдарысы 
салдарынан Орталықтың алғашқы кезде халықтан көбірек 
алып, оған азырақ беруіне тура келіп отыр. Мұны қазақтар 
дұрыс түсінбеуі мүмкін, өйткені олар патша үкіметі бізді тонап 
келген еді, кеңес үкіметі де нақ солай істеп отыр деп ойлай-
ды. Сөйтіп, істің практикалық жағынан талдағанда, екі жақтан 
да сенбестік болмай қоймайды; ал егер теориялық жағынан 
қарасақ, сенбестікке орын болмауы тиіс.
Шынына келгенде, қазақ халқы тарапынан сенімсіздік орын 
алмауы тиіс болатын себебі, енді үкімет басында қазақтарды 
талап-тонап, езгіге салып келген ұлтшыл-империалистер 
отырған жоқ, қайта əлсіз халықтарды күштілерден езгіге азат 
ету мақсатын көздейтін интернационалист-коммунистер отыр; 
нақ сол сияқты Кеңес үкіметі тарапынан зиялы қазақтарға 
сенімсіздік орын алмауы тиіс. Себебі, егер революция (төңкеріс)
кезінде зиялылар большевиктерге ермеген болса, олардың өз 
халқын азат етуге қарсы болғандығынан емес, қайта, халықтың 
төңкеріске дайындалмағаны салдарынан, мақсатқа бейбіт жол-
мен жетуді ойлап, тəуекелге бел байлай алмағандығы еді, яғни 
халықты азат ету жолын таңдауда қателескен болатын. Енді, 
дұрыс жол табылып, теориялық жағынан ғана емес, іс жүзінде 
де дəлелденген кезде, өз халқын азат етуді шын жүректен 
тілейтін тілейтін қазақ зиялылары интернационалдан басқа 
өзгеше жол таңдай алмайды. Егер осындай зиялы қазақтар 
болса, олар коммунистер емес, адал ұлтшылдар болғанымен, 
Кеңес үкіметінің оларға толық сенуіне болады, өйткені олар 
халқын шын сүйеді, халық мүдделері оларды Кеңес үкіметіне 
жақындасуға мəжбүр етеді. 

25
Сонымен, өзара сенімге қол жеткізудің екі жолы бар: олардың 
бірі – коммунистер қазақ халқын талап-тонап, езгіге салып кел-
ген империалистер емес екенін қазақтарға іс жүзінде дəлелдеп 
көрсету. Бұл ұзақ жол. Ал екінші жол – неғұрлым оңай жəне тез 
жететін жол. Бұдан халық бұқарасының қисынды қорытынды 
жасауға шамасы келмейді, ал Кеңес үкіметінің басында тұрған 
адамдарға оңай. Неліктен? Өзара сенімге алғашқы қадамды 
Кеңес үкіметі жасауы керек. Екі жақтан да сенім болмайын-
ша, Қазақ өлкесінде жұмыстың жолға қойылуы мүмкін емес, 
мұны Қазақ ревкомының (төңкеріс комиссариаты) 10 айдағы 
өмірі көрсетті. Қазақтардың нені қалайтыны жəне олардан 
Кеңес үкіметінің не тілейтіні жөніндегі негізгі мəселе əлі де 
беймəлім болып қалып отыр, мұның өзі жергілікті жерлерде 
түсінбеушілік туғызуда. 
Ал, қазақтардың нені қалайтыны белгілі əрі олар əбден 
табиғи нəрсе. 
Империализмнің сан ғасырлық езгісінде болып келген ха-
лық ең алдымен осы езгіден азаттық алуды ойлайды. Қазақ-
тардан неліктен өзін-өзі билеуге ұмтылатыны, Кеңес үкіметінің 
қазақтардың нені тілейтіні əзірше бізге айқын емес жəне 
күннен күнге барған сайын бұлыңғыр болып барады. 
Ревком құрған кезде біздің əрқайсысымыз, ревком тура-
лы ереже əзірлеуге қатысқан қазақтардың əрқайсысы, Қазақ 
өлкесін басқару жөнінде құрылып отырған ерекше орган 
автономияның табалдырығы екеніне сенгенбіз. Ревкомның бар 
екенін ғана білетін, бірақ ондағы істің жайымен таныс емес 
адамдардың бəрі осы кезге дейін солай деп ойлайды. Ревкомда 
жұмыс істеген біздің бəріміз ойлап, оның неге қажет екендігіне 
көз жеткізе алмадық. Өздерін коммунистер деп атайтындардың 
бəрі коммунистер емес бұқара халыққа түсініксіз жарғыларын 
тықпалап жатыр, ал Қазақ ревком мүшелері Крыловтың «Аққу, 
шортан һəм шаян» деген мысалының керін келтіруде.
Кеңес үкіметінің басында тұрған адамдардың сан миллион--
дық ұлттың тағдырын мазақ етіп, оны ойынға айналдыруды
ойламайтынын; патшалық саясаттың ұлтшылдық пен империа-

26
листік саясат ұстанғанын; бұратаналар деп аталған басқа 
халықтар жөнінде орыстарға ойына келгенді істеуге мүмкіндік 
берілгенін; бұратаналарға ешқандай құқ берілмегенін; қылмыс 
жасады деп айыпталған бұратаналардың жеткіліксіз негізсіз 
қатаң жазаланғанын даусыз факт (дəлел) деп мойындайтыны-
на біз кəміл сенеміз. Мұны мойындаған соң, орыс халқының 
ғасырлар бойы осы рухта, яғни бұратаналарға шексіз үстемдік 
ету рухында тəрбиеленгені де даусыз факт ретінде мойындалуға 
тиіс деп ойлаймын. 
...Қазіргі уақытта кез келген адам өзін коммунист деп атай-
ды. Оларға үңіліп қарамайынша, кереметтің күшімен бəрі 
коммунистерге айналған екен деп ойлайсың. Бірақ, керемет 
тек ертегілерде болады, ал шын дүниеде ондай болмайды. 
Сондықтан, көптеген адамдардың ойында коммунизм идеясы 
жарнамадан əрі аспайды. Демек, Ресейде коммунистер көп, 
бірақ нағыз идеялық коммунистер өте аз, оның үстіне олар шет 
аймақтарда аз немесе мүлде жоқ болып шығады. 
Соған байланысты мыналар қажет тəрізді: 
1) Қазақ өлкесін басқаруға аты ғана коммунист емес, нағыз 
идеялық коммунистер мен халық сеніміне ие болған ұлт зи-
ялыларынан шыққан, сыннан өткен идеялық қызметкерлер 
қойылсын. Нағыз коммунистер мен қазақтардан шыққан 
идеялық қызметкерлер, соңғылары коммунистер болмаса да, 
бір-бірімен түсініседі жəне іске көзқарасы ортақ болғандықтан, 
қазақтардан шыққан шалағай коммунистерге қарағанда, тезірек 
тіл табыса алады; 
2) Халқы аралас аудандарда үкімет органдарының бəрінде 
езілген ұлттардың өкілдері кемінде 2/3 бөлігі болуға тиіс; 
3) Қазақ өлкесінің шаруашылық-экономикалық мекеме-
лерін басқару түрлі шаруашылық саласы бойынша басқа губер-
нияларға немесе облыстарға ешқандай да бөлінбей жəне 
бағындырылмай қазақтардың қолында болуға тиіс; 
4) Қазақ коммунистері мен революцияшыл зиялылардың 
бүкіл саяси-мəдени жұмысы кеңестік социалистік шаруашылық 
саясатына негізделуге тиіс; 

27
5) Қазақстанды біріктіретін, Орынбор қаласынан басқа-
рылатын əскери округ құрылсын; 
6) Қалалардағы гарнизондар міндетті түрде қазақтардан 
болсын; 
7) Қазақ өлкесінің шекарасы жөнінде төменде аталғандары-
нан басқа ешқандай да өзгерістерге жол берілмеуі тиіс...
Қазақ əскери-революциялық 
Комитеті мен БОАҚ мүшесі А. Байтұрсынов.
1920 жылғы 7 мамыр, 
Мəскеу қаласы.
Ленинге хаттары. Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің мұрағаты, 
78754-іс, 6-том, 44-парақ.
Ескерту: Бұл ресми құжатты қазақ тіліне аударып, 2013 
жылы «Қасым.kz» сайтына жариялаған – Зарқын Тайшы-
бай, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры. Ресми ақпа-
раттық хат тарихшы ғалымдардың зерттеулерінде қарас-
тырылғанымен, толық нұсқасы БАҚ бетінде жарияланбаған 
еді. Бұл хат жөнінде энциклопедияларда қысқаша мағлұматтық 
мəліметтер беріліп, ашық википедияға енді.
З.Тайшыбай тарапынан Ахмет Байтұрсынұлы Кеңес үкі-
метінің бірінші басшысына өз ойын ашық жеткізгендігі, отар-
шылдық пиғылдағылардың іс-əрекеттері көрегендікпен бол-
жай білгендігіне алайда, Орынбордағы билікті жеке-дара ием-
денген «еуропалық коммунист жолдастар» қазақ зиялыларына, 
солар арқылы бүкіл қазақ халқына менсінбеушілік көрсеткені 
туралы пікір айтылған.

28
Партияны тазалау жөніндегі 
Губерниялық комиссияға 
(Аудандық комиссия арқылы)
РКП мүшесі Ахмет Байтұрсынұлынан
ӨТІНІШ
ЖАЗЫҒЫМ НЕ?
Қырғыз-қазақ халық ағарту комиссариатының комму-
нистік ұясының хатшысы партияны тазалау жөніндегі аудан-
дық комиссияның қаулысы бойынша менің партиядан шыға-
рылғанымды мəлімдеді. Маған жеткізілген хабарға қарағанда, 
менің шығарылуыма, біріншіден, партия жиылыстарына 
қатыспағандығым, екіншіден, мүшелік жарнаны уақытысымен 
төлемегендігім жəне үшіншіден, менің Алашорда ұйымына 
қатысқандығым болса керек.
Маған қойылып отырған бұл айыптардың қайсысынан бол-
сын мен бас тартпаймын.
Қазақстандағы Кеңес үкіметі өмірінің үш жылы ішінде РКП 
ұйымдарының қазақтар арасында жүргізген жұмысының қай 
саласын алсақ та ешқандай алға жылжушылық болмады. Неге 
осылай болды? Жұмысқа кедергі жасаған не? Бұл сауалды 
ешкім де өзіне қоймады жəне ешкім де бұл туралы байыппен 
ой жүгіртіп көрген емес.
Жаңа шындықты түсіну үшін секунд де жетіп жатады, ал 
оған бой үйретуге, оны игеріп кетуге ондаған жылдар аздық 
етеді. Жеке адамның немесе қоғам тіршілігі қағидаларының 
орташа дəрежесіне азды-көпті сай келетін ақиқаттар мен идея-
лар ғана біршама жеңіл қабылданып, меңгеріліп кете алады. 
Көптеген утопистердің экономикалық жоспарларының іске 
асыру үстінде сəтсіздікке ұшырауы – олардың мəн-мағынасы-
ның жоқтығынан емес, өз заманының жағдайына сəйкес 
келмегендігінен жүзеге аспай қалды, өйткені адамдар санасын-
да айтарлықтай даярлығы бар негіз таба алмауының салдары 
болды. 

29
Қашан да болса теория жедел түрде алға басады да, прак-
тика болса баяу жылжиды, өмір жалқаулана сүйретіліп, үнемі 
артта қалады да, алысқа ұзап озып кеткен ғылым сəулесін əрең 
сезінеді. Адам еркіне ұзақ уақыт бойы əсер еткен сезімдер 
оның жанына өте терең еніп, дағдыға, салтқа айналады да, со-
дан соң іргетасын қиратып, тірегін шайқаса да өзінің орнын 
қорғай береді.
Біздің алдымызда білім жағынан артта қалған, сезім 
тұрғысынан қарағанда өзінің əдет-ғұрпына берік батқан, со-
нымен бірге жедел түрде даму қажеттігін сезінген, əр кезеңде 
прогресс (өрлеу) дөңгелегіне жармасатын қазақ халқы тұр. 
Бұл халықта əдеби кітаптар ғана емес, өзінің ана тіліндегі 
оқулықтары да жоқ, яғни қандай болса да мəдени-ағарту 
жұмысын бастауға негіз боларлық басты құралдың өзі жоқ...
Негізінде қазақтар арасында саяси-ағартушылық, үгіт-
насихаттық, партиялық жəне əр түрлі басқа да жұмыстарды 
жүргізу қажеттілігі мойындалып, бұл үшін бір қатар ұйымдар 
мен мекемелер құрылған болатын. Аталған жұмыстар қазақ 
арасында жүргізіліп отыр ма? – Жоқ. Қазақтар ортасындағы 
жұмыстың ең қарапайым түрі – кітапханалар мен оқу үйлерін 
ашудың өзі мүмкін болмай отыр. Қазақ тілінде əдеби кітаптарды 
шығармай тұрып, қазақтарға кітапханалар мен оқу үйлерін 
ашамыз деудің өзі күлкілі жайт болып табылады.
Қазақтар үшін де, жалпы алғанда қараңғы қалың бұқара 
үшін де коммунизм идеясы, Гейненің сөзімен айтқанда «шақы-
рылмаған бөтен қонақ». Халық бұқарасының саналылық 
жағынан алғанда мешеулігі, ал сезім жағынан түрлі тереңірек 
өзгерістерге деген бейімсіздігі көпке белгілі шындық. Ком-
мунизм идеясы қазақтарға тез арада қонбайды. Біз оны «атты 
əскер шабуылымен» енгізе алмаймыз, біз оны ұзаққа созыла-
тын қатаң жүйелі ісіміз арқылы орнықтыра аламыз. Ал бұл 
үшін ешқандай қолайлы алғы шарттары болмаса да, шапшаң 
түрде табысқа жетеміз деп сенетін жолдастар қатты қателеседі. 
Қазақ өлкесінің кең байтақтығы, тұрғын халықтың шашыран-
ды орналасуы себепті, темір жолдардың жоқтығы жəне басқа 
да қатынас құралдары мен байланыстың қиыншылықтары, 

30
қазақтар арасында қандай да болмасын жұмысты тез қарқынмен 
жүргіземін деп, əсіресе үгіт-насихат жəне мəдени-ағарту 
жұмыстарын жүргіземін деп армандаудың артық екендігін 
көрсетеді.
Аталған салалар бойынша жұмыс жоспары ұзақ мерзімге 
арналып жасалынып, айқын жетістіктерге жететіндей болуы 
керек. Біз қазақтар ортасында коммунизм идеясын тарату 
жұмысын қазақ халқына қызмет етуге даярланған үгітшілер 
мен насихатшыларды Қазақстанға толтыру арқылы, не бол-
мағанда қазақ тілінде əдебиетті мол етіп шығару арқылы, ал 
дұрысында, осы екі тəсілдің екеуімен де жолға қоя аламыз. 
Бірақ мұның алғашқысы немесе соңғысы болсын, ең басты 
негіз – қазақ тілінде оқулықтар жасалмайынша бос қиял болып 
қала береді.
Қандай болмасын тілде дұрыс оқып, жазу үшін алдымен 
осы тілдің ережелерін білу қажет, ал тілдің ережелері осы 
тілдің өзінен, оның қасиеттері мен заңдылықтарынан келіп 
шығады. Қазақ тілі жеткілікті түрде танылып, зерттелген жоқ. 
Тіліміздің өзіне тəн ерекшеліктері мен қағидаларын игере 
отырып, зерттеу үстінде оның ережелерін тұжырымдауға тура 
келеді. Ереженің əрқайсысы оның дұрыстығын растайтын 
халықтың ауыз əдебиетінен алынған көптеген үгіт-нұсқаларын 
зерделеп түйіндеуден келіп шығады. Бір сөзбен айтқанда, бұл 
жұмыс қиындығы мол, еңбекті көп керек ететін іс, көп уақыт 
пен орнықтылықты қажет етеді.
Мен қазақтар арасында жүргізілетін мəдени істердің 
ішінде қазақ тілінде оқулықтар жазу жөніндегі жұмысымды 
өзімнің басты қызметім санай отырып, өзге жұмыстарға тек 
аса қажеттілік туғанда ғана белгілі мөлшерде уақыт бөліп 
отырдым. Мен РКП программасын (бағдарламасын) ұзақ 
уақыт бойы қазақ халқын азат етудің жолдарын іздестіруден 
соң барып қабылдаған едім. Өтінішімнің 3, 4 жəне 5 бапта-
рында мен неліктен партияға кіретінімді айқын жазған едім. 
Партияның бағдарламасын ешқандай жеңіл ойсыз жəне өзімді 
өзім алдаусыратпастан саналы түрде қабылдай отырып, мен 
өзімнің пікірімді айтуға құқым бар деп есептеймін, қазақтар 

31
арасындағы жұмыстардың бағыттары мен əдіс-тəсілдері жай-
ында өзіндік ой-пайымдауларымды білдіруге еркінмін деп са-
наймын.
Халық ағарту комиссары бола отырып, КЦИК (ҚОАК) 
төралқасының мүшесі əрі қазақ оқулықтарын жасау жөніндегі 
редакциялық алқаның төрағасы ретінде мен екінің бірін 
таңдауға: не қазақ тілінің оқулықтарын даярлау ісімен айналы-
суды, немесе шынын айтатын болсақ, мен сияқты басқа да қазақ 
жолдастарға ешқандай пайдасы жоқ партиялық жиналыстарға 
қатысуды қалауға мəжбүр ететін жағдайға тап болдым. Мен 
мұның алғашқысын қаладым, неге десеңіз, өзімді қазақ тілі 
турасындағы еңбекке икемдірек жəне пайдалырақпын деп 
ойлаймын. Бұл саладағы менің қызметім партиялық жина-
лыстардағы отырыстармен салыстырғанда анағұрлым нəти-
желірек болатындығына еш шүбəм жоқ.
Партия жиналыстарына жұмсалуға тиісті уақытты мен 
босқа (ойын-сауыққа) йаки партия қызметіне еш пайдасыз 
істерге жұмсаған болсам ғана, жиналысқа қатыспауым тура-
лы айыпталуымның мəн-мағынасы болар еді. Дəл осы сияқты 
жарнаны уақытысында төлемеуім жөніндегі кінəлауды да ба-
спа станогы РКП қолында болмаған жағдайда орынды болар 
ма еді, ал станок партия қолында тұрғанда мүшелік жарнаның 
төлену мезгілі партиялық істерде айтарлықтай маңызды рөл 
ойнамайды.
Менің Алашорда ұйымына қатысуым туралы айыпталу-
ыма келсек, бұл жөнінде мені партияға алған партия ұйымы 
жақсы білді. Менің өтінішімді жəне партияға кіргенімді ха-
барлап, өлкелік басылымда жария еткен де солар еді. Мен 
«Алашорданы» алғашқы құрушылардың бірімін жəне осы 
ұйымның ішінен Кеңес өкіметін бірінші болып мойындаған 
да мен едім. Кеңес үкіметі жағына шығуға мəжбүр етілдім 
дейтіндер жаңылысады. Бұған аса қажеттілік ол кезде болған 
жоқ, өйткені мен Кеңес үкіметі жағына 1919 жылдың басында, 
Колчак əскері Самара маңында тұрғанда өткенмін.
Осы айтқанымды ескере келе, менің іс-қимылдарымның 
маңызы кемдеу жағын көріп, жұмысымның маңыздырық 

32
тұстарын көрмеген партияны тазалау жөніндегі аудандық ко-
миссияға мүше жолдастардың бұл іске қатынасында жеткілікті 
дəрежеде байыптылық таныта алмаған деп түйемін. Егер де 
мені коммунистік идеяға қайшы келетін əрекеттерім үшін пар-
тиядан шығаратын болса, жұмған аузымды ашпас едім. Он-
дай қадамдар мен қылықтарға мен барғаным жоқ, сондықтан 
мені партиядан шығару туралы комиссияның қаулысын 
қанағаттандырарлық негізі жоқ деп есептеп, оны өзгертуді 
өтінемін.
Ахмет Байтұрсынұлы.
1921-ші жылдың 15-қарашасы.
Орынбор қаласы. 
(«Алаш ақиықтары», 221-224 б.)
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет