Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата13.02.2017
өлшемі2,78 Mb.
#3994
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

ТОРТАЙ МІНЕР АҚ БОЗ АТ
Біздің  ауыл  Салықсалғанның  иығында  отырған.  Шіл де-
нің дəл ортасы болса да, бұл жерде қоңыр салқын, бұлт сыз 
күндері тамылжыған тамаша мезгіл басталушы еді. Не ыс тық 
емес,  не  суық  емес  жайлаудың  жаймашуақ  сəтінде,  тө бең-
нен көкпеңбек болып төңкеріліп тұрар аспанға қа ра ғай дың 
бүршігін лақтырып ойнайсың. Қанша құласаң ауырсынбай-
тын,  қанша  құласаң  жапырылмайтын  күлтеленген  кү рең се 
балапан табанымызға кілемдей жұмсақ тиюші еді-ау. Те ңіз 
бетінен қаншама биік болғанмен, осы Салықсалғанның кез 
келген жеріне жер ошақ қазсаң, көлкілдеген су шыға ке ле тін. 
Əсіресе, жаңбырлы күндері қырдан құлаған лайсаңға айна-
лып, шошайтып-шошайтып қарағай бөренеден қиып сал ған 
үйлердің мазасын кетіретін. Ол кезде колхоз. Кол хоз дың си-
ыры күніне үш рет сауылады. Ал əр сауынның арасында шөп 
шауып, оны маялайтын. Кеште, тіпті түні бойы се пе ра тор ға 
сүт тартып, май шайқайтын. Шаршау дегенді білмейтін қыз-
келіншектер соғыс жылынан кейінгі бейбіт күннің шуа ғы на 
жылынып, сызылта əн салатын. Тау арасында жылтылдатып 
от  жағып,  əн  шырқағанда,  лаулаған  жалын  бақсыдай  ті лін 
жалаңдатып  күй  шертіп,  тау-тасты  күңірентіп  тұр ған дай 
əдемі сезілуші еді-ау. Біздер – балалар, күні бойы өгіз үй ре-
тіп, бұзау жаямыз, үш уақ сиыр сауғызамыз. Ымырт үйі рі-
ле, алтыбақан құрған азаматтардың маңайында арпалысып, 
тиіп-қашып ұлардай шулап ойнап жүргеніміз. Біздің іші міз-
де  менен  екі-үш  жас  үлкендігі  бар  Тортай  атты  бала  болу-
Й

130
шы еді. Əке-шешеден тым ерте айырылып, алыстан қо сы лар 
аталастарының  есігінде  жүретін.  Қой  аузынан  шөп  алмас 
жуас,  құлағының  сəл  мүкісі  бар,  бала  болып  көп  ойнамай-
тын жасқаншақ еді. Бəрімізден гөрі ерекшелігі, таң ер тең нен 
кешке  дейін  бас  алмай  кітап  оқи  беретін.  Қолына  не  тисе, 
соны талғамсыз оқитын Тортай ортамыздағы білгішіміз, ау-
зымызды ашып тыңдар абызымыз сықылды. 
Тортай, əсіресе, мені жақсы көреді. Жанынан бір елі қал-
дыр май тын. Əкем ферма меңгерушісі, үйде ішім-жем мол, ит 
басына іркіт төгіліп жатушы еді. Шешемнің қолынан – бір, 
жолынан – екі алып, əр күн сайын Тортайға таситынмын. Ол 
мені алдап, тамақ үшін дос болмайтын, қайта: «Мен аш жүр-
ге нім  жоқ,  əкеле  берме», – деп  ұрсатын-ды.  Өз  пейілі  мен 
көңіл  хошы  болмаса  лəм  деп  аузын  ашпайтын,  əрі  құ ла ғы 
ха қас еститін болған соң, əңгімеге зауқы бола бермейтін. Тек 
менімен ғана оңаша сəттерде ағыл-тегіл əңгіме құрушы еді. 
Бір күні мен Тортайды көп іздеп əрең таптым. Тұр ған үйі 
аузына келгенін айтып, ұрысып қуып жіберіпті. Са лық сал-
ған ның ұшар басындағы қалың тас қорымның үңгіріне кіріп, 
от жағып отыр екен. Мені көрген соң, қуанып қалды. Орны-
нан атып тұрып: 
– Мені қалай таптың, ей? – деді. 
– Сенің үйің – осы тас күрке емес пе? 
Тортай тас күркені ұядай қылып жинап, тазалап қо йып ты. 
Бұдан бұрын да осы жерге сан рет келіп, мекеніне ай нал дыр-
ған секілді. Қайран қалдым. Ағаштан қиып нар жасап, үс ті не 
шөп төсеген. Өзіне тиесілі кітаптар əбден көп оқыл ған дық-
тан,  жемтір-жемтір  болып  бір  бұрышта  жинаулы  тұр.  Төр 
алдына ешкінің терісі төселген. Қарағайдың жуан кес пел тек 
шəркесінен  стол  жасап,  май  шам  қойыпты.  Тастан  қа лан-

131
ған жер ошақта маздап жанған от. Сіркіреп жаңбыр жауды. 
Үңгірге су тимейді екен. Күн бұлтты болған соң ба, ымырт 
ерте үйіріліп, көз байлана бастады. Үйден ұрлап алып шық-
қан нан мен ірімшікті столдың үстіне қойдым. Нардың ше-
тін де жалаң аяғын салбыратып үнсіз отырған Тортай: «Рақ-
мет», – деді. Үні бір түрлі көңілсіз, қарлығыңқырап шық ты. 
Ешкім жоқта жылаған секілді, оттың сəулесі тиген көзі қы-
за рып, домбығып тұр еді. 
– Əке-шешең іздеп жүрер, үйіңе қайт, қорықсаң, мен шы-
ға рып  салайын, – деді  Тортай. «Əке-шешең»  деген  сөзді 
қыр сы ғып айтқандай болды. Ал əке-шешемнің тірі, жер ба-
сып жүргеніне мен кінəлі емес едім. 
– Сенің жаныңа жата кетсем қайтеді, – дедім оттың ша-
ласын ысырып. 
– Қайтасың! – деді ол міз бақпай. Мен бүгін оны мүл дем 
танымай отырмын. 
– Қайтасың, əке-шешең менің басымды жарады. 
– Жармайды. Сен мені қума, дос емес пе едік. 
– «Ораза-намаз – тоқтықта ғана» деген. «Тоқ бала аш ба-
ламен ойнамайды» деген. 
Мен  жауап  бере  алмадым,  үндемеген  қалпы,  мың қиып 
отыра  бердім.  Тортай  мең-зең.  Лаулаған  отқа  тесілген  күйі 
күр сі н ді.  Содан  кейін  нардан  қарғып  түсті  де,  тас  үңгірдің 
те сі гі нен сыртқа үңілді. 
– Жауын ұзақ жауатын түрі бар. Төңірек тұтасып алыпты. 
Қонғың келсе, қона ғой, – деді маған. Өзі тізесіне салып қу 
бұтақты сындырды да, отқа тастады. Мен əкелген ірім шік-
ті бір асап нарға қайта мінді. Содан соң «Аласталған Али-
тет» деген кітапты қолына алып əрі-бері аударыстырды да, 
ірге жақ қа лақтырып жіберді. Жаңбыр толастар емес, құ лақ-

132
қа тасқа тиіп тайғанап жатқан сыбдыр-сыбдыр үн естіледі. 
Күр кі реп, сарқырамай ұрлана жауған нөсер, қайдағы-жай да-
ғы ны еске түсіріп, қиял дүниесіне жетелейді немесе маужы-
ратып ұйқыны келтіреді екен. 
– Босағада отырғаның не? – деді Тортай. Ба ға на да ғы дай 
емес, көңілденейін депті. – Кел жаныма, мен сені тым жақ сы 
кө ре мін. Бастықтың баласымын деп мұрныңды көк ке кө тер-
мей сің, қарапайымсың. 
Тас ошақтағы оттың сəулесі қабырғаларға түсіп, қо ңыр-
қай тартады. Төбеде тесік бар-ау деймін, тырс-тырс тамшы 
тамады бір жерден. Біз ертекті ескі дүниеде отырғандай едік. 
Ме нің кеңсірігім ашып, бір түрлі жылағым келді. 
– Тортай, – дедім. 
– Ау, – деді. 
– Əңгіме, не ертек айтшы. 
– Баяғыда бір жетім бала болыпты, – деп бастады... – Бая-
ғы да бір жетім бала болыпты... ары қарай күңгір-күңгір, кү-
бір-сыбыр  ертекке  айналды.  Бүгінде  менің  есімде  Тортай 
айтқан ертектің көбі қалмаған, тіпті сол арманшыл ба ла ның 
өзін де ұмытқандай едім. Тек, «баяғыда бір жетім бала бо-
лыпты» деп басталушы еді, ал, қалай аяқталатынын біл мей-
мін, мүлдем есімде жоқ, қалай аяқталушы еді?.. 
Менің жадымда тамаша сақталғаны: ол тас үңгірде шөп 
тө сел ген нардың үстінде жатып, оқыған кітаптары мен өзі-
нің арман-қиялы туралы түн ортасы ауғанша айтқан кү бір-
кү бір əңгімесінің еміс-еміс елесі ғана. Мені жып-жылы қой-
ны на алып, ағалық ақылын айтатын тым зеректігі еді. 
– Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нəр сем 
бар, ол – кітап, – дейтін. – Əкем де, шешем де сол – кі тап. 
Кей  бі рін екі-үш қайтара жалықпай оқып шықтым. Жал ғыз-

133
ды ғың,  жетімдігің,  бəрі-бəрі  ұмытылып,  басқа  бір  жұ мақ-
ты  өмір ге  сапар  шеккендей  боламын.  Əттең,  жағдай  келсе, 
оқуым ды  одан  əрі  жалғастырып,  Алматыға  аттанар  едім. 
Шы ным ды айтайыншы, кітап жазып, жазушы болғым ке леді. 
Ақ жауын сіркіреп тұр. Тас ошақтағы от қо лам та ла нып, 
үңгірдің ішіне қорқыныш ұялап, қараңғылана бастаған. Тор-
тай  əлі  сөйлеп  жатыр,  сөйлеп  жатыр...  Арманы  таусылар 
емес.  Демі  құлағымның  түбіне  жып-жылы  болып  се зі ле ді, 
ептеп  қытықтайды.  Мен  үнсіз  тыңдай  беремін.  Əлде  то ңа-
зы ған нан, əлде қорқыныштан, Тортайдың бауырына ты ғы ла 
түсемін. 
Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тор тай ға 
еріп бұзау бағуға шықтым. Менікі еріккеннің ермегі сы қыл-
ды  еді.  Тас  шоқының  ұшар  басына  дейін  бұ зау лар ды  өр гі-
зіп бардық та, еркіне қоя бердік. Өйткені төрт аяқ ты мал бұл 
жерден ұзап ешқайда кете алмайтын. Биіктеген сайын қа лың 
барағы орман таусылып, таудың таз төбесі басталатын. Заң-
ғар таудың төбесінде үнемі суық жел соғып тұ ра тын дық тан, 
ағаш болмайды жəне шөп те бойлап қалың өс пей тін та қыр. 
Жазды күндері үнемі сезіміңді сергітер майда леп есіп тұ рар 
еді. Ал шоқылар өркеш-өркеш болып, көк күмбезіне найза-
дай кіріп ұшпалана қол бұлғайтын. Қыздың жиған жү гін дей 
тай-тай,  тең-тең  жақпар  тастың  ара-арасына  тас  са рым сақ 
өседі.  Тортай  екеуміз  тыртысып,  қол-аяғымызды  жаралай 
сол  биікке  шығып,  сарымсақ  жұлып  жегенбіз.  Бұл  тұстан 
тау дың балағы алақандағыдай көрінеді. Сонау шатқалда Ал-
тай дың шолпысындай мың бұралып, ағараң қағып Бұқ тыр ма 
өзені күмістене ағады. Ал біздің ауылымыз көк жал қақ мұ нар 
пердесіне тұмшаланып, тек нобайы ғана сүл де ле не ді. Қына 
басқан тасқа құлап кетердей болып атша мініп отыр ған Тор-

134
тай  анау  көк  мұнар  дүниеге  бірдеңесін  жоғалтып  ал ған дай 
көзін  сығырайтып  ұзақ  қарады-ай.  Сонсоң  шығыс  жақ ты 
нұсқап, ереуілдеп сөйлей жөнелетін. 
– Ей, – дейтін маған, танауы делдиіп, – егер осы тұр ған 
жерімізден  тұп-тура  шығысқа  тартып  кетсек,  қайда  барар 
едік? Білемісің, (мен иығымды кетеремін) ə, білмейсің. Мон-
ғо лия дан бір-ақ шығар едік. Сен болмасаң, мен жүре беруден 
əсте шаршамас та, қорықпас та едім. Рас айтамын, Мон ғо-
лия ға барар едік. Бізді «о, қазақтар келді» деп құшақ жая қар-
сы алар еді. Аппақ киіз үйге кіргізіп, тай сойып қонақ қы лар 
еді. Боз биенің сүтіне шомылдырып, алдымызға астау-астау 
қазы-қарта қояр еді. Ішеріміз – алдымызда, іш пе сі міз – арты-
мызда, қымызға қызыңқырап шəниіп жат қан да, ақ отау дың 
есігін ептеп ашып, ай мен күндей қос ару кір се əттең, дүние-
ай, армансыз күліп-ойнасақ, содан соң... содан соң екеу міз ге 
екі ақ боз ат мінгізіп, əлгі екі сұлу қыз ды алдымызға өң ге ріп 
елге қайтсақ. Алдымыздан фер ма ның бүкіл сиыры, бұ зауы, 
түйесі,  барлық  адамдары  қақ  жарылып  қарсы  алып,  шулап 
соңымыздан ерсе... əттең, дү ние-ай, мұндай рақаттан ке йін 
өліп-ақ кетсең, не арман... 
Тортай көзі жайнап, астындағы жақпар тасты тебініп-те-
бі ніп  қалғанда,  ар  жағындағы  шатқалға  құлап  кетеді  екен 
деп, зəре-құтым қалмайды. 
–  Ақ  боз  ат  демекші,  түнде  түсімде  көк  өгізім  арғымақ 
болып, жер тарпып кісінеп тұр. О несі екен? – деп, бұ зау ла-
ры мен бірге кəперсіз оттап жүрген өгізіне күн сап қарады. 
–  Тортай,  сен  түбі  сол  ақ  боз  атқа  мінесің, – дедім  мен 
шын көңілімнен. 
–  Қайдан, – деді  ол  тастан-тасқа  секіріп,  төменге  тү сіп 
бара жатып. 

135
– Қайдан білейін... Əкем марқұмның тақымы қотыр тай ға 
тимей кетіп еді, қайдан білейін. 
Күз жақындап, фермадағы барлық бала жайлаудан ауыл-
ға оқуға аттанғанда, тау басында бұзау бағып жападан-жал-
ғыз  Тортай  ғана  қалған.  Əрине,  мен  оны  қимадым,  қи нал-
дым. Өзіммен бірге ала кететін шаманың жоқтығына жыным 
келді. Кетерімде, ол маған ең сүйікті кітабын сыйлап тұ рып 
айтты: «Мен үшін де оқы. Бəлкім, мен міне алмаған ақ боз 
атқа сен мінерсің». 
– Сенің өз ақ боз атың бар емес пе? 
– Жоқ, менің маңдайыма көк өгіз жазылған. 
– Онда мен ақ боз атымды саған сыйға тартамын. 
Содан  бері  көп  жылдар  өтті.  Мен  Тортайды  да,  ақ  боз 
атты да əлдеқашан ұмытқанмын. Бір рет ауылға барғанымда, 
азаматтар сөз қылып отыр екен. Тортай үйленбек болып іш-
ке рі жақтан жуастау бір қызға сөйлеседі. Сонда қыз: «Жеке 
басыңды қорламаймын, мен көндім, бірақ жаман-жақсы бол-
са  да  əке-шешем  бар,  солардың  ықыласынсыз  кете  алмай-
мын,  өзің  алдарынан  өтіп  қайт»,  деген  екен.  Содан  Тортай 
атына  міне  шауып,  қыздың  үйіне  барады.  Сəлем  алыс қан 
соң, қалыңдықтың əкесі: «Кімнің баласысың, шырақ?» – деп 
жөн сұрағанда, құлағының мүкісі бар Тортай ұқпай қа лып: 
«Малдан келдім, ата», – деп қойып қалса керек. Ха-ха-ха... 
Шал: «Саңырауға  қызымды  бермеймін», – деп  ит  қо сып 
қуып салыпты. 
Елге  енді  бір  рет  барғанымда  естідім.  Тортай  үй лен ген. 
Екі-үш баласы бар. Қой бағады екен. 
Былтыр жазда демалыс алып ауылға тағы бардым. Əкем-
нің төрт бөлмелі, бау-бақшалы үйінде еркін сайрандап, то-
йып жеп, тасыраңдап жүрмін. Шешем бəйек болып: «Не іше-

136
сің, не жейсің, құлыным», – дейді зыр жүгіріп. Түске жа қын 
жұп-жұмсақ  диван  үстінде  шалқамнан  түсіп  серейіп,  газет 
оқып жатыр едім. Алдыңғы бөлменің есігі əндетіп ашылды 
да,  əлдекім  кіргендей  болды.  Көрші-қолаңның  бірі  шы ғар 
деп,  аса  мəн  бере  қойғаным  жоқ.  Əйтеуір,  шешеммен  сөй-
ле сіп отырды. Əңгіме күңгірлеп еміс-еміс естіле берген соң, 
есі ме баяғы бір қоңыр үн түсіп, еріксіз құлағымды түрдім. 
Келген – Тортай екен... 
– Тəте, айып етпеңіз, əншейін. Орашқа амандасайын деп, 
өзімсініп келіп едім... 
– Ол ұйықтап жатыр, – деді шешем. – Оятпай-ақ қоялық. 
Төрге шық, отыр. 
– Жо-жоқ, о не дегеніңіз, тəте, маған осы босаға да же-
те ді, əншейін Ораш келді деген соң, амандасайын деп, бая-
ғы да... бала кезде бірге өстік... талай рет бұзау жайып едік; 
енді, міне, ел таныған азамат болды... айып етпеңіз, мен қа-
зір кетемін, тəте... Ораш келді деген соң... жалғыз ұлың ғой, 
құдай  қуат  берсін...  бізді  қойшы...  біз  ондай  үлкен  кі сі лер-
дің садағасымыз ғой... рақмет, тəте, тамақ ауыз тиейін; осы 
құрғырды жақпаса да баз-базында ішіп қоятыным бар... ал, 
тəте,  Орашың  аман  жүрсін...  атағы  аспандай  берсін...  қол 
қойдырып алайын деп, мына бір кітабын қойныма тыға ке-
ліп едім, тағы да соғармын... малдан қол тие бермейді... қыс-
тай  жемдеген  торы  атты  управляющий  алып  қойған,  тəте, 
мың салса баспайтын тағы бір тырақысын берді, «саған осы 
да жетеді, торы атты озат шопан мінеді» дейді... ал, кет тім, 
рақмет, тəте... келді-кетті деп сөге жамандамаңыз; əн ше йін 
Ораш  келді  деген  соң,  үлкен  кісі  ғой...  бірге  өскен,  сə лем 
берейін деп... мен келді деп, тіпті айтпаңызшы, тəте, ұят бо-
лар,  ал  сау  болыңыз,  рақмет...  итіңдеп  баяғы  өзіңіз  бі ле тін 

Салықсалғанға жеткенше, түн ортасы болар... өзіңіз бі ле сіз, 
Салықсалған алыс, өте алыс... Монғолияның бер жа ғын да... 
Мен сұлап жатқан орнымнан белім кеткендей тұра алма-
дым.  Шынымды  айтсам,  ұялдым – Тортайдан  ұялдым.  Ба-
тылым  бармады.  Бет-жүзім  шыдамады.  Сонда  ғана  ме нің 
есіме «баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталатын 
ертектің  қалай  аяқталары  оралды.  Е-е,  осылай  аяқталады 
екен ғой, осылай... 
Тортай мінер ақ боз ат... менің тақымымда кеткендей еді... 
иесіне қайтаруға кеш еді...

138
ІЗДЕГЕНІН ТАПТЫ МА?
Баяғыда,  тым-тым  баяғыда  да  емес,  анау  бір  жылдары 
біз дің жаққа пішен өте қалың шықты. Тау-тас, орман-тоғай, 
жота-қырат, сай-қолаттың бəрі-бəрі құлпырып, желкілдеген 
ша бын дық тың  астында  қалып  еді.  Үйдің  ар  жағында  тас-
тақ ты төбе бар болатын, қақтамада жатқандықтан сап-сары 
болып, баланың жаялығындай сарғайыңқы кеспірінен ары-
ла алмаушы еді. Биыл сап-сары ала бақпақтан тана та ғы нып 
жетіседі. Пішен оруға да ерте шықтық. 
Біздің  жақта  шөп  шабатын  машинаға  төрт  ат  жегетін. 
Төрт ат жегетін себебі, жер қия, өрлі-қырлы, екі-үш жұ мыс 
кө лі гі нің шамасы жете бермейді. Төрт ат жеккен соң, оның 
мін дет ті түрде ат айдаушы баласы болады. Алтыншы класты 
та мам да ған біздер сол атшы ұлдармыз. 
Елең-алаңнан тұрамыз. Жылқышы қиқу сала айдап кел-
ген аттарды ұстап, жүгендеп, сақадай-сай етіп қоя мыз. Со-
дан  соң  қара  шайды  шикілеу  піскен  қара  нанға  қосып  ар-
мансыз ішер едік, екі көзіміз төрт болып ауылдан келер «қо-
жа йын да ры мыз ды»  күтер  едік.  Ал  олар  əсте  асық пай тын. 
Астарындағы тоқ жарау аттарын сипай қамшылап, əл де не ні 
айтып, қарқ-қарқ күліп, қызара бөртіп келе жатар еді. Ма ши-
нис тер дің осынау бақытты жүзі, еркін жүрісін көріп отырып, 
ержетіп, ерттелген ат мініп, езуге темекі қыстыруды қан ша 
рет армандадық десеңізші, қанша рет... Жылдар өтіп... есейе 
келе,  сол  бақытты  балалық  шақты  қайта  армандап,  кері 
оралар  жолдың  жоқтығына  налып,  табиғат-анаға  өк пе леп, 

139
сананың саздау тартарын білдік пе, тəйірі, білдік пе... Енді, 
міне, енді, міне, енді, əне... 
Менің машинист ағайымның аты – Мұхтар-ды. Ала көз, 
төртбақ денелі, гүрілдеп сөйлейтін, мінезі шатақ жігіт. Ма-
ған  дейін  үш-төрт  ат  айдаушы  ауыстырып,  жанына  жақ па-
ған,  яғни  айтқанына  көніп,  айдағанына  жүрмеген  баланы 
ұрып-соғып қуып салады жəне ауылға төсек-орнын ар қа ла-
тып жаяу қаңғыртып жібереді екен. Иемнің осы қы лы ғын бі-
ле тін мен қайтсем көңілінен шығам деген ниетпен мұр ным 
қа на ған ша безектеймін. Əзірше бетіме қарап көрген жоқ. 
Дегенмен,  машинистерден  гөрі,  біздердің,  ат  ай дау шы-
лар дың  жұмысы  анағұрлым  ауыр  еді. «Баланың  істегені 
бі лін бей ді»  деген  мəтел  сондықтан  шықса  керек.  Əсіресе, 
біз дер ді  қинайтыны – аттың  үстінде  келе  жатып  жерден 
көз  алмай  тесіліп,  қалың  шалғынның  арасында  жасырын 
жат қан  ұры  тас,  томар,  тышқан  қорық  көрінсе,  айғай  са-
лып, машиниске ескерте-ескерте ес-ақылдан айырылып қа-
лар  қырағылық  еді.  Айғайлай-айғайлай  үннен  айырылып, 
қырылдап  сөйлей  алмай  жүретінбіз.  Кейбір  кезде,  əсі ре се, 
шөп  қалың  жерлерде,  бұғып  жатқан  жер  тасты  көрмей  қа-
лып,  шөп  машинасының  бір  тетігін  бүлдіріп  алсақ,  біз ге 
күн жоқ; ондайда қожайыныңның бишікпен қыр жі лін шік-
тен  осып-осып  жіберіп,  əкеңнен  түсіп  боқтауға  құқы  бар. 
Дегенмен,  осындай  қиындығына  қарамастан  ат  айдаушы 
бала болудың қайталанбас, қашып кетпес қаншама мол қы-
зық та ры  бар  еді.  Əсіресе,  күн  батар  сəтте,  дертеден  мой-
ны  босаған,  үсті-басы  салтақ-салтақ,  тер  қақтаған  аттарды 
алдымызға салып тырқырата қуып, қиқулап қара қосқа қай-
ту – тек бізді ғана емес, ересек жігіттердің де делебесін қоз-
ды рып,  қай-қайдағысын  есіне  салар.  Қай-қайдағысы  есі не 

140
түскен  машинистер  ойқастап,  баяғының  батырындай  кеу-
де ні  шалқақ  тастап,  шат  көңілмен  бір  шырқар.  Қамыт  пен 
қам шы дан құтылып үйге қайтқанын ат байғұстар да сезетін, 
се зе тін де жаппай желіп, жайтаң қағып басын изеп тастап, 
ауыз дық та рын сүзе пырылдап, пысқырысып кетер еді. 
Біз ең əуелі жұрт ауыстырарда, иесі жайлауға көшіп кет-
кен иен қыстақтардың маңайын тақырлап шауып алатынбыз. 
Есік-терезесі  айқұш-ұйқыш  тақтаймен  қағылған  иен  үйді 
аппақ сандай етіп жуып, бөктеріп келген бөс те гі міз ді тө сей-
тін біз. Бұл біздің бір апталық мекенжайымыз болады деген 
сөз. Ал үлкендер жағы қандай шалғай болса да тау ба сын-
да ғы иен қыстаққа түнемей, ат сабылтып ауыл ға қай та тын. 
Міне,  осындай  бір  қыстақтың  қысқы  азығын  (мал  азы-
ғын, əрине) шауып, келесісіне ентелей жете бергенде, ме нің 
машинисім  Мұхтар  аға  шатақ  шығаратын.  Шатақ  дегенде, 
пəлендей бір бас жарып, көз шығармағанмен, өз өк тем ді гін 
түсініксіздеу  жүргізер  еді.  Машинистердің  көшін  əр қа шан 
да өзі бастайтын Мұхтар аға: 
– Ал, бала, – деп дауыстайды маған, – айдай түс ас тың-
да ғы атты. – Содан соң өзі дертені салақтатып ортаға алып 
келе  жатқан  түптегі  екі  жиренді  шықпыртып-шық пыр тып 
жібереді де, əдетінше, «Халалалау!» деп ақырады. Мен осы 
кісінің қас-қабағына қарап, əр қимыл-əрекетінен-ақ не ой-
лап немесе айтқалы тұрғанын сезіп, білуші едім. Əйтпесе 
болмайтын, болмайтын себебі – көңілінен жалғыз рет шық-
па саң: – Айда, кет! Ат айдау не теңің, бақшаңа түскен еш кі-
ні айдап ал! – деп жаяу қуып жіберері хақ. Ол кісіден бə рін, 
тіпті барлық көзжұмба əрекетті күтуге болар еді. Сон дық-
тан да өл десе – өліп, тіріл десе – тірілуге əзір тұруға да-
йын мын. 

141
Аттың сыры иесіне мəлім, қалың алабота, кендір араласа 
өскен шөп-шалам басып, төбесі мен мұржасы ғана қыл ти  ған 
қыстақ  сонадайдан  көзге  шалынса  болды,  қамшыны  баса-
мын. Өйткені иесі жоқ үйге Мұхтар ағаның бəрінен бұ рын 
жет кі сі келетінін, ал бұрын жетіп алған соң, бишігін сарт ет-
кі зіп рычагқа іліп, қобдидан не бізін, не машина болтын бұ-
рай тын кілтін асыға алып, иен үйге қарай тұра жү гі рер əде ті 
əлі  қалмаған,  тіпті  ғұмыр  бақида  қалмайтын  шы ғар.  Бə рі-
міз ден бұрын жеткенде, ешқайсымызды ма ңай лат пай, тіп ті 
аттан түсуімізге тыйым салғанда, Мұхтар аға ның, иен үй ден 
не қарайтыны, не істеп, не қоятыны біздер үшін шешуі та-
былмас жұмбақ күйінде келеді. 
Міне,  бүгін  де  Көбентауы  қыстағына  елдің  алды  болып 
жет  тік.  Бұл  жер  жаннат  секілді  əдемі  тау-текше  еді.  Үл-
кен  тө бе нің  дəл  бауыздауынан  сұп-суық,  ішсең  тіліңді  зыр 
еткізетін бастау ағып шығып, көгілдір тартқан көлге құя тын. 
Көлдің шеті батпақты, қопалы емес, шымдауыт ны ғыз. Мұх-
тар аға сүйекке сіңді əдетіне басып: – Др-р-др, – деп кө лік ті 
тоқтатты  да,  бишігін  сарт  еткізіп,  рычагқа  іле  салды.  Осы 
жолы  орындықты  сақ  еткізіп  саспай  түсті  де,  темір  қоб ди-
ды ақтарып, үшкіл бір темірді тауып алды. Асықпай те ме кі-
сін тұтатты. Осы кезде ентелеп, аттарын қатты айдап, қал ған 
шөпшілер де бірдемеден құр қалғандай келіп-ақ қалған еді. 
Мұхтар аға жақтырмай бетін тыржита қарады да, оң қо лын 
көтеріп: «Хала-лау!» – деп  ақырды.  Барлық  машинис тер 
командирдің  бұйрығын  естігендей  селтиісіп-селтиісіп  қалт 
тұра  қалды.  Аттар  танаулары  пырылдап  ентігеді.  Кей бір 
ашқарағы  тізгінін  жұлқа  тартып,  шөптің  басын  шалып  ты-
қыр ши ды. Атшы балалар бет-аузына үймелеген шыбын-шір-
кей ді қуып, пысынап отыр. Мұхтар аға сол оң қолын көтерген 

142
қал пы: «Мен шыққанша, бірің аттап басушы болмаңдар», – 
деп,  иен  қыстаққа  сып  етіп  кіріп-ақ  кетті.  Бірақ  осы  жолы 
көп айналды. Дөшен деген түйдей құрдасы бар-ды. Мұхтар 
аға ның  жеті  атасынан  түсіп  балағаттап  отырды  да: «Ей, 
Ораш, – деді маған. – Ақырын баспалап барып қарашы, ана 
ит не істеп жатыр екен». 
–  Бармаймын,  қорқамын, – деп  едім,  машинистер  жан-
жақ тан ұлардай шулап қоя берді: 
– Қорықпа да саспа, біз бармыз, – деді Дөшен шіреніп. 
– Бəрімізге əлі жетпейді. 
– Ода тұрған не бар. 
– Сайтанның қызымен қызығы болып жүрмесін. 
– Шынында да, жалғыз өзі не істеп жатыр? 
– Өстіп атты да, өзімізді де шыбынға талатып тұра бе ре-
міз бе? 
– Төрт көзіміз түгел кіріп барсақ қайтеді? 
Міне, осы секілді сөздер құлаққашты қылған соң, аттан 
керенау түстім, бірақ Мұхтар ағаның артынан аңдып ба ру ға 
жүрегім дауаламады. 
– Басқа баланы неге жібермейсіздер, мені көре қа лып ты 
ғой, – деп əрі-бері қиқаңдап едім, Дөшен зекіп қорқыта бас-
тады. 
– Егер бармаса, біз ауылға кеткен соң, бəрің жабылып ор-
ман да ғы қарағайдың біріне байлап тастаңдар, аюдың жем ті-
гі болсын. 
Мен,  шынында  да,  сескенейін  дедім.  Бұл  Кө бен та уын-
да аюдың бары рас. Күндіз шөп орып жүргенде, түн де ғана 
жапалап  кеткен  қиынан  аттарымыз  қорс-қорс  үр кіп,  маза-
мызды  алатын.  Төрт  ат  жегілген  машинаны  басқа  ба ла ға 
тапсырдым да, бойлап өсіп кеткен қалың шөптің арасымен 

143
баспалай  еңбектеп,  қыстауға  жақындадым.  Басқаларда  үн 
жоқ, демдерін ішіне тартып менің ізімді бағып тұр. Жү ре гім 
дірілдеп, бейне бір жау жағына өтердей шошып-ақ ке ле мін. 
Егер Мұхтар аға біліп қойса, осы қазір асқар таудың ба сы нан 
төмен – анау көк мұнар астындағы ауылға домалатып жі бе-
ре рі рас-ты. Өлдім-талдым дегенде үйдің іргесіне ілін дім-ау, 
əйтеуір.  Қолым  мен  бетімді  шөп  тырнады.  Оған  мəн  бе ріп 
жатар  мен  емес,  есіл-дертім  қожамның  көзіне  түспеу.  Иен 
үй дің  айқастыра  ағаш  тақтай  шегелей  салған  терезесінен 
ақы рын сығаладым. Міне, қызық. Мұхтар аға иен үйдің бұ-
рыш-бұрышын, жабық саңылауын, мəтке ағаштың, сы лан ба-
ған қарағай қабырғаның ырсиып, ашылып, жарылып, айры-
лып кеткен жерін, ескі пештің сау-тамтығын қалдырмай, бит 
қарағандай қарап жүр... Қолындағы үшкір темірмен шұ қып 
тұрып  бір  нəрсе  іздейді...  Содан  кейін  жертөленің  қақ па-
ғын ашып астына түсті. Мен таң-тамашамын. Мұхтар аға не 
іздеп  жүр  екен...  қызық...  белгісіз  затқа  құмарлық,  əй те уір, 
жоқ дүниені іздеу жеңсігі мені де жеңдей бастап, мой ным ды 
тырнаша соза беріп едім, ол қарғып қайта шықты. Үсті-басы 
былғанып, өрмекшінің торы жабысып қалған екен, қақ ты да, 
шырт еткізіп түкіріп тысқа шықты. Үйге кірерде көл де нең-
көлденең қағылған тақтайлардың біреуін теуіп кірсе керек, 
шығарда екіншісін теуіп ұшырды. Менің аузым аңқиып оты-
рып  қашып  үлгермедім.  Аттарға  Мұхтар  аға  бұрын  жет ті. 
(Р.S. Мұхтар деген есімге ағаны қосып айтпасам, күні бү гін-
ге дейін таяқ жейтіндей сескенемін). 
– Ораш қайда кеткен? – деді зілдене. 
– Мен мұндамын, – дедім шөп арасынан шошайып. 
– Неғып жүрсің?.. – Көзі бұрынғыдан да алайып кетті. 
– Дүзге отырып... өз тапқырлығыма өзім риза болдым. 

144
– Тапқан екенсің отыратын уақытты. 
Шөпшілердің бəрі жамырай күлді. Мен лып етіп атқа мі-
ніп үлгердім. 
– Өзің не бітірдің? – деді Дөшен. 
– Онда сенің шаруаң болмасын, – деп Мұхтар кесіп айт-
ты. – Мен де дүзге отырдым. 
– Сен дүзге емес, үйге отырдың... Балалар қалай ұйық тай-
ды. – Дөшен тайынар емес, мұндай ерлікке таңғалдық. 
–  Айда,  сөзді  қойыңдар.  Хала-лау! – деп  дауыстады 
Мұх тар  аға.  Сол  команда  естілісімен,  қыстаудың  айнала-
сын тал қа нын шығара жапырып шауып тастадық та, аттар-
ды шеш тік. Осы мезетте күн де ұясына батып бара жатқан. 
Тау  дың  кеші  қысқа  болады.  Машинистер  аттарының  айы-
лын тартып, құйысқанын салып ойға – ауылға аттанар ал-
дында, Дө шен мені далдалау жерге шығарып алып, Мұхтар 
аға ның иен үйде не істеп жүргенін сұрады. Мен бəрін ай-
тып бердім. 
Ертеңінде түсте көлдің жиегіндегі пішенді шауып, та мақ-
та нып  отырғанбыз.  Дөшен  жөткірініп  алды  да,  əңгіме  бас-
тады. 
– Əй, құрдас, – деді Мұхтар ағаға. – Осы сен иен үй мен 
қорадан шұқылап не іздеп жүресің? 
– Оны қайтесің? – деді ол. 
– Бірге іздесейік дегенім ғой. Жалғыз өзіңе бəрібір тап-
тырмайды. 
– Оны көрген кім?! Қайсы əкең... Менің ізімді аңдыған?! 
Зəрем  зəр  түбіне  кетті.  Дөшенге  жаутаңдап  қарап  едім, 
ол  мығым  отыр  екен.  Мұндай  қуанбаспын  ба,  жігіттер  бір 
ауыздан: 
– Бəріміз! Көрген бəріміз! – деп шу ете қалды. 

145
Мұхтар аға амалы таусылғандай, жақ сүйегін бұл тың да та 
ет шайнап үнсіз біраз отырды. Содан соң: 
– Халалау! – деді тісі ақсиып. – Халалау, сендер де қы-
зық сың дар! «Не іздедің...» так, сондай да сұрақ бола ма екен. 
Қойшыларда  ес  бар  ма,  жайлауға  көшерде  жау  қу ған дай 
асығады.  Иə,  асығып  жүрген  қойшылар  бір  нəр се сін  ұмы-
тып, қалдырып кетуі мүмкін. Ал мен оны тауып аламын, біл-
дің дер ме?! 
– Астапыралла! – деп Дөшен жағасын ұстады. – Не деген 
тіміскілеген ит едің. 
– Əй, – деді Мұхтар аға, – Бас жаққа барыспайық. Өзім 
тауып алсам деп қызғанып тұрсың-ау.
– Тфу! 
– Тфу! 
– Тфу! 
–  Кім-кімнің  түкіргенін  білмеймін,  есімде  жоқ,  əйтеуір, 
апай төс Мұхтар ағам көз алдымда өз-өзінен кішірейіп бара 
жатты. Кішірейіп... 
* * *
Көп жылдар өтті. Өстік, ержеттік, қазіргі биікке шықтық. 
Анау  бір  жылдары  ауылға  қанша  рет  барып  жүрсем  де, 
Мұх тар ағаны жолықтыра алмап едім. Биыл көрдім. Дү кен-
нің алдында автобус тосып тұр екен, барып есендестім. Бұ-
рын ғы дай емес, бұйығы тартқан. Қартайған. Алақандай ала 
кө зі нің айналасы торланып, оты суала бастаған. Алпамсадай 
дене  қушиып,  тек  ірі  сүйектер  ғана  киім  астынан  шо ды ра-
йып-шодырайып шығып тұр. 
– Халіңіз қалай, Мұхтар аға? 

– Жүрген ғой. 
– Алтынсары жеңешеміз қуатты ма? 
– Жүрген ғой. 
– Мұхтар аға... 
– Ау, інішек. – Бір түрлі қырсықтанып жауап берді. 
– Сіз осы баяғыда... Мен ат айдаушы болып... 
– Саған қол жұмсаған жоқ едім ғой, шырақ. – Сескене қа-
рап, ары ысырыла отырды. Мен еріксіз күліп жібердім. 
– Жоқ, аға, мен оны айтайын деп емес, сонда сіз ескі үй, 
иен қорадан жалықпай, шаршамай іздеп жүргеніңізді тап ты-
ңыз ба? 
Мұхтар аға түйіле ойланып біраз отырды да: 
– ІІІырақ, – деді маған тура қарап, – соғыстың ит ті гі нен 
қара  танымай  қалған  мені,  жаман  ағаңды  былай  қой ған да, 
өзің... білім, атақ, дəреже қуып, жер-жаһанды аралаған мына 
өзің...  іздегеніңді  таптың  ба? – деп,  орнынан  атып  тұ рып 
кетті... 
Ал, ағайын, сіздер ше?.. Таптыңыздар ма?!

Екінші бөлім
y
ƏЅГІМЕ 
ЌАРЛЫЄАШТАРЫ

148

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет