ҚАМШЫГЕР
Ай астында: Қан жылап жетімсіреген қараша үй қал ды,
қара жамылған жесір əйелдің мұңдықты басы қалды.
Ай астында: Марғауланып ер мен елдің осыншама ер ке-
лі гін, осыншама қасіретін мамырстан кеудесіне сый ғы зып,
қа зақ тың күреңселі даласы жатты.
* * *
Түйетастың аңғарынан аңырап жел соғып тұр. Атты кі сі -
ні аударып түсіретін қызыл еспе – ерніңді сортаңдатып со-
рып, ке бір сі тіп тастайтын қызыл еспе. Екі жағы найзадай
шан шыл ған, тіп-тік жалтыр көк тасты құздың ортасы аша-
майланып, шыңырау шат боп біткен-ді. Шатқалдың дəл те-
рең дей жеткен табанында салба-салба самырсындар бар. Са-
мырсындар ақ көбігі аспанға атылған Шарықтыбұлақтың екі
жа ға ла уын қуалай өскен. Əлгі аңызақ өкпек жел осы ұң ғы-
ны өзек тей кеп, осынау шаттың бітер аузына кептеле шө гіп
қал ған қара тасқа бар пəрменімен соғылысатын. Алып қара
тас тың сыртқы пошымы жампозға тым ұқсас. Сондығы ма,
ке йін келе Түйетас атанып кетті ғой. Түйетастың құ бы ла сын
иектей жұпыны ғана қараша киіз үй тігілген-ді. Тасты ық тап
отыр ған дық тан, бұл үйді аңырақайдан соққан аңызақ шала
алмайтын. Үй жалқы ғана. Көз көрімде ел жоқ: тек ұзын со-
нар қож-қож тастар, сойдақ-сойдақ қарағайлар, алапат тау-
лар ғана қаумалай қоршап, күргейлеп тұрады. Қараша үй дің
172
ма ңы нан ербең еткен баланы да, өріп жүрген жетім лақ та
көр мей сіз. Өне бойы өгейсіп, мынау жер-жаһанда аласта-
лып, алыста қалғандай: үн-түнсіз ағараңдайтын шалғайдан.
Қараша үйден кейде қолында құманы бар бөкебайлы əйел
шығар еді, шығар еді де қаздаңдай басып Ша рық ты бұ лақ тан
су алар еді. Су алған күйі үйге қайта кіріп, жоқ болар еді.
Бұдан соң оның төбесін қайта көрмейсің. Жым-жырт... меп-
меңіреу тыныштық ұйып, қаймағы бұзылмастан мел шие ді-
ау келіп. Аңғарды құлазыған өлі тыныштық жайлайтын...
Өлі тыныштық жайламайтын кейде. Құлаққа Ша рық ты бұ-
лақ тың арсыл-гүрсіл арыны, əупілдектің əні шалынатын;
мұ рын ға боз көденің иісі келіп қытықтайтын, тау қыз ғал дақ-
та ры қызықтыра мен мұндалайтын. Қазір тау қызғалдақтары
жоқ-тын. Күз ғой, солған, қуарып қалған... Қазір боз көденің
жұ па ры да сезілмейді. Күзгі таудың шөп-шаламы қаңсып,
қол қа ны алады.
Қараша үйдің белдеуіне кейде тұрықты, есік пен төрдей
баран ат байланатын. Қызыл іңірден намаз шамға дейін суы-
нып, сонсын үйдің ар жағындағы көкорайға арқандалатын-
ды. Атты жауырыны еңкіштеу келген еңгезердей атанжілік
адам арқандайтын. Бұдан соң қараша үйдің жыртық-те сі гі-
нен жылтылдаған от сəулесі, түндігінен сыздықтап болар-
болмас түтін шығады. Түйетастан лық етіп оқыстан асып
қал ған қоңылтақ самал қараша үйден қаңғырып шыққан жас
ет тің иісін лып еткізіп іліп ала жөнелер. Қараша хананың
есі гі үркер тас төбеге көтерілгенде ғана сыңсып ашылар,
сың сып ашылар да, бағанағы дəу жігіт шығып айға қарап
есі неп, өңкеңдей басып атқа барар еді. Маңайды самарқау,
бі рақ жіті шолып шығар да, дəрет сындырып алады. Сонсын
қа ра ша үйге үш бүктеліп қайта кірер. Ештеңе болмағандай
173
тау мүлгіп тұр... Көк күмбезінде ай зытып барады. Айқай-
шусыз момақан тыныштық. Қараша үй де, қара көк аспан да,
қа ра уыт қан тау мен қара барқын орман да – бəрі-бəрі бір сəт
ұйық тап кетеді. Ұйқысы қандай керемет дейсің...
Керегеде салбырап ілулі тұрған бұзау тіс он екі өрім қам-
шы ның ұшынан сүт ағып тұр?.. Сүт тамшысы тұп-тура төр-
де жатқан жігіттің көз ұясына құйылады. Жып-жылымшы
əрі саумалдай дəмді мəйектің қайдан ғана шыпылдап шы-
ғып тұрғаны беймəлім. Əйтеуір, жезбен орамдап, тас қып
тү йіп тастаған ұшынан мөлт етіп ағады да, жігіттің көзіне
сырт етіп үзіліп түседі. Бір қызығы бағанағыдан бері сор ға-
лап тұрғанымен, көзін дымдап ашытқан емес. Құмға сің ген
судай жоқ болады. Ол аз дегендей сүйсініп, осынау оқ шау
құ бы лыс ты хош көре қызықтағандай тырп етпестен, қы мыз
ба деп қыбы қана сүйсініп қалған. Іргесінде албырап, таң
ал дын да ғы тəтті ұйқы меңдеп, түшіркеніп-ақ жатқан əйе лі-
не осы ғажайыпты айтпақ боп бұрылайын деп еді, шегелеп
тас та ған дай аунай алмады. Екі-үш рет: «Қамқа, əй, Қам қа!» –
деп дыбыстап та көрді. Өндіршегіне оқтау тығып тас та ған ба,
үні шығар емес. Қамшы ұшынан шыққан əлгі сүт əлі де то-
лас та ма ған. Енді көз шарасынан құлдилап ерінге тамшылай
бастады. Жігіт жұмған аузын ашпастан қалың дүр дік ернін
жым қы рып көп жатты. Көп жата да алмады. Не де болса дə-
мін татып көрейін деп аузын ашып еді, қып-қыш қыл қан дəмі
таң да йы на тақ ете қалды. Адамның қаны ма, мал дың қаны
ма, айыра алған жоқ. Өне бойы мұздап салды. Селк етіп аса
бір сасқан қатты шошыспен көзін ашқанда, уық ты қуалай бе-
ті не тамған суды сезді. Атып тұрып тысқа шы ғып еді, түн ор-
тасында ғана шөкімдей бұлты жоқ, айнадай тап-таза аспанды
сұп-сұр бұлт сықастыра құрсаулап ал ған екен. Рахман ақ жа-
174
уын үнсіз сіркіреп тұр. Арқандағы баран ат сүңгілесіп, сал-
пиып қара торы боп кетіпті. Оттамастан басқа ұрғандай мүл-
ги ді. Шарықтыбұлақ шанағынан асып-тасып жатыр.
Тау іші бұрынды-соңды болмаған бір сұрқай сұсты күй ге
енгендей, мазасыз қоңыр күздің əупірімді ырқына көн ген-
дей, өзгеше бір қоңыржай жуастықпен мойынсұнады нө пір
нө сер ге.
Садақбай арқаннан ағытып, етек-бұтақтары айгөлектене
кең, мол біткен самырсынның түбіне байлады атын. Киіз үй-
дің ір ге сін де су боп жатқан ер-тоқымды ала кірді. Қамқа ты-
рапай асып əлі ұйықтап жатыр екен. Тəмпіш мұрны пыс-пыс
етеді.
– Тұрсай! – деп шаптыға айқайлады ері.
Садақбай дастарқан үстінде де танауы қусырылып, тоң-
торыс қысастана отырған. Əйелі түннен қалған еліктің етін
жылытпалап əкеп алдына қойып еді, бір іліп аузына салып
талмады да: «Қыл-қыбырын тазаласаңшы», – деп кепиетси
ысырып тастады. Өзге тағамдарға да зауқы шаппады бі лем.
Қалың түйе жүн шекпеніне тас бүркеніп жатып қалды. Көп
жата алған жоқ-ау, əлдекім бас салып тұншық тыр ған дай ,
өз-өзі нен булығып, быршып, үстіндегі шекпенді ауырсына,
ша мыр қа на сілкіп жіберді. «Уһ! Пəруардігер-ай!» – деп, кү-
ңі ре ніп қатты күрсінгенде, қараша үйдің түндігі желп ете
түс кен дей болды. Қамқа күйеуінің ықылымнан бері мұндай
кү йі ніш ті күйін көрмеп еді. Аң-таң. Жөн-жосығын сұрауға
батылы барған жоқ. Аш арыстанша дөңбекшіген ашулы Са-
дақ бай дың сықпыты бейне кісі өлтіргендей түтігіп отырған
соң, жүрегі дауаламаған.
– Қамқа! – деді арыстай денесін керегеге сүйеп. – Қам шы
қайда?
175
– Бас жағыңда ілулі тұр ғой.
– Салбыратпай алып тасташы!
– Неге? – Ол күйеуінің бұл қылығына есі шыға та ңыр-
қа ды. Садақбайдың аласапыран пəруай жүзіне сұрақты ке-
йіп пен тосырқай қарап тұрды. Қарап тұра беруге шы да ма ған
дəт шіркін. Қамшыны еппен алды да, босағада жатқан ер-
то қым ның қасына тастай берді. Садақбай отсыз шүңгіл көзі
кір ти іп, əмісе серік санап келген қамшысына қимай шаншы-
ла қарады. Бұзаулы сиыр беріп өрдірген қамшысы тағынан
тү сіп, пұшайман болып қалғандай сезінді. Он екі өрім бұзау
тіс қамшының осы шаңырақтың толайым тірлігін арқалап
келген есіл еңбегін ұмытқысы келді-ақ. Бұл қамшының көзі
жо ға ла қалса, ертеңгі күні талшық етер малды қалай таба-
рын есіне алғысы жоқ. Көзін жұмды. Бəрібір көз алдында
кө лең деп-көлеңдеп қамшы тұрды. Бейқарар тірлігінің тұз-
ды ғы дəл қазір алай-түлей жан дүниесімен жараспаған... Ол
бейнеқақ қамшы жазғанды талақ тастап отыр. Талақ тас-
та ғы сы келгені аузынан қан дəмі кетпейді. Бүк түсіп қай та
жы ғыл ды. Түс əлетіне дейін тұяқ серпіп, оң жамбасынан
ау на ма ған, ұйықтап жатыр ма, ояу жатыр ма, оншасы бел гі-
сіз. Садақбайдың мұншалық тоқайрауы Қамқаны бөтен ойға
итермелеп, іштей əбігерін шығарды. Ақырдағы кешеден
қалған еліктің етін жүн-жұрқадан арылтып та біткен. Бұ дан
соң жайымен сырт-сырт жанып жатқан жер ошақтағы отқа
мұңдана телміріп, ауыр... тым-тым ауыр тұманды ойға бат-
қан. Ол тұңғыш рет жалғызсырағандай, ию-қию мол ауыл-
ай мақ ты сарыла сағынғандай сазды көңілде сезінді өзін. Ая-
дай есіктен бес-алты жігіт сау ете қалғанда ғана, есін жиды.
Тү йе тас тың арғы бетіндегі Қаратай жігіттері екен. Үсті-бас-
та рын қағынып, қақырынып-түкірініп дабырлай кірісті.
176
– Садағаң қайда? – десті төр алдында аюдай сұлап жат қан
Садақбайды байқамай.
– Жатыр ғой.
– Сырқаттанып қалды ма?
– Соны өзім де білмей отырмын.
– Садаға, а, Садаға! Не болды? Бір жеріңіз ауырып қал ды
ма? Біз ғой. Басыңызды көтермейсіз бе?..
Ол басын көтерген жоқ:
– Бұл қайсың! – деп ашулы гүр етті.
– Інілеріңіз ғой. Күз де туып қалды. Əлгі келісім бо йын-
ша, Абақ, Керей жағына шығып қайтайық па деп келіп қал-
ған едік.
– Қайта беріңдер! Бүгін жол болмас.
Жігіттер тым-тырыс аттанып бара жатты.
Садақбай екі ойлы. Түндегі түсін: «Қатынға айтып жо-
рытсам нетеді», – деп оқталды да: «Ой, ол не біледі дей-
сің?» – деп іштей іркіліп қалған. Есінеп-құсынап бейжай
мүл гіп отыр. Сонсоң:
– Əй, Қамқа! – деді. Даусы тарғылданып шықты. – Сенің
де жатырың кеуіп қалды ғой! – Түйеден түскендей сөзді
шынымен-ақ сен айттың ба дегендей, екі көзі мөлдіреп, дел-
сал состиып тұрған Қамқаға жалт бұрылып:
– Шақыршы əлгі жемтік аңдыған немелерді! – деген тағы
да. Шығып бара жатқан əйеліне қажыспен аяй қарап қал ды.
«Апыр-ай, маған не көрінді бүгін...».
* * *
Алтайдың иығына шыққанда, айдын шалқар көл кө рін-
ді. Айнакөл. Көлді жағалай мамырлап қонған ығы-жығы ел
177
екен. Ителгі – Керей елі алақандағы асықтай боп ап-анық кө-
рін ді. Кермеде жеті-сегіз ат байлаулы тұр.
Қой сауып жүрген бірлі-жарым ақ жаулықты əйелдер бол-
маса, шошаң еткен айыр қалпақты шалынбайды. Шы қар да ғы-
лар бұлар тұрған тауға оқыстан қарап қалса, осынау топ тың
бар қарасын ап-анық байқары хақ еді. Абиыр бол ған да иек
көтерген халайық болмаған-ды. Қай-қайсысы да қой бор ба-
йы на тас кенедей жабысып, тұқшың-тұқшың соз ғы лап отыр
ем ше гін. Садақбай бүктеп ұстаған қамшысын əн тек сермеп
қал ған да, артынан ерген алты жігіт жалақ төс кей дің шақ пақ-
шақ пақ қызыл қойтасын сусытып, жітірмелете ылдилады.
Көл ернеуіндегі жынысқа əп-сəтте сіңіп, жоқ болып ке тіс ті.
Қас қылғандай күзгі аспан шаңқай ашық еді бүгін. Талма-
тал түсте қапылы, бес қаруы сай отырған елге солақай ки лі гу
көзсіздік əрі амалдың жоқтығы-ау.
Лықып жақындап кеп, жер астынан шыққандай жеті жі гіт
тұс-тұстан андыздай лап қойды.
Көлдің су жайылған қалың қоғалы шалшығында пыр-пыр
жүзіп жүрген жылқы, қырымнан қиқу таянғанда, дүр етіп,
жапырыла жөнелген де, бет-бетімен лағып кеткен-ді. Көл-
ге тұйықталып, шұрқырасып қалған бір үйірді алты жі гіт
тырқырата қаумалаған күйі, дыбыс шығармастан Мар қа ның
шыңайтына тықсыра қуды. Ішінде жауырыны жазық тақ тай-
дай мамалары, ойық желке, көкшіл бас қысыр тайы мен құл-
жа бедеу, қаз мойын пырақтары бар Керейдің келісті көрме
иық жылқылары құрықты қолға тез көне қоймады. Көбісі
қа йы ру бермей, қабырғасымен соғып жалт-жалт берісіп, се-
ті ней бастаған.
Садақбай ауыл жақты қарауылдай байырқалап қалған-ды.
Жі гіт тер дің анау бос белбеу пəстігіне қаны қайнап, шиыр -
178
шық атып тұрған. Ауыл жақтан аттаншы шықпаса, өкпе тұ-
сы нан өзі килігем бе деп еді:
– Қаратайлар! Қаратайлар! – деп аттандаған айқай-шу ес-
тіл ді. Енді бір мəурітте өзіне қарай қапталдап, қаптай ша уып
келе жатқан бес-алты аттыны көрген. Қаймыққан жоқ. Сас-
пады. Марқасқадай қасқиып қарсы алды. Асығыс атқа қон-
ған дық тан ба, Ителгі жігіттерінің қолында шоқ пар да, со йыл
да жоқ, құр қамшылары ғана бар екен. Са дақ бай дың құ да йы
тіпті жасап, мерейі шамырқанып-ақ тұр. Қар сы дал бақ та ған
топты, жалт бұрылып ағындарымен өт кі зіп жі бер ді. Өтіп
кеткен соң, қырғидай шүйлікті қыр жел ке ле рі нен. Ор қоян-
дай ойнап, сақ-сақ күліп, Ғайып ерен – қырық шілтенің пі рін
шақыра, езуі көпіршіп, топтың топанына бір араласып шық-
қан да алтауының бірдей қамшысын сарт-сұрт жұлып, та қы-
мы на қыса кетті. Атын жайтаңдата жорғалатып дөй да ла ға
жы рақ тан ды да, бұлаңдаған алты қамшыны бірдей ал дың ғы
қан жы ға сы на байлап үлгерді. Марқаға қиястай тартқан се-
рік те рі не көз тастап еді.
Алдарында қылқұйрық қалмаған алты азамат астыртта
болып жатқан майданды қызықтағандай ошарылып тұр ға-
нын болжады. Анау қырда тұрған алты азамат мұндай қан-
құй лы майданның талайын көрген, бірақ мынандай ға жа бын
көр ген емес. Алдына сап берген бар жылқыны быты ра тып
алды. Садақбайға не бетімен көрінеді!
– Үй, қолаба ынжықтар-ай! – деп, тісін шақыр-шұ қыр
қай рап, ақырып жіберді. Ақырып жіберді де, қамшыдан
айры лып пұшайманы шыққан жігіттерге тап берді. Олар құр-
дан-құр, бет-бетімен есі шыға тырағайлап барады. Еті қы зып
ал ған ат ауыздығын қарш-қарш шайнап, еліріп сүзе жө не ле-
ді, билейді. Оның торғайдай тозып, талапайы шыққан топ қа
алаң да май, тіке тартпақ ниетін оң жақ бүйірден:
179
– Тоқта! Қатынбысың қашатын! – деген тəйтік дауыс саңқ
етіп, шорт үзген. Астында кермаралдай керілген шандоз аты
бар, əлеуетті жігіт ағасы шатынай ұмтылды бұған. Азу тісі
ақ сиып: «Жаһаннамға жіберейін!» – деп, зікір сала те біт ті
Са дақ бай ға. Екі көзі ақықтай сүзілген, ішіп-жеп барады. Қо-
лын да күрзі, Садақбай шынымен-ақ сескеніп қал ды. Енді
тая ған тықырдың кімнің пайдасына шешілерін ба ғам да мас-
тан, бұ да ілгері мінбелеген-ді.
– Сойылмен жер жастандырайын! – деп, аузынан жалын
ата, күрзісін білемдей берем деген керейліктің қасқа маң-
дай атын кеңсірігін ала осып жіберді. Қамшы қиястай тиген
екен. Құйқа терісі бір елідей боп қан-сөлсіз ырсиып, ар жа-
ғын да ғы сүйегі ағарып қалды. Ауырсынған ат шыр кө бе лек
айналып жүр. Осыншама алапат шапшаңдықты күт пе ген
Ител гі боздағы, атының басына ие бола алмай, далы шы ғып
құр-құрлайды. Садақбай қалқан құлағын жымқыра, са ма йы-
на қисайып қалған шытын қайта бір түзеп алды. Қайта бір
тү зеп алды да, құрақ ұшып, ұршықтай иірілген ат жігіттің
астаудай жонын өзіне енді бір қаратқанда, қамшысын жəне
бір сілтеді. Тері желеткенің қарс айрылып кеткен ұзынша сы-
зы ғын қуалай аққан қап-қара қан ат сауырына тырс-тырс та-
мып тұр. Ендігі сəтте керейлік ат-матымен омақаса құлады.
Садақбай қамшысына сүйсіне қарап, ауаны ысқырта
оңды-солды осқылап алды ғой. Ілгері қарай жедеғабыл тар-
та жөнелді.
* * *
Ол Марқаның жонын асып түскенше мелшиіп жұм бақ ты
күйде келген. Бағанағы айқаста қозған жыны əп-сəт те сап
180
болып, жүні жығыла қалған. Жігіттер де лəм дей алмай, өз
ос па дар лық та ры на іштей қиналыңқы, ту ит ар қа сы қиян нан
ат арытып келгенде, саусақты мұрынға ты ғып құр қол қай-
ту ар қа ла ры на аяздай батпайды дейсің бе? Дегенмен, үл кен
бір орашолақ əбестік жасағандарына қи на лыс тан гөрі, Са-
дақ бай дан қаймығу, ұялу басым секілді. Жол бас шы ла ры ның
бұ лай ша сыздана, жағының кірісін ашпастан қа һар лы жү рі-
сі нен қамшысымен бір тартқаны жеңілдеу ме еді. Бі рақ осы-
лар сол бір сілтенген қамшыдан қала қояр ма?..
Сыпыра ылди бітіп, қалың қарағайлы жүндес жоталар ба-
сталды. Сайлауға келгенде Садақбай ат басын тежеді. Жапа-
тармағай түсті де, аттарды бірінің құйрығына бірін шылбы-
рынан байлап дөңгелентіп қойды.
Садақбай əлі үнсіз отыр. Сырт киімдерін аспай-саспай
ше шіп былайырақ қойды. Сонсоң талып, салбырап қалған
қа рын алақанымен мыжғылап, қолын ары-бері сілкілеп, қа-
йың ның безіндей беріш бұлшық еттерін бұлтың-бұлтың ой-
нат қан. Түртпектеп жүріп жерден ағаш тауып алды. Қар ма-
нып пышағын іздеп еді, қыны бос екен.
– Тфу, атаңа нəлет! Пышағым ет жеген жерімде қалып қо-
йып ты, – деді бұлқан-талқан ашуланып.
– Садаға, менікін алыңыз... – деп, алтауы бірдей шо шаң
қағысып пышақтарын ұсынып еді, қай бұрынын алып, қо-
лын да ғы жаңқаны үшкілдеп ұштады. Тісінің арасын шұ қы-
ды. Тілге жаңа келді.
– Сендер мені осы жерден күтесіңдер.
– Сіз қайда барасыз?!
– Керейден тігерге тұяқ алмай кері оралу – туасымда жоқ
ырым.
181
– Біз де барамыз. «Аузы күйген үріп ішер» деген. Енді
бе рік болармыз, Садаға, – деп əлденеден құр қалатындай жа-
мырасты жігіттер.
– Жоқ. Үйірімен жылқы алдырмайды олар. Сақ отыр.
Мен кү зет шінің шідердегі атын ұрлаймын, – деді тісін шұ-
қы ған күйі.
– Апыр-ай, Садаға. Біз де ерсек қайтеді, – деп үздіге та -
қым да ған жігіттерге:
– Қауқарларың қатындарыңа жетпейтіні бар, құй рық та-
рың ды қыспаймысыңдар. Қайта шабу не теңіміз, – деп қат ты
қайырып тастады. Өзі атқа қонды.
Күзгі аспан сынаптай толықсып, аумалы-төкпелі боп тұ-
ра ды. Əлгінде ғана балық көз бұлт жоқ əуе əп-сəтте-ақ тұ лан
тұтып, түнере қалған. Құбыладан жел тұрды. Қарағай басы
сусылдап, дүние əлем-тапырық күйге көшті. Жел ту лат қан
ай на көл дің толқыны жағалауды былш-былш ұр ғы лай ды, бі-
рін-бірі қуып жарысады.
Садақбай баранды қарағай түбіне байлап, шідеріде тұр-
ған аттың қарасын көздей сақ аяңдап келеді. Тың тың дап
еді, құ лақ қа ешбір дыбыс шалынбаған. Толқынның шолпы-
лы, жел дің ызыңы ғана меңзеп тұр. Ат қайыру бермей, бір-
та лай ға дейін бөксесін тақап, қиястанып əбігерін шы ғар ды.
Бұ лай ша қа шан ғы байырқалауын күтіп жүргенде, уақыттан
ұты ла ты нын сезген соң, атты қыл құйрығынан шап беріп ұс-
тай алды да, тұқыртып баса қойды... Ат теппек боп құ йым-
ша ғын бұлғаңдатып шыжбалақтағанымен, бөксесін кө те ре
алмады. Шідерін асығыс ағытып, жайдақ міне берген. Міне
бергенде, мұның жауырына басқа біреу қона берген. Қайдан
сап ете қалғаны белгісіз. Садақбай басын оқыс бұрды. Адам.
Адам екеніне көзі жетті білем, оң жақ қолын қайырып əкеп
182
ту сыртындағы пендені қапсыра қысып, арқасына таңған
күйі атқа қонды. Əлгі бейбақ тырп ете алмай, көкжалдың са-
уы рын да ғы тоқты-торымдай-ақ салақтап кете барды. Былай
ұзап шыққан соң, арқасындағы олжасын жұлқа тартып, жай-
дақ аттың шоқтығына əкеп сұлатты.
– Еліңе айта бар. Садақбай деген қамшыгер мен бола-
мын. Уай, зəу-затыңды!.. Мұншама лақтай салмағың жоқ,
жылбысқы жетесіз болармысың! – Сілкіп тастады сонадай
жерге. Өзі қосағында аты бар, сыпыра құба жонмен сыдыр-
тып барады түн жарып...
* * *
Олар қара обаның кезеңіне ілінгенде, қар аралас жаң быр
жауды. Əмбесінде көзге түртсе көрінбейтін тас қараңғы. Оң
мен солдан тандырып сарсаңға салған түн алпауыты сарын-
сыз, сандалбайға салатын бұлыңғыр; бұлтартпайтын ме ңі-
реу мекиен. Қар аралас жаңбырдың аяғы жаяу борасынға
ұлас ты. Қарсыдан соққан өкпекке қасқая тартып, омырау лай
алмай, ық тай береді аттары. Өңменнен соққан ыз ғы рық қо-
йын ға кі ріп, етек-жеңді емін-еркін қуалап, жағаны жұл қи ды.
Жол қиын дай түсті. Жол дейміз-ау, бағыт-бағдарсыз, осы
маң да-ау деп топшыланған жүріс мандымайды. Ең алда бір
атты мі ніп, бір атты жетелеп алған Садақбай барады. Са дақ-
бай дың далдасымен ұшып-жығылып алты азамат ере ді. Іш-
тей қы пыл дап, мынау жөн-жосықсыз сапарларына илан ба-
ған дай. Сүр леу дің сорабынан бағана айрылып қалған. Ендігі
жү ріс те рі нің нəшіні не? Сенбейді. Сезбейді. Шыдаспады
білем:
183
– Садаға, бұл қай бағыт?! Адасып өлетін болдық қой, –
деп дауыстады.
– Шатастық. Ермейміз бұдан əрі!
Ұлардай шуласып ошарылып қалған жігіттерге Са дақ бай:
– Ендеше, Керейдің иті жесін! – деп, жорта тақымды бір
қысып, алға қарай тарта берген. Қолдан келер қайраты жоқ
жі гіт тер қайта салпаңдасты. Боран үдеп салды. Бет қа рат-
пай ды. Ақ тұман қапасқа айналды. Ет пісірім мезгіл жүр ген
соң ат басын ірікті Садақбай. Ат басын ірікті де:
– Уай, бірің бері келші. Мына жерде менің пышағым бар
ма екен, – деді. Жігіттердің бірі аттан домалап түсіп, Са-
дақ бай құрығымен түртіп тұрған жерді сипалап еді, пы шақ
сабы қолына ілікті. Бұл – бері келе жатқанда төстік қақ тап
жеген Түйетастың иығы еді. Адаспағандарына көзі əб ден
жеткен дір дек те ген топ қамшыгердің піріне мінəжат етіп,
ай құ лақ та на шапты ілгері. Бірақ алда тік құз барын сезген
олар Садақбайды тағы да ілгері оздырып жіберіп, артынан
ерген.
Қамшыгер қалың ойда келеді. Жан дүниесі көкпар тар-
тып жатқандай ию-қию; жан дүниесінде ит ұлып, ел кө шіп
бара жатқандай – ырымы жаман. Алты сан алаштың алдын-
да бас имеген қажыр-қайраты өзгеше бір тəлімді пайдаға
емес, қара қазанның қамы үшін ғана сарп етіліп, бор ке мік-
те ніп құрып, өз-өзінен мүжіліп жатқанын ойлаған. Жортып
өт кен жылдарын зерде таразысына сап салмақтаса, толағай
бас тың көргені көбік шашқан көрікті һəм ерікті күйлі жыл-
дар емес-ті: бір өңкей жарау құрсақ, тас түйін, жоқ-жұ таң
күн дер екен. Бəрі де бүгінгі суішеліктің, ертеңгі көрер таң-
ның қалжауланған қалтыраңқы қам-қарекеттері де. Сы лаң
қақ қан мынау қамшының бүлдіргесі жаңарып тағылған са-
184
йын, соқталы шайқастан сəттілік сағаты үзіліп, ұтылыс тап-
са, анау бүртік өрімдей сандаған адамдардың бас-ар қа сы нан
судай боп қан аққан.
Ал енді өйтпесе – шекіспесе, талшығынан айырылып
қал май ма? Бірақ Садақбай күні бүгінге дейін нағыз қаскөй
жау дың кім екенін ажыратқан жоқ, көрген де емес.
Мүмкін, мынау қазақтың салқар сахарасында зіл-за ла-
сыз торалғы тартыстар болғанымен, жау-дұшпан дегендер
кезікпейтін шығар...
Ол ат үстінде əлі де қалғығандай мүлгіп келеді.
Бұдан былай тозақтың қыл көпіріндей жалғыз аяқ жол
басталады. Төменінде Түйетастың құзары – Суықшат. Бұ-
лар аттан түсіп, жетекке алды. Боранның арыны əлі де қай-
та қоймаған-ды. Аса бір сұңғыла сақтықпен дəлдеп баспа-
са, бұлт ете қаласың. Бұлт ете қалсаң, қия тастан домалап,
сонада – Шарықтыбұлақтың суында жатарсың. Осы өңір дің
тұрғындары Түйетастың қабырғасын жырып салған сүр леу-
ді «Қыл көпір» деп атасатын. Егер жазатайым құлап ке ту ші-
лер болса, «күнəһар екен» деп жоритыны бар.
Алда терте бойы озық келе жатқан Садақбай жол дың
сілемінен жаңылып, оқта-текте қамшысымен түрткілеп
алады. Бопсаланған күпсе қарды дəу табанымен басып
қал ған да, күрт омырылып тайқи жөнелді. Садақбайды іле
кетті...
– Байқаңдар, жігіттер! – деген жалғыз үнді Алтайдың
заң ғар ла ры ғана үздік-создық қайталаған. Сонсоң бұл пə ни-
ді ты ныш тық басты... «Қыл көпірден» арттағы алты бей бақ
қана аман-есен өтіп шықты-ау...
185
* * *
Садақбайдың жарасы ауыр болса да, өз көңіл күйі сергек-
тін. Жарқаштана жарылған басын ырғайлы жібіттіріп құр-
сау лап тастады. Бес-алты қабат шыттың сыртынан буылса
да, шекесін қысып, шыбын жанын шырқырататын. Самай
тамыры оқтаудай боп, білеуленіп, көгеріп шыға келген. Қам-
шы гер бас жарасын сезбес те еді, сол жақ ортан жілігі быт-
шыты шығып, жəнеки оңбай мертіккен-ді. Сынықшы ша-
қырт тыр ма ды. «Пайдасыз болар, олардың қолынан келе қояр
шаруа емес», – деген. Жаңа сойған тоқтының шелілі терісі
арасына қанжапырақ салып орап, құр жіп түгесілгенше, тыр-
тыстырып шандып тастаған. Ауыл арасын алыс демей, аға-
йын-туғандары, Қаратайдың ат аяғы жетер жердегі ақ са қал,
қарасақалдары мен жорық дəмін бірге татқан кө ңіл дес жі гіт-
тер түгелдей кеп көңіл сұраған. Түйетастың енді мекен бола
ал май тын ды ғын, жапан тауда жалғыз жата бермей, есі барда
елін тауып, іргеге көшіп баруын сабақ еткен. Туасы бір бет-
кей, тағы боп өскен қамшыгер азғырындыға оң ықы ла сын
бермеді. Намысына басып:
– Өлсем орным – Түйетас болсын, – деп, бөтен қыр аң-
ғарт қан соң, сырқат апшысын тарылтпайын деп, шолақ қа-
йы рыс ты бұл əңгімені.
Садақбайдың тəні жаралы болса да, көкірегі сайрап жа-
тыр. Жас шамасы өзінен үлкен ақсақалдар келсе, басын кө-
те ріп, сынған аяғын бұлғаңдатып əкеп, малдас құрып оты-
ратын. Малдас құрып мəжіліске көшкенде, сынған санын
бар ма ғы мен қысып-қысып:
– Атаңның аузын ұрайын. Өзі уақ боп сынған-ау, мыжы-
сам күтір-күтір етеді, – деп қарқ-қарқ күлетін. Ауырсынып
186
отыр ға нын қаншама білдірмейін, сездірмейін деп сү йек ке
қарысса да, жазық маңдайына шағаланың қа на тын дай сы-
зат түсіп, тері бұршақ-бұршақ сорғалайтын. Шалдар есік тен
шыға бере, ес-түссіз талып қалушы еді-ау. Қамыққан Қам қа-
ның көзінде таңғы шықтай мөлдіреген жас, ал керегеде ілу лі
же тім қамшы тұратын мұңайып. Өмір мен өлім ара сын да ғы
ас қар алы күрестің куəгері – осылар ғана.
Қамшыгер ит қорлығын тартып ұзақ жатты.
Садақбайдың көңілін арғы беттегі Керей азаматтары да
сұрап қайтқан.
Біреулер қуанған. Біреулер мұңайған.
* * *
Ымырт жамылғанда, сусын жұтты. Қамқаның ұзын қара
шашын сипалады. Еркелетті. Қош көңілмен балаша еріг іп,
жоқтан басқаны айтып, Қамқаны күлкіге батырды:
«Сені тастап, Керейден қыз ұрлайын деп жүргенімде,
мер ті гіп қалдым».
Қалжың айтқан. Сонсоң, мызғып кəдімгідей түшіркеніп
ұйық тап кетті. Қамқаның ақ құба бетіне қан жүгіріп, торыны
арқандауға тысқа шықты. Жұлдыздың аққанына, ме ңі рей-
ген сақау тауға қарайды, əлденендей жақсы үміттің сəу ле сі
жүрегін кезді, торының кекілін тарамдап: «Құтпаным!» –
деп, мойнына оралды...
* * *
«...Керегеде ілулі тұрған он екі таспа қамшының ұшы нан
бір жылы су ағып тұр. Қамшыгердің көзіне тырс-тырс тама-
187
ды. Нұрлы қаяттың суындай мөлдір өзі. Кеберсіген ернін өзі
тосты қамшыға. Ындыны құрып қомағайлана жұтып-жұ тып
жіберіп еді. Тым-тым удай ащы, кермек татиды. Көздің жасы
екен...».
Садақбай кіресілі-шығасылы есін жиды. Өңі емес, түсі
болғанына қуанған жоқ. Қамықты. Күлге аунаған қотыр бу-
радай халді басынан кешіріп жатқанына алғаш рет налыды.
Мұрны пысылдап, Қамқа да көз шырымын алған екен. Сыб-
дырын білдірместен ұмтылып барып маңдайынан иіс ке ді;
ұмтылып барып бас жағындағы қамшыны алды. Бөс тек тің
шеті ашылып қалып, қоң еті күлімсі сасып, қолқаны қап ты.
Бетін тыржита аз-кем жиіркеніп біраз отырды. Біраз отыр-
ған соң, қамшысын таянып жүреледі. Тағы да тынысы ла қат-
та қалғандай тарылып, деміге берді. Кеудесі сырылдайды.
Қамқа тəтті ұйқыда.
Садақбай керегені сықырлатып сау аяғына тұрды. Ақ-
саң дай басып шығар есікке беттеді. Бар қуатын жиып, жар-
ма есікті ашып қалғанда, қарашаның салқын ауасы төр ге
ұмтылды. Киіз үйдің белдеуінен ұстаған күйі, сынық жам-
басын бұлғаңдатып, ауырғанына қарамастан, əр жерде ша-
шылып жатқан өгіздің терісін жиды. Бір жылда ғана барым-
талап əкеп пышаққа іліндірген өгіздің қатып-семіп қал ған
ту лақ-терісін аса ықтияттықпен бірінің үстіне бірін қат та ды.
Үстіне əнейімен отыра кеткен. Жаралы санын шешіп, ала-
қа ны мен қысып қалғанда, илеген қамырдай былп етіп, бе-
ті не саусақтарының ойдым-ойдым табы түсті. Басын шай-
қап жымиды. Атына қарады. Баран иесіне қарады. «И... и...
жануар-ай!». Ендігі сəтте ол жылан шағып ал ған дай атып
тұрған. Əйтеуір, бір тылсым дүлей күш мұны жерден кө те-
ріп алып, құлатпастан демеген, дем берген-ді. Тісін ша қыр-
188
шұқыр от шығара қайрап жіберді. Сонсоң білемдей ұс та ған
қамшысымен қабат-қабат өгіз терісін пəрменімен тартып
жі бер ді. Терілердің қамшы тиген тұсы балтамен шап қан-
дай кесіліп қалған. Садақбай теңселген күйі əлі тұр. Əлі тұр
тең се ліп. Алысқа, тым-тым алысқа, марқажонданған адыр-
лар ға, құба жондарға қарайды. Бір төбенің шаңын бір тө бе ге
қосқан наркескен жылдарын есіне алғаны ма, екі ауыл дың
арасын қиқулатып, бұғалықсыз асауды құр-құрлатқан жи-
ырма бесім, қайдасың деді ме, тіршіліктің мынау қо лын да-
ғы қамшының сабындай келте, сабындай жыл пыл дақ ты ғын
əрі ермен шөптей ащылығын ойлады ма, құйрық-жалсыз
жалғыздығын енді ғана сезді ме... Ол ішек-қарны ақ та ры-
ла, қатты... аса қысастықпен еңкілдеп жылап жіберді. Жы-
лап тұр. Сыңар аяғына ғана сүйеніп еңіреп тұр... Еңіреп тұр.
Сон соң дауыл қопарған бəйтеректей гүрс етіп сұлап түсті.
Бұл не деген ит өлім. Не деген бұл ит өлім. Қамшыгер енді
жоқ...
Машырықтан сарғайып таң атып келеді...
Ол – Садақбайдан өзгелердің таңы...
* * *
Садақбайдың қарысып қалған күрзідей жұдырығын Қа-
ра тай дың мұқым жігіті болып аша алмаған. Қамшысын бі-
лем деп ұстаған күйі, көкпеңбек болып қатып жатыр. Жұ-
мыл ған жұдырықтың түбіне тақалған тұсынан кесіп, қам-
шы ның бы лай ғы жағын алайық деп еді, Қамқа рұқсатын
берген жоқ.
– Артында қалған баласы бар ма, қамшы ұстау қа тын ның
ісі емес. Жан досы ғой, бірге əкетсін өзімен, – деді.
Шариғаттың заңы бұзылып, Садақбайдың қам шы сы ақи-
рет ке өзімен бірге оралды.
* * *
Ай астында: Қан жылап жетімсіреген қараша үй қал ды;
қара жамылған жесір əйелдің мұңдықты басы қалды.
Ай астында: Марғауланып ер мен елдің осыншама ер ке-
лі гін, осыншама қайғы мен қасіретін мамырстан кеу де сі не
сый ғы зып, қазақтың күреңселі даласы жатты.
Бірақ осы аңғал-саңғал Алтай тауында өткен уа қи ға ның
бəрі-бəрі де баяғының садағасы еді...
190
Достарыңызбен бөлісу: |