Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет


§2. ӨНЕРДІҢ ИДЕЯЛЫҚ-МАҒЫНАЛЫҚ ҚЫРЫ



бет21/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

§2. ӨНЕРДІҢ ИДЕЯЛЫҚ-МАҒЫНАЛЫҚ ҚЫРЫ

Автор өзін ең алдымен белгілі бір шындық өмір туралы түсініктің өкілі ретінде танытады. Бұл өнер құрамындағы оның XIX-XX ғғ. аралығында кейбірде "идея" (көне.-гр. іdea – ұғым, түсінік) деп аталатын идеялық-мағаналық қырының түбегейлі маңыздылығын анықтап берді.


Бұл сөз философияда ежелден антикадан бері орнығып отыр. Оның екі мағынасы бар. Біріншіден, идея деп материалды тіршіліктің шегінен тысқары ілкі образдардың (Платон мен оның мұрагерлері орта ғасыр ақыл-ойында), ұғым мен нысанның синтезі (Гегельде) болатын заттардың ой түюге болатын мәндерін атайды. Екіншіден, соңғы үш ғасырдың ойшылдары идеяны субъективтік тәжірибе аясымен, тіршілікті танумен байланыстырды. Осылайша, XVII-XVIII ғғ. тоғысындағы ағылшын философы Дж. Локк өзінің "Адам санасы жайындағы тәжірибесінде" идеяны айқын және күңгірт, шынайы және фантастикалық, өзінің ілкі образына сай және сай емес, шындықты бейнелеуші және бейнелей алмаушы деп жіктеді. Бұл арада идея объективті тіршіліктің құндылығы емес, керісінше, адам санасының құндылығы болып табылатындығын айта аламыз.
Өнер мен әдебиетте қолданылатын "идея" сөзі өзінің екі мағанасында да қолданыс табуда. Гегель эстетикасында және одан кейінгі теорияларда көркем идея дәстүрлі түрде тақырып деп аталатын атаумен сәйкеседі. Бұл дегеніңіз – шығарма туындыгерінің тұрмыс-тіршіліктің мәнісін сезініп, айшықтай алуы. Солай бола тұрса да, өнердегі идея турасында XIX ғасырда да, XX ғасырда да өз туындыгерінің меншігіндегі ой мен сезімінің көрініс табу кешені ретінде, авторлық субъективтіліктің аясы ретінде өте жиі өршелене айтылды.
Көркем туындының субъективтік бағдары XVIII ғ. өзіне назарын аударта бастады. "Өнер туындысындағы идея, ойдың жетекші рөлі жайлы тезис <...> Ағартушылық дәуірдің рационалистік эстетикасын сипаттайды"[145]. Бұл кезеңдегі көркем шығарма туындыгері, әсіресе, XVIII-XIX ғғ. тоғысында қарапайым (табиғатқа «еліктеуші») шебер ретінде, әлдебір ой жетерлік мәнділіктің бәсең пайымдаушысы сипатында емес, әлдебір сезім мен ойдың шеңберін айшықтаушы ретінде ұғынылды. Ф. Шиллердің айтуынша, өнерде "түгесілу немесе мазмұндылық объектіге қарағанда көп мөлшерде субъектіге байланысты"; поэзияның күші мынада: "ондағы тақырып идеямен кіндіктес болып келеді"[146]. Автор (суреткер) XVIII-XIX ғасырлар тоғысындағы теорияларда белгілі бір позицияларды, көзқарастарды танытушы деп сипатталды. "Эстетикалық идея" терминін енгізген Канттың ізін ала, көркем субъективтілік аясын идея терминімен атай бастады. Тап осы мәнінде "поэтикалық рух" пен "концепция" сөз қолданыстары кәдеге жаратылды. Гетеше, "кез келген өнер туындысындағының <...> барлығы ақыр соңында концепцияға келіп тіреледі"[147].
Көркем идеясы (авторлық концепциясы) бар туындылар белгілі бір өмір құбылысына бағытталған интерпретация мен авторлық баға беруді, әлемнің тұтастығына деген автордың өзін-өзі рухани ашуындағы философиялық көзқарасты (бұл турасында романтизм теоретиктері батыл сөз етеді) өз бойына сыйдыратындығын Дидродан Лессингке, Белинскийден Чернышевскийге дейінгі ағартушылар атап өтті.
Туындыда айшықталған ой қашанда эмоционалды реңке ие болып келеді. Көркем идея – өз кезегінде жинақтау мен сезімнің қоспасы, Гегельдің ізін ала В.Г. Белинский өзінің Пушкин жайындағы бесінші мақаласында: пафосты "қашанда адам жан-дүниесіне идеяны тұтандыратын құштарлық" деп атады[148]. Өнердегі осы сипат оны ғылымнан өзгешелеп, публицистикаға, эссеистикаға, мемуарға, сондай-ақ, бағалаушылық қабілетке ие күнделікті өмір мәнін түсіне білуге жақындастырады. Көркем идеяның өзіндік ерекшелігі оның эмоционалдылығынан емес, әлемнің эстетикалық көрініс беруіне бағыт ұстанушылықтан туындайтын өмірдің формасын сезімдік қабылдауынан тұрады.
Көркемдік идея (концепция) ғылыми, философиялық, публицистикалық жинақтаулардан, сондай-ақ олардың адамның рухани өміріндегі алатын орны және рөлімен еректенеді. Суретшілердің, жазушылардың, ақындардың жинақтауларын кейбірде кейінгі түсінік өз қазанында қайыра қорытады. "Ғылым тек өнерде қол жетімді нәрсенің артынан еруге асығады",-деп Шеллинг тұжырымдады[149]. Оданда батыл, одан да өжет ойды осы ыңғайда: "Өмірдегі жаңаның бәрін тек өнер енгізеді: ол өмірге әкелушілігінде болашақтың жақындығын бұрын сезініп <...> дәуір ауасында көзге түспей қалықтап жүргенді сыйдыра алады",-деп Ал. Григорьев айтты[150]. Романтикалық эстетикадан бастау алатын бұл ойды М.М. Бахтин басшылыққа ала білді. "Әдебиет <...> философиялық және этикалық идеологемаларға жиі таңдай қақты <...> Суреткердің <...> өмірге келе жатқан және енді бой көтерген проблемаларға құлағы түрік". Өмірге келу сәтінде "ол оларды сол мезетте жақсы ести алып, "ғылым адамы", философ немесе амалятшыға* қарағанда сақтық жасайды. Енді бой түзген ойлардың, этикалық ерік пен сезімнің адасулары, олардың әлі айқындалмаған шындық өмірдің тамырын басуы, олардың "қоғамдық психология" деп аталатын тереңде үнсіз булығуы, осының бәрісі бәрі әлі идеология ағынына айналып мүшеленбей көркем туынды бойында сәулелене таңбаланады"[151]. Суреткердің осындай сәуегейлік, пайғамбарлық рөлі, әсіресе, әлеуметтік-тарихи концепцияларда А. С. Пушкиннің "Борис Годуновында" және Л.Н. Толстойдың "Соғыс және бейбітшілігінде", Ф. Кафканың тоталитаризм әлі өмірге келмей тұрып, оның зардабының қандай болатындығын сөз ететін хикаяттары мен әңгімелерінде және басқа да туындыларда жүзеге асады.
Сонымен бірге, өнер (әсіресе, сөз өнері) өзіне дейін қалыптасқан қоғамдық тәжірибе (кейде тіпті өте көнерек) негізінде идея, концепция, ақиқаттарды кең көлемде айшықтайды. Суреткер оның үстіне дәстүрдің тұтқагері ретінде танылып, оның өнері жалпыға белгіліні бекемдеп, жан бітіріп, өткірлеп, оған өзектілік пен жаңа сенім ұялатады. Осындай мазмұнға ие, сезімді қоздыратын туынды адамдардың есіне бұрынғы естен шыққан, санадан өшірілгенді қайыра түсіреді. Өнер өзінің осы қырымен ескі ақиқатты қайыра жаңғыртып, оған жаңа өмір сыйлайды. А. Блоктың "Балаган" (1906) өлеңіндегі халық театрының образы төмендегідей: "Тащитесь, траурные клячи, / Актеры, правьте ремесло, / Чтобы от истины ходячей/ Всем стало больно и светло" (курсив менікі. – В.Х.).
В.М. Жирмунскийдің ой түюін пайдалана отырып айтарымыз, өнер өзінің жіті назарын "жаңа дәуір алып келгенге" және "ойда таңбаланып қалған" ертеде келмеске кеткендерге де аударады[152].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет