Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет


§5. ӨНЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕГІ ЭЛИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ АНТИЭЛИТАРЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯЛАР



бет58/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   118
§5. ӨНЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕГІ ЭЛИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ АНТИЭЛИТАРЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯЛАР

Осыған дейін айтылғандардың негізінде әдебиеттің қызмет атқаруы (әсіресе, соңғы жүз жылдықтардағы) сөз өнері аясында өмірге келген, жинақталған, жүзеге асырылған және қол жеткізілгендер арасында шұғыл сәйкесімсіздік байқатып, оқырман қауым тарапынан әлдебір деңгейде толықтай қабылданды. Қоғамның көркемдік мүддесі мен талғамы арасындағы әртектілік өнер мен әдебиетте бір-біріне қарама-қайшы элитарлық және антиэлитарлық концепцияларды тудырды.


Әдеби өмірдің осы жағына бет бұрған шақта "элита" және "элитарлық" терминдерінің мәнісін сипаттайтын боламыз. Элита деп, біріншіден, белгілі бір мәдениет (ғылыми, философиялық, көркем, техникалық, мемлекеттік) саласына толық дендей енген және онда белсене әрекет етуші қоғамдық топты атайды. Екіншіден, осы бір терминмен (көбіне "элитарлық" сөзін пайдаланып) басым көпшілік жағдайда жағымсыз әлеуметтік құбылысты атайды. Бұл – жеңілдіктерге қол жеткізген топтың өкілдерінің қоғам мен халық өмірінен аулақтап бөлектенуі. "Өнер және элита", "көркем шығармашылықтағы элитарлық" тақырыптарына сөз қозғаған шақта аталған сөздер жарыса өмір сүріп, кейде бір-бірімен оғаштау қиысады.
Өнер туралы (ең алдымен поэзия жанрындағы) элитарлық түсінік антикалық мәдениетте өлшеусіз үлкен рөл атқарып, соның шеңберінде (оның ішінде, Овидий шығармашылығы мен қабылдауында) түрленді. Элитарлық концепцияны жақтаушылар көркем шығармашылық ат төбеліндей білгірлерге ғана арналған деп тұжырымдайды. Тап осындай түсінікке романтиктер, оның ішінде Алманиядағы иен мектебі ден қойды. Осы соңғылары кейде суреткерлерді талғамнан ада деп санаған филистерлерден (нем. Philister-тоғышар (қоғамдық ой-өрісі жоқ көрбілте адамдардан) жоғары қойып, көкке көтерді. Замана ғалымының айтуынша, романтизм дегеніміз – бұл ""данышпантектілік" отын алаулатып әлемді сезіну"[407]. Ф. Шлегель: "Адамдар жердегі өзге тіршілік иелерінен (яғни, жануарлардан. -A.X.) қалай өзгешеленсе, суреткерлер өзге адамдардан солай өзгешеленеді <...> Тіпті өзінің сыртқы келбеті жағынан да суреткерлер басқа адамдардан еректеніп тұрады. Олар браминдер, жоғарғы каста"[408] деп жазды. Тап осындай түсінікке Вагнер, Шопенгауэр, әсіресе, Ницше ден қойды[409]. XX ғ. элитарлық ("данышпантектілік"-деп айтуға болатын) концепция өнерде кеңінен қолданылуда. Ортеги-и-Гассетше, өнер "тек қана <...> өте азшылықтағы адамдар санатына арналған"; өзінің болашағы бар ол – "өнер халық үшін емес, суреткер үшін", "демостікі емес, кастанікі" деушілік бүгінде өнерде орнығып отыр[410].
Осы тәрізді түсініктер, бір жағынан, кейбір жағдайда көркем мәдениеттегі кез келген жаңашылдықтар мен жаңарулар үшін жемісті болса, екінші жағынан, өнерге өзінің жоғары міндетін атқаруы үшін қолбайлау да болды. Осындай көзқарастар XIХ ғасырда да, XX жүз жылдықта да қатаң сынға ұшырады. Н.А.Бердяев: «Мәдени элитаны көкке көтере дәріптеу – эгоизм» десе[411], Т. Манн өзінің бір хатында (1946) элитарлық тұйықталған өнер мен оның дәуірінің уақыты күндердің күнінде "өлім алдындағы жалғыздық" жағдайына ұшырайды деп тұжырымдады. Болашақта суреткерлер салтанатты бөлектенуден азат болып, өнер "білімді элитамен жападан жалғыз қалудан арылып", "халыққа бет бұратын жолға түсетін болады" деп үміттенді[412].
Осы рухта америкалық «гуманиистік психологияның» топ басшысы А.Маслоу ой толғады. Ол көркем туынды білгірлерінің үнемі көтермелеудің билігінде кетуінің жосықсыздығы және қауіптілігі турасында сөз қозғады. «Меніңше, өнер әлемін ой мен талғам қалыптастыратын ат төбеліндей азшылық жаулап алған». «Осы күмәнді адамдар өздерін нән санап,- деп ойын ары қарай жалғастырады ғалым: «Маған ұнаған саған да ұнауы керек, олай болмаса, сенің ақымақтығың» деуге құқылықтарын танытады. Біз адамдарды өз талғамына ден қоя білуге үйретуміз керек» [413].
Өнердегі қайтаткерлердің тар ауқымды "тұйықталуы" оны қоғамның қалың тобынан алшақтатып, шетіндіктің бөлекше түрі антиэлитарлық қарама-қайшылықты туғызады, атап айтсақ: көпшілік қабылдамайтын, игермейтін көркем туындыны қатаң да, сөзсіз жоққа шығару. Руссо "ғылыми" өнер жайында скептиктік пиғылда болды. Л.Н. Толстой өзінің "Өнер деген не?" трактатында көптеген алдыңғы қатарлы туындыларды көпшілікке жетімсіздігі үшін қатал сынға ұшыратты.
Екі концепция да (элитарлық пен антиэлитарлық) бір жақты болып келіп, бірін бірі жоққа шығарып, араларындағы үйлесімсіздік әмбебап және орнына келтіруге болмайды деп санайды.
Шынайы, жоғары өнер (көркем классика және онымен туыстастар) аталған антитездан тысқары тұрып, оған бағынбайды және оны еңсеріп, жоққа шығарады. Ол көбіне көпшілік қауымның игілігіне айналмағанымен, онымен қарым-қатынас жасауға құлықты болып келеді де; кейбірде азшылықтағы және тар ауқымдағы қоғамдық топтар арасында (Пушкиннің жас кезіндегі "Арзамасты" еске алайық) туындап бекемделеді, бірақ кейінірек те, қауымдастықтың ортақ игілігіне айналады. "Үлкен әдебиеттің" нәрлі топырағы болып, "азылықтың" қауымдастығының өмірі де, тұтас халықты қамтыған әлеуметтік топтар тағдыры да табылады. Жоғары баға алуға тек қана көркем білімді азышылыққа арналған, әуелі өздері арасында ғана ұғынылған әдебиет (мысалға, символистер поэзиясы) те, сондай-ақ, әу баста қалың көпшілікке арналған әдебиет (А.С Пушкиннің "Капитан қызы", Н.А. Некрасовтың өлеңдері мен поэмалары, А.Т. Твардовскийдің "Василий Теркині") те бірдей құқықты. Сондықтан, элитарлы-жоғары өнерді төменшіл-бұқаралыққа немесе элитарлы-шектеуліні шынайы халыққа қатаң бағамдаумен қарсы қоюдың еш реті жоқ.
Өнердің элитарлы "тұйықтықтығы" мен қолжетімділігі (танымалдық, бұқаралық) арасына шек қоюға болмайды, қайта бұл қозғалмалы, әрі өзгермелі: бүгін көпшілікке қолжетімсіз болған нәрсе, күні ертең жоғары бағаланады. XVIII-XIX ғғ. тоғысында Ф. Шиллер ("Эстетикалық тәрбие туралы хатында") жариялап, кейінгі дәуірлерде ықпалды болған эстетикалық тәрбие бағдарламасы өнердегі жауынгер-элитарлық, сондай-ақ, жауынгер-антиэлитарлық туралы ұғымдарды еңсерудің жемісті амалы болып табылады. Өнертанушылар мен әдебиеттанушылар (оның ішінде, теорияшылар) көркем құндылықтарды игеру – қиын да, күрделі және ауыр процесс деп батыл да, әділетті атап өтеді. Әдебиет пен өнер қайраткерлерінің таңдаулары туындыны замана оқырманының талғамы мен сұранысына бүйрегі бұратын "бейімдеушіліктен" тұрмайды, өнер өзінің барша байлығымен қоғамның қалың ортасының құндылығы екендігін ұғындырудың жолын іздеуден тұрады.
IV ТАРАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет