Б.Ә. Жұмабаева биотехнология негіздері: жануарлар



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата07.01.2022
өлшемі218,95 Kb.
#19266
1   2   3
Байланысты:
annotation35671

Алғы сөз 


 

Жануарлар  биотехнологиясы  пәнінің  зертханалық  сабағына  арналған 

әдістемелік  оқу  құралында  нұсқауда  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 

университетіндегі  жануарлар  биотехнологиясы  сабағында  жүргізілген 

дәрістер  және  жануарлар  биотехнологиясының  курсының  зертханалық 

жұмыстарының әдістемелік нұсқаулары берілген.  

Зертханалық  жұмыстарды  орындау  барысында  аса  қымбат  құрал-

жабдықтардың  қажеттілігін талап етпейді, оқу лабораториясында орындауға 

қиыншылықтар  тудырмайды.  Дәрістер  мен  зертханалық  жұмыстардың 

соңында тексеруге арналған тапсырмалар мен сұрақтар берілген. 

Оқу құралында жануарлар және молекулалық биотехнологияның негізгі 

ұғымдары,  әдістері,  қолдану  аялары  мен  жетістіктері  көрсетілген.  Оқу 

құралында  бақылау  сұрақтары  және  осы  пәннен  берілетін  студенттердің 

өзіндік жұмыстарының тізімі, бақылауға арналған тесттер келтірілген.  

Осы  курста  жануарлар  биотехнологиясында  қолданылатын  әдістері 

берілген, сонымен қатар қолданылатын құрылым деңгейлері қарастырылған. 

Жануарлар  биотехнологиясының  негізгі  методологиялық:  аллофенді 

жануарлар  (генетикалық  химералар)  алу,  генетикалық  клондау  және 

трансгенді  жануарларды  алу,  жануарлардың  ұрық  және  соматикалық 

генетикалық 

трансформациясы, 

клеткалық 

және 

эмбриологиялық 



инженерияны  қолдану,  жасанды  ұрықтандыру  әдістері,  ұрық  және  жыныс 

клеткаларын  криоконсервациялау,  гендік  инженерия  сияқты  әдістеріне 

ерекше көңіл аударылған.  

Осы 


курсты 

оқу 


нәтижесінде 

студенттер: 

жануарлар 

биотехнологиясының  жалпы  биологиялық  негізін,  клеткалық  және 

эмбриологиялық  инженерияның  экспериментальды  әдістерін,  клондау 

принциптері мен жануарлардың соматикалық және жыныстық клеткалардың 

генетикалық 

трансформациясын 



білулері 

қажет

Студенттер 

биотехнологиялық  әдістердің  ғылымда  және  медицинада  және  жануарлар 

практикасында қолданылуы жайында мәліметтер алулары қажет. 

Теориялық  білімдерін  ғылымға  және  практикаға  ендіруді  және 

жануарлар  биотехнологиясы  бойынша  эксперименттерді  сауатты  қоя  білуі 



керек.  Жануарлар  биотехнологиясында  қолданылатын  негiзгi  объектiлер, 

әдiстер  және  принциптер  туралы;  биотехнологияның  әртүрлі  салаларының 

қазiргi  жағдайы  туралы;  жануарлар  биотехнологиялық  өндірістері  мен 

биотехнологиялық  өнiмдеріне  қойылатын  талаптары  туралы  түсінігі  болуы 



тиіс

жануарлар 

биотехнологиясының 

теориялық 

және 

қолданбалы 



міндеттерін  шешімдер  негізін;  биотехнологияның даму келешегін; қоғамның 

биотехнологиялық өнiмдерге сұранысын білуі тиіс;  

қызметтiн  ғылыми  негiзде  ұйымдастырудан;  биотехнологиялық 

нысандарды  зерттеудiң  әдiстерi  мен  әдiстемелерiн  игеруден;  ақпараттарды 

iздеу, 

жинау, 


сақтау 

және 


өңдеудiң 

қазіргі 


ақпараттық 

іздеу 


технологияларынан білігі болуы қажет;  


жануарлар  биотехнологиясының  құрал-жабдықтарын  пайдаланудан, 

зертханалық  жануарлар  нысандарын  (дрозофила,  тышқан,  үй  қояны,  қой), 

микроскоптық 

техниканы 

(әртүрлі 

микроскоп 

құрылысы, 

микроманипуляторлар, 

микроинъекторлар) 

және 


хирургиялық 

инструменттерді қолданудан дағдысы болуы қажет

биотехнологияның  қазiргi  мәселелерiн;  жұмыс  берушілер  мен 

серіктестерді тартатындай кәсiби құзыретті болуы тиіс





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет