Бегалиева А. К. Қазақстан тарихы (оқу құралы). Алматы: Қазақ



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата26.01.2023
өлшемі429,08 Kb.
#63136
1   2   3   4
Байланысты:
Бегалиева А.К. Учеб.пос. 2020

Біліктілігі: 
- «Қазақстан тарихы» пәнінің оқу жоспарына бағытталу; 
- дәріс және семинар сабақтарында алған білімдерін тәжірибеде қолдану
- тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін көрсету; 
- негізгі ғылыми терминдерге түсінік беру. 



Құзырлығы:
- студент кешенді түрде ізденеді, тарихи ақпаратты жүйелейді; 
- деректерге дербес талдау жасап, өз көзқарасын білдіреді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Тарих – физикалық үдерістер жүріп өтетін сандық уақыт емес, ол адамдық 
болмыс оқиғаларымен, мағыналармен және даму мақсатымен тығыз 
байланысты сапалы уақыт. Тарих - нақты мағыналық сұлбаны түзетін 
оқиғалардың уақыты. Тарихта құбылыстардың өзара байланысының себептері 
ғана емес, мағынасы да ерекше маңызға ие болады. Адам әлемі тарих арқылы 
білінеді. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 
бағдарламалық мақаласында ұлттық қасиетімізді жоғалтпай, санамызды, 
ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, оған ие болып, оны әлемдік 
құндылықтармен үйлестіре қарап, ел игілігіне жарату қажеттігі айтылды. Осы 
бағытта жаңғырудың маңызын былай көрсетті: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай 
тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, 
замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың 
маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-
рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани 
жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра 
алатын құдіретімен маңызды». Саяси, экономикалық реформаларды жүргізе 
отырып,рухани байлық, адами құндылықтар, жастарды тәрбиелеу, олардың 
бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық 
берудің қажеттілігі біз үшін үлкен міндет екені белгілі.Демек, халқымыздың 
барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, 
мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту қажет деп түсінеміз. 
Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – 
санамыздың да, идеологиямыздың да негізгі тұғыры. 
Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында 
«Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен 
кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана 
әдемі афоризм емес. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай 
қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс», 
- деп атап көрсетті. Бұл мақалада Ұлы даланың жеті қыры әлемдік өркениетті 
құру мен дамытуға септігін тигізген ұлттық мұра топтарын ұсынды. Жылқыны 
қолға үйрету, ертеден-ақ металлургияны, қола мен темірді өңдеуді меңгере 
отырып біздің ата-бабаларымыз әлемдік өркениеттің дамуына өз үлесін қосты. 
Көшпенді халықтар өздерінің әскери-саяси артықшылықтарымен Азия 
сахарасында үстем болды. 
Ұлы Жібек жолы Дала өркениетінің дамуының мықты факторына айналып, 
түркі тайпаларының Орталық Азияда өркендеп, гүлденуінде ынталандырушы 
рөл атқарды. Бұл мұра қазірдің өзінде де еуроазиялық аймақ мемлекеттерінің 
тығыз өзара іс-қимылын қозғаушы күштердің бірі болып табылады, соның 
жарқын көріністерінің бірі – «Бір белдеу-бір жол» бағдарламасы.



Көшпелілер өркениетін нақты тану қазіргі заманғы Қазақстанның рухани 
дамуына серпін беріп, ұлттық құндылықтарымыздыңмаңызын терең түсінуге 
мүмкіндік туды. 
Тарих – кез келген қоғамдағы өзін-өзі танудың және өзіндік 
идентификацияның әдісі, ал ұлттық тарих біріктіретін маңызды ролі бар және 
тілі, діні, рухани мәдениеті, таңбасы, дәстүрі бар біртұтас халықты құрайтын 
мемлекеттің негізгі факторы. Оның жаңа тарихи санасы, дүниетанымы, жеке 
және ұжымдық жадысы, адамдар мінез-құлқының мотивтері мен стереотиптері 
болып табылады. 
Қазіргі кезде тарих күнделікті өмірдің, мәдениеттің, ойлаудың, халық 
санасының құрамдас бөлігіне айналып, сауатты қоғамның назарын өзіне 
аударуда. Өткен тарих өшіп қалмайды, ол әлеуметтік өмірдің жинақталған 
тәжірибесінде жалғаса береді. Адамдық тәжірибені жинақтау және өңдеу 
тарихтың бірінші міндеті. Уақыт пен кеңістіктегі адам өмірі тарих деп аталса, 
қоғамдық өмірдің шынайы болмысы болып табылады, ол оның барлық 
көрінісін қамтиды, өздігінен ештеңені алып тастай алмайды, тек шындық 
айтылуы тиіс. Міне, осы тұрғыдан алғанда бұл оқу құралы Қазақстан 
тарихынан білім алып, тарихи сананың қалыптасуына, өз еліне деген 
патриоттық сезімнің қалыптасуына септігін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет