Бегежанова Райхан Карымжановна


  ТАҚЫРЫП. Арнайы мектепте математиканы оқытудың



Pdf көрінісі
бет9/45
Дата04.03.2022
өлшемі1,34 Mb.
#27012
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі-2


ТАҚЫРЫП. Арнайы мектепте математиканы оқытудың 
пропедевтикасы (дайындық кезеңі) 
 
Зияты  зақымдалған  балаларға  математиканы  оқыту  үрдісі  арнайы 
пропедевтикалық  (дайындық)  кезеңінен  басталады.  Бұл  мерзім  ішінде 
мұғалім  білім  беру,  түзету  және  тәрбие  мәселелерінің  кӛбісін  шешеді. 
Математиканы оқытудың негізгі білім беру мақсаты – зияты зақымдалған 
балаларды  жүйелі  математикалық  білімдерді  қабылдауға  үйрету.  1-
сынып 
оқушыларының 
ӛлшемдік, 
кеңістіктік, 
уақыт 
жӛніндегі 
мәліметтерді  қалыптастыру.  Т.В.Розанова  математикалық  білімдердің 
меңгерілуін толық қамтамасыз ететін әдістемелік талаптарды анықтады. 
Бұл  талаптар  оқушылардың  кемшіліктерін,  дүниетаным  ерекшеліктері 
мен  жастық  айырмашылықтарын  ескереді.  Дайындық  кезеңіне  келесі 
талаптар қойылады: 

заттық-тәжірибелік  әрекеттерді  ұйымдастыру  (ӛлшем,  уақыт, 
кеңістік, қатынастар жайлы түсініктер); 


28 

тілдің  белсенді  түрін  дамыту,  оны  математикалық  ұғымдармен 
байыту; 

ойлау операцияларды жетілдіру (сұрыптау, қорытындылау). 
Математикалық білімдердің оқытылуы сабақта жүзеге асырылады. 
Сабақ  –  білім  берудің  негізгі  формасы  болып  табылады.  Арнайы 
мектептерде  дайындық  кезеңінде  ӛткізілетін  сабақ  35  минуттан  аспауы 
қажет.  Сабақтың  жоспары  балаларды  жан-жақты  зерттеу  мүмкіндігі 
болатындай  және  математикалық  білімдердің  қорын  жетілдіретіндей 
құрастырылуы керек.  
Бұл кезеңде сабақтың дидактикалық және кӛрнекілік материалымен 
толық жабдықталуы қажет. Сабақта түгел сыныппен жаппай (фронталь-
ды) жұмыс ӛткізіледі. Бұнда мұғалім балалардың сақталған қабілеттілік-
теріне сүйенеді. Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіріп, белгілі бір кӛркемдік 
суреттерді  кӛрсетсе,  ондағы  заттарды,  ӛлшемдерді  атаса,  оқушылар 
соны  қайталауы  қажет.  Сондықтан да  мұғалім  сабақта  қолданатын  бар-
лық  сӛздерін,  сұрақтарын,  суреттері  мен  құралдарын  алдын  ала  ойлас-
тыруы қажет. Қолданылатын әдістер балалардың мүмкіндіктеріне сай бо-
луы керек. Мұғалімнің тілі жай қарапайым сӛйлемдерден тұрса, айтылған 
нұсқаулар  да  бӛлшектеніп  берілгені  дұрыс.  Мұғалім  оқу  үрдісінің  тек 
ұйымдастырушысы  ғана  емес,  оның  басқарушысы  болады.  Балаларды 
топтық  жұмыстарға  тартып,  барлығы  бірге  жауап  беруді  сұрауы  қажет. 
Бұл  оқушылардың  зейінінің  жоғалып  кетуін  болдырмайды.  Әрбір 
әрекеттің соңында мұғалім балаларды қорытынды жасауға үйрету керек. 
Ӛткен  тақырыптарды  қайталау  жұмыстарын  ұйымдастыру  әр 
сабақта  шартты түрде ӛтілуі  қажет.  Егер  ӛткен  тақырып  ұмытылса,  оны 
тағы  да  қайталап,  бекітіп,  сонан  соң  ғана  жаңа  білімдерді  меңгеруге 
болады. Қайталау жаңа тақырыптың сапалы игерілуін қамтамасыз етеді, 
білім-білік,  дағдыларды  дамытады.  Бір  сабақта  әртүрлі  тақырыптардың 
қайталануы мүмкін. Мұғалім оқушыларды шаршатпай, қадағалап, сергіту 
сәтін, іс-әрекеттердің түрлісін ӛткізуге тиісті. Дайындық кезеңінде дидак-
тикалық  және  қозғалыс  ойындары  маңызды.  Оларды  тек  сыныпта  ғана 
емес,  ойын  бӛлмелерінде  және  мектеп  алаңында  да  ӛткізуге  болады. 
Әсіресе,  бастапқы  кезеңдерде  ойын  сабақтың  бір  бӛлігіне  айналуы 
пайдалы. Дайындық кезеңінде мектеп алды  әдістердің маңызы кӛп. Оқу 
үрдісінің түрі ретінде топсеруеннің дайындық кезеңіндегі маңызы зор. Ол 
жаңа ұғымдарды енгізгенде, ӛтіп кеткен тақырыптарды бекіткенде білім-
нің терең, әрі жан-жақты болуын қамтамасыз етуде үлкен рӛл атқарады. 
Топсеруен  барысында  теориялық  білімдер  тәжірибелік  іс-әрекетімен 
толықтырылады.  Топсеруен  мектеп  ішінде,  шеберханаларда,  мектеп 
ауласында  ӛтуі  мүмкін.  Топсеруен  балалардың  дүниетанымдарын 
кеңейтеді, қоршаған орта жайлы түсініктерін жетілдіреді. 
 
 
 
 


29 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет