Бегежанова Райхан Карымжановна



Pdf көрінісі
бет12/45
Дата04.03.2022
өлшемі1,34 Mb.
#27012
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі-2

20 көлеміндегі сандардың нөмірлеуін және олармен 
арифметикалық амалдарды орындауын оқыту әдістемесі. 
Жалпы  білім  беретін  мектепте  екінші  ондық  сандары  жеке 
қарастырылмай,  11  санынан  бастап  100-ге  дейінгі  сандарға  үйретеді. 


37 
Арнайы  мектепте  екінші  ондықтың  сандарын  үйрету  қажетті  болып 
саналады.  Ӛйткені  зияты  зақымдалған  оқушыларға  екі  таңбалы 
сандардың  құрамымен,  цифрлармен  танысу  меңгеруге  жеңілдік  береді. 
Екінші ондық сандарын үйрету міндеттері: 
1) 
Сан  туралы  ұғымдарын  кеңейту,  ондық  туралы  санау  бірлігі 
ретінде анықтама беру; 
2) 
 
Екінші ондық кӛлеміндегі сандарды тікелей және кері санауға 
үйрету және арасынан бір сан алып тастап санату; 
3) 
Санның ондық құрамымен таныстыру; 
4) 
Бір  таңбалы  және  екі  таңбалы  сандар  туралы  түсініктерін 
қалыптастыру, тақ және жұп сандар туралы анықтама беру; 
5) 
20  санын,  екінші  ондық  кӛлеміндегі  сандарды  жазуға  үйрету; 
сандарды рет-ретімен жазу; 
6) 
Қосу мен алу арифметикалық амалдарына үйрету; 
7) 
Кӛбейту  мен  бӛлу  амалдары  туралы  анықтама  беру,  кӛбейту 
мен бӛлу кестесімен таныстыру. 
 
20 көлеміндегі сандардың нөмірлеуін және олармен арифметикалық 
амалдарды орындау тарауын зияты зақымдалған оқушылармен 
меңгеру ерекшеліктері мен қиындықтары. 
Кӛбіне  екінші  ондық  кӛлеміндегі  сандарды  үйрете  бастағанда 
оқушылар  20-ға  дейін  санай  алады,  бірақ  олардың  санаулары  меха-
никалық  болады.  Бірінші  ондық  кӛлеміндегі  сандарды  ӛту  барысында 
жіберілетін  қателіктер  бұл  жерде  де  жіберіледі:  сандарды  атауда, 
бірізділігінде, заттардың санын айтылған санмен сәйкестендіруде.  
Зияты  зақымдалған  балалар  үшін  сӛйлеу  барысында  сандарды 
алмастыру,  дұрыс  айтпау  тән.  Бұл  кӛбіне  сӛйлеу  тілінің  ерекшелік-
терімен байланысты: фонематикалық қабілеттің жетілмеуі, естудің және 
дыбыс  шығарудың  бұзылуы.  Сонымен  қоса  балалар  цифрды  жазуда 
және оларды оқуда қиналады.  
20 кӛлеміндегі сандардын нӛмірлеуін үйрету әдістемесі: 
1. 
Бірінші ондықты шығарып алу. 
2. 
19  санына  дейін  11-ге  бірліктерді  қосып  отырып,  түрлі 
сандарды шығарып алу. 
3. 
20 санын 2 ондықты қосу арқылы табу.  
4. 
Жазу арқылы нӛмірлеу. 
5. 
Екінші  ондық  сандарын  бірліктерді  қосу  мен  алу  арқылы 
шығарып алу, 20 кӛлеміндегі сандарды санап үйрету.  
1. Бірінші ондықты шығарып алу. I тоқсан барысында он кӛлеміндегі 
сандарды  қайталаймыз.  Балаларға  «10  бірлік  –  1  ондық»  деген  ұғым 
түсіндіріледі.  Бұл  ұғым  түрлі  кӛрнекілік  құралдар  бойынша  қарасты-
рылып,  балалармен  сабақ  барысында  жасалынады  (10  таяқшаны  бір 
топқа  жинақтау,  10  шаршыны  жинақтау  және  т.б.).  Сонымен  қоса  1 
ондықты 10  бірлікке  бӛліп  тастауға үйрету.  Балаларға  бір  ондық  пен  10 
бірлік деген ұғымдарды дифференциалдауға үйрету маңызды. 


38 
2.  Екінші  ондық  сандарын  шығарып  алу  түрлі  кӛрнекіліктерде 
қарастырылады. 1 брус – 10 кубик, 1 брусқа бірнеше кубик қойылады да, 
мұғалім  шыққан  санды  айтады:  Мысалы,  сӛздік  жұмысын  жүргізу 
маңызды.  Одан  кейін  әр  сан  екінші  ондық  сандарын  үйрету  кезеңдері 
бойынша қарастырылады: жазбаша нӛмірлеу, 20-ға дейін санау, сан мен 
цифрдың  және  санның  сәйкес  болуы,  сан  қатарындағы  алатын  орны, 
сандарды салыстыру, құрамын қарастыру, санның ондық құрамы қандай 
разрядты бірліктерден тұратынына тоқталу. 
3. 20 саны 1 қаламға 9 қарындаш, сосын тағы 1 қарындаш қосқанда 
шығатынын  кӛрсету.  Сонымен,  алынған  1  қалам  және  10  қарындаш  2 
қаламға алмастырылады. 2 қалам = 2 ондық = 20 бірлік.  
4. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты болып сандарды цифр арқылы жаза 
білуін  меңгеру  болып  саналады  –  ондықтар  мен  бірліктердің  жазылу 
орындарымен  таныстыру  қажет.  Бұны  кӛрнекілік  құралдарда  бекіту 
керек.  Бұл  жерде  абакты  қолданамыз.  Бірліктер  мен  ондықтарды  әр 
түспен  бояу  керек.  Бұл  кезеңде  разряд  кестесі  бойынша  жұмыс 
жүргізіледі  (сандарды  жазу  және  оларды  оқу).  Разрядтық  кестеге  «0» 
саны  қойылмайды.  Бұл  құралдардан  басқа  карточка  жиынтығын  да 
пайдалануға  болады: I  топ  –  бірліктер, II  топ  –  ондықтар.  Бұл  жерде  10 
саны  бар  карточканың  үстіне  бірлігі  бар  карточканы  қою  арқылы 
жасалады. Бірліктер «0» санының үстіне қойылады.  
5.  Іс-әрекет  бірінші  ондық  кӛлеміндегі  сандарды  ӛту  барысында 
жүргізіледі,  түрлі  кӛрнекілік  материалдар  қолданылады.  Мысалы, 
таяқшалармен шотта санды салып кӛрсет; Сандар қатарында ӛткізілген 
санды тап; санның кӛршілерін тап және т.б.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет