Бейбарыс – тарихи тұлға



бет1/2
Дата18.11.2023
өлшемі24,73 Kb.
#124513
  1   2
Байланысты:
Бейбарыс султан 25 10 2023


Бейбарыс – тарихи тұлға

Қазақ даласында дүниеге келіп Мысырды 17 жыл билеген түркі тектес сұлтан, ортағасырлық Мысырдың аса ірі әскери және мемлекет қайраткерінің толық аты-жөні «әл-Мәлик әз-Заһир Руқнуд-Дин Бейбарыс», аудармасы «әл-Мәлик аз-Заһир» тіркесі «Алланың әмірімен болған билеуші» дегенді білдірсе, «Руқнуд-Дин» тіркесі «Ислам дінінің тұғырын берік ұстанушы» дегенді білдіреді.


Дерек көздеріне сүйенсек, Бейбарыс бабамыз 1223 жылы Еділ мен Жайық арасында Беріш руынан шыққан атақты әулетте өмірге келген.  Әкесі Жамақ, шешесі Әйек деп олардың нақты есімдерін атап көрсетілген. Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген. Жаугершілік заманда тұтқынға түсіп, Дамаскінің базарында 800 дирхемге құл ретінде сатылды. Ол уақытта ержүрек қыпшақ жұртынан әскер жасақтау саясаты жүріп жатты. Парсының шахы Аббастың: «Менің әскерімде парсы неге жоқ? Өйткені әбден нәзіктеніп кеткен қалалық парсылар бала кезінен жақсы тәрбиеленетін көшпелі қыпшақтар сияқты далалық әскери жорықтың талабына шыдай алмайды», – деген сөзі бар. Сол айтқандай, әйюбилердің сұлтаны Мәлик Нәжмуддин Салих өзінің әскери күшін қайтпас қайсар қыпшақтар арқылы күшейтуді қалады.
Кейін Бейбарыстың ерекше қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлтаны Салих Нажумиддин оны өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп алады.
Мысырлықтар Ніл өзенін «Бахр» (негізгі мағынасы теңіз) деп атаған. Осы өзеннің бойындағы «Рауза» деген аралдан арнайы қамал салынып, «Бахрия Мәмлүк» деп аталатын түркі жауынгерлерінен жасақталған әскер құрылды. Мәмлүктер ортағасырлық Мысырдағы түркі және Кавказ халықтары өкілдерінен шыққан жауынгер-құлдар. Мамлюк сөзі араб тілінен аударғанда “құл” деген мағынаны білдіреді. ІХ ғасырдан бастап мұсылман әлемінде құлдарды жауйынгер ретінде пайдаланды. Құлдықтағы Бейбарыс осы Бахрия әскерінің бірі болды. Бейбарыс осы жерде өзінің әскери қабілетімен көзге түсіп, мәмлүк сарбаздарының таңдаулы жасағына қабылданды. «Бахрия мәмлүк» деп аталған бұл жасақ негізінен Дешті Қыпшақ даласынан шыққан тұтқындардан тұрды. Мәмлүктерді күні бойы жауынгерлік рухқа тәрбиелеп, дәрігерлердің қарауынан өткізіп тұрған. Сондай-ақ оларға діни тәлім беріп, Құран үйретіп, шариғат оқытқан. Сол арқылы олардың рухани тәрбиесіне мән берген. Содан болар мәмлүк сарбаздары жаужүрек батыр ғана емес, дініне берік нағыз мұсылман ретінде танылды.
Мәмлүктер ештеңеден қорықпайтын ержүрек сарбаздар болатын. Франция королі ІХ Людовик VII крест жорығын 1248 жылы Мысырды алуды жоспарлайды. Крестшілер Дамиетта және Мансура қаласын басып алып, сұлтан сарайына таяған шақта мәмлүктер санының аздығына қарамастан крестшілерді талқандап, корол Людовикті қолға түсіреді. Бұл кезде мәмлүктердің сардары Бейбарыс 20 жаста еді. Бейбарыс пен мәмлүктердің ерлігі, даңқы осы кезден бастап шартарапқа жайылды.
Мәмлүктердің алғашқы сұлтаны «Бахрия мәмлүк» Иззеддин Айбек болатын. Одан кейін билік басына Құтыз сұлтан келді. Құтыз басқарған кезінде Құлағу бастаған моңғол әскері Бағдатты, Сирияны жеңіп, Мысырды алмақ болды. Құтыздың қолбасшысы Бейбарыс мәмлүк әскерінің берілмейтінін, соғысуға дайын екенін хабарлады. Осылайша 1260 жылы Айн Жалут жерінде Құтыздың қолбасшысы Бейбарыс пен Құлағудың қолбасшысы Кетбұғаның әскерлері арасында шайқас болды. Бейбарыс бастаған мәмлүктер жеңіске жетті. Бұған дейін ешкімнен жеңіліп көрмеген моңғол әскері Бейбарыстың сарбаздары алдында тізе бүкті.
Құтыздан кейін сұлтан тағына 1260 жылғы 26 қазанда Бейбарыс сұлтан отырды. Бейбарыс билікке келген кезде қарапайым халықтың жағдайы нашар болды. Елді аштық пен жалаңаштық жайлап тұрды, тәртіп болмады. Осы кезде сұлтан Египет пен Сирия­ға темірдей тәртіп орнатумен бас­тайды Ол бар күшін халықтың әлеуетін көтеруге, елдің дамуына бағыттады. Сұлтан мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін әрдайым назарында ұстауға тырысты. Халық өмірімен етене танысу мақсатында қарапайым киініп, ел ішін аралап отырған. Бейбарыс билікке келген күннен бастап Мысырда жаңа тарихи кезең басталды.
Елдің негізгі табысы жер өңдеу мен сауда-саттық еді, бірақ шаруалардың жұмы­сы жүйесіз болды. Олар жерді тиімді пайдала­на алмады. Жерден жақсы өнім алынса, азық қоры молайып, халықтың жағдайы көте­ріліп, сауда-саттық дамитынын білген Бейбарыс жерді сулан­дыру, канал қаздыру сияқты жұмыстарды қолға алып, халық­ты еңбек етуге шақырды. Егіншіліктен түскен мол өнім сауданың дамуына мүмкіндік берді, кішігірім базарлар салдыртып, қалааралық, еларалық сауданы күшейтті.
Билікке келгеннен бастап Бейбарыс ел басқарудың жаңа жүйесін жасайды. Елдегі алым-салықты азайтып, сәулет өнерін, пошта қызметін, сыртқы саясатты жетілдіреді. Бейбарыс сұлтан нағыз дипломат болды. Ол сыртқы саясатта әскери күшке ғана емес, дипломатиялық саясатқа жүгінді. Соның арқасында Мысырдың Византия, Алтын Орда мемлекеттерімен байланысын күшейтті.
Бейбарыс сұлтан әділет сарайын салдыртады. Ол сарайға кез келген адам келіп, арыз-шағым беріп әділетке жүгіне алатын болған. Бейбарыс бұл сарайда әр елдің елшілерін қабылдап, дипломатиялық қарым-қатынастар мәселесін шешкен.
Бейбарыс Каир қаласында «Орда» деп аталатын ғимарат салдыртады. Ол жерде таза қыпшақ әдет-ғұрыптары, ойы­н-сауық дәстүрлері орнығады. Киіз үйлер тігіліп, ет асу, қымыз да­йындау, саба пісу, ән айтып, күй тарту адамдардың рухани сәнін келтіреді.
Бейбарыс сұлтанның ғалымдарға деген құрмет-ілтипаты да ерекше болды. Мәселен, хадис ғылымының білгірі имам Нәуәуимен хат алысып тұрғаны айтылады. Сол секілді сопылық жолды ұстанушыларға да құрмет көрсеткен. Бейбарыс төрт мәзһабтың өкілдерін тең құрметтеп, әрқайсысына жеке қазы тағайындап, олардың үстінен қарайтын бас қазы бекіткен. Мұсылмандардың құқын қорғап, шариғат тыйым салған істерге тосқауыл болып, ішімдіктердің сатылуын тоқтатқан. Ел ішіндегі түрлі арсыздықтарды тыйып, арсыздыққа апаратын ойын-сауықты да тыйған. Өзін де сауық-сайраннан барынша алыс ұстаған.
Кейбір араб тарихшылары Мәмлүк мемлекеті билік жүргізген дәуірді «алтын жылдар» деп баға берген. Себебі, сол кезеңдерде мемлекет гүлденіп, халықтың әл-ауқаты артып, елге әлемнің түкпір-түкпірінен саудагерлер келе бастаған. Қолөнер, сәулет, ауылшаруашылығы, өнер мен ғылым және сауда қарыштап дамыған. Сол кезеңде тұрғызған мешіттер, медреселер, бекіністер мен көпірлер күні бүгінге дейін сақталған.
Бейбарыстың аты шартарапқа жайылып, айналасындағы елдердің әмірлері оның билігін мойындап, Мысырға қосылуға ниет танытты.
Елдің ішкі саясатында Бейбарыс сұлтан аса көреген саясат ұстанды. Мұсылман мемлекетінің тұғырын нықтап, өркендеуі үшін көп еңбек сіңірді. Бейбарыстың дәуірінде Мысыр гүлденген елге айналды. Ішкі саясатта ішкі көтерілістер мен бүліктерді басу арқылы елдің іргесін мықтап бекітті. Заң саласында сұлтан Бейбарыс бұрын-соңды болмаған өзгеріс енгізді.
Мысыр жерін 250 жыл басқарған мәмлүктер тарихында даңқы жер жарған ұлы тұлға, араб елінің басын біріктіріп, үлкен жеңістерге жетелеген, күні бүгінге дейін халық аузында аңыз боп аты қалған заты қыпшақ Аз-захир Рукн ад-Дин Байбарыс. Қазақстанда ол туралы бірінші болып Аягөзде дүниеге келген тарихшы Құрбанғали Халид Байбарыс туралы 1910 жылы Қазаннан шыққан «Тауарих Хамса» атты еңбегінде баян етті.
Байбарыс сұлтанның тарихта қалған басқа да айрықша істері жеткілікті. Өз заманының білімді басшыларының бірі Байбарыс ХІ ғасырда жазылған Махмұт Қашқаридің «Диуани Лұғат-әт-Түрк» еңбегімен таныс болуы әбден мүмкін. Осы еңбекте: «Бір Бұхарлық ғалым мен Нисапурлық басқа бір ғалымның тәңір әзіз көрген Пайғамбарымыздан дәлел келтіріп айтқан төмендегі сөздерінде: «Түркі тілін үйреніңіздер, сонда олардың егелігі ұзақ дәуірлі болмақ» – деген сөздер бар. Ал, Байбарыс сұлтан түркі тілінің өркендеуіне көп күш-жігерін салған тұлға.
Байбарыс өмір сүрген ХІІ ғасырдың екінші жартысында Египетте сарай тіліне айналған қыпшақ жазба тілі қалыптаса бастайды. “Тәржіман” атты сөздік те пайда болған. Сол замандағы әдебиеттің бірі «Гүлістан», сонымен қатар діни, медициналық, әскери, заң жөніндегі еңбектер де мәмлүктік-қыпшақ тіліне дер кезінде аударылып отырғаны белгілі. Бұл үрдіс ХІV-ХV ғасырларда да жалғасып «Ad-Durraal-mudiafi-l-luyatat-Turkiya», «Al-Manhalas-safi» «Munijatul-guzat» атты трактаттар түркі тілінеа ударылды. Ресейдің Ғылым академиясынан «Әлем тілдері» айдарымен шыққан «Түркі тілдері» атты кітапта келтірілген осы деректермен қатар Қасиетті Құранның да түркі тіліне бірнеше рет аударылғаны жазылған.
Ұлты араб болмаса да сұлтан Байбарысқа деген араб халқының махаббаты шексіз болған. Осының дәлелі ретінде олар сұлтан Байбарысты Египеттің перғауындарына теңестіріп қыпшақ текті сұлтанның құрметіне атақты Хеопс пирамидасының төбесіне киізүй орнатқан. Бұл деректі Мәскеу қаласында өткен «Кадырбаевские чтения – 2007» атты халықаралық ғылыми конференцияда ғалым Лев Галкин жария етті.
Осының бәрі Байбарыс заманында өмір сүрген тарихшы Вильгельм Трипольскийдің: «Байбарыс жауынгер ретінде Юлий Цезарьмен терезесі тең тұра алады» деп берген бағасының өте әділ екенін растайды.
Бей­барыс әлем­нің 54 елімен дипломатиялық қарым-қа­ты­нас жасаған. Ол өз заманында Мекке мен Иерусалимнің қауіпсіздігін қамтамасыз еткенін айтсақ та жеткілікті. Шын мәнінде, теңдесі жоқ тарихи тұлға. Қазақстан мен Мысырды байланыстыратын тарихи тұлғалар бар. Солардың ішінде Сұлтан Бей­барыс­тың есімі ерекше аталады. Бейбарыс би­лігі тұсында салынған тарихи ескерт­кіш­тер күні бүгінге дейін Каир қаласының сәнін келтіріп тұр. Мешіт, медреселер салдырып, Мысыр жерінде ғылым-білімнің дамуына даңғыл жол ашты.
Ол сондай-ақ әртүрлі инфрақұрылымдық жобаларды құруға қызығушылық танытқан тиімді әкімші болды, мысалы, оларды төрт күн ішінде Каирден Дамаскіге жеткізуге қабілетті монтаждалған хабар тарату жүйесі. Ол көпірлер, суару және тасымалдау арналарын салып, айлақтарды жақсартып, мешіттер тұрғызды. Ол Ислам ғылымының меценаты болды, мысалы, араб дәрігері Ибн әл-Нафистің медициналық зерттеулерін қолдады. Ол Сұлтан Байбарстың және басқа да көрнекті саяси көшбасшылардың жеке дәрігері болды.
Оның естелігі оның шайқастары мен жетістіктерін баяндайтын танымал араб романы әл-Захир Байбарстың Сиратында ("аз-Захир Байбарстың өмірі") жазылған. Ол Қазақстанда, сондай-ақ Египетте, Палестинада, Ливанда және Сирияда батыр мәртебесіне ие.
Үш ғасырға жуық Мысыр жерін басқарған мәмлүктер тарихы – біздің де тарихымыз. Себебі Мысырды билеген сұлтандардың бәрі дерлік қазақ даласында дүниеге келген, жаугершілік кезеңде аяқ-қолына тұсау салынып, құлдыққа сатылған бабаларымыз еді. Олар Ұлы даланың жауынгерлік рухы мен әскери өнерін әлемге паштарихынан ойып тұрып орын алды. Сондықтан олардың ерлігін келер ұрпаққа дәріптеу – бізге міндет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет