Бейбітшілік бақЫТҚа бастайды



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата17.01.2017
өлшемі1,42 Mb.
#2081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

 
Блехман 
 
1972  жыл.  Мен  жастар  редакциясының  редакторы  қызметіндемін. 
Телевидениеде  бағдарлама  жүргіземін.  Жұмыс  бабымен  Орынборға  сапар 
шектім.  Мақсатым  «Қызыл  керуеннің  ізімен»  деп  аталатын  бағдарламалар 
циклына  материал  жинау.  Бұл  бағдарлама  Қазақстанда  Кеңес  билігінің 
орнаған кезі туралы болмақ.  
Ақымақтық жасап Алматыдан құрлықта жүретін, дөңгелегі бар желкенмен 
аттандық.  Жолда  қандай  қиындықтарды  бастан  кешкенімізді  сөзбен  айтып 
жеткізе  алмаймын.  Әйтеуір,  қанша  қиналсақ  та  діттеген  жерге  аман-есен 
жеттік.  
Орынбордағы  аймақтану  музейіне  бас  сұқтым,  музей  қаражат 
тапшылығынан қиындық көруде екен. Музейге келіп: 
—  Сіздер  жиырмасыншы  жылдары  Орынбордың  Қазақстан  астанасы 
болғанын білесіздер ме?,— деген едім. 

 
63 
—  Жарқыным,  мұның  қалай?  1975  жылы  сонау  жиырмасыншы  жылдар 
туралы әңгіме қозғағаның не?! Біз ол туралы баяғыда ұмытқанбыз. Біз астана 
емес, кәдуілгі провинциямыз! 
—  Жо-жоқ!  Сіздерде  Орынбордың  Қазақстан  астанасы  болғандығын 
растайтын қандай да бір деректің сақталмауы мүмкін емес. 
— Бізді қинай бергенше, залға барып, жәдігерлерді қарасаңшы! 
Жәдігерлер тұрған залға бас сұқтым. Неше түрлі картиналар тұр. 
—Тоқтай тұрыңыздар. Ал Қазақстанның астанасы болғандығын растайтын 
дүниелер қайда?  
—  Жарқыным,  өткеннің  бәрін  еске  түсіре  берудің  қажеті  қанша?  Өткен 
нәрсе  өтті  де  кетті.  Біз  қазір  Ресей  Федерациясының  үлкен  облыстарының 
біріміз.  
Әйтеуір,  музей  қызметкерлерінің  ішінен  жасы  егде  тартып,  шашына  ақ 
кірген бір апай:  
—  Жертөледе  біраз  жәдігерлер  жатыр.  Арасында  азиялықтарға  ұқсайтын 
адамдардың суреттері де бар. Олардың кім екенін білмеймін. Қаласаң, барып 
көруіңе болады,— деді.  
Мардымсыз 
жалақы, 
әлеуметтік 
жағдайдың 
нашарлығы 
музей 
қызметкерлерінің  қандай  да  бір  жаңалыққа  деген  қызығушылығын 
төмендеткенін түсініп тұрмын. Сонымен, зәрдің иісі мүңкіп тұрған жертөлеге 
түсіп,  ешкімге  беймәлім  күйінде  қалтарыста  қала  берген  керексіз  біраз 
дүниелерді  таптым.  Фотографиялардың  шыны  негативтері  бар  арасында. 
Барлық  суреттер  бір  жерде  түсірілген,  кейіпкерлері  әр  түрлі.  Біреулері 
қолдарына қайқы қылыш ұстаған. Кейбіреулерінің түрі таныс сияқты. Мына 
біреуінің  Буденный  сияқты  ұшы  сүйір  қайқы  мұрты  бар.  Қабырғада 
Троцкийдің  портреттері  ілінген.  Барлық  суреттерге  ортақ  бір  нәрсе, 
бұрышында «Блехман» деген жазу жазылыпты.  
— Блехман деген кім? 
— Білмейміз? Ол туралы дерек жоқ біздің қолымызда. 
Тамаша.  Журналист  адамға  керегі  де  сол  емес  пе?!  Фотографияларды 
алуыма  рұқсат  етті.  Қазіргі  уақыт  болса  құнды  суреттер  үшін  менің 
қалтамдағы  бар  ақшамды  сыпырып  алар  еді.  Ол  кезде  заман  басқа,  алғыс 
айтумен шектелдім.  
Сонымен,  осы  фотографиялардың  астарында  тұтас  бір  тарих  жатқанын 
анықтадық... 
Кезінде  ақтар  мен  қызылдардың  арпалысынан  кейін  билік  ауысып,  билік 
Кеңестің  қолына  тиеді.  Олар  губерния  жиынында  қабырғада  ілулі  тұрған 
патшаның  портретін  лақтырып  тастап,  орнына  ешкімге  белгісіз  сақалы 
қауғадай жергілікті халықтың бір өкілінің суретін іледі.  
Сосын фотограф іздестіріп, Блехман дегенді тауып алады.  
Блехманға  осы  жерде  суретке  түсіруге  бұйрық  береді.  Блехман  салмағы 
зілдей,  үш  аяқты  ебедейсіз  фотоаппаратын  құрып,  жұмысына  кіріседі: 
«Мырзалар... Кешірім өтінемін. Сіздерді қалай атағаным дұрыс? Жолдастар! 
Жымиыңыздар!  Жымиыңыздар,  жолдастар!»  Қысқасы,  барлығын  түсіріп 
болып,  пленкаларды  шығаруға  кетеді.  Пленканы  дайын  фотографияға 

 
64 
айналдыру  дегеніңіз  ол  кезде  қиямет-қайым  жұмыс.  Пленканы  жуасың, 
кептіресің,  бастырасың,  қайта  жуасың...  Сөйтіп,  төрт    күннің  ішінде 
жұмысын  тап-тұйнақтай  етіп  бітірген  Блехман  фотоларды  алып  тапсырыс 
берушілерге  келіпті.  Бір  қызығы,  төрт  күннің  ішінде  қала  билігі  ауысып 
үлгереді.  Қабырғада  басқа  суреттер  ілулі  тұр,  басқа  адамдар  отыр.  Енді 
фотографқа билікке жаңадан келгендер тапсырыс береді: 
— Ал, енді бізді түсір!  
— Мырзалар, менің өткен жолғы жұмысымның ақысын кім төлейді? 
— Ей, ақымақ, біздің сөзімізге құлақ сал. Олар қызылдар болатын, біздер 
ақтармыз.  Енді  билік  біздің  қолымызда.  Түсір  суретке,  әйтпесе  атып 
тастаймыз! 
Байғұс  еврейдің  қарсыласуға  шамасы  жоқ.  Ақтарды  австрия-венгриялық 
императордың  фонында  суретке  түсіруге  мәжбүр  болады.  Әбден  азапқа 
түскен  байғұс  тағы  да  пленкаларын  дайындауға  кіріседі.  Фотоларын  алып 
қайта оралса, билік  тағы  ауысыпты.  Бір-ақ күн бұрын бронды  пойыздармен 
келген венгрлер қала билігін басып алған.  
Бәрін  айт  та  бірін  айт,  байғұс  Блехман  қаланың  билік  басындағыларын 
төрт  мәрте  суретке  түсіреді.  Төртеуінде  де  билік  ауысады.  Фотограф  өз 
жұмысын  бар  ықыласын  салып  істегені  анық.  Дұрыс  істемей  көрсін,  иттей 
қылып  атып  тастауы  мүмкін.  Ақыры,  аз  уақыт  ішінде  қала  билігі  бесінші 
мәрте  ауысады.  Бұл  жолы  билікке  қызылдар  біржолата  келеді.  Бұрынғы 
Блехман  фотоға  түсірген  қызылдар  емес,  басқасы.  Биліктен  аузы  күйген 
бейшара Блехман:  
— Енді қателесіп кетпесем жарар еді. Қызылдарға ақтардың суретін әкеліп 
берсем, шаруам бітті дей бер,— сасқалақтаған көрінеді.  
Қанша  қорықса  да,  еңбегінің  ақысын  қайтарғысы-ақ  келіп  тұр.  Қағазға, 
химикаттарға  қыруар  ақшасын  жұмсағаны  тағы  бар.  Президиумда  жиырма 
бес адам отыр. Әрқайсысына кем дегенде бір суреттен шығарып беру керек.  
Қазақ  билігі  Қызылордаға  қоныс  аударуға  әзірленіп  жатқан  сәтте  оларға 
дайын фотоларын алып Блехман келеді.  
— Мұның дұрыс болған екен, бізбен бірге Қызылордаға барасың,— дейді 
олар фотографқа.  
—  Мырзалар,  мен  Қызылордада  не  бітірмекпін?  Орынборда  үй-жайым, 
фотографияларым бар.  
— Бізге ермесең, атып тастаймыз! 
Атып  тастаймыз  деген  адамдарға  қалай  қарсылассын.  Блехман 
Орынбордан  Қызылораға  аттанады.  Сонда  Үкіметтің  фотографы  болып 
істейді.  
1975  жылы  менің  жасым  32-де  еді.  Бұл  жас  адамның  арман-қиялға  ерік 
беретін  шағы.  Кейде,  шектен  шығып  кетуің  де  мүмкін.  Қызыл  керуеннің 
ізімен» атты бағдарлама барысында мен:  
— КГБ Блехманның ізіне түсіп алды. Ақтарды фотоға түсіргеніне кешірім 
таныта  алмады.  Бұл  кісі  керемет  фотограф  еді.  Ақыры,  біздер,  яғни 
журналистер,  тарихи  шындықты  қалпына  келтірдік.  Мен  Орынбордан  осы 
тарихи  тұрғыда  құнды  фотосуреттерді  тауып  алдым,—  деп,  эфир  арқылы 

 
65 
қолымдағы  фотосуреттерді  көрсеттім.  Одан  кейін  отызыншы  жылдардың 
қырғынында  құрбан  болып  кеткен  байғұс  еврейдің  тағдырына  аяныш 
білдіріп, көзіме жас алдым.  
Кенет телефон шылдырлады. Тұтқаның ар жағынан біреу:  
— Жігітім, мен өзімнің осы фотографияларымды енді қайтіп көремін деп 
ойламап  едім.  Шынында  да,  бұл  фотосуреттерді  түсірген  мен.  Сіздің 
негативтерді  тауып  алып,  жарықа  шығарғаныңыз  жақсы  болған  екен,— 
демесі бар ма!  
Төбе шашым тік тұрды.  
— Бұл қалай? Сіз әлі тірімісіз? 
—Жігітім,  мен  сіздердің  телестудияларыңыздан  үш  квартал  жерде 
тұрамын. Үйге келіңіз, бірге әңгіме-дүкен құрып, шай ішейік. 
Сұмдық-ай! О дүниеден әруақ телефон шалғандай күйге түстім.  
Ақыры,  тәуекел  деп  Блехманның  үйіне  келдім.  Сексеннің  сеңгіріне 
шыққан кісі екен. Әлсіз үні дірілдеңкіреп шығады. 
—  Сіз  барлығын  керемет  баяндап  бердіңіз.  Бірақ  оқиға  сіз  айтқаннан 
басқаша болған-ды. Менің қызылдармен бірге Қызылордаға келгенім рас. Ол 
кезде мықты фотографтар болмағандықтан, мен алдымен Қызылордада, кейін 
Алматыда Қазақ үкіметін фотоға түсірумен шұғылдандым. Қазір де Жоғарғы 
Кеңес  Президиумының  фотоательесінде  Үкіметтегі  биік  тұлғаларды  түсіріп 
жүрмін.  
Ақсақал маған өзінің басынан кешкендерін асықпай баяндап берді.  
— Евсей Ефимович,— деймін. — Ертең менің «Қызыл керуен ізімен» деп 
аталатын  бағдарламалар  циклым  соңғы  рет  эфирге  жол  тартпақ.  Сіз  соның 
қонағы болыңыз. Эфир арқылы өзімнің жіберген қателігімді айтып, кешірім 
сұрайын.  Сіздің  аман-есен  екеніңізді  халыққа  жеткізейік.  Бірақ  менің  сізге 
бір  өтінішім  бар.  Бағдарламаға  қатысқан  қонақтардың  баршасын  сонау  20-
шы  жылдары  ақтарды  түсіргендей  етіп  фотоға  түсіріп  беріңіз.  Сол 
фотокамераны қолданыңыз. 
—  Бала,  20-жылдардан  менің  қолымда  сақталғаны  «Глобус»  объективі 
ғана. Ал камера қазір жоқ.  
— Құдайым-ау! Сізге дәл сондай камера тауып берейік, үш аяқты сорайған 
тіреуішін  де  табамыз.  Жалғыз-ақ  өтінішіміз,  бағдарламаны  сіздің  суретіңіз 
арқылы «Стоп-кадрмен» аяқтасақ болғаны.  
Басқа  да  провинциялық  телевидениелер  сияқты,  ол  кезде  бізде  де 
бейнежазба  жоқ  еді.  Соның  салдарынан  көп  нәрсені  жоғалттық.  Есесіне, 
кадрдағы өмірдің қайталанбас көптеген сәттері жадымызда қалатын.  
Осылайша, 
соңғы 
бағдарламаны 
эфирге 
шығарып 
жатырмыз. 
Жиырмасыншы  жылдардағы  ахуал,  ең  алғашқы  Үкімет  туралы 
мәліметтерімізді жұртшылыққа ұсынып жатырмыз. Мен : «Біз қайтыс болды 
деп хабарлаған фотосуреттің иесі ортамызда тірі жүрген болып шықты. Міне, 
ол кісі біздің бағдарламаға келді», деп жарияладым. Евсей Ефимович: 
—  Білесіздер  ме,  мен  өзімнің  сонау  ерте  жылдарда  түсірген 
фотосуреттерімді 
көріп 
қатты 
толқыдым. 
Сіздер 
мені 
жұртқа 
таныстырдыңыздар,  енді  Буденныйды,  ақтарды,  венгрлерді  түсіргенім 

 
66 
сияқты, сіздерді де суретке түсіруіме рұқсат етіңіздер,— деді. Біз қатарласып 
отырдық.  
— Назар аударыңыздар! Жымиыңыздар!  
Камера  сырт  етті.  Эфирде  біздің  бір  сәттік  бейнеміз  көрінді.  Әрине,  бұл 
фотосуретті алдын ала түсіріп, дайындап қойған едік.  
Бұл менің ең үздік бағдарламаларымның бірі болды.  
Кейін  тағдыр  менің  жолымды  Блехманның  шәкірті  әрі  зертханашысы 
Иосиф  Будневичпен  тоғыстырды.  Ұстазынан  ол  фотосурет  өнерінің  бір 
тәсілін  үйреніпті.  Жалғыз-ақ  мәрте  түсіретін  нәрсені  ол  үш  мәрте  түсіреді 
екен.  
Назарбаевтың баспасөз хатшысы қызметін атқарып жүргенімде мен: 
—  Иосиф,  жұртты  жолынан  қалдыратының  қалай?—  деп  асықпайтын 
әдетінен арылтуға үгіттеген едім.  
—  Сен  әлі  жассың,  ештеңені  түсінбейсің.  Бір  кадр  —  менің  жақыннан 
көрмейтініме байланысты, екінші кадрда жұрт дұрыс демалмауы мүмкін. Бес 
фотосуреттің  біреуі  ғана  ойдағыдай  шығады.  Бір-ақ  рет  сырт  еткізіп,  кете 
беруім керек пе? Жоқ, мен ондайға бара алмаймын... 
Ол  ешкімнен  ұялмайтын.  Бірде  Назарбаевпен  бірге  Америкаға  сапар 
шектік,  Президенттер  сән-салтанаты  жарасқан  кабинетте  отыр.  Кенет 
Будневич оларға: 
—  Кешірім  өтінемін.  Бірақ  сіздер  суретке  түсіруге    ыңғайсыздау 
отырсыздар,— дегені.  
Клинтонның  баспасөз  менеджері  —  бүкіл  америкалықтар  жасқанатын 
қисық  аяқ  еврей  қызы.  Бірақ  Иосифпен  екеуінің  арасында  жылы  қарым-
қатынас орнаған еді. Иосиф: 
—  Марта,  шуылдай  бермеші!  Мен  не  істеп  жатқанымды  білемін. 
Президент  мырза,  сіз  мына  жерге  отыруыңыз  керек.  Назарбаев  мырза, 
жейдеңіздің  жағасын  түзетіп  жіберуге  рұқсат  етіңіз.  Мына  жерге  ауысып 
отыруыңызды өтінемін.  
Иосиф Будневич он минуттың ішінде өзіне қажетті фотосуреттерін түсіріп 
бітті. Мен қалшиып тұрмын. Америкалықтар да айтуға сөз таппады. Алдын 
ала дайындалып қойылған хаттама бұзылды. Иосиф Будневич қана ештеңені 
елең қылар емес. 
— Кешіріңіздер, фотография — қастерлі дүние,— деп қояды.  
Кейін мен оған: 
—  Иосиф,  Ақ  үйде,  дөңгелек  кабинетте  жасаған  тірлігіңе  жол  болсын!— 
дегенмін.  
— Ғаділбек, мен сені қатты құрметтеймін. Бірақ ақша алып отырған нақты 
жұмысым, міндетім бар. Өзіме тиісті жұмысты нашар жасай алмаймын.  
—  Бірақ  оны  Альберт  Гор  күтіп  тұр  емес  пе?!  Бұл  жерде  әр  адамның 
уақыты есептеулі. 
—  Оған  түкіргенім  бар...  Кабинетте  адамдар  фотоға  түсіруге  ыңғайсыз 
отырса, мен не істемекпін?!  
Будневич  суретті  оншалықты  жиі  түсіре  бермейді.  Бірақ  түсірсе  бітті,  
оның қолынан шыққан дүниелер барлық басылымдарға енеді.  

 
67 
...Назарбаевпен  бірге  Америкаға  аттанғалы  жатқанымда  әкем  ауыр 
науқастанып  жатты.  Менің  баспасөз  хатшысы  ретіндегі  қызметке  жаңа 
тағайындалған кезім, оның үстіне Назарбаев Америкаға бірінші рет барғалы 
жатқандықтан,  жауапкершілік  жүгі  де  өте  салмақты.  Осы  сапарды  БАҚ 
арқылы  насихаттау  үшін  телеарналармен  және  баспасөздермен  байланыс 
жасау менің міндетім екендігі түсінікті. Си-Эн-Энде, басқа да компанияларда 
таныс  адамдарым  бар.  Әрине,  олардың  байланыс  нөмірлерін  басқа  біреуге 
беруіме де болар еді, бірақ дәл мұндай маңызды мәселеде таныс адамдарыңа 
өзіңнің  хабарласқаның  өз  көп  нәрсені  шешетіні  анық.  Әкемнің  халін  көре 
отырып,  сапарға  барар-бармасымды  білмей  қатты  толқыдым.  Назарбаевқа 
келіп мән жайды айтып едім: 
—  Сен  өз  еркің  өзіңдегі  адамсың.  Мұндай  жағдайда  саған  бірдеңе  деуге 
құқым жоқ,— деді.  
Әкеме келдім: 
—  Әке,  маған  Назарбаевпен  бірге  шетелге  сапар  шегу  керек.  Өте 
жауапкершілігі зор шаруа. Бірақ сені де қалдырып кете алмай тұрмын.  
—  Жолыңнан  қалма.  Бұл  жұмыстың  сен  үшін  де,  ел  үшін  де  маңызды 
екендігін  екеуміз  де  сезініп  отырмыз.  Барып  қайт.  Сен  келгенше  шыдай 
тұрармын. Шыдай тұруға тырысамын.  
Осылайша,  Елбасының  жанына  еріп,  Америкаға  аттанып  кеттім.  Мен 
Америка сапарынан келгеннен кейін арада үш күн өткенде әкем дүние салды. 
Бұл 1992 жыл  еді. Соның алдында ғана Асқар Сүлейменов өмірден озған 
болатын. 
 
Достардың ортасы 
 
Уходят друзя понемногу
Сужается наш дастархан
Кого в этой труной дороге 
Еще не засыпал буран?.. 
Жуырда  Асқар  туралы  тамаша  кітап  жарық  көрді.  Өкінішке  қарай,  оның 
мерейтойын Асқардың өзінсіз атап өттік. Сүлейменов туралы көптеген жылы 
лебіздер, мадақтаулар айтылды. Лев Аннинский өте жақсы мақала жазыпты. 
Жинақты оқысаңыз Асқардың биік тұлғасы көз алдыңызға келеді.  
Асқар  мықты  драматург,  сыншы  болды.  Алпысыншы  жылдардағы 
буынның ең жарқын өкілдерінің бірі еді. Жалпы, сол жылдары елімізде рухы 
өр  тұлғалар  көптеп  шықты,  мұны  бұрын-соңды  болмаған    құбылыс  десек 
артық айтпаспыз.  
Асқар Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында дүниеге келген. Бізге 
беймәлім  шалғайдан  Алматыдағы  жас  интеллигенттердің  орртасына  түскен 
баршамызды  толғандырып  жүрген  тақырыптарға  қатысты  ой-пікірлерімен 
еріксіз таңғалдырды.  
Ира  оны  өте  жақсы  көретін.  Асқар  Ираны  қалжыңдап  ұстазына  балайды 
(преференс  ойнауды  үйреткені  үшін).  Асқар  табиғатынан  әр  нәрсеге 
қызыққыш  адам  еді.  Қамбар  атаның  тұқымын  жанындай  жақсы  көретін, 

 
68 
аттарға қатысты жұрт білмейтін талай дүниелерден хабардар еді. Осы жылқы 
малына деген шексіз махаббаттың арқасында Болат Мансұровтың «Құлагер» 
атты фильмінің сценариін дүниеге әкелді.  
Бұл  фильм  ұзақ  жылдар  бойы  тартпада  шаңға  көміліп  жатып,  қайта  құру 
кезінде ғана жарыққа шықты.  
«Құлагер»  аты  аңызға  айналған  тұлпар  туралы  эпикалық  поэма, 
Қазақстанда  оны  білмейтін  адам  аз.  Поэма  авторы  Ілияс  Жансүгіров  1937 
жылы  «Халық  жауы»  деген  жаламен  атылып  кеткен.  Ол  кезде  жаланың 
құрбаны болу қалыпты нәрсе еді.  
Құлагер  —  ақынның  аты.  Атақты  аламан  бәйгеде  Құлагер  жарысқа 
қосылған  жүйріктердің  барлығынан,  тіпті  ханның  да  мақтаулы  жүйрігінен 
озып  келе  жатады.  Хан  мұндайға  төзе  алушы  ма  еді.  Сөйтіп,  жалғыз  дара 
шауып  келе  жатқан  аттың  алдынан  көлденеңдеп  қара  киім  киінген  біреу 
шауып шыға келеді. Хас тұлпар жығылып, аяғын сындырады. Өзгелер атты 
сойып, етін жейді. Бұл оқиға поэманың негізгі айтпақ ойын төмендететіндей: 
Мұндай  халыққа  қаһарманның  керегі  қанша?  Оларға  тамағын  тойдырса 
болды емес пе? Яғни, тұлпардың трагедиясы екінші кезекте қалатындай.  
Асқар  поэманың  мазмұнын  басқа  қырынан  көрсете  білді.  Оны  Құлагер 
ғана  емес,  Ілияс  Жансүгіровтің  де  трагедиялық  тағдыры  толғандырғаны 
анық.  Бұл  трагедияның  философиялық  астары  қаһарманның  тағдыры 
халқының кәдесіне жарау дегенді аңғартады. Ақын өзінің жырын да, өмірін 
де бүкіл жан-тәнімен халқының мүддесіне құрбандыққа шалуға тиіс.  
Фильмдегі  Құлагердің  бейнесіне  лайықты  ат  іздеген  Асқар  бүкіл  жылқы 
зауыттарын  шарлап  шықты,  ақыры  Ашхабадтан  ақалтеке  тұқымды  қара 
айғырды тапты. Ол аз дегендей, Асқар өзінің қаршадай ұлы Әлішерге бәйгеге 
шабатын  баланың  рөлін  ойнатты.  Кіп-кішкентай  баланы  ат  арқасына 
мінгізудің  қауіпті  екендігін  айтып,  Асқарды  бұл  ойынан  айнытуға 
тырысқандар  көп.  Баланың  өзі  де  сескенді,  себебі  Ашхабадтан  әкелінген  ат 
бас білмейтін асау мал еді.  
Кейін сол қаршадай бала ер жетті. Әкесі сияқты мықты азамат болды.  
Болашақ достардың  жолы өмірде  түрліше  тоғысады. Менің  достарымның 
барлығын  толғандырған  бір  мәселе  бар.  Баршамызды  халқымыздың  өткен 
тарихының елеусіз қалғаны, ұмытылып бара жатқаны алаңдатты. Біз тілімізді 
сақтап  қалдық,  алайда  біз,  яғни,  қазақтар  кімбіз?  Мәдениетіміз,  тарихымыз 
қандай?  
Студенттік  жылдарда  Мәскеуге  әртүрлі  республикалардан  оқуға  келген 
жастар жерлестерін іздеп тауып, достасуға тырысатын. Атақты жазушының, 
қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Әуезов те солардың 
қатарында.  Ол  cалған  беттен  тіл  ғылымын,  ұлттық  таным  архетиптерін, 
мінез-құлықты  зерттеуге  бас  қойды.  Мұрат  —  керемет  адам.  Оның 
бойындағы,  мінез-құлқындағы  сыпайылық  туа-бітті  қасиет.  Алпысыншы 
жылдары  Мәскеуде  оқи  жүріп  «Жас  тұлпар»  ұйымын  құруға  мұрындық 
болды. Алпысыншы жылдар жылымық кезең болса да, ұлтшылдарға қатысты 
қатал көзқарас әлі де жібімеген еді. Мұратты ұлтшыл қозғалыстың басшысы 

 
69 
деп біраз қудалады. Әйтеуір, түрмеге қамаған жоқ. Бірақ: «Бала, байқап жүр, 
шектен шықпа» деп саусақ безеп, қатаң ескертіп қойды.  
Мен  ол  кезде  Өскеменде  тәжірибеден  өтіп  жатқанмын,  олармен 
алпысыншы  жылдары  Алматыда  кездестік.  Біздің  компанияда  Асқар  мен 
Мұраттан  басқа  суретші  Салахитдин  (Оны  біздер  Қалжан  деп  атайтынбыз) 
Айтбаев,  Мақұм  Қисамединов  болды.  Қазір  Қалжан  да,  Мақұм  да  өмірден 
өтіп  кетті.  Қазіргі  Қазақстан  дизайнерлері  одағының  төрағасы,  бүкіл  ел 
қолданатын  ақша  белгілерінің  авторы  Тимур  Сүлейменовпен  де  достық 
қарым-қатынаста болдық. Жолдас жігіттер оған: Аз сурет салдың, ең дұрысы 
жасыл  ақшаның  суретін  салуың  керек  еді»  деп  қалжыңдайтын.  Достардың 
арасында  Марат  Сембин,  Қазақстанның  Малайзиядағы  елшісі  Болатхан 
Тайжанов  та  бар.  Музыкатанушы  Болат  Қарақұлов  те  бізбен  бірге  жүрді. 
Бәріміз  бір  жылдың  түлегіміз  десек  те  болады,  көпшілігіміз  1943  жылы 
туғанбыз. Олжас Сүлейменов те бізге ағамыздай болды.  
Бәріміз  түйдей  құрдас  болғандықтан,  бір-бірімізбен  тең  дәрежеде 
сөйлесеміз,  жиі  қалжыңдасамыз.  Жиі  бас  қосып,  арзанқол  портвейн  мен 
азғандай  тіскебесарды  ортаға  алып  отырып  әңгіме-дүкен  құрамыз,  пікір 
таластырамыз.  Біздер  бір-бірімізге  керек  екенімізді  сезетінбіз.  Ортамызда 
басшы  да,  қатардағы  жауынгер  де  жоқ,  бәріміз  теңбіз.  Әрқайсымыз  өз 
саламызда өзімізді еркін сезінеміз. Біреуіміз мақала жазамыз, екіншіміз сурет 
саламыз, үшінші біреу пьеса жазады, тағы бірі ақын.  
Біз өзіміздің түпкі тамырымызды табуға талпындық, оның мән-мағынасын, 
философиялық негізін табуға тырыстық. Елдің әр түкпіріне тарап кетсек те, 
бір-бірімізді  жоғалтқан  жоқпыз.  Мүмкіндік  туған  сәтте  үнемі  жиі  жүздесіп, 
өзара  ой  бөлісетінбіз.  Бас  қосқан  сайын  өзімізге  беймәлім  жаңа  дүниелерді 
ашатынбыз.  
Түр-тұлғамыз,  қанымыз,  мінез-құлқымыз  қазақ  болғанымен,  өзімізді 
ұлтшыл санаған емеспіз. Біз өзімізді еуразиялық деп есептедік, бар әлеммен 
байланыс  орнатуға  ұмтылдық.  Әлемге  деген  көзқарас  ауқымы  тар 
адамдардың арасынан дос іздеген емеспіз. Ондайлар көп. Олардың көзқарас 
ауқымы  кең деп айта алмаймын, соның салдарынан олар «асфальтта өскен» 
қазақтарды өзінің табиғи болмысын жоғалтқан деп санайды.  
Мен  біршама  озық  қоғамдық  тұлғалардың  бірімін.  Партияның  да, 
комсомолдың  да,  басқа  да  сол  тектес  номенклатураның  адамдарымен  істес 
болдым.  Алайда,    ресми  қарым-қатынастан  әріге  барған  жоқпын.  Кешкілік 
бос уақытымды олармен бірге өткізген жоқпын.  
Меніңше,  біздің  төл  мәдениетіміз  өзге  елдермен  араласудан  шектеліп 
қалған сияқты көрінеді. Ал бұл дегеніңіз мәдениеттің дамуы, ілгерілеуі үшін 
өте  қажет  дүние  деп  есептеймін.  Мен  еуразиялық  мәдениетті  айтып 
отырмын.  Иә,  мен  Батыс  елдерінен  көп  нәрсені  алу  керек  деген  пікірдемін. 
Батыстан біз тұрмыс-салт мәдениетін де, ақша санау мәдениетін де үйренсек 
артықтық етпес еді.  
—  Өзіңе  берілген  тар  кеңістікте  өмір  сүр,  одан  аттап  шықпа,  себебі 
барлығы алдын ала кесіліп-пішіліп қойылған. Сенің үйің, машинаң, отбасың, 
банкте  есеп-шотың бар.  Осының  бәрі  өзіңде  бола  тұра,  философия  соғудың 

 
70 
қажеті  қанша?  Сен,  қарапайым  журналист,  неліктен  соншалықты  ауқымды 
мәселелерге бас ауыртасың?— деген пікірді жиі естимін.  
Мен ешқашан мұндай ұстанымды қолдамаймын. Гумилев «пассионаризм» 
деп түсіндірген үлкен ұғым бар. Шыңғысхан тұсында пассионар адамдарды 
«еркіндігі  шексіз  адамдар»  деп  атаған.  Сірә,  менің  достарымның  бәрі 
осындай  «еркіндігі  шексіз»,  ой-санасы  азат  адамдар  шығар.  Біздің 
мүмкіндігіміз  жете  бермейтін  ауқымды  жобалар  болды.  Соған  қарамастан, 
біз  оны  жүзеге  асыру  туралы  толғандық,  белсенді  түрде  талқыладық, 
көпшілігін іс жүзіне асырудың да сәті түсті.  
Мәселен,  Мақұм  Қисамединов  «Фаусты»  керемет  иллюстрацияларымен 
қазақ  тілінде  шығарды,  қосымша  неміс  тіліндегі  мәтінін  қосты.  Дүние 
жүзінде  «Фаустың»  көптеген  гравюралары  мен  иллюстрациялары  бар 
(Дорені,  Делакруаны  еске  түсіріңіз),  олардан  асып  түсу  мүмкін  бе?  Соған 
қарамастан,  Мақұм  олардан  да  жақсы  жасауға  ұмтылды,  ол  өзінің 
табиғатындағы дүниені, өзінің оқырманына жақын дүниені жасап шығарды. 
Фаустың  өмір  жолы  туралы  сюжетке  ол  қазақы  иірімдерді  қосты.  Бұл  еш 
нәрсеге  ұқсамайтын  керемет  дүние  болды.  Бұл  Мақұмның  әлемдік 
классиканы өзінің төл мәдениетіне таныстыруға қосқан үлесі еді.  
Сол  сияқты,  Асқар  Сүлейменовтің  де  Чеховтың  «№6  палатасын»  еске 
түсіретін  пьесасы  бар.    Ол  Чеховты  қайталауға  да,  одан  асып  түсуге  де 
тырыспайды.  Асқардың  көкейін  тескен  жалғыз-ақ  мақсат  —  жындылықты 
қазаққа  түсінікті  тілмен  жеткізу.  Қалжан  да  үнемі  жұртты  таңғалдыратын 
тың дүниелерді ашып жүретін. Ол әкесінің портретін, қойшының портретін, 
не  болмаса  тағы  бір  нәрсені  салса  да,  картиналарынан  даланың  иісі  аңқып 
тұрады.  
Осы  еркін  ойлы  азаматтардан  жасақталған  достардың  ортасында  мен  де 
қолымнан  келген  үлесімді  қостым  деген  ойдамын.  Меніңше,  олардың 
ішіндегі ең прагматигі өзім болған тәріздімін. Себебі, менің мамандығым  — 
журналистика  соны  талап  етеді.  Журналистік  жолда  жүріп  елдің  көптеген 
аймақтарын  аралауға  тура  келді.  Көптеген  салада  еңбек  ететін  адамдармен 
жүздесіп,  пікір  алыстым.  Соның  арқасында  шығар,  әлеуметтік  ахуалға 
қатысты нәрселерді жақсы білетінмін. Уақыт өте келе осы тәжірибем маған 
көмегін  тигізді.  «Мир»  жобасын  қолға  алған  кезде  бұл  жұмыстың 
қаншалықты  күрделі  екендігін,  үлкен  қажыр-қайратты  қажет  ететіндігін 
жақсы  түсіндім.  Бірақ  соның  бәрін  жеңе  алатынымды  сездім.  Бір  айта 
кетерлігі,  «Мир»  —  біздің  жас  шағымыздағы  идеялардың  жаңғырығы.  Сөз 
жоқ,  «Мир»  жобасының  өмірге  келуіне  біздің  дастархан  басында  ортаға 
салған  идеяларымыздан,  сондай-ақ  ұзақ  жылдар  бойғы  телевидение  мен 
радиодағы тәжірибем ықпал еткені анық.  
Негізі, осы бір үлкен істі қолға алмай-ақ қойсам да, құзырлы органдардың 
дәлізін  тоздырмасам  да,  ұшақпен  таусылмайтын  сапарларға  шығып 
шаршамасам да болар еді.  
Жастық  шағымыздан  бергі  қалыптасқан  достығымыз  әлі  күнге  жалғасып 
келеді. Мен Мұрат Әуезовты әлі күнге дейін сенімді дос қана емес, ұстазым 
деп  білемін.  Егер  ол  мені  шәкіртіне  баласа,  онда  мазасыз  шәкірт  деп 

 
71 
есептейтін  шығар,  әрине.  Мен  сияқты  шәкірттер  бір  орында  байыз  тауып 
отыра алмайтыны анық.  
Мұраттың  мамандығы  —  қытайтанушы,  шығыс  тілдері  институтын 
тәмамдаған.  Оған  үйінде  тыныш  отырып,  тай  поэзиясы  туралы,  ертедегі 
қытай  сәулет  өнері  мен  бейнелеу  өнерінің  адам  тілмен  айтып  жеткізе 
алмайтын көркемдігі туралы, Қытай мәдениетінің тартымдылығы турасында 
толғанып  отыруға  да  болар  еді.  Мен  болсам  оны  үнемі  әрбір  жаңа  іске 
итермелеуден  шаршамаймын.  Менің  итермелеуімнің  арқасында  ол 
сексенінші  жылдары  «Қазақфильмде»  бас  редакторлық  қызмет  атқарды. 
Қазақстан  егемендік  алғаннан  кейін  Назарбаев  оны  Қытайдағы  ең  алғашқы 
Төтенше  және  өкілетті  елші  қызметіне  жіберді.  Мұрат  Әуезов  алып 
империяның  түркі  тілді  елдермен  арадағы  байланысын  дамытуға  еңбек 
сіңірді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет