Бейбітшілік бақЫТҚа бастайды



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата17.01.2017
өлшемі1,42 Mb.
#2081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Құрылыс отрядтары 
 
...1961  жыл.  Күз.  Валера  Серікбаев,  Юра  Сойко,  Юра  Савченко,  Болат 
Әбдіхалықов бар, барлығымыз комбинатта жұмыс істедік, бесеуміз де еңбек 
кітапшамызды  осы  жерден  алдық.  Сөйтіп,  Алматыға  оралдық.  Семей 
әуежайынан  ұшаққа  отырдық.  Бірақ  әуежайдың  азаматтық  ұшу  алаңынан 
емес, әскери ұшу алаңынан ұшпақпыз, себебі Қытаймен арада кезекті талас-
тартыс туындаса керек.  
Сонымен,  ұшу  алаңына  келе  жатырмыз,  қолымызда  гитара.  Кенет 
алдымыздан  тура  әскери  уақыттағы  сияқты  МИГ-тар  бірінен  соң  бірі  келіп 
қона  бастады.  Дәл  қасымызда  әскери  полигон  орналасқан.  Біз  болсақ  «Ах, 
какие  удивительные  ночи»,  деп  айқайлап,  Окуджаваның  әніне  басып  келе 
жатырмыз.  
Окуджаваның Мәскеуде жаңа сәнге айнала бастаған тұсы, ал біз Семейде 
оның  шығармаларын  айқайлап  айтып  келеміз.  Қалтамызда  қаражат 
баршылық,  өзімізді  жас  бала  емес,  нағыз  еркектердің  жұмысын  бастан 
кешкен,  пісіп-жетілген  ересек  жігіттер  сияқты  сезінеміз.  Елдің  ертеңгі 
болашағы  —  Біз.  Қандай  ел  десеңізші!  Аумағы  ұланғайыр  алып  елдің 
болашағымыз.  
Кейін  осының  бәрі  құрылыс  отрядтарындағы  романтикаға  ұласты.  Біздер 
туып-өскен үйімізден қашықта өмір сүруге, өзімізді ересек ер-азамат сияқты 
сезінуге  үйрендік.  Әрбір  ісімізге  басқа  емес,  өзіміз  жауап  береміз.  Адами 
қасиеттерімізді іс жүзінде дәлелдегіміз келеді. Бізге сенуге болады, ешкімнің 
көңілін  қалдырмаймыз.  Егер  менің  өмір  жолымда  Өскемендегі  өткен 
күндерім болмаса, өмірімнің басқа бөліктері де болмас еді... 
Кейін  Алматыда  жүргенде  комсомол  хатшысы  болдым,  комсорг  клубына 
қабылдандым.  
1999 жылдың 24 наурызында «Россия» Орталық концерт залында құрылыс 
отрядтарының  қырық  жылдығына  арналған  кеш  өтті.  Бәлкім,  қазіргілердің 

 
47 
арасында  мені  «өткен  шақты  аңсаушы»  деп  жазғыратындар  табылып  қалар. 
Қалай болғанда да, Ира екеуміз сол кешке шақыртумен арнайы бардық. 1963 
жылдан  бастап  осы  қозғалысқа  ат  салыстық.  Бұл  науқанның  біз  үшін  алар 
орны ерекше.  
Бізбен 
бірге 
Ғалым 
Әбілсейітов, 
Слава 
Писменный, 
Сережа 
Литвиненколар  барды.  Айтпақшы,  сол  кезеңде  Целиноград  облысынан 
шығатын  «Студенттік  меридиан»-ның  редакторы  қызметін  Боря  Евсеев 
атқаратын.  Қазір  ол  «Вечерний  клуб»  басылымының  бас  редакторы.  Өз 
газетінің арнайы шығарылымын ол құрылыс отрядтарына арнады.  
Кешке  Юрий  Михайлович  Лужков  та  келді.  Ол  кісі  де  1958  жылғы  ең 
алғашқы  тың  игеру  отрядтарының  құрамында  болған  екен.  Лужков 
басқалармен бірге құрылыс отрядтарында айтылған әндерді шырқады. Негізі, 
ол  кісі  сахнаға  шығып,  сөз  сөйлеуге  тиіс  болатын.  Алайда,  құрылыс 
отрядтарының ардагерлері оған:  
—  Сен  біздің  ортамызда  болдың  ғой.  Басқа  либералдардың  қарсылығына 
қарамастан  тың  жолдар  мен  Сібір  құрылысының  шаң-тозаңы  сіңген  біздің 
туымызды  сахнаға  алып  шығуға  рұқсат  ете  аласың  ба?,—  деген  өтініш 
айтыпты.  
Лужков сөзге келместен: 
— Жігіттер, мен сендермен біргемін,— дейді.  
Сахнада  әр  тараптан  ағылып  келіп  жатқан  рельстердің  көрінісі 
бейнеленіпті.  Қақ  ортасына  кезіндегі  құрылыс  отрядтарының  киімін  киіп 
алған қазіргі мәскеулік жоғары оқу орындарының студенттері тұр. Олар 50-
60  жылдары  далада  алаудың  жанында  дөңгеленіп  отырып  гитарамен 
шырқаған  әндерді  қайта  жаңғыртты.  Өздері  ғана  шырқаған  жоқ,  кәсіби 
әртістерді  де  шақыртыпты.  Әртістер  де  бұл  тойдың  басқа  тойлардан  жөні 
бөлек екенін сезгендей, бар өнерлерін салып орындады.  
Сахнадан орындалған әндерге бүкіл зал толы көрермен қосылды. Ираның 
көзіне жас үйірілді. Құрылыс отрядтарында өткен күндеріміз көз алдымызға 
келді.  Бүкіл  тың  даласының  төсін  дүрсілдеткен  составтар...  Далада  қаптай 
тігілген  қостар...  Өздері  үшін,  ел  үшін  жандарын  аямай  жұмыс  істеген 
жастар... Өмірді жақсы жағына өзгерту біздің өз қолымызда екенін түсінген 
едік. Осы өткен күндерден қалған естеліктер біз үшін қастерлі дүние болып 
қала бермек.  
1964 жылдың ақпан айы, Алматыдағы опера және балет театрынан Қаныш 
Сәтпаевті  соңғы  сапарға  шығарып  салдық.  Марқұмның  жанынан  өткен  гүл 
ұстаған  адамдардың  легі  таусылар  емес:  Ғылым  академиясының 
Президиумынан бастап еден жуушыларына дейін келді. Облыс-облыстардан 
ағылып  келген  қарапайым  қойшылар,  металлургтер,  басқа  да  саланың 
адамдары  да  жетерлік.  Үшінші  курста  оқитын  мен  кезекшілердің 
тізіміндемін.  Бір-біріміздің  қолымыздан  ұстап  тұрған  кезекшілер  ағылып 
келген адамдардың толқынын әзер тежедік.  
Мен  үшін  бұл  оқиға  қатты  әсер  етті.  Бұған  дейін  Қаныш  Имантайұлы 
сынды  тұлғаның  ғылыми,  адами  өлшемін  әлі  толық  түйініп  үлгермеген 
екенмін.  Арада  көп  уақыт  өткен  соң  Медеу  Сәрсекеевпен  бірге  Сәтпаев 

 
48 
туралы  он  сериялы  телефильмге  сценарий  жазу  үшін  (өкінішке  қарай, 
аяқталмай  қалды)  материал  жинап  жүргенде  ғана  осы  бір  алып  тұлғаның 
қаншалықты  терең  әрі  биік  екендігіне  көзім  жетті.  Ал  дәл  сол  сәтте 
марқұммен  қоштасу  рәсімінде  сезімнің  әсерімен  Сәтпаевтің  туған  жері 
Баянауылда оның атында мұражай ашуға өзіме өзім серт еттім.  
Сол  жылдың  жазында  Баянауыл  жаққа  құрылыс  отрядының  құрамына 
барған  сапарымда  тұтас  вагонга  жуық  жәдігер  жиып  қайттым.  Сәтпаевтың 
отбасы,  әулеті,  достары  мен  әріптестері  біздің  қадалып  сұрағанымыздың 
арқасында болашақ мұражайға көптеген түпнұсқа құжаттар, минералогиялық 
үлгілер,  ғалымның  жеке  киімдерін,  сирек  суреттерін  біздің  қолымызға 
табыстады.  Энтузиазм  –  жақсы  нәрсе,  әрине.  Бірақ  дәл  сол  кезде  біздің 
арамызда,  яғни,  құрылыс  отрядындағы  қыз-жігіттердің  арасында  мұражай 
ісін  жақсы  білетін  ешкім  жоқ  еді.  Ондай  білгір  кісі  Баянауылдан  да 
табылмады.  
Аудандық  партия  комитетінің  бірінші  хатшысы  Рамазанов  біздің  алып-
ұшқан көңілімізді су сепкендей басып: 
—  Жігіттер,  сендердің  қолдарыңда  Үкіметтің  мұражай  ашу  туралы 
қаулысы бар ма? —дегені.  
—Бұл біздің өзіміз қабылдаған шешім, — деп жарыса жауап қаттық. —Сіз 
қандай  қаулыны  айтып  тұрсыз?  Мұныңыз  ұят  емес  пе?!  Сәтпаев  сіздің  ұлы 
жерлесіңіз емес пе? 
— Әрине, қаулы сол үшін де керек. Әйтпесе, басқалар түсінбеуі мүмкін! – 
дейді ол кісі. Сосын біздің қабағымыз түсіп кеткенін көріп: 
—  Онда  былай  істейік.  Сендер  менің  атыма  жоғарыға  шағым  түсіріңдер. 
Мен сендерге аса маңызды жұмысты жүзеге асыруға кедергі келтіріп жатқан 
болайын.  Осыған  келісейік.  Ендеше,  алдымен  жәдігерлерді  аудандық 
мәдениет  үйінің  бөлмелеріне  жинастырып  қоялық.  Мұражай  сол  болсын. 
Бірақ бірнәрсені  естеріңде  сақтаңдар, мен бұл  туралы  ештеңе білмеймін,  — 
деді.  
Осылайша, біз саясаттың алғашқы әліпбиін үйрендік.  
Көп  ұзамай  сол  жылдың  қыркүйек  айында  аудандық  мәдениет  үйінде 
мұражайдың алғашқы жәдігерлері ашылды. Арада он бес жыл уақыт өткенде 
«Операция  Ритм»  циклымен  айналысып  жүріп  Баянауылға  жолым  түсті, 
мұражайға соқпай кетуім мүмкін емес, әрине. Мұражай өз алдыне жеке әсем 
ғимаратқа  көшіпті.  Кең  залдарында  академиктің  қайраткерлік  жолының  әр 
кезеңіндегі  жәдігерлер,  жеке  заттары,  ғылыми  еңбектері,  оның 
қаламдастарының еңбектері жеке - жеке қойылған. Бірақ мені таңғалдырғаны 
басқа  нәрсе:  Мұражайдың  еденіне  шам  жарығымен  жалтырай  шағылысқан 
паркет төселіпті және келушілерге Эрмитаждағы сияқты арнайы мұражайдың 
аяқ киімі беріледі екен... 
Құрылыс отрядтарында жүрген жылдары біздер ресмилікті жек көретінбіз, 
комсомолдық  романтиканы  жақтырмайтынбыз.  Комсомолдың  пысықайлары 
жастардың бойындағы жастық желікті, үлкен істерге бастайтын энтузиазмды 
өздерінің қызметтік сатыда өрлеуіне пайдаланып қалуға тырысты. Бұл әбден 
үйреншікті  болған  тәсіл,  бірақ  тиімділігі  шамалы:  президиумдар,  газет 

 
49 
бетіндегі  көлдей-көлдей  мақтаулар,  өтірік  сөз...  Осындай  жұртты 
адастыратын  ойынды  ойнайтындар  үшін  жоғарыға  өрлеуге  жол  ашық  деуге 
болады. Әрине, жастардың арасында ондайлар да кездесті, бірақ басым бөлігі 
аулақ болды.  
Қазір  «Егер  сол  кездегі  құрылыс  отрядтарындағы  жастар  биікке  келсе  не 
болар  еді?»  деген  ойға  қаламын.  Бірақ  олар  билікке  келген  жоқ.  Дер 
уақыттарын  жіберіп  алды,  кешігіп  қалды.  Бәлкім,  керексіз  болған  шығар?!  
Жоқ,  ең  бастысы  олар  билікке  жетуге  құлшынған  жоқ.  Олардың  билікке 
құлшынбауының бір себебі,  адал еңбекпен тапқан ақшаларына байланысты 
шығар.  Ақша  адамды  рахат  өмір  сүруге  әдеттендіреді  емес  пе?!    Олар 
партияның басындағы ат төбеліндей топқа қызмет ететін өтірік идеологияға 
ашық қарсы шыға алмады, Шындығында, олар өмірге жастық романтиканың 
желігімен  қадам  басып  еді  ғой.  Мәскеудегі  интеллигенттермен 
салыстырғанда олардың көңілі таза болатын.  
Алайда,  бүгінгі  алпауыттардың  біразы  кезіндегі  құрылыс  отрядтарынан 
шыққанын айтпай кетуге болмас. Олардың арасында кейбіреулері бетегеден 
биік, жусаннан аласа болып жүріп, не істеп, не қойғанын жұртқа сездірмей, 
жымын  білдірмей  өмір  сүрді.  Ортақ  істен  гөрі,  өзінің  жеке  басының  қамын 
көбірек күйттеді.  
 
В шестидесятых – 
Клятых, мятых, 
Бросая в землю семена, 
Ты ждала всходов, 
Как всходов, 
Оголодавшая страна. 
И степь рожала и дрожала... 
Где долгожданные дожди?.. 
Не понимали мы что к  сроку 
Ты не прольешся зернотоком, 
И непомогут ни пороки, 
Ни многомудрые вожди... 
 
Бұл  жолдарды  мен  80-жылдары  жазыппын...  Біздер,  құрылыс 
отрядындағылар  іштей  қайта  құруға  басқалардан  бұрын  дайын  болдық. 
Өзіміз  имандай  сенген  идеяға  өзіміз  қарсы  шықтық...  Егер  қайта  құру  дер 
кезінде басталып, құрылыс отрядтары оның маңдай алдында жүрсе не болар 
еді?!  Егер...  Егер...  Өткен  іске  өкінеріңді  де,  қуанарыңды  да  білмейсің? 
Себебі, оның арты немен тынатынын да ешкім болжай алмайды ғой.  
Сол бір кеште құрылыс отрядтарының ардагерлері мен мәскеулік жоғары 
оқу  орындарының  ректорлары  тың  даласына  ең  алғашқы  эшелонның  қалай 
аттанғанын  естеріне  алды.  Екі  жарым  сағат  бойы  бар  даусымызбен  жастық 
шағымыздың куәсіне айналған әндерді шырқадық.  
Лужков: 

 
50 
- Жігіттер, бір өзенге екі қайта сүңги алмайсың. Құдайға шүкір, мен қазір 
бала  емеспін.  Бірақ  мен  үшін  сол  бір  құрылыс  отрядтарындағы  күндерім 
ерекше  тәтті.  Менің  ойымша,  тоқсаныншы  жылдардағы  студенттер  де 
өздерінің  құрылыс  отрядтарын  құрады.  Оларға  да  жұмыс  табылары  сөзсіз. 
Мәселен, Үшінші Мәскеудегі айналма жолдың құрылысы, - деді.  
Жастар оған: 
-  Жарайды,  келістік.  Бірақ  бізге  брезент  палатканың  ішінде  өткен 
романтиканың  ешқандай  қызығы  жоқ.  Құрылыс  отрядына  өзіміздің 
компьютерімізбен барамыз,—дегені.  
Олар дұрыс айтып отыр. Әр заманның өз құндылығы, ерекшелігі бар. Бірақ 
мен  дәл  сол  кеште  өзімнің  Қазақстаным  үшін  қарным  ашты.  Құрылыс 
отрядтары  Қазақстанда  жұмыс  атқарды,  қаншама  алып  нысандар  солардың 
қолымен бой көтерді?! Ал сол кешке Қазақстанның атынан келіп, ең бірінші 
құрылыс отрядтарының атына бір ауыз жылы сөз айтқан, алғысын жеткізген 
адам табылмады... 
Мен  де  құрылыс  отрядтарына  еңбек  сіңірдім,  отряд  комиссары  болдым. 
Біздің  отряд  Баянауыл  ауданының  Ақшиман  совхозында  қойшылардың 
қыстауларына  үй  салды,  қора  тұрғызды.  Аз-мұз  ақша  таптық.  Әрине,  біз 
ғасыр  құрылысын  жасағанымыз  жоқ,  дүние  жүзінде  әлдеқайда  ауқымды 
жұмыстар  жүзеге  асып  жатқан  еді.  Сол  жылы  біздер  нан  үшін,  молшылық 
үшін  еңбек  етіп  жатқанда  төбемізден  академик  Сахаров  Машина  жасау 
министрі  Славскиймен  бірге  Семей  ядролық  полигонына  сутегі  бомбасын 
алып  ұшып  өтіпті.  Біз  төбемізден  кімдер,  не  үшін  ұшып  жатқанынан 
бейхабармыз,  полигонның  тура  шетінде  жүргенімізді  де  білмейміз.  Олар  да 
үстімізден ұшып бара жатып біз туралы ойламағаны анық... 
Мен қазір құжат жүзінде анықталып жатқан Александр Дмитриевичті көп 
оқимын,  осы  жердің  бетінде,  астында  қандай  құбылыстар  болғаны  туралы 
ойланамын. Біздер, сол кездегі студенттер немен шұғылдандық? Олар, көкте 
ұшып жүретіндер ше?.. 
Менің  баяндағалы  отырған  әңгімем  біреулерге  шындыққа  жанаспайтын 
ертегі болып көрінуі мүмкін. Калай ойласаңыз да, қалауыңыз білсіз.  
Күн  қақтаған  сайын  дала,  біз  сол  шеті  мен  шегі  көрінбейтін  даланың  қақ 
ортасында  үй  салып  жатырмыз.  Жайлаудан  қайтатын  қойшыларға  арналған 
үйлер.  Бригадиріміздің  ұлты  югослав,  есімі  Адам  Далипагич.  Оның  әкесін 
кезінде Броз Тито елден қуып жіберген көрінеді. Тағы біреулердің айтуынша, 
ол  маршал  Титоның  некесіз  туған  ұлы  көрінеді.  Қазақстанда,  Павлодар 
облысының  түкпірінде  қайдағы  бір  югослав  не  бітіріп  жүр  дерсіз?  Ол 
құрылысшы еді, біздің жұмысты сапалы істеуімізді қадағалап жүретін. Сірә, 
сол  жылдары  біздің  қолымыздан  шыққан  үйлер  күні  бүгінге  дейін  құламай 
тұрған болар.  
Сонымен,  қақтаған  күннің  астында  үй  салып  жатқанымызда  бірде 
Павлодардан  облыстық ауыл  шаруашылық   басқармасының инженері  келді. 
Өзі жап- жас жігіт, бізден сәл ғана ересектеу сияқты. Қос ат жеккен тарантас 
арбамен  келіпті.  Бұған  қалай  таңғалмассың?!  1968  жылы  газиктер  мен  

 
51 
уазиктер заулап жатыр. Мына жігіт болса қос ат жеккен салдырлақ арбамен 
келіп тұр. Жапан далада жатқан бізге келіп: 
— Жігіттер, мен құритын болдым!— дейді.  
— Не болып қалды? Неге құрисың? 
—Құртатын  болды  мені.  Өзім  Алматының  жігітімін,  Зооветеринарлық 
институтты  бітіргенмін.  Енді  жергілікті  Павлодардың  мафиясы  руға, 
жершілдікке  салынып,  соңыма  түсіп  алды.  Аттап  басқызатын  түрлері  жоқ, 
барлық  жерде  өздерінің  адамдары  жұмыс  істейді.  Бүйте  берсе,  күн  көре 
алатын түрім жоқ. Ал менің атағымды шығарғым, өскім келеді. 
Атын шығаруды, қызмет жолында өсуді, бастық болуды ойламайтын қазақ 
болушы ма еді?!  
—  Осында  Алматының  жігіттері  үй  салып  жатқанын  естіп,  сендермен 
танысып-білісу үшін әдейілеп келдім,— дейді. 
Біз «жарайды» дестік. Есімі Серік екен. Серікті ортаға алып, гитарамен ән 
шырқап отырмыз. Бір кезде әлгі инженер шөлмегін алып шықты.  
—  «Тың»  деп  аталатын  ғаламшарда  ішімдік  ішілмейді,—  десіп  бірден 
қарсыластық.  
—  Неге  ішуге  болмайды?  Әркім  шамасы  келгенше  өмір  сүруге  тырысуы 
керек! — деп ол бой бермейді. Павлодарлық мафия туралы, олардан көрген 
зәбірлері жайында әңгімесі таусылар емес:  
— Олардың менің түбіме қалай жетпек болғанын білсеңдер ғой! Аудандық 
басқармаға  металл  сынықтарын  өткізуге  тапсырма  жүктеп  қойды  маған. 
Мына  жапан  далаға  металл  қайдан  келсін?!  Қолға  ілігетін  бір  түйір  темір 
табылмайды.  Олар  маған  жаулық  ойлап,  қасақана  осындай  орындалмайтын 
міндет  беріп  қойды.  Металл  сынықтарын  өткізу  жоспарын  мен  ешқашан 
орындай алмаймын! 
Қысқасы,  сөйтіп  әңгіменің  қызығымен  қас-қарайғанша  отырдық.  Адам 
Далпагович  оған  мықты  бол,  барлығына  төз  деп  ақыл-кеңестерін  айтып 
жатыр.  Таңертеңгісін  жұмысымызға  кіріскенбіз.  Алматылық  инженер  көзге 
шалынбайды, бір жаққа кетіп қалса керек.  
Кенет  сағат  10-ның  шамасында  алыстан  жан  даусы  шығып  айқайлаған 
адамның  даусы  естілді.  Біз  төбенің  басында  тұрмыз,  ат  шаптырым  аумақ 
алақандағыдай  көрінеді.  Әлгі  айқай  кемінде  үш  шақырым  жерден  шығатын 
сияқты.  Сөйтсек,  айқайлап  жүрген  өзіміздің  Серік  болып  шықты.  Жүгіріп 
жеттік. Келсек, арбасын соры бетіне шыққан тақыр жерге қаңтарып қойыпты. 
Жердің  астынан  құрылыс  басында  бетон  араластыратын  құрылғыға  ұқсас 
үлкен темірдің шеті қылтияды. Серік темірді бір теуіп қойып: 
— Таза металл. Жігіттер, жабылып арбаға тиеуге көмектесіп жіберіңдер,— 
дейді.  
Біздер  некесіз  туған  югославты  қосқанда  он  екі  адамбыз.  Жерге  көміліп 
жатқан алмұрт пішіндес темірдің салмағы зілдей. Әбден топыраққа көміліп, 
жердің астында көзге көрінбей жатыр екен.  
—  Жігіттер,  тездетейік.  Дәл  бүгін  жақын  маңайдағы  металл  сынықтарын 
қабылдайтын  жерге  өткізіп,  өткізгенім  туралы  тиісті  қағазын  қолыма  алып 
алайын,— деп қояды.  

 
52 
Бар  күшімізді  салып  жүріп,  тиедік  арбаға.  Темірдің  салмағынан  арба 
сынып кетуге шақ қалып қайысып тұр.  
— Серік, жолың болған екен, әйтеуір! Барып аман-есен өткіз,— деп жаңа 
танысымызды  аттандырып  салдық.  Өзіміз  құрылыс  басына  оралып, 
жұмысымызға қайта кірістік. Бірнеше сағаттан кейін бұрын-соңды көрмеген 
тұрқы  бөлек  ұшақтар  ұшып  келе  бастады.  Аузымыз  ашылып,  аңтарылып 
қарап қалыппыз. Осы төңіректі биіктен біраз шарлап жүрді де, келген ізімен 
кері  қайтты.  Артынша  тікұшақтар  пайда  болды.  «Мынадай  елсіз-күйсіз 
далада  ұшақтар  мен  тікұшақтар  не  істеп  жүр»  деп  таңғалып  отырмыз. 
Артынша  көкжиектен  солтүстік  шұғыласына  ұқсас  қызылды-жасылды 
көріністер көрінді.  
Осы жылғы жаз өте жаңбырлы болды. Бұрын сусап жататын өлке еді, енді 
күтпеген  жерден  аспанды  қара  бұлт  торлап,  сатырлап  найзағай  ойнап, 
жаңбыр шелектеп құйып береді. Табиғаттың мың құбылған сырын біз қайдан 
білейік?!  Үй  тұрғызып,  оны  қойшыларға  табыстап,  жұмысымыз  біткеннен 
кейін қалаға қайттық.  
Серік болса даладан тауып алған алмұрт пішіндес темірін металға өткізіп, 
металл  сынықтарын  өткізу  жоспары  бойынша  басқа  облыстардың  бәрін 
басып  озыпты.  Біраз  жылдардан  кейін  ол  Ауыл  шаруашылығы  министрінің 
орынбасары қызметіне тағайындалды. Мен Телевидение мен радио министрі 
болдым.  Горбачев  билігі  тұсында  екеуміз  бір  жиналыста  кездесіп  қалдық. 
Үзіліс кезінде Серік маған келіп:  
— Ғаділбек, сені өте қатты сыйлаймын. Саған көкейімде ұзақ жылдардан 
бері жүрген үлкен әскери әрі мемлекеттік құпияны ашайын! — деді.  
— Ол қандай құпия? 
— Сонау 1963 жылғы кездесуіміз есіңде ме?  
— Иә, есімде? 
—Көлдің жағасынан жерге көміліп жатқан үлкен темірді тауып алғанымыз 
да есіңде болар? 
— Иә, ол да есімде. Саған металға өткізуге көмектесіп едік қой.  
— Сен оның қандай металл сынығы екенін білесің бе? 
— Жоқ, білсем бұйырмасын! 
—  Олай  болса  айтайын  саған.  Біз  металл  сынығы  деп  сутегі  бомбасын 
өткізгенбіз. 
—Серік, әзілдеуді қой. Асырып айтудың қажеті қанша?! 
—  Қалжыңдап  тұрғаным  жоқ.  Біз  Кеңес  Одағының  төртінші  сутегі 
бомбасын металл сынығына салып жібердік.  
— Мынауың сұмдық қой. Бұл менің өмірбаяныма әсер етуі мүмкін жағдай. 
Сен маған дұрыстап түсіндірші бәрін...  
...Сахаровтың естеліктерін оқып отырсам, ұшқыш ішімдікке мас болды ма, 
әлде  басқа  бір  жағдай  болды  ма,  әйтеуір  ұшақтың  люгі  абайсызда  ашылып 
кетіп, төртінші сутегі бомбасы  діттеген полигонға дейін жетпей, жерге құлап 
кеткен.  Сахаровтың  естелігінде  осы  төртінші  сутегі  бомбасының  жоғалып 
кеткені  туралы  айтылған,  басқа  дерек  жоқ.  Әрине,  бомбаның  жарылмағаны 

 
53 
түсінікті.  Кім  біледі,  мүмкін  жағалауға  түскен  бомба  сазға  көміліп,  елеусіз 
қалған шығар.  
Шындығында, Серік тауып алған металл сынығы осы бомба емес пе екен? 
Әйтпесе,  неліктен  біз  олжаны  тауып  алғаннан  кейін  артынша  ұшақтар  мен 
тікұшақтар қаптап кетті? Олар осы бомбаны іздеуі де мүмкін ғой. Біз алмұрт 
пішіндес олжамызды салдырлаған арбаға тиеп жатқан кезде оның нендей зат 
екенін  қайдан  білейік?!  Гофманның  ертегілері  де,  Бзежинскидің  тереңнен 
толғаған  ойлары  да  біз  бастан  кешкен  шындықтың  жанында  баланың 
ойыншығындай ғана дүние ғой.  
Тауып алған металлды арбаға тиеп жатып оны аяқпен тепкілегенімізді әлі 
күнге дейін есіме аламын. Серіктің оны аудандық металл сынығын қабылдау 
пунктіне қалай өткізгенін, одан әрі жарылғыштың Кривой Рогтағы бір домна 
пешінде  қалай  қорытылғанын  әлі  күнге  дейін  көзіме  елестетемін.  Іздеген 
адамдар бомбаны ақыры таба алмады, талай адамдар осы оқиғаның кесірінен 
жылы  орнымен  хош  айтысқан  да  шығар.  Қалай  болғанда  да,  біздің  Серік 
досымыздың министрдің орынбасары болуына бұл оқиғаның ықпалы тигенін 
ешкім білмейді... 
Иә, біздің жапан далада жүріп жасаған тірлігіміз Мәскеудегі мықтылардың 
басына кіріп те шықпайтын оқиға... 
 
Ира 
 
Ирамен  біздер  Алматыдағы  Политехникалық  институтта  оқып  жүргенде 
таныстық.  Мен  металлургиялық  факультетте,  ол  құрылыс  факультетінде 
білім  алды.  Жақсы  оқыды,  комсомол  белсендісі  болды,  өте  көрікті  қыз  еді 
(Әлі күнге дейін көркі тайған жоқ). Киноға да түсті. Басты рөлде емес, әрине, 
бірақ ол кезде көгілдір экранда бір сәтке жалт етіп көрінудің өзі айтарлықтай 
оқиға  болатын.  Ол  кезде  «Қазақфильмде»  кино  әлеміндегі  белгілі 
адамдардың  бірі,  бірқатар  комедиялық  фильмдерді  түсірген  талант  иесі 
режиссер  Гук  Цой  атақты  Шәкен  Аймановпен  бірге  жұмыс  істеді,  екеуі 
бірлесіп  Юрий  Чулюкиннің  «И  в  шутку,  и  в  серьез»  сценарийінің  желісі 
бойынша кино түсірді. Ира онда бір топ қыздармен бірге эпизодтық рөлде — 
жатақханада твист билейтін қыздардың бірі болып ойнады.  
Мен аса көрікті жігітпін деп мақтана алмаймын, киноға да түскен емеспін, 
дегенмен  өте  белсенді  жастардың  қатарынан  едім.  Екеуміз  де  жатақханада 
тұрдық,  1963  жылы  осы  жатақханада  таныстық.  Би  кештерінде,  комсомол 
ұйымдарының  клубында  кездесіп  тұрамыз.  Клубқа  танымал  қазақ 
демократының  шөбересі,  керемет  энтузиазист  жігіт  Сырым  Бөкейханов 
басшылық жасады. Алайда, Сырым дәл сол кезде өзінің тегіне соншалықты 
ой жүгірте бермейтін.  
Қазір ол ғылым докторы, құрылыс саласындағы белгілі мамандардың бірі, 
оппозиция  көсемдерінің  қатарына  қосылған.  Сырым  қазіргі  атақты 
физиктердің  бірі,  Шатура  түбіндегі  лазерлік  орталықты  ашқан  оқымысты 
Ғалым  Әбілсейітовпен  дос  болатын.  Ғалым  Әбілсейітов  бүкіл  Кеңес  Одағы 
бойынша  студенттік  құрылыс  отрядтары  қозғалысының  бастауында  болған 

 
54 
жан.  1964  жылы  мені  Павлодар  облысының  Баянауыл  ауданына  жазғы 
құрылыс  жұмыстарына  баратын  политехниктердің  отрядына  комсорг  етіп 
сайлады.  
Сонымен,  құрылыс  отрядымен  бірге  жұмыс  істейтін  жерге  аттанатын  сәт 
те  келіп  жетті.  Ира  болса  Целиноградта  (кейін  Ақмола,  артынша 
Қазақстанның елордасы — Астана болған шаһар) тәжірибеден өтуде. Анасы 
сонда тұрады, әкесі өмірден озған.  
Ира маған: 
— Біздің үйге соқсаң жақсы болар еді, сені мамаммен таныстырар едім. Ол 
менің жігітім бар екенін біледі, таныстыратын уақыт жеткен сияқты,— деді.  
— Әрине,-деп жауап бердім мен. Бірақ ішімнен анасы мені қалай қабылдар 
екен  деп  уайымдап  тұрмын.  Жалпы,  қазақ  халқы  ата-ананы  қатты  құрмет 
тұтып, олардың пікіріне ерекше құлақ қойған ғой. Сонымен, біздің құрылыс 
отрядымыз  жолшыбай  Целиноград  арқылы  өткен  кезде  мен  сұранып 
пойыздан түсіп,  міндетті түрде Ираның үйіне соғатын болып шештік.  
Ира екеуміз жиі хат жазысып тұрамыз.  
—  Жалғыз  келмей,  қасыңа  Ғалым  Әбілсейітов,  Юра  Кердод,  Сырым 
сынды достарыңды ерте келсең, тіпті жақсы болар еді,— деп жазады ол.  
Негізінде,  күйеу  жігіттің  жанына  достарының  еріп  жүргені  жөн.  Ғалым 
бүкілодақтық құрылыс отрядының командирі болып істейді, Юра Кердод — 
парторг,  Сырым  —  облыстық  құрылыс  отрядының  командирі,  мен  болсам 
аудандық отрядтың комиссарымын.  
— Жарайды,— деймін Ираға,— дос жігіттердің біреуін бірге еріп жүруге 
көндірермін.  
Ираның әкесі Қорғалжын аупарткомының бірінші хатшысы болып қызмет 
атқарған, ұзақ жылдар бойы теміржолда еңбек еткен. Әсіресе, Кагановичтің 
тұсында  ерекше  ықпалға  ие  топ  болған.  Олардың  өзіндік  жарғысы  мен 
ережесі, иерархиясы болған. Оны мемлекеттің ішіндегі мемлекет деп атасақ 
та болады. Құрметті теміржолшының медалі ол кезде КСРО-дағы кез келген 
орденнен  артық  саналатын,  аталмыш  белгінің  иегерлеріне  ғана  теміржол 
көлігі арқылы тегін жүруге жағдай жасалатын.  
1964  жыл.  Хрущев  тұсындағы  бас  айналдырарлық  эйфорияның  тарқаған 
кезі.  Ел  аузында  Хрущев  Целиноград  аймағын,  солтүстіктегі  бес  бірдей 
облысты  жер  өңдеумен  шұғылданатын  автономияға  айналдырып, 
қазақстандық  Канада  жасамақшы  болды  деген  әңгіменің  гулеп  тұрған 
уақыты.  Осы  әңгімеге  сенсек,  малшы  қазақтар  өз  беттерінше  оңтүстікті 
мекендеуге  тиіс еді.  Ал  Целиноград  —  айрықша аймақ,  Тың  аймағы.  Біз де 
ұранға  ұран  қосып  «Тың  ғаламшары»  деп  жүрміз.  Бір  айта  кетерлігі,    
Хрущев  Қазақстанның  астанасы  Алматы  емес,  Целиноград  болғанын 
қалағаны  белгілі.  Демек,  Назарбаев  оның  арманын  іс  жүзіне  асырды  деп 
санасақ  артық емес.  Әрине,  Назарбаевтің көреген шешімінің мақсат-мұраты 
мүлде  басқа  екендігі  анық.  Қысқасы,  жалындаған  жастар  вагондарға  лық 
тиеліп,  тың  аймаққа  бет  алдық.  Алып  составтың  барлығына  құрылыс 
отрядтары мінген.  

 
55 
Ираның  анасы  Майдаштың  Шәріп  Сарбасов  атты  көршісі  бар,  ол  кісі  де 
теміржолда еңбек еткен. Шәріп Сарбасов аймақтық атқару комитетінде кадр 
бөлімінің  бастығы  қызметін  атқарып  жүргенде  тың  аймақтың  тыныс-
тіршілігімен  танысуға  келген  бір  эшелон  дипломатты  арақпен  суарған  адам 
ретінде  белгілі.  Сол  тұста  батыстың  БАҚ-тарында  Тың  аймақты  ерікті 
комсомолдар  емес,  түрмедегілер  мен  жер  аударылғандар  игерді  деген 
тақырыптағы  дүниелер  көптеп  жарияланды.  Әрине,  ондай  жайттың  орын 
алғаны  да  басы ашық  мәселе.  Батыс  дипломаттары  жағдайды өз  көздерімен 
көру  үшін пойыз  сұрағанда,  оларға  барлық облыстарды аралап,  адамдармен 
тікелей  араласып,  шындыққа  көздерін  жеткізу  үшін,  Тың  аймақты  игеру 
сынды  ұлы  идеяны  былғамауы  үшін  арнайы  эшелон  бөлген.  Шәріп 
дипломаттар  мен  журналистерді  тамақпен,  ішімдікпен  қамтамасыз  етуге 
жауапты болған, соның арқасында үкіметтік марапатқа ие болған.  
Майдаш бірде көршісінен: 
— Шәріп аға, Ираға жігіті келе жатыр, жанына ерткен достары бар. Бізге 
столды жайнатуға көмектес. Тегін адам емес екенімізді көрсін,— деп өтініш 
жасапты.  
— Жақсы, көмектесеміз,— дейді Шәріп.  
Сонымен,  біздің  құрметімізге  36  адамға  арналған  үлкен  стол  жасалды. 
Фарфор, хрусталь, жағалай төселген қалы кілемдер.  
Ол  кезде  құрылыс  отрядында  ішімдік  ішу  деген  атымен  болмайтын.  Тың 
ғаламшарында  оған  қатаң  тыйым  салынған.  Менің  өзім  де  Алматыдан 
Целиноградқа  келе  жатқан  жолда  бес-алты  адамды  ішімдік  ішкені  үшін 
пойыздан түсіріп кеткенмін.  
Орта  жолда  пойыздан  түсіп  қалу  дегеніңіз  сұмдық  жаза  болып  саналады. 
Ондай жазаға іліккендер институттан қуылады.  
Целиноградқа жеткенімізде Ғалымға келіп: «Мені бір тәулікке босатыңыз. 
Әрине, тоғыз жүз адам үшін жауапты екенімді, олардың барлығын қадағалап 
отыру,  орналастыру  менің  мойнымда  екенін  сеземін.  Бірақ  түсінсеңші, 
осында  қызым  бар.  Оны  сен  де  білесің  ғой,  Ира  Жансейітова,  сені  де  бірге 
келуіңді сұрады. 
Ғалым: 
—  Ренжіме,  мен  бара  алмаймын.  Қасыңа  Юра  Кердодты  ал  да,  жөнел. 
Қаласаң,  қазір  кез-келген  қағазға  қол  қойып,  сені  Ираның  отбасына  жақсы 
қырыңнан көрсетіп берейін,— деді.  
 Юраның менен жасы үлкен, әскерге барып келген отыздың үстіндегі жігіт. 
Менің қасымда ол әлдеқайда үлкен жігіт сияқты көрінеді.  
— Кеттік пе?! — деймін оған.  
— Кеттік! 
Сөйтіп,  Ираның  үйіне  келдік.  Отбасында  жеті  бала  екен.  Ира  екіншісі. 
Үлкен  ағасы  Шәкәрім  Қарағандыда  шахтада  жұмыс  істейді  екен.  Есімін 
Абайдың  ізін  жалғастырған  атақты  ақын  Шәкәрімнің  құрметіне  қойған.  Ол 
қазір белгілі бизнесмен, мұнай саласының білгірі. Анасы оған Ираның жігіті 
келетінін айтып хат жазыпты, Шәкәрім ақша жөнелткен.  

 
56 
Стол  басына  туыс-туғандары  бірі  қалмай  түгел  жиылды.  Асаба  болған 
Шәріп есімді жігітпен кейін достасып кеттік. Дастархан тағам мен ішімдікке 
толып, жайнап тұр. Шәріп: 
— Бүгін ерекше қуанышты күн. Біздің сұлу қызымыз, белсенді комсомол, 
спортшы  қызымыз  Алматыдан  өзінің  қымбаттысын  тапты.  Бұрын  біз  бұл 
жігіт туралы тек жақсы сөздерді естуші едік, енді бір дастарханның басында 
бірге бас қосып отырмыз...— деп әңгіменің тиегін ағытты.  
Ира  болса  ас  үйден  шықпайды,  ұяттан  қып-қызыл  күйге  енген,  бір  ұрыс-
керістің таяп келе жатқанын жүрегі сезетіндей.  
—  Біздің  жігіттер  қазір  тамаша  романтикалық  қозғалысқа  басшылық 
жасап,  кезінде  Хрущев,  Қонаев  бастаған  істі  одан  әрі  жалғастырып  келеді. 
Күні  кеше  ғана  біздер  тың  даласын  игердік.  Енді  сол  даланың  жағдайын 
жақсарту үшін құрылыс жұмыстарын қолға алып жатырмыз. Олай болса, осы 
бір керемет істі атқарып жатқан құрылыс отрядтары үшін көтеріп қояйық,— 
деді Шәріп.  
Біздер  жаңадан  шығарыла  бастаған  құрылыс  отрядтарының  курткасын 
киіп  отырмыз.  Юраның  курткасында  бүкілодақтық  құрылыс  отрядының 
парторгының  белгісі  салынған,  менің  курткамда  аудандық  комиссардың 
белгісі бар.  
Шәріптің сөзінен кейін барлығы бір адамдай рюмка қағыстыруда. Кердод 
екеуміз  бір-бірімізге  қараймыз  да,  қолымыздағы  тостағанды  столға  қоя 
салдық.  
—  Сендер  неге  ішпей  отырсыңдар?  Бірдеңе  болып  қалды  ма?  —  деп 
сұрады Шәріп.  
— Түсінесіздер ме, Тың ғаламшарында ішімдік ішпейтін бейресми заң бар. 
Біздер,  яғни,  қозғалыстың  басшылары,  идеологтары  бұл  заңды  бұза 
алмаймыз. Сіздерден кешірім өтінеміз, бірақ іше алмаймыз.  
Шәріп: 
—  Сендер  не,  естеріңнен  адастыңдар  ма?  Бұл  жерде  ешкім  көріп  тұрған 
жоқ  қой.  Барлығы  өзіміз.  Қазір  ішіңдер,  досың  екеуің  осында  қоныңдар. 
Арнайы  бөлме  де  әзірлеп  қойдық.  Таңертең  түк  болмағандай  өз 
жұмыстарыңа барасыңдар.  
Мен  жастықтың  желігімен  ақымақ  адам  сияқтанып  Тың  ғаламшары 
туралы, онда ішімдік ішілмейтіні туралы әңгімелеп отырмын. Кердод менен 
гөрі ақылдырақ, тәжірибесі де мол, соның арқасында үндемей тыныш отыр. 
Жиылғандардың барлығы таңырқап маған қарайды.  
Қалай болғанда да, асабаның міндеті отырысты қызықты жүргізу. Бір рет 
алып  қойсақ,  одан  кейін  тоқтауға  болмайды.  Шәріп  отырысты  одан  әрі 
қыздырып: 
—  Бүгін  Ғаділбекпен  тұңғыш  рет  жүздесіп  отырмыз.  Жақсы  жігіт  екен, 
ата-анасы да жақсы адамдар екені көрініп тұр. Олай болса, Ғаділбектің ата-
анасының денсаулығы үшін алып қояйық,— деп жеделдетіп жіберді.  
Барлығы  «Ура»  деп  ұрандады  да,  мені  тосты.  Кердод  менің  не 
айтатынымды күтіп отыр. Мен тағы да тостағанды үстел үстіне қойдым.  

 
57 
—  Мұның  қалай?—  деп  таңырқады  Шәріп.  Ал  менің  көз  алдыма 
эшелоннан өзім түсіріп кеткен жігіттер келді.  
— Ата-анамды ерекше құрметтеймін. Бірақ дәл қазір олардың денсаулығы 
үшін іше алмаймын. Алматыға қайтайық, ішімдік ішпейтін заң бітсін. Содан 
кейін міндетті түрде ішемін.  
Бұл жолы Шәріп маған сенбеген сыңайлы. Кім біледі, ата-ана мен баланың 
арасында түрлі шиеленіскен қарым-қатынастар да бола береді емес пе?!  
Ира  баяғысынша  қып-қызыл.  Оның  көзқарасынан:  «мына  бір  ақымақпен 
несіне  байланыстым  екен?!»  деген  жазуды  оқып  тұрғандаймын.  Шәріп 
үшінші рет құйып:  
— Ираның анасы, біздің Майдаш қандай тамаша адам. Отағасынан, менің 
досымнан  ерте  айырылып  жалғыз  қалса  да,  жеті  баланы,  Ираны  ешкімнен 
кем қылмай бағып-қағып өсірді. Біз Ираны кішкентай кезінен бастап жақсы 
білеміз.  Ира  мектепте  үздік  оқыды.  Институтта,  комсомолда  үнемі 
озаттардың  санатында.  Олай  болса,  Ираның  анасының  денсаулығы  үшін 
алып қояйық!  
Қонақтардың барлығы рюмкаларын қағыстырып, мені тосты.  
—  Кешіріңіздер,  бірақ  мен  Ираның  анасының  денсаулығы  үшін  де 
ішпеймін.  
Күйеу  жігітке  бірдеңе  болғанын  бәрі  де  сезді.  Егер  мүлде  ішпейтін  адам 
болсам, әңгіме басқа. Ішетінімді біледі,олай болса осы дастарханның басында 
бас  тартып  отырғаны  қалай?!  Ира  ұяттан  қып-қызыл,  кірерге  тесік  таппай 
тұр. Ас үйге бас сауғалап кетті.  
Кердод бүйірімнен түртіп: 
—  Шал,  мұнымыз  дұрыс  емес-ау.  Жұрттың  барлығы  біз  үшін  жиылды. 
Біздің отырысымыз мынау.  
Қазақтарда  дастарханды,  дастархан  басына  жиылған  халықты  сыйламау 
үлкен ұят нәрсе екендігі белгілі. Мұндайды кешірмеуі де мүмкін.  
Шәріп соңғы шабуылға шықты:  
— Біздің баршамыздың әкеміз де, анамыз да — коммунистік партия. Мына 
қаланы  салған  кім?  Партия.  Құрылыс  отрядтарын  қолға  алған  кім?  Партия. 
Біздің коммунистік партиямыз үшін, оның көсемдері Хрущев пен Қонаевтің 
денсаулығы үшін алып қояйық!  
Жұрт тағы да рюмкаларын қағыстырды, әдеттегідей менің әрекетімді күтті. 
«Комсомол  белсенділері  коммунистік  партия  үшін  қалайша  ішпес  екен?!» 
деп бағып отыр.  
— Кешіріңіздер, мен іше алмаймын.  
Қысқасы,  жан-жақтан  қыспақта  қалдық.  Ата-аналарымызды  да 
сыйламаймыз, 
қалыңдығымызды 
да, 
коммунистік 
партияны 
да 
құрметтемейді  екенбіз.  Менің  қолымдағы  фюжерді  сығымдап  қатты 
ұстағаным  соншалықты,  тұтқасы  сынып  кетті.  Ира  не  істерін  білмей  жүр. 
Анасы оған: 
—  Негізі,  сенің  әкеңе  ұқсайды  екен.  Ол  да  жас  кезінде  айтқанынан 
қайтпайтын  бірбеткей,  тік  мінезді  еді,—  деп  қолынан  келгенше  түсіндіріп 
әлек.  

 
58 
Сонымен,  келесі  жылдың  наурызында  Ира  екеуміз  үйлендік.  Тойымызға 
Ираның  ағасы  Шәкәрім  келді.  Той  салтанатына  Ира  екеуіздің  достарымыз 
бар,  бас-аяғы  жиырма  шақты  адам  ғана  жиылды.  Ираны  ата-анаммен 
таныстырудың кезегі маған келді. Ой-санам романтикаға толы. Ираға: 
— Білесің бе, тойдан кейін жас жұбайлар қыдыратын салт бар. Менің ата-
анама  барып  келейік.  Әйтпесе  олар  «сенің  кімге  үйленгеніңді  де  білмейміз. 
Әкеліп  таныстыр»  деп  жатыр,—  дедім.  Әрине,  мен  оларға  суретін 
жібергенмін. Бірақ олар үшін сурет аз, өз көздерімен тірілей көргілері келеді. 
Сәуір  айының  басында  жолға  жиналдық.  Жол  қаражатына  біраз  ақша 
жинағанбыз.  Алдымен  ұшақпен  Алматыдан  Ташкентке  ұштық.  Ташкенттен 
Ашхабадқа,  одан  әрі  Бакуге,  Бакуден  Астраханьға  ұштық.  Ұшақ  билетінің 
құны аз ақша емес, бірақ біз үшін оншалықты қымбатқа түскен жоқ. Бакуге 
жеткенімізде  қалтамызда  бар-жоғы  үш-ақ  сом  ақшамыз  қалды.  Бакуге  үш 
соммен  бару  дегеніңіз  өліммен  тең.  Қаланы  араладық,  суретке  түстік. 
Саябақта  серуендедік,  бір  жерден  екеумізге  бір  тостаған  кеспе  алып  іштік. 
Сосын ұшаққа мініп, Астраханға жеттік.  
Бізді  ешкім  қарсы  алмады.  Өзіміз  алдын  ала  ешкімге  ескертпей,  аяқ 
астынан  келген  едік.  Себебі  Алматыдан  шыққанымызда  Астраханға  нақты 
қашан  жететінімізді  білген  жоқпыз.  Осының  өзі  жақсы  деп  өзімізді  өзіміз 
жұбатып қоямыз. Олар біздің нақты қашан келетінімізді білмесе де, әйтеуір 
бір келер деп күтіп отырғаны анық.  
Ираға  «Біз  Астраханда  тұрамыз  дегенмін.  Ол  қалада  тұрады  деп  түсініп, 
әдемі  көйлегін,  туфлиін  киіп  алған.  Ата-енесіне  жақсы  қырынан  көрінгісі 
келгені анық. Оның үстіне, ауыстырып кие қоятын аяқ киім екеумізде де жоқ. 
Ұшақ  Астрахань  әуежайына  кешкісін  келіп  қонды.  Автобуспен  қаланың 
шетіндегі  Нариман  кентіне,  татарлар  көп  тұратын  жеріне  жетіп  алдық. 
Қараңғылық  түсті.  Одан  әрі  өзеннен,  бетіне  мұз  қатып  жатқан  Еділдің  бір 
тармағынан өтуіміз керек. Жылдың ең аласапыран мезгілі, өзеннен паром да 
жүрмейді,  себебі  мұз  сындырып  кетуі  кәдік.  Машиналар  да  жүре  алмайды, 
жұқа мұз көтермейді.  
Ира: 
— Бұдан әрі қайда барамыз?— деп сұрады.  
— Өзеннен өтіп алайық. Одан әрі онша алыс емес.  
Онша  алыс  емес  деген  жердің  өзі  —  бес  шақырым.  Еріген  қар  мен 
балшықты кешіп жүріп сол жолды жүріп өтуіміз керек.  
Ираның аяғында туфли, қадам басқан сайын жұқа мұз сықыр-сықыр етеді.  
— Мынадай мұздың бетімен бірінші рет жүріп келемін,— деп қояды.  
Әйтеуір, арғы бетке өтіп алдық. Әрі қарай қалай жетпекпіз?! Соңғы рет бұл 
жерде  төрт  жыл  бұрын  болғанмын,  үйге  апаратын  жолды  да  ұмыта 
бастағандаймын. Аяқ асты ми батпақ, алыстан үрген иттердің даусы естіледі. 
Күн  суық.  Біздің  үйге  түнгі  сағат  екіден  асқанда  әзер  жеттік.  Қалжыраған 
Ираны үйге көтеріп кіргіздім. Анамның зәресі ұшып кеткен. 
—  Мынау  менің  жұбайым  Ира.  Кешіріңіздер,  Нариманнан  жаяулап 
жеткенімізше әбден шаршап қалдық.  
— Неге алдын ала ескертпедіңдер, машинамен күтіп алатын едік қой.  

 
59 
—  Бакуден  телефон  соғатын  ақшамыз  болмады.  Оның  үстіне,  сіздерде 
қалалық телефон да жоқ. Біз келеміз деп хат жаздық емес пе, мінекей ақыры 
келдік.  
Ираның әл-дәрмені қалмаған. Шәй беріп, әлдендіруге тура келді. Мұндай 
қиын-қыстау жолды ол ешқашан жүріп көрмепті.  
Өмір  одан  әрі  жалғасты.  Қызымыз  Салтуния  өмірге  келді.  Жұмыс, 
күнделікті күйбең тіршілік...  
Ира  институтты  менен  бір  жыл  бұрын  бітіріп,  жобалау  институтына 
жұмысқа  орналасты.  Жас  маман  ретінде  оған  бір  бөлмелі пәтер  берді  — 12 
шаршы  метрлік  бөлме  мен  асханасы  бар.  Соған  қарамастан,  Ира  барлық 
қиындықтарға  шыдай  білді.  Менің  ата-анамды  Алматыда  тұруға  шақырып 
алдық.  Біз  Алматының  болашағына  риясыз  сендік.  Ата-анамызды  да  соған 
сендірдік. 
—  Астрахань,  Целиноград,  Волгоград,  Қарағанды  дегенді  қойыңдар. 
Алматыға көшіп келіңдер— дедік оларға. 
— Сонда қайда тұрақтаймыз? 
— Бізбен бірге тұрасыңдар!  
Осылайша, біздің 12 шаршы метр тұрағымызға менің ата-анам көшіп келді. 
Бөлмеге перде тұтып қойғанбыз. Перденің бір жағында қарындастарым, інім, 
Ираның сіңілісі жатады. Біздің Алматыны бағындыруымыз осылай басталды. 
Басқа әйел болса мұндай тірлікке төзе алмас еді. Шынында да, қиындықтың 
ең ауыры Ираның иығына түсті. Мен күні бойы жұмыстамын. Үйге демалып, 
ұйқымды  қандырып  алу  үшін  келемін,  одан  әрі  жұмысқа  шапқылап  кете 
барамын. Ира барлығын бағып-қағады, телевидениедегі жұмысына баруға да 
үлгереді.  Шамамен  төрт  жылдай  өміріміз  осылай  өтті.  Уақыт  өте  келе 
жақындарымыз өздеріне басқа баспана тауып, қалаға сіңісе бастады.  
Қарағандылық  белгілі  геолог  Төлеби  Ахметбеков  ағамыз  да  Алматыға 
қоныс аударған. Ол кісі біздің үйге жиі қонақ болады. Жүрген жерінде біздің 
отбасымызды басқаларға үлгі етіп: 
— Ира мен Ғаділбектен үйреніңдер! Бізді Алматыға қабылдағанда қандай 
еді  олар?  Қазір  сол  кішкентай  пәтерде  тұрғандардың  әрқайсысының 
Алматыда жеке үйі бар.  
Қазір Төлебидің күйеу баласы — Президенттің кеңесшісі.  
Ол  кезде  менің  қарындасым  Тома  тоғызыншы  сыныпта  оқыды,  Ираның 
сіңілісі  Роза  —  институтта  студент.  Біз  оларды өзіміздің  пәтерімізде  тұруға 
көндірдік.  Алматының  мектептері  мен  институты  дүние  жүзіндегі  ең 
жақсысы  екендігіне  сендірдік.  Екеуі  дәретхана  бөлмесінде  отырып  алып 
сабақтарына  дайындалатын.  Бүгінде  Роза  салиқалы  әйел  болған.  Жуырда 
бірге Карловы Варда демалдық, сол бір жылдарды еске алдық.  
Ол: 
—  Ираның  төзімділігіне  әлі  күнге  дейін  таңғаламын.  Жан-жақтан  көшіп 
келген  отбасылардың  барлық  қиындығына  шыдап,  қуанышын  бөлісуге 
жарады,— дейді.  
Бізге  туыс-туғандарымыз  ғана  келмейді.  Жастар  редакциясындағы  дос-
жарандар да осы үйден шықпайды. Пәтеріміз үнемі у-шу.  

 
60 
Жеті жылдан кейін қаланың шет жағындағы ышқам ауданнан үш бөлмелі 
пәтер алдық. Туыс-туғандар да баспаналы болды. Бірақ біздің үйіміз қашанда 
достарға  толы.  Философ  Мұрат  Әуезов,  драматург  Асқар  Сүлейменов, 
жазушы  Сәтімжан  Санбаев...  Әлі  мойындалмаған,  әлі  жастықтық  желігімен 
хош  айтыспаған  болашақ  интеллигенттер  түн  ауғанша  біздің  үйде  бас 
қосамыз.  Бұлардың  бәрі,  Алматының  алпысыншы  жылдардағы  баспанасыз 
жастары, кейбірінің отбасын құруда жолы болмаған. Олармен салыстырғанда 
менің  жағдайым  жақсы  еді,  жанымда  сенімді  серігім  Ира  бар. 
Достарымыздың  барлығы  біздің  үйде  тамақ  табылатынын,  жиналғаннан 
кейін  ішімдік  сатып  алуға  да  жағдай  туатынын  жақсы  білетін.  Осы  үйде 
ортақ тіл табысып, жарасымды әңгімелер айтылатын.  
Достарымның  баршасы  еркін  ойлы  азаматтар,  бірақ  жалақылары 
мардымсыз  жерлерде  жұмыс  істейді.  Мен  журналистпін,  қасқыр  сияқты 
аяғым  мен  қаламыма  сенемін.  Үнемі  жұмыспен  шапқылап  жүремін,  үйге 
түнделетіп  бір-ақ  қайтамын.  Сөйтіп,  түнемелік  дастархан  басына  жиылып, 
әңгіме шертеміз.  
Олар  да  балаларын  ертіп  келеді.  Ира  келген  қонақтарды  қабақ  шытпай 
қарсы алды, соның барлығына шыдады. Достарымыз барлық сырларын Ираға 
айтады,  әйелімен  керісіп  қалса  да,  Ирадан  кеңес  сұрайды.  Ира  біздің 
шаңырақтың ұйытқысы бола білді.  
Жылдар  өте  берді.  80-ші  жылдардың  басында  мен  министрлік  қызметке 
тағайындалдым,  Ираның  жүгі  біраз  жеңілдеді.  Қаланың  орталығынан  жаңа 
пәтер алдық.  
Мен  оқыған  кітаптарды  Ира  да  оқиды,  әрбір  оқыған  дүниесіне  қатысты 
өзіндік ой-пікірі бар. Оны барлық ағайын-туыстар жақсы көреді. Екеуміздің 
де  кіші  бауырларымыз  аз  емес.  Олардың  әрқайсысын  аяқтандыру,  құтты 
жеріне  қондыру  да  біздің  мойнымызда.  Біріне  қаржылай  көмектесеміз,  енді 
біреулеріне ақыл-кеңесімізбен демеу боламыз. Өкінішке қарай, жасы келген 
аға-апаларымыз  өмірден  озатын  сәт  те  туады.  Оларды  ақтық  сапарға  сый-
құрметпен шығарып салу парыз.  
Ира  қалалық  жерде  өскен  адам,  білімді,  қол  қусырып  қарап  отыра 
алмайды. Мәскеуге көшіп, пәтер алып, орналасып алысымен, ол маған: 
— Бос отырғым келмейді, жұмыс тауып бер,— деді.  
Мен оған сәл демала тұруын, уақыт өте келе жұмыс табылатынын айттым.  
Біздің  үйдің  қабырғаларында  әсем  картиналар  көп.  Оны  өзіміз  жинаған 
емеспіз. Екеуін өмірден ерте кеткен талантты график Мақұмның ұлы Манас 
Қисамединов  әкеліп  берген.  Өзінің  туған  анасы  аман-сау  Алматыда  тұрып 
жатса  да,  ол  Ираны  анасындай  көреді.  Манас  Мәскеуге  ертерек  келіп, 
орнығып  алған.  Мұнда  жұмыстары  жетерлік,  картиналарын  сатып  алатын 
жандар да көп. Екі картинаны ол бізге ерекше сый-құрметінің белгісі ретінде 
берді. Біз үшін бұл картиналар жай ғана әшекей бұйым емес. Бұл картиналар 
— өмір жолымыздың бір бөлшегіндей.  
Ира  пәтеріміздің  ас  үйінде  түрлі  өсімдіктерді  өсіріп,  нағыз  ботаникалық 
баққа  айналдырды.  Ол  өсімдіктерге,  өсімдіктер  оған  бауыр  басып  қалған 
сияқты.  Ира  менімен  әңгімелессе  немесе  маған  ұрысса,  өсімдіктер  соның 

 
61 
бәрін еститіндей әсер қалдырады. Бәлкім, адамдардың тілін түсінетін шығар. 
Өсімдіктердің  есту  мүшесі  жоқ,  есте  сақтау  қабілеті  де  жоқ.  Бірақ  өзіндік 
сезімдері  бар  тәрізді.  Себебі,  олар  да  құдайдың  бір  жаратылысы  ғой.  Ира 
үйде жоқ кезде гүлдері сола бастайды. Мұның астарында мен сөзбен айтып 
жеткізе алмайтын бір сыр бар.  
Бірде  Ира  екеуміз  Нью-Йоркке  сапар  шектік.  Жергілікті  жеке  меншік 
телефон компанияларының бірінің басшысы Илья Фельдшер елу жылдығына 
қонаққа шақырған. Илья Фельдшердің өзі Одессадан, КСРО-дан алпысыншы 
жылдары кетіп қалыпты. Нью-Йоркқа жақын жерде жақсы үй-жайы, керемет 
жұбайы  бар.  Жұбайы  ертеректе  Краснодарда  телефонист  болып  істеген. 
Мерейтой Ист-Ривердегі БҰҰ ғимаратындағы мейрамханада атап өтілді.  
Ира  мені  мерейтойға  смокинг  киіп  баруға  көндірді.    Мерейтой  керемет 
өтті,  Брайтон-Бич  ансамблінің  әуеніне  би  биледік.  Той  иесінің  иығына 
арнайы әкелген әдемі шапанымызды жаптық. Канада мен Америкадағы туыс-
туғандары түгел жиылыпты, барлығы орыс тілінде сөйлейді.  
Мен Нью-Йоркте көп бөгеле алмадым. Визамыздың мерзімі бітуіне әлі бес 
күн болғандықтан, Ираға: 
—  Қаласаң,  сен  осында  қал.  Америкада  менсіз  өмір  сүріп  көрсеңші. 
Мүмкін, сені пуэрторикандықтар ұрлап әкетер? Өзің ағылшынша білмейсің, 
мұнда менсіз қалай тіршілік етер екенсің?!— деп қалжыңдаймын.  
—  Сен  ол  жағынан  қорықпай-ақ  қой.  Бұрын  бір  рет  Бейжіңде  қалдырып 
кеткенсің,— дейді Ира.  
Ондай  оқиғаның  болғаны  да  рас.  Бейжіңде  бір  аптаға  жалғыз  қалдырып 
кеткенім  бар.  Қасында  мен  болмасам  да,  қаланы  аралап,  Ұлы  Қытай 
қорғанын тамашалап, үйге аман-есен оралған болатын. Ираның өзге елдерді 
аралап, емін-еркін демалғаны осы бертінде ғана.  
1999  жылы  Мәскеудегі  алты  жылға  созылған  жүйкені  тоздыратын 
жұмыстан кейін Ира бір шешімге бекініп:  
—  Сенің  қандай  маңызды  шаруаң  болса  да,  бәрін  жиып  қойып,  Карловы 
Варға барамыз. Бір ай бойы емдік су ішесің. Жанымызға немеремізді, Розаны 
ертеміз,— деді.  
Роза  —  Ираның  әпкесі, науқас  адам. 1998 жылдың  тамызындағы оиғадан 
кейін  оның  банкте  сақтаған  қаржысы  босқа  күйіп  кетті.  Абырой  болғанда, 
біраз қаражаттың орнын толтыруға мүмкіндік туды. Ақшалай емес, жолдама 
түрінде.  Қысқасы,  Ираның  дегенін  істеп,  Карловы-Варға  тартып  кеттік. 
Керемет  жер  екен.  Емдік  су  іштік,  фестивальге  әкелінген  жаңа  фильмдерді 
тамашаладық, тамыр-таныстарымызбен жүздестік. Біресе Рустам Ибрагимов 
келеді,  енді  бірде  «Сибирский  цирюльник»  атты  атақты  фильмін  алып 
Никита  Михалков  келеді.  Қыдырып  жүрген  Шыңғыс  Айтматовты 
жолықтырдық.  Мен  алдын-ала  өзімнің  байланыстарымның  арқасында 
фестиваль  фильмдерін  көруге  билет  алып  қойғанмын.  Соның  арқасында 
Карловы  Вардағы  кинофестивальдің  қызықтарынан  құралақан  қалған 
жоқпыз.  Курорттық  жердің  барлық  кереметін  көзімізбен  көріп,  жан-
тәнімізбен сезіне алдық.  

 
62 
Ираның көңіл-күйі көтеріңкі! Бәріміздің де көңіл күйіміз жақсы. Шыңғыс 
мұнда  жыл  бойғы  қауырт  жұмыстарын  ұмытып,  шаң-тозаңнан  бір  сілкініп 
алу үшін келген екен. Мені көрісімен бірден: 

 
Әңгімелесейік,— деп жылы шырай білдірді.  
Екеуміз  оңаша  отырып  әңгіме-дүкен  құрдық,  фестивальге  қатысып 
жатқан  қазақ  киноларына  қатысты  ой  бөлістік.  Айта  кету  керек, 
Қазақстанның  Карловы  Вардағы  халықаралық  фестивальде  сүбелі  үлесі  бар 
екендігі  бірден  байқалып  тұрды.  Кезінде  Шыңғыс  Айтматовтың  арқасында 
кино  өнеріндегі  құбылысқа  айналған  қырғыз  фильмдері  сияқты,  қазақ 
киносындағы «жаңа толқынның» да берері мол екендігі аңғарылып тұрғанын 
сөз еттік.  
Шыңғыс  Ира  екеуміздің  пікірімізді  тыңдағаннан  кейін  бізге  өзінің 
ризалығын білдірді. Өзінің Мәскеуде тұратын үлкен ұлы Санжарға: 
— Сен осы кісілермен қарым-қатынасыңды үзбе. Халықаралық дәрежедегі 
бизнесмен болсаң да, осы кісілермен бірлесіп жұмыс істе,— деген аманатын 
айтты.  
Шыңғыс көпті көрген, өмірдің қалтарыс-бұлтарыстарын әбден зерделеген 
адам ғой. Бізді ұлына бекер таныстырмайтыны түсінікті.  
Бүгінде Санжар біздің компанияда жұмыс істейді... 
Мен Ираға Бельгиядан хат алғанымды, енді ханшайым Стафания Виндиш-
Грацпен кездесу үшін сол елге ұшатынымды айтқанымда ол: 
—  Міне,  мен  сені  тақ  мұрагері  ханшайымның  өзі  хат  жіберіп,  арнайы 
шақыртатын жағдайға жеткіздім,— деп жауап берді.  
Әрине,  адамның  өмірде  қол  жеткізетін  ең  басты  жетістігі  ханшайымның 
шақыртуымен  шектелмейтіндігі  түсінікті.  Ира  өзінің  өміріндегі  ең  басты 
нәрсе  отбасы,  балалар  және  мен  деп  санады.  Менің  арқа  сүйейтін  тірегім 
болды. Мен де оған тірек бола алдым деген ойдамын.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет