Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек


ЖОЛДАСБАЕВ СӘДЕН ЖОЛДАСБАЙҰЛЫ – ҒАЛЫМ



бет72/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   333
Байланысты:
албан шежіресі

ЖОЛДАСБАЕВ СӘДЕН ЖОЛДАСБАЙҰЛЫ – ҒАЛЫМ
1936 ж. 26 мамырда туған. Алматы обылысы Ұйғыр ауданы. Тарих ғалымдарының докторы, пофессор. Қазақ тарихының маманы.

1963 ж. Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін бітірген. Тарих және қоғамтану мамандығы бойынша. 1963-1968 жж. Алматы обылысы, Ұйғыр ауданында Октярь орта мектебінде мұғалім және оқу ісінің меңгерушісі болып істеген.


1968-1972 жж. Қазақ ССР ғалым академиясы, Ш.Ш.Уалиханов атындағы тарих, архелогия және энтография институтының асперантурасын бітірген. 1975 жылы тарих ғалымының кондидаты.
1972 - 1978 жж. осы институттының ғылыми қызметкері. 1978 - 1980 жж. Абай атындағы педагогикалық институттың ұстазы.
1980 жылдан осы кезге дейін Қазақтың Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетнің ұстазы. 1982 ж. доцент, 1998 ж. профессор.

Ғалым халқымыздың ХП-ХҮПІ орта ғасырлардағы мәдениетін және дәстүрлі шаруашылығын зерттеген. Тарихымыздағы осы уақытқа дейінгі орын алып жүрген қазақ халқы жаппай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан деген пікірді теріске шығарған. Қазақ қыстауларына археологиялық зерттелу жұмыстарын жүргізіп, халқымыздың жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал өсірумен айналысқандығын дәлелдеген.


Өзінің ғылыми еңбектерінен жоғары оқу орындарына арнаулы курстар оқып, көрсетілген мерзім бойынша оқу құралдарын да жазған.
Еліміздің егемендігін алуға байланысты жаңа буын оқулықтардың жазылуына байланысты да өз үлесін қосуда.
Жалпы білім беретін орта мектептердің 7-сыныбына арналған. “Орта ғасырлардығы Қазақстан тарихы” баспадан шықты. Ал жаратылыстану мен математикалық бағдарлы мектептерінің 10, 11 кластарына Қазақстан тарихы бойынша оқулық, әдістемік және хрестоматикалық оқу құралдарын жазған.
Жалпы жариялаған ғылыми еңбектері 200, оның ішінде 4 монография, 4 оқулық, 5 студенттерге арналған көмекші 5 талқылама оқу құралы, ғылыми және баспасөзде энциклопедияда жарияланған.
ТОЙШЫБЕКОВ МӘКЕН МОЛДАБАЙҰЛЫ – ҒАЛЫМ
1938 жылы 8 сәуірде Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Диқан ауылында туған. Алматы мал - дәргігерлік институтын тәмәмдаған (1956-1961).

Ғалым – зоотехник, биология ғылымдарының кондидаты (1965); аға ғылыми қызметкер - генетик (1971), ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы (1987), ҚР Ұлттық Ғылым академиясының


корреспондент - мүшесі (1989), “Биология” мамандығы бойынша профессор (1995). ҚР Ғылым академиясы экспериментальді биология институның эмбрионды трансплантациялау лабороториясының меңгерушісі (1972-1993), ҚР Ғылым академиясы Ф.М.Мұхамедқалиев атындағы экспериментальді биология институның директоры (1994 жылдан бүгінгі күнге дейін).


Тойшыбеков М.М. – көрнекті ғалым-биолог, малдарды биотехникалық жолмен асылдандыру саласында ашылған ғылыми жаңалықтардың негізін салушы. Ол асылтұқымды малдарды тез көбейту мақсатында және ең жоғарғы мөлшерде төл алу бағытында эмбрионды трансплантациялаудың фундаментальді-қолданбалы негізін жасаған ғалым.
Қазақстанның күрдели табиғи-климаттық жағдайларына төселуі қиын шетелдік сирек кездесетін асыл тұқымды қой түрлерінен эмбриондарды трансплпнтациялау арқылы тұңғыш рет өзгеше қой тұқымын шығарды. Ол республиканың оңтүстік-шығыс өңірінің табиғи жағдайына бейім жартылай биязы жүнді ет пен жүн беретін трансплантацияланған қой тұқымдарын өсірген.
М.М.Тойшыбеков халық шаруашылығында маңызы зор жартылай биязы жүнді қойдың жаңа қазақ тұқымын шығарған авторлардың бірі.
Ол он жылдан бері Қазақстандағы бағалы және жоғалып бара жатқан асыл тұқымды малдарды өнімді пайдалану және жедел өсіру жөніндегі фундаментальді және қолданбалы зерттеу бағдарламасын басқарып келеді.
М.М.Тойшыбеков Үкімет комиссиясының мүшесі ретінде Қазақстан Республикасының “Сұрыптау жетістіктері туралы” Заңды дайындауға қатысқан.
1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғарғы Ғылыми – техникалық Кеңесінде алғашында мүшесі ретінде, сонан соң Төрағасы ретінде қатысып келді.
Ғылым мен техниканы дамытуға зор үлес қосқан ғалымдарға арналған стипендиямен марапатталған (1999-2000 жж.).
107 ғылыми мақаласы, оның ішінде 4 монографиясы жарық көрген. 6 авторлық куәлік алған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет