БЕКБОСЫНҰЛЫ ТАЙЛАҚ - 1916 ЖЫЛҒЫ АЗАТТЫҚ КӨТЕРЛІСІНІҢ САРБАЗЫ
1887 жылы Кеген елдімекенінде туған. Ақпатшаға солдат бермейміз деп көтеріліске шыққан жасақтың басшысы. Майдан алаңында патша жендетінің қолынан қаза болған. Тарихи тұлға.
ЖАНСЕРКЕҰЛЫ ТҰРЛЫҚОЖА - 1916 ЖЫЛҒЫ АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТІҢ АРДАГЕРІ
1863жылы Нарынқол ауданы Сүмбе елді мекенінде туған. Ел ішіндегі ең әулетті адам. Әділ билігімен Албан руының кем кетігіне, жарлы- жабықайына көмектескен азамат. 1916жылғы Қарқара жәрмеңкесіндегі көтерілісте қол бастап ақпатшаның жендеттерімен қолма-қол күреске шыққан. Патша солдаттары Ұзақ, Жәменке үшеуі қазіргі Қырғыз республикасының қаласы Қарақол түрмесіне апарып қамаған. Түрмеден Ұзақ пен Жәменкені шығарып, өзі енді шыға берген сәтте, қарауылдағы солдаттың қолынан қаза болған. Зираты сол Қарақол қаласының қорымында.
ҚАЛМАҚБАЕВ СУСЫНБАЙ - ЕҢБЕК ЕРІ (1885-1977)
Алғашқы мойынсерік, артельдер, шағын ұжымшарларды ұйымдастыру мен нығайтудың қиындықтары болашақ еңбек ерін сын
көзінен әбден-ақ өткізген еді. Еңбек жолын қарапайым шаруадан бастаған С.Қалмақбаев кейін келе бригадир, ферма меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды. Осы жұмыстардың бәрінде өзінің жеке еңбек үлгісімен қарамағындағы адамдарды тың табыстарға бастай білді. Өйткені ол қол жұмыстарына да, мал бағуға да белсене араласты.
С.Қалмақбаев Кеген ауданы, Қарқара ауылында дүниеге келген. 1931жылы ұжымшарға мүше болып кіріп, 1963жылы құрметті еңбек демалысына шыққанға дейін отыз жыл ұжымшар өндірісінде еңбек етті.
Сусынбай басқарған жылқы фермасы ұжымшардағы ең ірі ферма еді. Оның үстіне үнемі өрісте бағылатын бұл түлікті өсірудің өзіндік қиындықтары тағы бар. Еңбекқор жан соны жете ескеріп, үнемі жылқыщылар жанынан табылатын. Бұл оларға сенбегендіктен емес, ферма меңгерушісінің ерекше еңбек сүйгіштігінен еді. Бұл өз жемісін бермей қойған жоқ. Ол басқарған ферма әр жылы – ақ жоғары көрсеткішке ие болып жүрді. Ал, 1947 жылы фермадағы 124 биеден 124 құлын алынып, мал басы түгелдей аман сақталды.
Осындай толымды табыстары үшін «Қызылту» кеңшарының ферма меңгерушісі С.Қалмақбаевқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Қазіргі аудан орталыры-Кеген селосындағы бір көше оның есімімен аталады.