Бәйдібек Баба- алып


ӘБИЕВ ЖЕҢІС – ҒАЛЫМ. ПРОФЕССОР (1934ж. 6.15)



бет333/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   415

ӘБИЕВ ЖЕҢІС – ҒАЛЫМ. ПРОФЕССОР (1934ж. 6.15)




Нарынқол ауданы, Тұзкөл қыстағында туған. Қарасаз селосындағы (Бұрынғы "Социалистік Қазақстан" ) орта мектепті 1950 ж. бітірген. 1954ж. Абай атындағы КазПИ-дың жаралыстану факультетінен жоғары білімді биолог-химик мамандығын алған. 1954-57 жж. Кеген ауданы Жалаңаш қазақ орта мектебінде ұстаз болды. 1958-68 жж. Қаз. Респ. Оқу Министрлігінде Мектептер басқармасының бастығына орынбасарлық қызмет атқарды. 1968 -80 жж. Қазақ Совет Энциклопедиясы баспасында: оқу-ағарту, педагогика және баспасөз редакциясын басқарды. 12 томдық алғашқы энциклопедияны шығаруға белсене қатысты. 1980 жылдан қазіргі Абай атындағы Қазақстан Республикасының Университетінде ұстаз. Профессор. Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Ж.Әбиев мектеп оқушыларына және табиғат сүйер қауымға арналған бірнеше оқулықтардың авторы.
"Биология қызықтары" 1965 ж. "Қазақстан" баспасы, "Биология ғажайыптары" 1969 ж. "Қайнар" баспасы, "Табиғат тамшылары" 1975 ж. "Мектеп" баспасы, "Хайуанаттардың қайсысы ақылды" 1978 ж. "Ғылым" баспасынан жарық көрді.
Ж.Әбиев Педагогикалық Ғылымда да оқулық жазып, ұлттық ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосқан ұстаз. Ол жазған: "Педагогика" 1991ж. "Рауан" баспасынан "Педогогика тарихы" 1994 ж. "Ғылым" баспасынан, "Жеке адамды қалыптастырудағы тәрбиенің тәлімі" 1993ж. Қазақстан Республикасының Оқу Министрінің жанындағы баспада басылып оқырмандарының қолына тиді. 5 томдық "Қазақстан құстары" 1968-80жж. "Ғылым" баспасынан шыққан өте құнды кітаптың авторларының бірі және құрастырушы редакторы. Күнделікті баспасөзге белсене қатысқан ғалым. "Қазақстан мектебі" газеті, "Білім және еңбек", "Жұлдыз" журналдарында, педагогика, биология, химия саласында көптеген проблемалық мақаларын жазған.


Орта ғасырда өткен ғұламалар Әл-Фараби, Ибн Сина, Ахмет Яссауи, Баласағұн Жүсіп, Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Қосынұлы Жалайри, Махмуд туралы монографиялық зерттеуі (1997ж.) бар. Жоғарыдағы әлемге әйгілі шығыс даналарын Қазақ радиосы, теледидар арқылы алғашқы насихаттаушы Ж.Әбиев.
Ғалым "Құрмет белгісі" (1983ж.) ордені мен Қазақстан Реуспубликасының Жоғарғы Кеңесінің "Құрмет Громатасымен" (1979ж.) марапатталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет