Бәйдібек Баба- алып


ЕЛІҢДІ СЫЙЛАСАҢ ЕРІҢДІ СЫЙЛА ӘУЕЛҰЛЫ ҚАШАҒАН БИ



бет358/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   415
Байланысты:
Албан атамыздың шежіресі

ЕЛІҢДІ СЫЙЛАСАҢ ЕРІҢДІ СЫЙЛА ӘУЕЛҰЛЫ ҚАШАҒАН БИ




Филология Ғылымдарының докторы, фольклоршы Нысанбек Төреқұлов "Қанатты сөз", "Сөз тапқанға қолқа жоқ", "Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні" сияқты алты кітаптың авторы. Бұл еңбектің барлығы да ғылымның тынымсыз еңбектенуінің арқасында жүзеге асқан.
Ғалымның 2001ж. "Қазақстан" баспасына 56-баспа табақтық "Даланың дана ділмаралы" – деген өте құнды еңбегінің бірінші кітабы жарық көрді. Осы кітапта Әуелұлы Қашаған би жайлы еңбегі бар.

Ғалым Қашағанның руы Қызылбөрік деп қателік жіберген. Негізі Бозымның немересі Әлмерек абыздың Баба деген баласының ұрпағы. "Әуелдің ұлы Қашаған,


Құдай артық жасаған. Билікке жорға болған. Албанға қорған болған."


Халық жоқтауынан. Қашаған би жайлы Манап Серғазыұлы Қашаған тегі мен Нұрлан Тоққожаұлы да жазған. Біз шежіреге ғылым Нысанбек Төреқұлұлының әңгімесін бердік.


Қашаған Әуелұлы 1820-1905жылдар аралығында ғұмыр кешкен би. Ұлы жүз Бәйдібек бабаның Албан, оның ішінде Қызылбөрік. Туған ауылы қазіргі Алматы облысы, Шелек ауданы. Әкесі Әуел сол атырапқа атағы шыққан беделді, берекелі ірі байлардың бірі болған. Сол Әуел байдың сабаудай бес ұлының ішінде Қашаған аса зерек, сөзге шебер, ақыл парасатты боп ержетеді. Тоғыз жасынан орташа сауат ашып, қисса – жыр аңыз хикаяларды жаттап айтады. Әкесінің жанында жүріп, ел таниды. Өзінен бұрынғы ел ағасы, би шешендердің кесім – шешім сөздерін көкей – зердесінде сақтайды.
Қашағаннан алғашқы билікке араласуын ауылдастары былай аңыз етеді.
Қашағанның 16-17 жасар кезі. Жалайыр руынан шыққан Шүкей деген жігіт өз елінде қылмысты болып, Әуел байдың ауылына қашып келіп паналайды. Әуел Жалайыр жағынан келген қуғын шыға Шүкейді бермей қайтарады. Жалайырдың төресі Сауранбай қылмыскерді қайтарсын деп Албан, Суан, Дулат руларының билік ұстаған беделді ақсақалдарына сөз салады. Сөйтсе, Шүкей өз еліндегі атақты бір байдың некесін жаңа қиғызған тоқалын алып қашыпты. Қазақта жер дауымен жесір дауынан үлкен дау –оқ. Сондықтанда осы дауды шешу үшін Іле бойындағы Көклажар көпірінде екі жақтың ақсақалдары мен билері бас қосқан үлкен жиын болады.
Жалайырдың сөзін Сауранбай ұстайды. Ол:

  • Мен Әуелді сыйлаймын да құрметтеймін де. Бірақ қазақтың қанына сіңбеген қылмысты жасап, қарабет болғандарды қолтығына астына алып отыр. Соны біле тұра қылмыстыларды қайтарғысы келмейді.



Қай Бабаң біреудің некелі әйелін алып қашқан қара бетке құшағын ашып, қолтығының астынан орын беріп еді. Әуел қазақтың тұра жолынан тайып, бір рулы елді осыншама әуреге салғаны үшін айыбын тартсын. Ал, тура билер, сіздерге айтарым, қылмыстыны қолыма бер. Қатал да болса әділ дала заңымен өзім жазалаймын – дейді.
Ру басылары мен билер қашқындарға ауыр жаза қолдануын жақтап, Әуелді кінәләй сөйлейді. Шешімді төрелігін айтар, кесімді жазамды жариялар ара билерде үн жоқ. Олар алдыменен Әуелді тыңдау керек. Сөз кезегі Әуелге келгенде, Қашаған: "Әке осы жолыңызды Қашағанға, жолын табар" – дегенге өзі де тұйыққа тіреліп тұрған Әуел: "Байқа балам. Ұранып қалма"- деп жолын берген екен. Сонда Қашаған өткір жанарларын жиынды басқарып отырған билерге қадап тұрып, дау иесі Сауранбай биге қаратып сөз бастайды:

    • Суранбай ата! – жас қырандай дауысы саңқ етті. Төрдегі билер назарын жасөспірім бала жігітке аударды.

    • Сіз айтып отырған дала заңы Әз Тәуке ханның жарғысы емес пе еді. Бірақ Шүкей мен Алматай қылмыс жасады ма? Алдыменен осының ақ – қарасына жетіңіздер, төбе билер, екі елдің жақсылары. Менімше олар қылмыс жасаған жоқ.

Шүкей Жаңабай байға жиырма жылдай қызметі сіңіп, баласындай болған адам. Сол қызметі үшін Жаңабай бәйге айттырып құда түсіріп, алам деп жүрген қызды Шүкейге уәдесін бере тұра Алматайды Шүкейге қимай тоқалдыққа өзі алып алса, қастық кімнен? Қылмысты кім? Бастапқы жасалған зорлық, айналып келіп иесін тапса, жазалы әділ, жазасын алыпты. Енді сол қастықты билік жолымен Сіздер тағы қайталасаңыздар, Шүкей емес осы отырған билер, сіздер қылмысты болмассыздар ма?!
Алматайды Шүкейге қимай өзі алғанда, Жаңабай байдың маңдайы жарқырап, айы оңымен туады деп қайсыңыз айталасыз? Қайта Жалайырдың бір жұлдызы ағып түскелі тұрған жоқ па! Шүкей Жаңабай бағаламаған еңбегін, сіздер бағалап, жасаған озбырлығының қарымтасы деп, әділ билігін айтсаңыздар, еттеріңізден ет кесіп бергендей, Жалайырдың бір ұрпағын көбейткен болмайсыздар ма? Ұрпақты дүниеге әкелу қиын, әкету оңай. Шүкей мен Алматай да қырғыздың емес, қазақтың, Бөтеннің емес Жалайырдың. Торғай да шырылдап өз балапанын қорғайды. Торғай құлы жоқпыз ба?


Ойланбай іс опық жегізеді. Соны ойлайық, ағайын! – деген екен. Көкалажар көпіріндегі жиында жас Қашағанның сөздері әділ, дәлелді болып, Шүкей мен Алматайға бостандық беріліпті. Осы алғашқы биліктен кейін – ақ Қашағанның шешендігі, әділ билігі, тапқырлығы елден – елге жайыла береді. Енді оның атақ – даңқы Албан, Суан, Дулат, Жалайыр, Шапрашты, Қаңлы елдеріне кеңінен тарайды. 1847жылы Түргендегі билер сайлауында Қашаған Әуелұлы Албан еліне би болып сайланады.
Атақты Тезек төренің қолынан би деген құжат белгі алып қайтады. Қашаған би Алтынемел жайлауынан келгеннен кейін, Құрман елінің Сауырық батыры отырған Текеске сапар шегеді. Сол сапар да Темірлік пен Ақтоғай өзендерінің арасы қой малына, Қулық тауының жылқы өсіруге қолайлы екенін көреді. Ол кезде бұл жер елсіз жатқанымен, оған Қызылбөрік руы сырттай иелік ететінін біледі. 1850жылы ел жайлауға көшкен де, Қашаған би елін Асыға көшірмей Шырғанақ, Дөңгелексаз жайлауына көшіреді.
Көкпек асуынан өте бере бұрыннан науқас ортаншы әкесі Жақып қайтыс болады. Қашаған ортаншы әкесінің мәйітін аршаның бүріне оратып алып жүреді. Қулық тауының етегіндегі Ұзынбұлақ бастауынажерлетеді. Шырғанақ жайлауына көшіп келгеннен кейін Орман шешен мен Солтанбек болысты бас етіп, 400қой айдатып, Асыдан отырған Албандағы Қызылбөріктің биі Дәркембайға жібереді. "Дәркембай биге сәлем айтыңдар. Жақып атамның қырқы өткен соң, мен де арттарыңнан барармын. Асы жиынына үлгерермін. Дәркембайға тартуымның сырын сонда айтармын" – деген сәлемін де қоса жібереді.
Орман шешен мен Солтанбек болыс Асы жайлауына келгенде Дәркембай қымыз мұрындық беріп, той жасап жатыр екен. Орман шешен Дәркембайға келіп:

  • Ассалаумағалейкум, Дәреке! Қонысың құтты болсын, өрісің малды болсын. Қашекем жіберген сыйымен тола түссін! – деп бидің сәлемін айтады. Қашағанды елден ерекше сыйлайтын Дәркембай би:

  • Қашекем биыл Асыға келмей, еліне тән Шырғанақты бетке алған екен ғой. Бірақ көктеуі мен қыстауына алыстау болыпты. Өзі Асыда болатын жиынға қатыса ма? - дегенде, Орман шешен:




  • Қашекем әкеміз Жақып қайтыс болып сол кісінің қырқын өткізген соң сапар шегемін деген – дейді. Дәркембай би қазаға қайырлы болсын айтып:

  • Қашекем сый жібергенде өз қара, басын ойламаған болар, сыйы қабыл болсын, - дейді.

"Қашаған би келе жатыр" дегенді естігенде, Дәркембай оңаша жеке үй тіккізіп, құрметпен қарсы алады. Әкесі Жақыптың қазасына көңіл айтып, келушілерден Қашаған бидің қолы босамайды.
Билер жиынына екі – үш күн қалғанда, Дәркембай:

    • Қашеке, кейінгі ісің жұмбақтау ма қалай? Сыйыңды қабыл алдым, бірақ сырыңның тереңіне бойлай алмадым, - деген екен оңашада. Сонда Қашаған би:

  • Дәреке, сыйым өз алдында. Сен ел сыйлайтын аузы даулы бисің. Менде Әлмерек баласының қамын ойлап, осы жиында сұрау салғалы отырмын. Сол сұрауымның орындалуына көмегің тисе болды, - дейді. Асыға жүрер алдында Қашаған би Темірлек пен Ақтоғай арасын Әлмеректің әр атасына бөліп беріп, күзге дейін қыстау салып алуларына нұсқау беріп кетеді.

    • Жылы шілденің ортасында Асы жайлауында Албан билерінің жиыны өттеді. Сол жиында Қашаған мен Дәркембай билердің сөз түйініне қалғандары да келіскендей болды. Сол кезде Қызылбөріктің атақты бір адамды тұрып:

  • Осыдан бір ай бұрын Дәркембайға сый жібергенде, оның ауызын толтырып, бабам Бұғыбайдың сүйегі жатқан жерді иеленгің келген екен ғой, - дегенде Орман шешен:

- Ол жерде біздің бабаларымыздың да сүегі жатыр. Бірақ тыныш жатқан аруақтарды қозғалмайық! – дейді жулып алғандай. Қашаған би қолын көтеріп:

  • Сабыр, Орман шешен! Шешендігіңе салынбай, жөн сөзге құлақ қой. Қазақ біреудің жақсы атына көзі түссе, соны қалап барса, сыйлық ккәдесін жасар еді. Інісі сый әкелсе, ағасы қабыл алар деп, Дәркембай биге емес, сыйды Қызылбөрік еліне әкелдік. Іні мен аға арасындағы дәнекердің сыбағасы деп әкелдік! – дейді. Сонда Дәркембай би сөз алып:

    • Бәріміз бір Албанның баласымыз. Інісі келіп сұрау салса, ағасы бетін қайтармас болар. Қашаған би ел қорғаны Сурық, Орманбек,



Пусырман, Жетен батырлары тұрса да, құдайдың бос жатқан жерін сұрап, оны ақылдаса шешуді осы жиынға салмады ма?
Сіздер айтарсыздар: "Ояздың картасы бойынша, жер біздікі" деп, ол да дұрыс шығар, бірақ жөн емес. Қашекем оязға барса онда бос жатқан жерді алар еді. Бірақ оздан гөрі өз қазағын пір тұтты. Ол да болса Қашаған бидің көрегендігі емеспе?

      • Ендеше Қашекемнің сұрауы қабыл болсын! – деп өршігелі тұрған жер дауына тоқтау салыпты. Осы шешімді қолдаушылардың бірі Мақсұт бай Қашағанға:

      • Ояздың шимай картасын енді өзің – ақ өзгерткізіп аларсың! – дегенде, Қашаған би:

      • Ояздың шимай картасын өзгертуге болар, бірақ өз ішімізден шимай шықпаса екен! – дейді ақ тілегімен. Айтқанындай – ақ арада бір жыл өткенде, оязға – 100 құнан қой айдатып, картаны өзгерттіреді.

Шоқан Уалиханов Қашқария сапарымен бара жатып Албан еліне Қашаған би ел үйіне тоқтап, бірер күн тыныстайды. Сол жолы Шоқан мен Қашаған ел тағдыры, халық мұрасы, тағы бір қатар мәселелер хақында мол сөйлессе керек. Кейбір аңыздар соны аңғартады. Шоқан аттанарда Қашаған би оған жүгін жеңілдетіп, артып алу үшін екі атан түйе, бес ат береді.
Көршілес қырғыз елінің Санташты жайлап отырған Бұғы руының 150

  • дей жылқысын қазақ жігіттері бір түнде қуып кетеді. Жылқышыларын сойылға жығады. Әйтеуір кісі өлімінен аман. Осы оқиғадан кейін қырғыздар қол жинап, бұл іс не де болса орта Албаннан келді деп, қарымта қайтармақ болады. Мұны есіткен сол елдің датқасы Сырлыбай: "Асығып істеген іс оңға баспайды. Мен де қарап жатқан жоқпын. Қашаған би тұрғанда орта Албан елі бізге қастандық қылмайды деп ойлаймын. Соның жайын анықтау үшін Қашаған биге барғалы отырмын. Райларыңнан қайттыңдар", - деп өз еліне басу айтады. Өзі Қашаған бидің ауылына аттанады. Сырлыбай датқа келеді дегенді естіп, Тұйық сайға үй тіккізіп, құрметпен қарсы алады. Сырлыбай датқа:

-Қашаған би, екі елдің арасына сына қаққалы жүрген қай озбыр екенін біле алмадым. Одан не хабарың бар? - дегенде Қашаған би:

- Сырлыкке, екі елдің қашаннан көрші отырғанын бір құдайдың өзі біледі. Бірақ мен білгелі мұндай жанжал болмап еді. Қырғыз ағайындар хабар алғалы бері мен де тергеп – тексеріп, сұрау салып жатырмын. Өр Албаннан Саурықтың Ұзағы келіп кетті. Ол елдің бұған қатысы жоқ. Ой Албанда осыны айтады. Бұл неде болса екі елдің тыныштығын көре алмағандардың ісі. Мен қазақты бөлмеймін. Қандасым істеген істі көтерем. Ел арасындағы жаман істе жата қоймас. Осы іс анықталғанша елің риза болсын. Қолды болған жүз елу жылқыңды жылқыдан ал. Сойылға жығылған жігіттеріңе бір – бір ат силадым. Екі елдің тыныштығы бұзылмасын. Разы болып қайт. Айыпкерлер табылса, сенсіз билік айтпасын – деген де


Сырлыбай датқа:
- Қашекең күдігімізді сейілтің. Ел силаған тегің, көреген болар жөнің бар екен. Сен өзі, өз еліңнің ғана емес, екі елдің шоң биі болуға лайық екенсің – депті.
Бұғы еліне "Аспанда - бір құдай , жер де - Сырлыбай" атанған даулы ауыз датқа айтқан бұл сөз кейін шындыққа айналады. Екі елдің арасындағы шие болған даулы іскерге әділ билік айтқаны үшін Қырғыздың Ақсу жайлауында өткен бір үлкен жиында, Қашаған биге "Қырғыз елінің датқасы" атағы беріледі.
Қашаған би 1875 – жылдары Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде үш жүздің билері бас қосқан құрылтайына Орман шешен екеуі қатысып қайтады.
Сондай – ақ Қашаған би өз тұсында өмір сүрген Құлаян Құлманбет, Жамбыл, Бөлтірік, сынды ақын – жыраулармен жақын араласып, оларды реті келген жерде сый құрметке бөлеп отырған. Қарқара жәрмеңкесінде өзі де ақындар айтысын ұйымдастырған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет