Оқыту бағыттарын есепке ала отырып, бейіндік сыныптарда мектеп және оқушы компонентінің үлгілік мазмұны.
Оқушылар жүктемесінің жоғарғы шегі Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартында көрсетілген оқу жоспары негізінде анықталады.
Бейіндік оқытудың ерекшеліктері оны жүзеге асырудың сан алуан түрлі формаларынан туындайды. Түрлі деңгейдегі мектептерді осылай ұйымдастыру арқылы тек таңдалған бейін мазмұны жүзеге асырылып қана қоймайды, сонымен оқушылардың әрқайсысы үшін қызықты әрі маңызды болып табылатын бірге басқа бейіндік пәндердің де мазмұнын меңгеру мүмкіндігі беріледі. Ол мүмкіндік білім беру үдерісін ұйымдастырудың сан алуан формалары (қашықтан оқу курсы, экстернат) арқылы да және түрлі білімдік ұйымдардың (жалпы білім беру, қосымша білім беру, бастауыш, орта кәсіби білім беру т.б.) қауымдасуы (білімдік ресурстардың бірлестігі) арқылы да іске асырылады. Бұл жағдай бір жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына білімдік тұрғыдан қажеттіліктері мен қызығушылықтарын толық жүзеге асыруға тірек болатын екінші білім беру ұйымдарының қызметтерін пайдалануға мүмкіндік туғызады.
Жоғары сатыдағы бейіндік оқытудың мемлекеттік жалпы білім беру стандартымен байланысы маңызды болып табылады. Егер білім беруді жаңашаландыру бағытында ұлттық тестілеуді енгізуді қарастыратын болса, егер мәселе білім сапасын тексерудің жалпыұлттық жүйесі туралы болса, онда мұндай жүйенің шынайылығы мен жүзеге асырылуы тек соған лайықты білім беру стандарттарының ендірілуімен және тек базалық жалпы білім беру ғана емес, сонымен бірге бейіндік жалпы білім беру пәндері үшін де қамтамасыз етілуімен мүмкін болады.
Осымен де байланысты, жоғары сатыдағы мектепте бейіндік оқыту ұлттық тестілеумен тікелей байланысты болуы тиіс. Негізгі сатыдағы оқушының өзіндік жолын айқындай алуына ықпал ететін білім беру кеңістігін қалыптастырудың қажетті шарты болып таңдау курстары негізінде бейіндік даярлауды енгізу алынады.
Осы мақсатта:
Типтік оқу жоспарында жалпы орта білім берудің негізгі сатысындағы түлек сыныпта вариативтік (мектеп) компонентінің сағатын көбейту;
міндетті пәндерді оқытуда сыныпты керекті топ санына бөлу;
білім беру ұйымдарына вариативтік компонент сағаттарын, ең алдымен, бейіналды даярлықтарына пайдалану көзделінеді.
Бейіналды даярлық мектептің психология-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық қызметінің жүйесі ретінде енгізіліп, оқушылардың болашақ бейіндік оқыту бағытын саналылықпен таңдауға дайындауды іске асырады.
Бейіналды дайындауды жоспарлауда негізгі мектеп оқушыларының жоғары бейіндік мектептегі білім кеңістігіндегі өзінің индивидуалдық маршрутын таңдаудың күрделілігі мен өзіндік ерекше болатынын ескеру керек.
Көп жылдық педагогикалық тәжірибе көрсеткеніндей, өзін-өзі анықтау жағдаяттарына даярлық 11 сынып оқушыларында жеткіліксіздік танытады. Түлектердің үштен екісі (2/3) өз оқуларын жалғастыруда кездейсоқ факторларды себеп қылатынын көрсетеді.
Бұл мәселе бейіналды даярлық аясында кәсіби бағдар беруге ерекше назар аудару қажеттілігін дәлелдей түеді. Бұл ретте оқушыларға оқуды жалғастырудың түрлі нұсқаларын жобалауы және жасөспірімнің әлеуметтік, кәсіби, мәдени тұрғыдан даярлығын жоғарылатуы барысында психология-педагогикалық сүйеу болуға бағытталған арнайы қызмет ұйымдастырылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |