Бейнелеу өнері алматыкітап баспасы 2023



бет108/110
Дата27.11.2023
өлшемі6,48 Mb.
#130277
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110
Практикалық жұмыс. Мұғалім болашық қаланың бірнеше нұсқадағы суретін тақтада көрсетеді. Еркін тақырыпта өз қиялындағы «Болашақ қала» тақырыбында сәулетті ғимаратты құрастыру. Алдын ала дайындап алып келген материалдарды, мысалы, түрлі заттардан босаған қорап, қағаз, қол сүртетін сүлгіден босаған қатырғықағаздардан өз қиялындағы ғимараттарды құрастыру.
Практикалық жұмысты бастамас бұрын материалдар және құралдармен жұмыс істеудің техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту. Жұмысты бастамас бұрын қажетті құралдарды дайындап ал. Интербелсенді тақтаға қарап, жұмыстың жасалу жолын түсініп алу үшін бейненұсқаны көріп алуымыз қажет.
Алдын ала дайындалған сызба-нобай бойынша шырын ыдысын дайындаймыз. Түрлі түсті қатырғықағаздың бірін таңдап алып, көрсетілген үлгі бойынша шырын ыдысының сыртынан желім жағып, қораптың сыртын орап, бүктеп, жабыстырып аламыз. Желімделген ыдыстың сыртын өзіңнің қалауың бойынша безендіруіңе болады.
Терезе, есік, шатырды бояп, суреттерін салып, безендіріп, жұмысты аяқтау.
(ҚЕ) Қауіпсіздік техникасы ережелері:

  • Жұмыс орныңды таза ұста.

  • Желімді партаға жақпа.

  • Тек арнайы жұмыс дәптерінде жаса.

  • Қайшыны дұрыс қолдану қажет.

  • Жұмыстан кейін қолыңды сүлгімен сүрт.

Сергіту сәтін жасайды.

Ғимараттардың пішінін анықтайды.


Оқушылар бейнебаянды көріп, тапсырманы мұғалімнің нұсқаулығы бойынша жалғастырып, тапсырманы аяқтайды.


«Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.



Шығармашылық жұмыстың сәнді шығуына назар аудара отырып, бірін-бірі бағалау.


Дескриптор:

  • Дұрыс желімді жағуды біледі.

  • Ғимарат түстерін дұрыс таңдай алады.

  • Қайшымен дұрыс қырқуды біледі.

  • Ғимарат модельдерін өз орындарына дұрыс орналастыра біледі.




Қауіпсіздік ережесі жазылған слайд






Жеке жұмыс 5 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет