Бейнелеу өнері алматыкітап баспасы 2023



бет109/110
Дата27.11.2023
өлшемі6,48 Mb.
#130277
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110
Көрме ұйымдастыру. «Галерея» әдісі» Оқушылар жасаған жұмыстарын көрмеге ұсыну. «Шағын қала» көрінісін ұйымдастыру.

Оқушылар қораптан жасаған сәулет ғимараттарын көрмеге ұсынады.

Оқушылар сыныптастарының суреттерін тамашалап, өздерінің «жұлдызшаларын» ұнатқан суретінің үстіне жапсыруды ұсыну.



Сабақтың соңы. Ой толғаныс. Рефлексия.
5 минут

Ескерту. Егер жұмыс толық аяқталмаса, келесі сабақта толықтыруға болады. Аяқтаған оқушылар өз жұмысы туралы баяндайды.
«НЕГЕ? НЕЛІКТЕН? НЕ ҮШІН? сұрақтарына жауап береді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
НЕГЕ? НЕЛІКТЕН? НЕ
ҮШІН? сұрақтарына жауап береді.

Оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізіп отыру.






Глоссарий





  1. Акварель – құрамында суға еритін желім қосылған түрлі түсті бояу.

  2. Гуашь – желім мен ақ сыр қосылып, суға ерітілген бояу. Қағазға, жібекке т.б. материалдарға сурет салу үшін қолданылады.

  3. Натюрморт – бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу.

  4. Портрет – бейнелеу өнерінің жанры, адам бейнесінің живопись яки графика түріндегі бейнесі.

  5. Пейзаж – белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі. Тақырыпты толығырақ ашу үшін пейзаж кескіндеме жанрының басқа түрлерінде де (портрет, баталия жанры т.б.) қолданылады.

  6. Жанр ( француздың Qеnre түр немесе тек сөзінен шыққан ) бұл көркем шығарманы бейнелі композициялық ұйымдастыру формасы болып табылады.

  7. Стиль өзіндік идеялық-көркемдік бірлік, соның арқасында суретшілер белгілі бір тақырыптар мен арнайы көрнекі құралдарға артықшылық беретін құбылыс.

  8. Анималистік жанр (хайуанат деген сөзінен шыққан) – графикадағы, кескіндемедегі, мүсіндегі жан-жануарлар бейнеленетін мәнер. Алғашқы қауымдық өнердегі жартас кескіндемесінен жануарлар бейнесін байқауға болады.

  9. Баталия жанры – шайқас жанры, бейнелеу өнерінің әскери өмірге, соғыс тақырыптарына арналған саласы. Баталия жанры тарихи және тұрмыстық жанрлармен тығыз байланысты.

  10. Мотив – (тақырып) – шағын құрылым, үзінді.

  11. Рельеф – тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазық беттегі мүсіндік бейне. Рельеф екі түрге бөлінеді фигуралар фонның жазықтығынан өз көлемінің жартысынан аз шығып тұрса барельеф деп, ал фигуралар жартысынан көбірек шығып тұрса горельеф деп аталады.

  12. Барельеф – бедерлі мүсіннің бір түрі. Барельеф ауқымды кескін әрі техникалық негіз әрі фон болып табылатын тегіс бетке салынады.

  13. Иллюстрация – бұл бір нәрсені суреттейтін, түсіндіретін сурет.

  14. Палитра – белгілі бір суретшіге немесе картинаға тән бояу түрлерінің үйлесім табу үшін пайдаланылатын тақтайша.

  15. Мозайка – жылтыр тас, қыш тас, шыны сынықтарынан құрастырылған ою-өрнек, сурет-бейне (инкрустация), байырғы өнер саласы.




  1. Өнер – көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.

  2. Графика – тырнау, жазу, салу деген ұғымды білдіреді.

  3. Композиция – құрастыру, көркем шығарма.



  1. Көркемдік әдіс (грек тілінде –зерттеу жолы) – суреткердің өзі танып білген ақиқат дүниеге шығармашылық қарым-қатынасының жалпы

ұстанымы.

  1. Реализм (шынайылық, шыншылдық) – әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс.



  1. Офорт (азот қышқылы) – оймыш гравюраның бір түрі. Офорттың баспалық нұсқасын даярлауда металл (мыс, мырыш, қорғасын, болат т.б.)

пластинка тақтайшалар қолданылады.

  1. Бейнелеу өнері – дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы.

  2. Кескіндеме – бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы.

  3. Сәулет – құрылыс өнері; жобалау және құрылыс салу өнері.

  4. Мүсін (латын тілінен аударғанда – шекимін, қашаймын) – бейнелеу өнерінің бір түрі.

  5. Горельеф (дөңес бедер) – мүсін өнерінің бір түрі. Горельефте бейне бедері жазықтықтан көтеріңкі жасалады.

  6. Сәнді қолданбалы өнер – cән өнерінің бір саласы, тұрмысқа қажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі.

  7. Аппликация – бейнелі көріністерді басқа материалдар қиындысымен әрлеу, безендіру тәсілі.

  8. Гравюра – графика өнерінің бір түрі, тақтаға бедерлеп салған суреттің қағазға түсірілген көшірмесі.

  9. Коллаж (жапсыру, желімдеу) – бейнелеу өнеріндегі техникалық әдіс, кубизм, футуризм суретшілерінің шығармашылық ізденісі кезінде пайда болған бейнелеу өнерінің бір тәсілі.

  10. Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы.



  1. Монотипия – грек тілінен monos – «жеке», «дара» деген мағына білдіреді.

  2. Абстракция – көркем ой операциясын, заттардың бірқатар қасиеттерін ойша дерексіздендіріп, қандай да болса бізге керек қасиетін бөліп қарауды білдіреді.

  3. Сурет – станокпен кескіндеменің дербес, дайын жұмысы. Суретті суретші мольбертте (станокта) қолмен жасайды.

  4. Макет (латын тілінен аударғанда compono жасаймын) бейнелеу өнеріндегі болашақ бейненің элементтерін парақ немесе кенепте бөлу, яғни оның жеке элементтерінен заттай берілген біртұтас тұтас бейнені құрастыру.

  5. Витраж (француз тілінен аударғанда – терезе шыны) – түрлі түсті боялған шыныдан жасалған кескіндемелік немесе сәндік өнер туындысы.

  6. Бюст – бейнелеу өнерінде: адамның кеуде бейнесі түріндегі дөңгелек мүсін туындысы.

  7. Контраст – жалпы шығарманың мәнерлілігін арттыру үшін бейненің жеке бөліктері мен ерекшеліктерінің қарама-қарсылығына, айырмашылығына негізделген бейнелеу өнеріндегі көркемдік әдіс.

  8. Барельеф (франц. bas-relief аласа рельеф) – бейнеленген фигуралар мен заттар кескін жазықтығынан олардың көлемінің жартысынан аспайтындай шығып тұратын дөңес рельеф түрі (қараңыз).

  9. Автопортрет – суретшінің өзі жасаған бейнесі. Портреттің ерекше түрі.

  10. Аквантита (итал. aquatinta; латын тілінен aqua – су, tinta – түс) – металға тереңдетіп оюдың техникалық түрі (қараңыз).

  11. Тұрмыстық жанр – күнделікті өмірдегі оқиғалар мен көріністерге арналған бейнелеу өнерінің саласы.

  12. Алла Прима – ылғалды бояу.

  13. Пластикалық (бейнелеу) өнер – көрнекі түрде (көру арқылы), кейде сезіну арқылы қабылданатын өнер түрі, олардың туындылары уақыт өте келе дамымайды. Бейнелік (шынайы дүниені көрсететін) және бейнелі емес (қолданбалы қызмет атқаратын – адамдардың заттық іс-әрекетімен байланысты) пластикалық өнер түрлері бар.

  14. Анималистік жанр (лат. animal – жануар) – жануарлар бейнесіне арналған бейнелеу өнерінің жанрлық алуан түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет