Бейнелеу өнері алматыкітап баспасы 2023



бет72/110
Дата27.11.2023
өлшемі6,48 Mb.
#130277
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   110
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз!
Нақты, дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!










Жаңа сабаққа кіріспе

10 минут

(ҰЖ) Білгенге маржан.
Қазақтың зергерлік бұйымдары. Тұмарша (Бойтұмар). Бұл – ырымдық зат. Оған кез келген бұйым (ұлутас, сүйек т.б.) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға дұға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген.
Бойтұмарды алқаға, әмиянға салатын болған.
Жүзік, сақина.
Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған.
Шолпы, шаш теңге.
Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады.
Шашбау.
Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен, күміс әшекейлермен әсемделеді. Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады.
Білезік.
Білезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Оларды сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік т.б. деп әртүрлі атайды. Олардың ішінде шынжырмен жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезіктер де кездеседі. Олар көбіне күмістен соғылады.
Сырға.
Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын әсемдік бұйымдарының бірі – сырға. Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға деп әр өңірде алуан түрлі аталатын сырғалардың түрлері өте көп. https://bankreferatov.kz/madenittany/1154-azati-zergerlk- byimdari-men-oyu-rnekter.html

Оқушылар жаңа ақпаратты тыңдап, сұрақтары болса, сұрақ қояды. Зергерлік бұйым туралы ақпарат алады, түрлерімен танысады.

Оқушыларға зергерлік бұйымдардың түрлі репродукциялары ұсынылады, түсіндіріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет