Сабақтың басы. Қызығушылықты ояту.
5 минут
|
Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді.
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық.
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ойқозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды.
Сыныптастарының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі.
(ҚЕ) Қауіпсіздік техникасы ережелері:
Жұмыс орныңды таза ұста.
Бояуды партаға жақпа.
Тек арнайы жұмыс дәптерінде жаса.
Су құятын ыдыстың суын сыныпқа шашпа.
Ермексазды жерге тастама, ермексазды аузыңа салма.
Жұмыстан кейін қолыңды сүлгімен сүрт, орныңды жина.
|
Сәлемдеседі. Тыңдайды.
Психологиялық ахуалға берілген өлең шумақтарын мұғаліммен бірге қайталайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Қауіпсіздік ережелерін тыңдайды.
|
Оқушыларды қол шапалақтау арқылы бағалау
|
Интербелсенді тақта.
Оқулық.
Қажетті құрал-жабдықтар: А4 форматты альбом, қарындаш, өшіргіш, гуашь, су құятын ыдыс,
палитра.
Қауіпсіздік ережесі жазылған слайд
|
Жаңа сабаққа кіріспе
10 минут
|
(ҰЖ) Талқылайық! Ою-өрнек (латынның «ornament» –
«әсемдеу, сәндеу» деген сөзінен шыққан) – үйлесімділікпен бір қалыпқа түскен элементтерден тұратын нақыштар; әртүрлі заттарды (құрал-сайман, қару-жарақ, киім т.б.) архитектуралық құрылыстарды, пластикалық өнер шығармаларын (негізінен, қолданбалы) т.б. сәндеу үшін қолданылады:
үйлесімділік өнері;
символдар байланысы;
жеке өнер туындысы бола алмайды; ол – қандай бұйымға салынуына байланысты алуан түрлі материалдан әртүрлі техникалық тәсілдермен ғана іске асатын нақыш;
|
Оқушылар жаңа ақпаратты тыңдап, сұрақтары болса, сұрақ қояды.
|
|