Бейнелеу өнері алматыкітап баспасы 2023



бет78/110
Дата27.11.2023
өлшемі6,48 Mb.
#130277
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   110
Қысқамерзімді жоспар. №25 сабаққа арналған ұсыныстар



Блок:

Бізді қоршаған әлем

Бөлім:

Дизайн және сәулет (көркем құрастыру және модельдеу)

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 1

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Киригами. Ашықхат жасау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

2.3.6.1 Қоршаған әлемнің кейбір ерекшеліктерін білу және сипаттау, дизайн құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді білдіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Шағын формаларда жобалау әдістерін зерттеу. Форманың өзгеруін зерттеу.

Құндылықтарға баулу:

Шығармашылық ойларын дамыту, қоршаған ортаны пішім арқылы тану, оюдың ерекшелігін зерттеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы. Қызығушылықты ояту.
5 минут

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді.
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен. Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық!


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ойқозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды.
Сыныптастарының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі.
(ҚЕ) Қауіпсіздік техникасы ережелері:

  • Жұмыс орныңды таза ұста.

  • Бояуды партаға жақпа.

  • Тек арнайы жұмыс дәптерінде орында.

  • Су құятын ыдыстың суын сыныпқа шашпа.

  • Ермексазды жерге тастама, ермексазды аузыңа салма.

  • Жұмыстан кейін қолыңды сүлгімен сүрт, орныңды жина.

Сәлемдеседі. Тыңдайды.

Психологиялық ахуалға берілген өлең шумақтарын мұғаліммен бірге қайталайды.


Сұрақтарға жауап береді.

Қауіпсіздік ережелерін тыңдайды.



Оқушыларды қол шапалақтау арқылы бағалау






Интербелсенді тақта.
Оқулық.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаз, немесе
А4 формат, қарындаш, өшіргіш, қайшы, сызғыш.

Қауіпсіздік ережесі жазылған слайд



Жаңа сабаққа кіріспе

10 минут

(ҰЖ) Талқылайық!
Киригами бұл оригами сияқты, бірақ қағазды бүктеудің орнына қағазды қию арқылы орындалады, желім қолданылмайды.
Америка Құрама Штаттарында «Киригами» терминін Флоренция Темко ұсынды, жапон тілінен аударғанда,
«кири» – «қи», «ками» – «қағаз» дегенді білдіреді. Киригами
– қағазды қию өнері. Әдетте киригами бүктелген негізгі беттен басталады, содан кейін бүктеулері жазылып, қиып алынады да, тегістеліп, дайын киригами жасалады. Қарапайым киригами әдетте симметриялы болады.

Оқушылар жаңа ақпаратты тыңдап, сұрақтары болса, сұрақ қояды.

Саралау: Бұл жерде саралаудың
«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Интербелсенді тақта.

Энциклопедия: site:kk.wikisko.ru



Сабақтың ортасы.
Мағынаны ашу.
20 минут



https://qrmedia.kz/ HOahU


(ЖЖ) Практикалық жұмыс
Жұмыс бастар алдында заттарымызды түгендейміз. Керекті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қағаз, сызғыш, қарындаш.
Киригами тәсілімен ашықхат жасаймыз.
Кез келген түсті қағазды аламыз. Алдымен қағазды тігінен екіге бүктейміз.
Содан соң екі жағын ортасына қарай бүктеп, екі қырын теңестіреміз.
Жоғарғы бөлігін іштен сыртқа қарай қиғашынан бүктейміз. Аударып алып, үстіңгі кішкене бөлігін көлденен бүктеп, қайта аударамыз.
Екі шеткі қырын ішке қарай қиғашынан бүктейміз. Астыңғы бөлігін жоғары бүктеп, ерлер көйлегінің жағасы тәрізді, астыңғы бөлігін қыстырамыз.
Келесі кезекте түрлі түсті қағаздың үштен бір бөлігін алып, қиғашынан екі жағын теңестіреміз.
Екі шетінен тартып, ортасына қарай бүктейміз. Аударып, үстіңгі бұрышын екі бүктеп, ұшын жоғары қаратамыз.
Аударып, екі шетін ортасына бүктейміз, тағы да дәл ортасына бүктеп, үстіңгі үшкір бөлігін қайырып, галстук тәрізді қағаз көйлегімізге тағамыз.
Осылайша әкелерімізге арналған құттықтау ашықхаты дайын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет