Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау:Бұл жерде саралаудың
«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
(ЖЖ) Практикалықжұмыс: Сабақта гүлденген алмаағашты бейнелейміз.
Керекті құрал жабдықтар: гуашь бояуы, қылқалам, палитра, су құятын ыдыс.
Ең алдымен палитраға ақ түс пен көк түсті араластырып,
толығымен бояп шығамыз. Кепкеннен кейін бұтақты қоңыр түспен саламыз, бұтақтың жарық жерлерін охра түсімен бояп шығарамыз. Келесі кезекте ақ түске кішкене қызыл түсті қосамыз, шығарған түспен бұтақтарға гүлдер саламыз, гүлдің үстінен ақ түспен жартысын бояп шығамыз.
Жапырақтарын салу үшін жасыл түске көк түсті қосып, бояп шығамыз. Жапырақтың жарық жерлерін салу үшін жасылға лимон түсін қосып, бүткіл жапырақтарды түртіп шығамыз. Осылайша гүлденген алмаағаш дайын болды.