Бейнелеу өнері алматыкітап баспасы 2023



бет100/110
Дата27.11.2023
өлшемі6,48 Mb.
#130277
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   110
Қысқамерзімді жоспар. №33-34 сабаққа арналған ұсыныстар



Блок

Шығармашылық

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Педагогтің аты-жөні:




Күні:







Сыныбы:

Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сәндік панно (фетр мата)
Ұлттық ою-өрнек пен декор элементтерін зерттеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу
мақсаты:

2.4.5.1 Сәндік-қолданбалы өнер тәсілдер мен техникалар көмегімен идеяларды шығармашылықпен ұсыну және сезімдерді білдіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Практикалық жұмыста өзіне таныс сәндік әдістерді қолдану.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы. Қызығушылықты ояту.
7 минут
Жаңа сабаққа кіріспе

10 минут

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді.
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Бәріміз бір топпыз, Жалқаулыққа жоқпыз. Аянбай еңбек етеміз, Мұратымызға жетеміз.
(ЖЖ) Жұмыс ережесімен келісу.
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз!
Нақты, дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Балалар, бүгінгі сабағымызды Абай атамыздың өлеңімен бастаймыз.
Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз.
«Өткенге шолу» орталығы.
Ø 1. Қолөнер деген не?
Ø 2. Шебер дегеніміз кім?
Ø 3. Ұста деп кімді айтамыз?
Ø 4. Еңбек дегенді қалай түсінесің?
Ø 5. Ісмер дегеніміз кім?
Ø 6. Зергер деп кімді айтамыз?
Ø 7. Өнер дегенді қалай түсінесің?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Сәндік панно». Ұлттық ою-өрнек пен декор элементтерін зерттеу.
(ҰЖ) Талқылайық! Панно (фр. panneau, лат. рannus – мата кесіндісі). Панно:

  1. мүсіндік бейнелер немесе түрлі суреттермен әшекейленген қабырғаның бір бөлігі;

  2. қабырғаның бір бөлігін немесе үйдің ішкі төбесін әсемдеу мақсатымен салынған кескіндемелік туынды.

Сәлемдеседі. Тыңдайды.
Оқушылар қайталайды.

Оқушылар мұқият тыңдайды.


Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Дескрипторлар:

  • Оқушылар сұраққа жауап бере алады.

  • Өз ойларын дұрыс жеткізе біледі.

  • Құрал-жабдық-тарды біледі

  • Сұраққа жауап береді.

Интербелсенді тақта.
Презентация. Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар: фетр матасы, қайшы, қағаз желімі, қарындаш, сызғыш.


Толығырық «Қазақ Энциклопедиясы», V том.







Ол пайдаланылған материалына (ағаш, металл, қыш, тас, әйнек, мата т.б.) қарай әшекейленеді. Қазақ жерінде күмбезді құрылыстардың қабырғасын өрнекті кірпішпен өріп тұрғызу 11 ғасырдан белгілі. Мысалы, Бабажы қатын (11 ғ.), Қарахан (11 ғ.) және Айша Бибі (11 ғ.) мазарларындағы әшекей өрнектер. Соңғы жылдары панно жанрлық жағынан ерекше дамыды.
Панно дегеніміз – өнер туындысы. Мәдени орындар мен үй ішін көркемдеу үшін жасалады.

  1. Икебано – жасанды гүлдер мен табиғи материалдан жасалған панно.

  2. Түрлі түсті қағаздан жасалған панно түрлері де бар.

  3. Матадан, лентадан жасалған гүлдер панносы да болады.

Панноның экономикалық жобалау кестесіне көңіл аударайық. Өзіміздің қолымыздан жасалған панноға аз шығын кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет